Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Кесте 1 Сын тұрғысынан ойлау технологиясын жүзеге асырудағы оқушының іс - әрекеті



бет85/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

Кесте 1 Сын тұрғысынан ойлау технологиясын жүзеге асырудағы оқушының іс - әрекеті



Кезең

Мақсат

Оқушының іс-әрекеті

Білім (танып білу кезеңі)

Берілген жаңа түсінікті ұғу, есте сақтау, бұрынғы білімді жаңарту

Тыңдайды, қабылдайды, еске сақтайды, ойлайды.

Түсіну

Жаңа материалда берілетін білімді түсініп, өзінше түсіндіріп болжам жасауы

Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады.

Қолдану кезеңі

Жаңа білімді тәжірбиеде пайдалану.

Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, жаңа проблема шешеді.

Талдау кезеңі

Алған білімді жіктеу, саралау, ең негізгісін ала білу

Ойланады, салыстырады, табады, талдайды.

Жинақтау кезеңі

Жеке бөлшектерден,дара ұғымдардан тұтас дүние жасау

Ойлап табады, құрастырады,шығарады, байланыстырады.

Бағалау кезеңі

Жаңа ұғым жаңа материалдың құндылығын анықтау.

Бағалайды, талқылайды, өз ойын ортаға салады.

СТО-ның қағидалары:
Біріншіден, оқу материалында оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыруға әкелетін фрагменттер болуы тиіс. Мысалы, оқу материалына мынадай сөз тіркестерін қосу керек. «Егер мына әдістің орнына басқа әдісті қолданғанда қалай болады?», «бұл сонымен қатар бір уақытта осының салдарынан да болады (белгілі бір заң, жағдай т.б.)», «бірақ басқа жағынан қарағанда ....» және т.с.с
- Оқушылар оқулықта автордың берген көзқарасынан тәуелсіз өздерінің пікірлерін, ой толқуларын ұсынады.
Екіншіден, осындай берілген фрагменттерге оқушылар тек ойына бірінші келген пікірлерін айта алмай, ой талқылап, сыни тұрғыдан бағалап барып қана жауаптарын беруі тиіс. Мұғалім бұл кезде соңғы рөлде қалып қоймайды, ол зерттеуші рөлінде, яғни оқушыларды жұмыла ізденуге, ой - қозғауға тартады. Сыни қанықтылықтың талаптарын орындаған кезде ақпаратты берген кезде қанықтылығының шегінен аспауы керек, яғни ескермеген жағдайда «ақпараттың жағалауына» әкеледі.
Енді оқушыларға берілген оқу материалын сыни түзету тұрғысынан қарастырайық .
«Қатесіне қарап, үйренеді» формуласын ескеріп, кейде оқушыларға оқулықтағы, көмекші құралдардағы берілген ақпаратты теріс мысал ретінде беріп, сұрақтарды тізбек бойынша беру арқылы оқушыларды сәйкес қорытындыға жеткізуге болады.
Сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыруда мұғалім әртүрлі оқу ақпараттарын саралап, сәйкес өлшемдер бойынша өзінде бар ақпараттарды коррекция жолымен өңдейді (2-кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет