Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі



бет82/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

Ұсынылған әдебиеттер
1.Абдыкаримов Б.,Криворучко В., Салий Т. Модель обучения с применением мультимедийных технологий/ /Қазақстан жоғары мектебі. -2006. -№4. -14-19 стр.
2. Психолого-педагогический словарь /Сост.В.А Мижерников. Ред.П.И.Пидкасистый. – Ростов:Феникс,1998. – С.241.
3.Усов Ю.Н. Медиаобразование в Россий (на материале экранных искусств) Доклад на совместном Российского-Британском семинаре по медиаобразованию. – .,1995.- 18с.
4. Шариков А.В. Медиаобразование:Мировой и отечественный опыт: - М .:Изд-во АПН СССР, 1990.-65 С.
5. Little D.Interactive video and the control of learning.Educational technology,1991.- P.7-15.
6. Jonassen D.H. Computer in the classroom. Engiewood cliffs. Prentice Hall.1996.
7. Косенько И.И.Изучение мультимедиа в процессе подготовки учителя информатики. – М., 1999, -119с.
8. Вернер И. Все о мультимедии. Уч.пособие. - Киев: ВНУ, 1996. -157с.
9. Мультимедиа / Под ред. Петернко А.И. - М.:Бином, 1994. -269 с.
10. 18. Досжанов Б.А. Мультимедиалық технологиялардың оқыту процесіндегі мәні мен маңызы// «Шоқан тағылымы-8» Халықаралық ғылыми практикалық конференция материалдары. – Көкшетау, 2003, Б.19-21.
11.19. Досжанов Б.А. Мультимедиа және оның техникалық құрамы. - Қызылорда: ҚМУ, 2004.-81б.


4.12 Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «»Қазақстан-2030» стратегиялық Жолдауында, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында, 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған «Білім» мемлекеттік бағдарламасы мен «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді.


Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білу беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым- қатынас пайда болды. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үдерісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді. Білім мазмұны жаңа үдерістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде.
Атап айтқанда:
- Қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолдануына және ғылымның рөліне мән берілуде;
- Ақпараттық дәстүрлі әдістер қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып берілуде;
- Баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- жеке тұлғаның шығармашылығын қалыптастырылуға бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Осы орайда білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мәселе-әлеуметтік және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру, оны өмірде пайдалану.
XX ғасырдың 80-жылдары аяғында Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі болған өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаңалықтар енгізіп, жаңа леп әкелді. Республика мектептеріндегі оқыту жаңадан жазылған төл оқулықтар, жаңа бағдарламалар негізінде жүргізіліп, білімнің әлемдік стандартқа сай болуы қарастырылады. Оқытудың жаңа технологиялары кеңінен енгізіле бастады. Әсіресе халықтық педагогиканы пайдаланып, ұлттық үдерісте тәрбиелеуде атқарылған шаруалар ауқымы біраз. Еліміз егемендігін алу арқылы мүмкін болған жаңа буын оқулықтарының да ғылыми негізі ретінде дамыта оқыту жүйесі алынып отыр.
Қай замандарда да мектеп қоғамның әлеуметтік, экнномикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту теориялары, оқыту үдерісін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа сұраныстарға жауап берердей бейімделген.
Дәл қазір адамның ақыл-ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің бастауыш сатысының алар орны ерекше. Қазір жалпы білім беретін мектептерде сын тұрғысынан ойлау технологиялары кеңінен қолданылуда.
АҚШ ғалымы Д.Клустер «Сыни тұрғыдан ойлау деген не?» деп аталатын мақаласында сыни ойлаудың 5 негізгі сипаттамасын бөліп көрсетеді: бірінші сипаттамасы-өзіндік «білім алушыларға өз басымен ойлауға және ең қиын сұрақтарға шешім табуда еркіндік беру керек». Яғни, әрқайсысының өзінің көзқарастарының болу құқығын мойындау. Клустер бойынша сыни тұрғыдан ойлаудың екінші маңызды сипаттамасы-ақпаратты сыни ойлаудың соңғы нүктесі деп қарастырмай, әрі қарай өрбітуді қажет ететін «бастапқы» ой деп қарастыру. Білім сыни ойлау арқылы қалыптасады. Білім алушы өткен ұрпақ тәжірибесінің мағынасын түсінгенде ғана ол тәжірибеге айналады. Сыни тұрғыдан ойлаудың үшінші сипаттамасы ретінде Клустер мәселені алға қоя білуді айтады. «...әртүрлі деңгейдегі нағыз таным үдерісі танушының өзінің қызығушылығы мен қажеттілігінен шығатын мәселелерді шешу және сұрақтарға жауап іздеудегі ұмтылысымен сипатталады». Оқушы іштей әрдайым өзіне төмендегідей сауалдарды қою керек:
- Бұл мен үшін қаншалықты маңызды?
- Маған қандай өмірлік мәселелерді шешуге тура келеді және бұл не үшін қажет?
Сыни ойлаудың төртінші сипаттамасы тәжірибені игерудің өзіндік үдерісі әртекті ақпараттарға, білімге, өзгенің тәжірбиесіне салмақты, саналы қарап, өз көзқарасына, позициясына аргумент табуды талап етеді. Д.Клустер осыған байланысты былай жазады: «Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам мәселені шешуде өз шешімін тауып, оны дәлелдермен негіздейді. Ол сонымен қатар, мәселені шешудің басқа жолдары бар екендігін дәлелдеуге тырысады». Сыни ойлаудың бесінші сипаттамасының негізінде адамның қоғамдағы еркіндігін түсіну жатыр. Тұлғаның қандай да болмасын идеясы, ойы қоғамның сынынан өтіп барып қабылданады. Осы тектес жағдаятты оқушылар аудиториясында байқауға болады. Сондықтан Д.Клустер сыни ойлаудың әлеуметтік құбылыс екендігін айтады. Осыдан шығатын қорытынды, талқы-таласта адам өзінің, өзгенің көзқарасын бағалап, сол арқылы сыни ойлай білуді үйренеді.
Қазіргі кезде өмір сүру күрделіленді. Бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуы керек.
Сорос - Қазақстан қорының ұйымдастырумен енгізіліп отырған «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) бағдарламасының қазіргі таңдағы талаптарға сай жоғары білімді, әсіресе, білгенін өмірде пайдалана білетін оқушыларды тәрбиелеу мақсатында алатын орны ерекше.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы дегеніміз–мұғалімнің бағыттауымен оқушылардың өз бетінше білімді игеруі, кейбір практикалық іскерліктерін қалыптастыруы.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқушылардың ойлау икемділігі мен шығармашылық іс-әрекетінің қалыптасуын мақсат тұтады.
Оқу- адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Біз бұдан ары қарай дамудың алдында жүретін, дамуда шешуші рөл атқаратын оқыту жайлы сөз етпекпіз.
Баланың даму үдерісі, оның қоғамды белсенді де пайдалы мүшесі, азамат ретінде қалыптасуы осы үш фактордың қалыптасуымен қамтамасыз етіледі. Ең бастысы, осы факторлардың бірде-бірі қандай да бір кемеліне келген болса да екеуінен ерекшеленіп жеке әсер ете алмайды. Барлық іс осы үш басты күштің өзара әрекет етуінде.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С.Выготский. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек үдеріс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды:
1. Бала дамуының жақын аймағы-баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
2. Бала дамуының қол жеткен аймағы-баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтессе отырып,оны игерген кезде дамуға өріс ашылады. Бұдан әрі психиканың бүкіл саласының қалыптасуы, адамның белсенді қызметті өрістетуі мүмкін болады. Бұл үдерісте ол бір жағынан өзінің іскерлігі мен қабілетін нығайтып жетілдіреді, жаңа дағдыларды игереді, екінші жағынан адамзат материалдық және рухани байлықтар жасап, осы арқылы мәдениетіне өз үлесін қосады. Баланың ішкі әлеуметтік мүмкіндіктері неғұрлым жан-жақты үйлесімді, толығырақ дамыса, есейген кезде, оның қызметі соғұрлым мазмұнды, жан-жақты, табысты болады. Оны жүзеге асырудың жолдарын ол соғұрлым серпінді меңгеріп, жаңғырта алады. Демек, шын мәніндегі-ертеңгі күнге меңзеу орын алады.
Ғалым психологтар Л.В.Зенков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконии зертханаларында оқытудың мазмұнын, сипатын өзгертуге арналған зерттеулер жасалады. С.Л.Рубенштейн, Е.Н.Кабанова-Меллер және басқалар өз зерттеулерінде оқыту дамудың негізгі алғы шарты екенін дәлелдейді.
И.Я. Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғарғы орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді: байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу.
В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.
Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үдерісін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта сын тұрғысынан ойлау жүзеге асатын дамыта оқу сабақтары деп білеміз.
Сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру бала ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтарында ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас орнайды. Мұғалім- бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Сын тұрғысынан ойлау жүзеге асатын дамыта оқыту идеясының тарихы бар. Ерте кезден бастап-ақ, ойшылдар білім мен ақыл-ой тәрбиесінің ара қатынасын, олардың бала дамуына әсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашқы дидакттардың бірі Квинтилиан мектеп алдына баланың қабілеттеріне, ақылының қабілеттеріне, мінез-құлық ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз етуді қойған.
XVII ғасырдағы Я.А.Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде баланың ақыл-ой күшін, қабілеттерін дамыту олардың білімге деген құштарлығын оятып, даулата түседі делінген.
И.Г.Песталоции баланың ақыл-ойын, барлық қабілеттерін дамыту идеясымен қаруланған бастауышта оқыту әдістемесін жасауға әрекет етеді. Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» деп сын тұрғысынан ойлау ерекше мән берген.
Осылай бола тұрғанмен , «дамыта оқыту» ұғымына берілген түсініктер әртүрлі. Себебі «дамыта оқыту» ұғымына берілген түсініктер әртүрлі және «дамытпайтын оқыту бола ма?» деген сұрақтар жиі қойылды.
Сын тұрғысынан оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Жауаптардың бірнеше нұсқада болуы мүмкін екендігі қарастырылады. Мысалы «Әңгіменің кейіпкері жайлы не айта аласың?» немесе «4» және «5» сандарымен қандай тапсырмалар ойлап табуға болады? деген сұрақтар.
Сын тұрғысынан ойлау жүзеге асатын сабақтарда жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді. Өйткені, талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептелінеді. Талдау-бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мұғалім әр баланың көңіл-күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады. Интеллект деңгейін анықтай алады. Әсіресе оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарма авторының айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б сияқты тамаша адамгершілік қасиеттер балалар бойына жұғысты болады.
Бұл жүйедегі баланы ойлауға үйрететін тәсілдерінің бірі-салыстыру әдісі. Салыстыру деген не? Философиялық сөздікте «салыстыру-обьетілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтау, қорытудың алғы шарты» делінеді. Салыстыру неғұрлым қарапайым, бірақ аса мәнді ойлау операциясы, оқушының талдау, жинақтау қызметінің маңызды жағы заттар мен құбылыстарды салыстырмайынша олардың елеулі белгілерін анықтау мүмкін емес.
Айналаны тануда салыстырудың мәні зор. Бұл туралы К.Д.Ушинский «салыстыру-ойлаудың және қабылдаудың негізі» деген.
Дидактикада салыстыру негізгі тәсіл болып табылады. Заттарды салыстыра отыра түсіну тек адамға ғана тән. Балалар салыстыру тәсілдерімен мектепке келгенге дейін де біршама танысады. Ал мектепке келген соң, оқудың алғашқы күннен бастап бұл тәсіл тұрақты пайдаланыла бастайды.
Мұғалім салыстыру әдісімен сабақ жүргізе отырып, оқу материалын оңай, көрнекі етіп ұсынуға мүмкіндік алады. Баланың қиялын дамытады. Салыстыру белгілі мен белгісіз арасындағы көпір сияқты, оқушыларға өмірінен тысқары білімді меңгеруге көмектеседі. Салыстыра отырып, оқушы заттар мен обьектілердің байқалмай, көрінбей қалатын белгілерін анықтауға үйренеді. Баланың байқампаздығы артады. Ал байқампаздық - баланың жалпы дамуындағы негізі психологиялық компонент болып табылады. Оқушы салыстыра отырып бұрынғы өтіп кеткен материалдар мен жаңа білім арасындағы логикалық байланыстарды анықтауға үйренеді. Неғұрлым салыстьру жұмыстары тиімді ұйымдастырылса, соғұрлым білім алудағы көз бояушылық жойылып, ең негізгі оқуға деген қызығушылық арта түседі.
Заттарды салыстыра отырып, тек ұқсастығы мен айырмашылығын тапқызып қоймай, олардың себептерін айқындаудың бала дамуы үшін маңызы зор. Біріншіден, заттардың әртүрлі белгілерін таба білуге үйренсе, екіншіден қабілеттер дамиды. Бастауыш сынып оқушылары салыстыра білмейді, сондықтан бұл жұмысты дұрыс ұйымдастыру мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. Ол үшін оның кезеңдерін, неден басталып, немен аяқталатынын, белгілерін білу керек. Белгі дегеніміз-заттарды басқа заттардан ажырататын көрініс. Бұл жұмыстың нәтижесінде жоғарыда айтылып кеткен байқампаздық арта түседі. Осы орайда жаңа буын оқулықтарында салыстыруға берілген тапсырмалардың мол екенін айта кеткіміз келеді.
Байқау - қоршаған ортамен байланысу деген сөз. Ол қарау, қабылдау арқылы іске асады. Дегенмен, практикада байқампаздыққа үйрету көп жағдайда үстірт жүріп жатады. Мәселен серуенге шығып тұрып, табиғаттың тек сыртқы белгілерімен атаумен шектелеміз. Ал тереңірек, қалтарыста тұрған көзге көріне бермейтін жақтары назардан тыс қалып қалады. Осыдан барып, қарап тұрып өмірде ешнәрсені байқамайтын адамдар қалыптасады. Мұндай кемшілік олардың рухани өмірдің кедейленуіне әкеліп соғады. Осындай адамдар көп жағдайда ұтылыста қалады. Белгілі ақындар мен ғалымдардың, суретшілердің байқампаздық қабілеттерінің жоғары болуы тектен-тек жағдай емес. Мысалы, өзі туралы Чарльз Дарвин өмірбаянында «...мен басқалардан ерекше ақылдылығыммен, ой жүйріктігіммен емес, кейбір адамдар көре бермейтін назардан тыс нәрселерді байқап, талдай алуыммен ерекшеленемін»,-деп жазған екен. Сабақтарда баланың байқамай қалуынан жіберілетін қателер қаншама. Бұл сияқты қасиеттің болмауы не төмендігі олардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына да нұқсан келтіретіні анық.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңызды тағы бір ерекшелігі-сынып оқушыларын «жақсы», «жаман» оқушылар деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенінше қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол да өзін мүмкін дәрежеге дейін дамыта алады. Бұл жолда оның қателесуі, жаңылуы әбден мүмкін. Тек мұғалім тарапынан көрсетілген сабырлық, байсалдылық оның өз күшіне деген сенімін арттырып, алға жетелейді деп есептелінеді.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясында баланың білімін бағалауға үлкен мән беріледі. Сабақ барысындағы бағаның неғұрлым көп қойылуы шарт емес. Балалар барлық тапсырмаларды орындауға ынта білдіріп, ден қойып, нәтижеге жетіп, еңбегінің рахатын көруге дағдыландырылады.
Оқыту мен оқу әрекетінің бір-бірімен тығыз байланыста болып, баланың ақыл-ой дамуында зор рөл атқаратындығы белгілі. Ал оқыту барысында ақыл-ойдың, интеллектінің дамуы, «оқи алуға үйрену» бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.
Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының оқу әрекеті-ол орындайтын әрекеттердің жетекшісі, негізгісі. Оқу әрекеті арқылы осы кезеңге тән психологиялық жаңа құрылымдар теориялық сана және ойлау қалыптасады. Олармен байланысты рефлексия, талдау, жинақтау сияқты психикалық қабілеттер дамиды.
Сын тұрғысынан ойлауда оқу әрекеті арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, теориялық сана, теориялық ойлау қалыптасады.
Сын тұрғысынан ойлауда оқушы дамуының негізі болып табылатын әрекет –оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі ретінде қабылданады.
Сын тұрғысынан ойлауда аталған құрылымдағы қажеттілік және мотив-әрекет етуге итермелейтін басты күш. Біз қазіргі сабақтарда оқушыларға білім дайын күйінде беріле салмауы керек дейміз. Ендеше оқушының дәл бүгінгі жаңа материалды білмейтіндігін, оны білудің қаншалықты қажет екендігін іштей мойындату, бар жан-дүниесімен беріле ынтызарын ауғызып, қызығушылығын ояту мұғалімнен шеберлікті талап етеді. Енді ол алдына мақсат қойып, нәтижеге жетудің, проблеманы шешудің әдіс амалдарын белгілейді, іске кіріседі.
Сын тұрғысынан ойлауды ұйымдастырылуы - баланың жеке басын дамытудың басты кепілі. Ол үшін мұғалім төмендегідей қағидаларды есінде сақтауы қажет:
- баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылықтарын жетілдіру;
- білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;
- өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.
Мұғалім бала бойындағы жаратушылық сапалардың болатындығын мойындауы, әрі қарай дамытуы керек.
Мұғалім – ақылды, бірақ барлығын өзі айтып бере салмайды, ол өз пәнін өте жетік біледі, бірақ өз білімімен таң қалдыруға тырыспайды.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту-бірлескен еңбек тәжірибені жүйеге келтірген Л.Джинна Ситл, С.Куртис Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізгі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ішкі құрылымында өзіндік ерекшелігі бар: білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады; көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді, бірнеше стратегиядан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет