Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі



бет84/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

Бөліктің оң жағына

Сол жағына

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары, қандай сұрақ бар т.б.)

Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң, жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылған дұрыс. Мысалы:


- Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
- Автор оқырманды қалай қызықтырады?
- Кейіпкерлердің іс-әрекетін Сіз қалай бағалайсыз? және т.б.
Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыруға мүмкіндігі туады.
Еркін жазу. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
Оқушыларды алған білімдерін қорытуға оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін обьектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
Қорыта келгенде, баланың ойлау-сөйлеу әрекетін дамыта оқыту оқушының жаңа ұғымдарды игеріп, сол арқылы өзінің ойын ауызша, жазбаша түрде жеткізе білу икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру бағытталады.
Кейінгі кезде психология ғылымында дамытпалы оқыту тұжырымдамасы ұсынылып жүр. Ондай оқытуды ұйымдастырудың маңызды шарты-оқытушы мен оқушы арасындағы біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру.
Л.С.Выготкийдің пікірінше «қатаң ғылыми тұрғыдан қарағанда, басқа адамды тәрбиелеуге болмайды. Тәрбиелеу - оқушыны тәрбиелеу емес, оқушы өзі тәрбиеленетіндей етіп ұйымдастырылуы» керек. Тәрбиелеу үдерісінің негізінде оқушының жеке іс-әрекеті жатуы керек.
Осы тұрғыдан алғанда, СТО-ның шын мәніндегі дамытпалы оқытуда оқытудың белсенді әдістері қолданылады.
Оқытудың белсенді әдістеріне: миға шабуыл, бағдарламалық оқыту, тренинг, дөңгелек үстел, интерактивті әдістер, мәселелік оқыту, сайыстар, эвристикалық әңгіме, пікірталас жатады.
Осындай әдістер оқушының белсенді іс-әрекетіне бағытталады. Іс-әрекеттің мәні мен нәтижесі іс-әрекет субъектісінің өзі болады, ал негізгі көрсеткіші оқытылатын адамның ойлай алу іскерлігін қалыптастыруға бағытталады.
СТО мен дамытпалы оқытудың мақсаттары, міндеттері, әдістері, алынатын нәтижелері бойынша жақын екендігін (әдіс иегерлерінің айтуынша) байқауға болады.
Енді екінші кезеңге өтсек, (мағынасын, мәнін түсіну) оларды талдап топтастыру қажет. Маңыздылығы бойынша топтастыру нәтижесі:
1. Әдістердің түрлілігі;
2. Белсенді практикалық іс-әрекетте болу;
3. Басқалармен қарым-қатынас жасай білу, басқаларды тыңдай білу;
4. Қажет болса, өз көзқарасыңды өзгерту;
5. Топтық тұжырымға келе білу;
6. Топ алдына шығып «өз тұжырымыңды» айта білу.
Соңғы (4,5,6) пункттер рефлексияға жатады.
Осының бәрі де өздігінен білім ала білуін, сын тұрғысында ойлауіскерлігін, кейбір әдістемелік тәсілдерді дағдыға айналдыруын қалыптастырады.
М.Жұмабаев айтқандай, жеке тұлғаның-жан көріністерінің үш түрінің: ақыл көріністері (таным үдерістері), ішкі сезім немесе көңіл көріністерінің (сезімдері мен эмоциялары) және қайрат көріністерінің (ерік үдерістерінің дамытылуы) СТО-мен байланысты.
Көбінесе адамдардың не істеуге қабілетті, олардың шынайы не істегенін ажыратудың маңызы өте зор. Сын тұрғысынан ойлаудың біліктерін ұғынғанымызбен, оны қолданбасақ пайдасы жоқ. Сын тұрғысынан ойлаудың біліктерін дамытуға қарағанда, сыни тұрғыдан ойлауға дайындықтың орны маңыздырақ.
Сирс пен Парсонс сын тұрғысынан ойлауды этикалық позиция тұрғысынан анықтап, продуктивті ойлаудың маңыздылығын көрсетті. Көп уақытта қателіктер адамдардың сыни тұрғыда ойлай білмеуінен емес, олардың ойлағысы келмегендігінен болады.
Сыни тұрғыдан ойлауды қолдана білетін адамға төмендегідей қасиеттер тән:
1. Жоспарлауға дайын тұру; Жоспарлау - сын тұрғысынан ойлауға алғашқы да, ең маңызды бастама болып табылады. Әрқашанда жаттығулар арқылы әркім өзінше жоспарлау әдетін дамытуға болады.
2. Икемділік. Шектеулі ойлайтын адам кез - келген жаңа идеяларға «мен осыларсыз-ақ жүре аламын» деген көзқараста болады. Тағы бір кең таралған көзқарас «Сынбай тұрғанда, жөндеме» деген жаңа идеяларға қарсы пікір болып табылады. Мұндай консервативті пікірлер жаңа идеяларды қабылдауға кедергі келтіреді.
3. Табандылық. Қандай да бір мәселені шешуде кейбір адамдар оны шешуге ешқандай ойын бөлмейді, тіпті талпыныс жасамайды. Ал кейбіреулері жұмысты бастағанымен, бірақ аяғына дейін жеткізбейді.
Ойлау- бұл адамнан табандылық пен төзімділікті талап ететін қажырлы еңбек. Бұл адамды физикалық еңбектен де артық қажытуы мүмкін, бірақ одан алатын қанағат сезімі орасан зор.
4. Өз қатесін түзетуге дайын тұру. Біз бәріміз де қателесеміз. Ойлана білетін адамдар өзінің қателігінен сабақ алады. Айналасындағылардың пікірлерін тыңдап, олар өзінің қай жерде қателескенін және қателігінің себебін іздейді.
5. Ұғыну. Психологтар бұл қасиетті метатаным немесе метакогнивті мониторинг деп атайды. Ол мақсатқа жету жолында өзіндік әрекеттерін бақылауға негізделеді.
6. Компромисті шешімді іздеу. Қазіргі заманда топтық әрекеттілік формасы кең таралған. Сын тұрғысынан ойлай білетін адамдар көпшілікті өзіне тарта білетін қатысымдық қабілеті жақсы дамуы қажет және кез-келген мәселені шеше білуі тиіс.
Оқушының сын тұрғысынан ойлау стилінің негізгі элементтері:
- Берілген материал бойынша шешімді түрде бағытталып білуі және оқу ақпаратының мәнін белгілі ақпаратпен салыстыра отырып, бағалай білуі.
- Белгілі және жаңа мәселелерді шешуде әртүрлі тәсілдерді қолдана білуі, жаңаны тануға талпыну.
- Мұғаліммен және жолдастарымен диалогқа түсе біліп, өзінің көзқарасын қорғай білуі.
- Берілген эталон бойынша өзінің нақты біліктері мен сапасын салыстыра білуі.
- Белгілі бір философиялық - дүниетанымдық пікірін қорғай білуі. Сын тұрғысынан ойлауды қалыптастырудың ең негізгі технологиялық тәсілдерінің бірі - оқушының бүкіл оқу барысында сын тұрғысынан ойлаудың өзіндік «эталонын» бейнелеуі.
- Осыған байланысты оқу материалының арнайы өлшемдері сыни қанықтылық және сыни түзету туралы айтып кетуге болады (1-кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет