Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Сурет -14. «Педагогикалық технология» ұғымының негізгі аспектілері



бет30/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

Сурет -14. «Педагогикалық технология» ұғымының негізгі аспектілері
Суреті салынбаған
Педагогикалық әдебиеттерде «педагогикалық технология» ұғымы үш деңгейде қолданылады.
Жалпы педагогикалық (жалпы дидактикалық) деңгей. Педагогикалық технология берілген аймақтағы, оқу орнындағы білім беру үдерісін тұтас сиапттайды. Оған оқытудың мақсаты, мазмұны, құралдары мен әдістерінің жиынтығы, тіпті үдерістегі субъектілер мен объектілердің (олардың өздерін алмағанда) іс-әрекеттерінің алгоритмі кіреді.
Жеке пәндік-әдістемелік деңгей. Бұл жерде педагогикалық технология жеке пән әдістемесі ретінде қолданылады, яғни ол бір пән, бір сынып, бір мұғалім шеңберінде оқыту мен тәрбиелеудің белгілі бір мазмұнын жүзеге асыру үшін қолданылатын әдістер мен құралдардың жиынтығы (пәндерді оқытудың әдістемесі, орнын толтыра оқытудың әдістемесі, мұғалім-тәрбиеші жұмысының әдістемесі).
Элементтік (бөлімді) модульдік деңгей. Мұнда оқу-тәрбие үдерісінің жекеленген бөлігінің технологиясы қарастырылады: жеке іс-әрекет түрлерінің технологиясы, ұғымдарды қалыптастыру технологиясы, жеке тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу технологиясы, сабақ технологиясы, жаңа білімді игеру технологиясы, өз бетімен (өздік) жұмыс технологиясы.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге жасалған талдауымыз көрсеткендей, қазіргі педагогикалық теориядан «педагогикалық технология» ұғымына бірдей көзқарас жоқ, оны біреулер мектепті техникаландыру десе, енді біреулер оқытуды аудиовизуалды құралдармен қамтамасыз етіп, компьютерлендіру, ал келесі бір көзқарас бойынша дидактикалық жобалар мен педагогикалық жүйені, оны практикада қолданудың дәрежесін көтеру болып табылады. Осының бәрі бұл ұғым, құбылыстың көп қырлылығын сипаттайды, яғни оны зерттеудің әдіснамалық бағыт-бағдарын ненгіздеуді қажет етеді. Мұндай бағыт-бағдарға жүйелілік, іс-әрекеттік және жеке көзқарас тән.
Шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектеріне, зерттеулеріне талдау жасай отыра, 15,16-суреттерде педагогикалық технологияның деңгейлерін, негізгі сапалық ерекшеліктері талдап көрсетілді.

Сурет -15. «Педагогикалық технология» ұғымын деңгейлік талдау


Сурет- 16. Педагогикалық технологияның негізгі сапалық ерекшеліктері
Суреттері салынбаған

Ғалым М.А.Чошанов педагогикалық технологияның төмендегідей негізгі ерекшеліктеріне тоқталады:


- алға қойған мақсатқа жетуге толықтай кепілдік беретін педагогикалық жүйенің әртүрлі компоненттерінің қызметін жүйелеу және талдауға негізделеген диагностикалық болжау;
- педагогикалық үдерістердің тиімді жүзеге асырудың нәтижелігі;
- аз ғана уақыт ішінде оқыту мен тәрбиелеудің көзделген мақсатына жету мен педагогикалық үдерісті оңтайландырудың тиімділігі;
- кезең-кезеңімен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін педагогикалық жүйені жеке бөліктерге жіктеуге мүмкіндік беретін алгоритмділігі;
- педагогикалық нобайларды жоспарлауға және құрастыруға мүмкіндік беретін жоспарланушылық;
- педагогикалық іс-әрекеттің барлық компоненттерін бірлікте қарастыратын біртұтастық;
- педагогикалық үдерісті жоспарлау, ұйымдастыру, басқару және бақылау мүмкіндігін көздейтін басқарушылығы;
- нақты белгілі бір мақсатқа бағытталған тұрақты кері байланыстың болуын қамтамасыз ететін түзету-реттеушілігі;
әртүрлі аудиовизуалды және электронды есептеуіш техниканы, сондай-ақ оқу мен тәрбиелеудің өзге де құралдарын пайдаланудың визуалдылығы.
Психологиялық-педагогикалық, ғылыми әдебиеттерге жасаған талдауымыз көрсеткендей, педагогикалық технологияның ерекшелігін айқындайтын төмендегідей сапалық қасиеттері бар:
- диагностикалық болжау;
- нәтижелілігі;
- тиімділігі;
- жоспарланушылығы;
- біртұтастық;
- басқарушылығы;
- түзетушілігі;
- оңтайлылығы;
- қайталанушылығы жән т.б.
Осы жоғарыда көрсетілген педагогикалық технологияның сапалық қасиеттері, белгілері, ерекшеліктері педагогикалық, дидактикалық, тәрбиелік және әдістемелік жүйелерге де тән. Сондықтан осы ұғымдардың мән-мағынасын ашып алуымыз қажет:
- педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік жүйеде технологияның белгілері аз ғана кездеседі немесе мүлдем болмайды;
- педагогикалық технологияда педагогикалық, дидактикалық, тәрбиелік және әдістемелік жүйеде байқалатын мазмұнда компонент әлсіз көрініс табады.
Сондықтан да, білім беру технологиясы педагогикалық жүйенің құрамды бөлігі бола тұра, дидактикалық немесе тәрбиелік жүйенің және оқытудың әдістемелік жүйесі немесе тәрбиенің әдістемелік жүйесінің құрамды бөлігін құрайды. Мәселен, оқытудың әдістемелік жүйесі «Нені оқыту керек?», «Неліктен оқыту керек?» және «Қалай оқыту керек?» сияқты сұрақтарға жауап беретін білім бері мәселелерін қарастырса, ал оқыту тхнологиясы да осы соңғы сұрақты, яғни «Қалай оқыту керек?» мәселесін «Қалай нәтижелі оқыту керек?» шеңберінде қарастырады.
Ғалым В.А.Бухвалов оқытудың инновациялық педагогикалық технологияларын 8 түрге бөліп жіктейді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет