Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Сурет -13. Дидактикалық инновациялар классификациясы



бет29/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

Сурет -13. Дидактикалық инновациялар классификациясы
Суреті салынбаған
М.В.Кларин тапсыру метаформасы мен әлеуметтік мәдени тәжірибе, білім т.б.игерудің негізінде білім берудің инновациялық тәсілдерін негізгі 2 түрге бөледі:
- оқу үдерісін жаңартатын, оның дәстүрлі көшірменің бағдары негізінде кепілді нәтижелерге жетуді көздейтін инновация. Олардың негізінде жаңа білім берудің технологиялық тәсілі, ең алдымен, оқушыларға білім беру немесе хабарласу үлгісі бойынша әрекет ету амалдарын қалыптастыру, жоғары білім беруге бағытталған тиімді көшірме жасау;
- дәстүрлі оқу үдерісін өзгертетін, оның зерттеушілік сипатын қамтамасыз ететін, зерттеушілік оқу-танымдық әрекеттерге бағытталған инновация. Оқытуға деген ізденіс тәсілі ең алдымен оқушылардың жаңа білімді өзіндік меңгеру тәжірибесін қалыптастыруға, оларды жаңа жағдайларда, шығармашылық қызмет тәжірибесіне бара-бара құндылықтарды өндірумен ұштастырып, байытуға бағытталған тәсіл.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары болып жатқан экономикалық және әлеуметтік өзгерістер, білім беру үдерісін де жаңаша қарастыруды талап етеді.
Дидактикалық инновациялар білім беру сапасы бойынша 5 түрге бөлінеді:
- оқыту мазмұны мен құрылымы бойынша;
- оқыту технологиясы бойынша;
- оқыту үдерісін ұйымдастыру бойынша;
- оқыту құралы бойынша;
- оқу-тәрбие үдерісін басқару жүйесі бойынша.
Дидактикалық инновациялар жүзеге асыру тәсіліне қарай 2 түрін ажыратуға болады:
- жүйелі, жоспарлы;
- спонтанды, кездейсоқ.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде инновациялық педагогикалық технологияларды жүйелеу, яғни классификациялау әртүрлі қарастырылады.
Мәселен, шетелдік, соның ішінде Ресейлік мемлекеттік білім беру стандартында инновациялық педагогикалық технологиялары төмендегідей топтарға жүйеленеді:
- мағыналы технология: құрылымы қызметіне қарай анықталынатын технологиялар (оқыту технологиясы, тәрбие технологиясы, дамыту технологиясы және т.б.);
- сипаттамалы технология: арнайы бір әдістің технологиясы, оқу пәнінің ақпараттық мазмұнына сәкес, оқытудың ауызша әдісі пайдаланылады (мәселен, әдебиет күндері, тарих, георграфия және т.б.); оқушы тыңдау, ұғыну, есте сақтау арқылы оқу материалын меңгереді;
- репродуктивті технология: оқу пәндерінің ғылыми-оқу ақпаратын жаңаша өңдеу, жетілдіру іс-әрекеті; белгілі бір үлгі бойынша мұғалімнің басшылығымен тапсырманы бірнеше рет қайталау іс-әрекеті;
- продуктивті немесе өнімді технология: оқушының шығармашылық қабілеттерін, жеке, дара тұлғаалық қабілеттерін арттыратын технология;
- алгоритмдік технология: оқу мінднттерін тиімді шешуді қамтамасыз ететін ойлау үдерісі мен оған сәйкес ақыл-ой әрекетінің реттелген, ойластырылған, өзара байланысқан моделіне негізделген технология; алгоритмдік технология барысында білімді меңгеру бірінен кейін бірі белгілі ретпен, жүйемен келетін өзара байланысқан операцияларды орындау барысында жүзеге асады;
- ақпараттық технология: ақпаратты алу, өңдеу, түрлендіру және тарату технологиясы; қоғамның әрбір мүшесінің үздіксіз білім беру жүйесінде бұл технология адамға ақпаратты кең көлемде жинауға мүмкіндік береді; ғылымда ақпараттық технологияны қолдану тәжірибелік-эксперименттік нобайлауға әдіснамалық ізденіс, диагностикалық жобалауды алып келді; ақпараттық технологиялар қазіргі кезде компьютерлі бағдарламалық оқыту, интеллектуалдық оқытудан эксперименттік жүйені, гипермәтінді, мультимедиа, микроәлем, имитациялық оқыту, демонстрацияны пайдалануға дейін алып келді;
- дифференциациялық (саралау) технология: оқушыларды жеке, дара, дербес ерекшеліктеріне сәйкес топтарға бөліп оқыту;
- интеграциялау технологиясы: ұқсас белгілері бойынша қосу, біріктіру, синтездеу технологиясы; бұл технологияның негізінде жеке тұлғаны жан-жақты дамыту идеясы алынады, мысалы, жинақтық сабақтар, жақын пәндерді біріктіріп қарастыру, мысалы, астрономия мен физиканы біріктіріп, астроизика бір пән ретінде оқыту және т.б.
- суггестотехнология: сендірудің әр түріне негізделген технология;
- ойын технологиясы: қарастыратын жүйені, құбылысты, үдерісті имитациялық нобайлау барысында жүзеге асырады; дидактикалық ойындарды төмендегідей реттелген оқу әрекеті түрінде беруге болады: сабаққа өз бетінше дайындалу басты мақсатты қою объектінің имитиациялық нобайын таңдау осы негізде қойылған мәселені шешу, тексеру, түзету, алынған шешімді жүзеге асыру, оның нәтижесін бағалау, алынған нәтижені талдау және белгілі тәжірибелермен салыстыру, жабық технологиялық цикл бойынша кері байланыс;
- педагогикалық диагностика технологиясы: оқушының тәрбиелік, білімдік деңгейіне педагогикалық болжам технологиясы;
- өзара іс-әрекеттілік технологиясы: оқыту үдерісін әртүрлі формада ұйымдастыруды қарастырады (жекеше, топтық, жалпылама);
- өзін-өзі дамыту технологиясы: өзін-өзі түсіну, өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі басқару өзіне-өзі баға беруді білдіреді;
коррекциялық технология: тұлғаның өзін-өзі жетілдіруге негізделеді; оқыту үдерісі барысында оқыту әдіс-тәсілдері мен формаларына түзетулер енгізіледі, түзетулерді тек қана мұғалім ғана ендірмейді, өз кезегінде оқушылар өз іс-әрекеттерін өздері түзейді, өздерінің жіберген қателерін түзетумен өздері айналысады.
Ал, академик Б.Т.Лихачев технологиялық үдерістерді жүзеге асыруда қолданылатын инновациялық педгогикалық технологияларды төмендегідей құрылымда жүйелеуді ұсынады:
- ірі әдістемелік-технологиялық құрылым: біртұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда рет-ретімен жүзеге асырылатын құрылымдық блоктар;
- технологиялық микроқұрылым: педагогикалық іс-әрекет пен педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың әртүрлі формасы мен әдістеріне қарай анықталады;
- әдістемелік-технологиялық жүйені түрлендіру: әдістемелік-технологиялық түрлендіру жиынтығына пайдалануға негізделген алдыңғы қатарлы, жаңашыл педагогикалық іс-тәжірибелер нәтижесінде жүзеге асырылады;
- технологиялық тәсілдер: оқытудың нақты тәрбиелік және білімдік міндеттерін шешуге бағытталған жүйеленген жеке әдістер;
- технологиялық бөліктер: ірі технологиялық құрылымның жеке бөліктері;
- әдістемелік-технологиялқ тізбек: жеке құрылымдық бөліктің логикалық реттелген қосындысы;
- нәтижені есепке алудың технологияландырылған формасы: жеке қабілеттер мен бейімділікке әсер ететін шығармашылық белсенділікті ынталандырады;
- технологиялық құралдар: компьютерлік құрылғы, машиналық бағдарламалау, әртүрлі құралдар мен құрылғылар, аудио- және видеоаппаратуралар.
Ғалым Б.Т.Лихачевтің педагогикалық технологияларды жүйелеуінің астарында педагогикалық технологияны педагогикалық үдерістің ұйымдастыру-әдістемелік құрылғысын анықтайтын әдіс-тәсіл, құрал, формаларының жиынтығының психологиялық-педагогикалық құрылымы ретінде қарастыру жатады. Б.Т.Лихачевтің осы ұсынған классификациясы педагогикалық технологиялардың мән-мағынасын толықтай ашуға көмектеседі.
Оқу үдерісі мен оның нәтижесіне оқушының ақыл-ойының даму деңгейі тікелей әсер етеді. Ақыл-ойдың даму деңгейін анықтау критерийлеріне оқу жетістігі, білімді қабылдау жылдамдығы мен сабақтағы оперативті түрде лезде, адекватты түрде жауап берулері және т.б. жатады.
Ақыл-ойдың даму деңгейі білім, білік, дағдыларды қабылдаудан басқа баланың дамуына еңбексүйгіштік, өз бетінше жеке жұмыс жасау, инициатива таныту және т.б. жеке тұлғалық сапалық ерекшеліктері тікелей әсер етеді. Сол себепті оқу технологиясының негізіне оқушылардың танымдық қызығушылық аспектілері алынады.
Оқу технологиясы - практикаада жүзеге асырылатын оқыту іс-әрекетінің оңтайландырылған жобасы.
Оқыту технологиясы кең көлемдегі ұғым, ол өзіне оқытудың дәстүрлі, ақпараттық және іс-әрекеттік бағытталған нобаймен қоса,оқытудың жеке тұлғаға бағытталған инновациялық технологияларын да қамтиды. Осыдан «оқытудың иновациялық технологиясы» ұғымы ғылымға ендірілді.
Оқытудың инновациялық технологиясы практикада жүзеге асырылатын оқытудың жеке тұлғаға бағытталған іс-әрекеттің оңтайландырылған жобасы оқытудың инновациялық технологиялары оқытудың жеке тұлғалық бағытын көздегендіктен, оның ерекшелігі оқушының жеке, дара, дербес қасиеттерін есепке алу болып табылады.
Инновациялық педагогикалық технологияның жай педагогикалық технологиядан басты өзгешелігі-оқушының тұлғалық ерекшеліктеріне сипаттамалық бағыт беруінде.
Бұл ерекшелік жеке тұлғаның құрылымдық компоненттерін негізге алады. Мәселен, Р.С.Немова, Л.М.Фридман және т.б. ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, тұлғаның құрылымда сана мен өзіндік сананы басқаратын және іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы бір-бірімен өзара байланысқан 4 блокты ажыратуға болады.
Бірінші блок - сұраныс-мотивациялық, оқушының дүниеге көзқарасы, дүниетанымдық бағыттылық. Екінші блок - оқушының темпераментін, мінез-құлқын, жеке іс-әрекетін анықтайды. Үшінш блок - жеке тұлғаның қабілеті мен мүмкіндіктерімен байланысты. Төртінші блок - жеке тұлғаның психологиялық жай-күйі мен танымдық үрдістерді қамтиды.
Ал ғалым Л.А.Чепляева өзінің зерттеуінде оқытудың инновациялық технологиялары жүзеге асыруды тұлғаның төмендегідей сапалық ерекшеліктерін есепке алуды ұсынады:
- танымдық үдерістердің жүзеге асу ерекшеліктері: ойлау, зейін, елестету, қабылдау, зерделеу, сөйлесу;
- жеке тұлғаның әлеуметтік типінің ерекшеліктері: жоғары нерв жүйесінің типі, темперамент, мінез, күш-жігер (интеллектілік, адамгершілік, мәдени, іскерлік және т.б.);
- тұлғаның бағыттылығы: болашақта баланың кәсіби өзін-өзі жетілдірудегі адам-адам, адам-қоғам, адам-техника, адам-таңбалар жүйесі, адам-көркем образдар бағытындағы іс-әрекеттері;
- білімділік деңгейі;
- денсаулығының ерекшеліктері: көру мен есту қабілеті, сезу, сезіну, түсіну қабілеттері, дене мүшесінің саулығы және т.б.
Ресейлік ғалым Г.К.Селевко өзінің «Қазіргі кезеңдегі білім бьеру технологиялары» атты еңбегінде «педагогикалық технология» ұғымының мәнін ашып көрсетеді.
14-суретте «педагогикалық технология» ұғымының негізгі аспектілері сипатталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет