Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі



бет74/151
Дата18.05.2022
өлшемі0,84 Mb.
#143631
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   151
Байланысты:
Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)
9 Геометрия 3 тоқсан ТЖБ
Кіріспе бөлім
(модульге, тақырыпқа ену)


Диалогтық (сұхбат) бөлімі
Көбіне сұхбаттасу, диалогты қарым-қатынас арқылы
оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру


Қорытынды бөлім
Бақылау





Сурет 41. Сұхбат (сөйлесу ) бөлімін құрау қағидалары

Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда мұғалім оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл бөледі.


Мұнда оқу материалының мазмұны оқушылардың өзара сөйлесуінің арқауы және құралы болады.
Алғашқы үш әрекет –қадам мұғалімнің оқу материалының тұтас мазмұнын бөліп, оқу модулінің сөйлесу бөліміне орналастыруын құрайды.
Сөйлеу бөлімінің жұмысы төмендегідей негізгі қағидаларды есепке ала отырып құрылады:
- Оқу материалын біртұтас беру қағидасы.
- «өсу» бағытымен оқып үйрену қағидасы (басында шағын түрде, соңынан-мазмұнын біртіндеп аша отырып, көлемін арттырып, қосымша толықтырулар мен фактілер енгізу арқылы). Бұл оқушының оқу материалын бөлек-бөлек емес, кешенді түрде, тұтас тарау бойынша пысықтауын білдіреді.
Сөйлеу бөлімінің әр сабағында оқу модулінің тақырыбында «қайта оралып отыру» қағидасы (қайталаумен шатастыруға болмайды). Іс жүзінде тақырыпқа оқу материалының көлемі жағынан да, тапсырмалардың күрделілік деңгейі тұрғысынан да «өсу» бағытымен қайта оралып отыру меңгерілген білімді бекіту үшін қажет. Зерттеулер көрсеткендей, жадыда ақпаратты ұзақ уақыт есте ұстау білім деңгейіне жеткізу үшін оған саналы түрде бірнеше мәрте (7 ретке дейін) қайта оралып отыру қажет. Мұндағы басты мәселе материалды қайталау емес, тақырыпқа қайта орала отырып, оны адамның өз алдына қойған мәселелерін шешудегі құрал-жабдығы ретінде пайдалану.

Сұхбат (сөйлесу) бөлімін құрау қағидалары

  1. Модульдің сөйлесу материалдың негізгі мазмұнын белгілеу

2. Оқу материалын біртұтас, жинақы, «өсу» бағытымен беру

3. Тақырып бойынша жеңілдетілген деңгейдегі және білім стандартының талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау

4. Оқушылардың пәнге қызығушылығын және креативтілігін дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материал дайындау

5. Осы бөліктің барлық сабақтарында өзара сөйлеуді қамтамасыз ету

Сондықтан модульдің осы бөлімінде оқу материалын меңгеру - тек қажетті құрал ғана, онсыз негізгі мақсаттарға жету: қисынды ойлауды, түрлі құбылыстар мен фактілер арасындағы байланысты көре білуді дамыту; ұғымдар қалыптастырып, оларды ғылыми негіздеуге үйрену; интеллектіні және креативтілікті дамыту мүмкін емес. Оқу модуліндегі оқушылардың барша танымдық қызметінің қорытындысы болып табылатын мақсатқа және оқушылардың білімі мен білігінің мемлекеттік білім стандартына сай келуіне қатар қол жеткізіледі (олардың стандартқа сай немесе сай еместігін салыстыру оқу модулінің үшінші –қорытынды бөлігіне жүргізіледі).


Мұғалім тұлғаны дамытатын кез келген қызмет емес, тек орындау барысында жағымды эмоциялар тудыратын қызмет қана екеніне көңіл аударуы тиіс. Оқушыға оқу, танымдық қызметпен айналысу ұнап, ол ақыл-ой жұмысынан қанағаттануы тиіс. Бұл, мүмкін мұғалім жұмысының неғұрлым проблемалы міндеті шығар. Әрбір оқушының оқуға ниеттенуі, танымдық үдеріске жағымды көзқараста болуы үшін және оларда жағымды эмоциялар туғызу үшін не істеу керек? Бұл сауалға біржақты жауап бола қоймас, өйткені бұл психологиялық сипаттағы көптеген факторлармен байланысты. Дегенмен, оның шешімін іздеу мүмкіндігі бар. Бұл үшін:
- Оқушының оқу ісіне шын мәнінде қосылуы үшін ол оқу барысында алдына қойған міндеттерін тек түсініп қана қоймай, іштей қабылдауы тиіс, яғни, оқушы оларды өз көңіл таразысынан өткізіп, мән беруі тиіс;
- Таным үдерісін өзара сөйлесу арқылы ұйымдастыру оған қатысушы адамдардың талабы мен ниетіне, ойына, көңіл күйіне және сезіміне едәуір күшті ықпал етеді;
- Бірлесе істеген қызмет (шағын топтарда):
а) кейбір қатысушылардың алдағы міндеттерді шешу мүмкін емес деген сенімін жоюға;
ә) қорғану тетіктерінің шығармашылық үдеріске әсерін төмендетуге ықпал етеді;
- қабілеттерді (соның ішінде танымдық) дамытуға неғұрлым демократиялы орта жағдайда жеңілірек болады;
- кейбір қатысушыларға өз қызметінің нәтижелеріне қол жеткізу маңызды болса, енді біреулеріне-өзіндік ойлау қызметі маңыздырақ.
Оқушының өзіне қиындық туғызатын деңгейде оқыту неғұрлым пайдалы, дамытушы болып есептеледі. Міне, сондықтан да ұсынылған оқу модулінің сөйлесу бөлімінде мұғалім әрбір оқушыға 3 деңгейлік тапсырмалар әзірлейді. 1 деңгей тапсырмалары оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған. 2 және 3 деңгей тапсырмалары оқушылардың бағдарлама материалдарын мемлекеттік білім стандарты деңгейінде игеруін көздейді.
Мұғалімнің әрбір оқушыға әзірлеген тапсырмалары солардың біреуін оқушының өзі қалауы бойынша таңдап алуына есептелген.
Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылуы формаларына қарай тапсырмаларды карточкаларға-яғни, өзінше бір «бағыттаушы парақтарға» жазуға болады, мұны не істеу қажет, оны қалай істеу керек және қалай тексеруге болатыны дайын жауап үлгілері бойынша бірін-бірі және өзін-өзі тексеру арқылы нақты көрсетіледі.
Егер сабақ жеке-топтық формада өтетін болса, онда оқушылардың әрқайсысы үш нұсқадағы тапсырмалар алады. Олар машинкамен басылған және көшірме аппараттарында көбейтілген болуы тиіс. Мұғалім бір сабаққа әртүрлі күрделілік деңгейіндегі 3 жинақ тапсырмалар дайындап, соңынан оқушыға олардың кез келгенін таңдау мүмкіндігін беру мақсатында сыныптағы оқушылар санына сай көбейтеді.
Ұжымдық және топтық жұмыс формаларында тапсырмаларды тұтас сыныпқа бірдей жоғары күрделілік деңгейінде беруге болатынын атап өту қажет.
Оқу модулінің сөйлеу бөлімінің бірнеше ерекшеліктері бар, оларға назар аудару керек:
1. Бұл бөлімде оқыту және оқу:
а) дамытушы болады, соған байланысты мұғалімнің оқушылар мүддесіне бейімделуі қаже. Бұдан шығатыны: оқу үдерісін әрбір оқушының қисынды ойлау қабілетін, ауызша және жазбаша тілін, қабілеттіліктерін, танымдық қызметке қызығушылығын дамытуға бағыттап, жағдай туғызу керек.
ә) даярлаушы болады, яғни модульдің қорытынды бөліміне шығуға даярлайды. Сондықтан да әр сабақта әрбір оқушыға қойылатын барлық бағалар мен берілетін бағалаулар бақылаушы емес, ынталандырушы сипатта болады. Бағалар мен бағалауларды негізінен оқушылардың өздері (өзіне, бір-біріне, командаға, топқа) береді.
Репродуктивті (қайта жаңғыру) сипатындағы оқыту проблемалық, ізденушілік, зерттеушілік оқытумен ұштастырылады. Негізінен оқушылардың бір-бірімен қатынасына, өзара сөйлесуіне құрылған оқытудың белсенді формалары қолданылады.
Оқыту және дамыту- дара күрделі қатынастағы үдерістер.
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, баланың көптеген тұлғалық психикалық қасиеттері, психологтардың пікірінше, жеке өзіндік, өзін қанағаттандыратын қызметі барысында айқындалып, қалыптасады. Егер оқушының жеке өзіндік қызметі, оның үстіне, жоғарыда айтылғандай, қиындықты жеңіп, жаңалық ашып, жақсы нәтижеге жетуінен және, ең бастысы, танымдық қызметтің өзінен жағымды эмоциялар алатындай қызметі ұйымдастырылмаса, онда мұғалімнің баланы танымға «жетелеп енгізбек» болған әрекеті күтілген нәтиже бермейді (яғни, тұлғаны дамытпайды).
Бұл үшін мұғалім сабақта әр балаға психологиялық қолдау көрсетуі, психологиялық жайлы орта туғызуы қажет.
К.Роджерстің пікірінше, мұғалім ондай жағдайды жасай алады, тек ол үшін келесі қағидаларды басшылыққа алуы тиіс:
1. Балаларға әрқашан сенім көрсетуі;
2. Оқушыларға оқытудың мақсаттары мен міндеттерін белгілеп, нақтылауға көмектесуі;
3. Оқушылардың оқуға деген ішкі қызығушылығына мән беруі;
4. Әртүрлі тәжірибенің қайнар көзі ретінде, оқушы қиындыққа кездескенде әрқашан кеңес алуға болатын тұлға ретінде тұруы;
5. Мұғалім әрбір оқушы үшін осындай рөлде болуы;
6. Өзі де топтың көңіл-күйін сезіну және қабылдау қабілетін дамытуы;
7. Топтың өзара әрекетке белсенді түрде қатысуы;
8. Топта өз сезімін ашық білдіруі;
9. Әрбір оқушының сезімі мен көңіл толқуларын түсінуге мүмкіндік беретін эмпатикалық дәрежеге ұмтылуы;
10. Өз-өзін жақсы білуі тиіс.
215 бет соңғы екі абзац жазылмаған
В.А.Вялых
Өзара қатынасу, сөйлеу адам тұлғасын дамытудың маңызды факторы болып табылады, сондықтан оқу қызметін өзара қатынас жасау арқылы ұйымдастыру оны тек жандандырып қана қоймайды, оқушы тұлғасын дамытуға елеулі ықпал етеді.
Өзара қатынасқа және сөйлесуге құрылған оқыту оқу үдерісінде белсенді формаларды қолдану арқылы іске асырылады.Олар:
- топтық немесе жеке-топтық;
- жұптық;
- ұжымдық;
Оқытудың бұл формалары жалпы немесе құрылымдық деп аталады. Бұдан басқа нақты немесе арнайы формалары да бар:
- семинар;
- оқу конференциялары;
- диспут;
- топтық пікірталас және т.б.
Оқу үдерісін жандандыру құралдарының ішінде ойын, ойын арқылы оқыту ерекше орын алады.
Қазіргі уақытта педагогикада оқыту мен ойынды топтастыруға қадам жасалынуда, тіпті бұл жерде сөз еңбек негізінде оларды қосу туралы болып отыр.
С.Ф.Занько, Ю.С.Тюнникова және С.М.Тюнниковалардың пікірінше, оқу және дидактикалық ойындардың айырмашылығы мынада: оқу ойындары формасы бойынша ойын, мазмұны бойынша-оқу, ал дидактикалық ойын мектептегі оқуды ұйымдастырудың қалыптасқан түрін тек толықтыру болып табылады.
Оқу ойыны- бұл оқуды ойын арқылы ұйымдастыру. Біздің зерттеулеріміз 4-11 сынып оқушыларын оқыту үдерісінде оқу ойындарын қолданудың жоғары тиімділігін көрсетті.
Бұл ойындарды оқу модулінің сөйлесу бөлімінде қолдануға баса назар аударылады, мұнда негізінен оқыта-үйрету ойындары пайдаланылады, өйткені олардың мазмұны баланың оқудағы еңбегі болып табылады.
Зерттеулер көрсеткендей, дәстүрлі ұйымдастырылған оқу үдерісіне қарағанда, оқушылар ойынға қатыса отырып, неғұрлым аз шаршайды, оқу қызметінен көбінесе жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады.
Егер оқушы қандай да бір себептермен оқу модулінің сөйлесу бөліміндегі сабақтарда болмаған болса, оған осы сабақтарда қолданылған барлық деңгейдегі тапсырмалар жеке беріледі. Оны бала үйінде, сабақтан тыс уақытта орындауы тиіс. Тапсырмаларды орындаған оқушыға өзін-өзі тексеру үшін жауап үлгілерін беруге немесе мұғалімнің өзінің, не болмаса осы сынып оқушыларының ішінен кеңесші оқушының тексеруіне болады. Тек содан кейін ғана оқу модулінің қорытынды бөлімінің тапсырмалары беріледі ,оның орындалуын мұғалім өз бақылауына алады.
Әр модульдегі сағаттар саны әр түрлі. Бұл бағдарлама бойынша тараулар, тақырыптар блогына, тақырып берілген санына байланысты.
М.Жанпейісова жүргізген зерттеулер 7-12 сағаттан тұратын, оқу модулін өте тиімді деп тапты. Дегенмен эксперимент жүргізген мұғалімдердің модульдегі сағаты 4-тен (Қазақстан тарихы курсы бойынша) 22 сағатқа дейін (математика бойынша) ауытқиды. Сағаттар санына қарамай, кіріспе бөліміне 1-2 сағат (сабақ) жұмсау- оқумодулінің ерекшелігі. Қорытынды бөлімге де 2-3 сағаттан көп берілмейді. Қалған сағаттан (3-тен 17 сағатқа дейін) барлығы диалогтық, сұхбат бөліміне беріледі.
Мысалы, мұғалім 9 сағатқа арнап оқу модулін құрса, 1 сағат кіріспе бөліміне, 2 сағат қорытынды бөліміне, 6 сағат сұхбат бөліміне арнап бөледі.
Бұл әрбір оқушының білімді меңгеру, дайындық деңгейіне қарай материалын 3 деңгейде қарастыру қажеттігінен туындаған.
Жаңа меңгерілген білімді өзгертпей қайталау деңгейінде материалды оқыту тақырып бойы, тарау бойы, оқу модулінің мазмұны бойынша жүргізіледі.
Мазмұнға ілгерлей отырып бірнеше дүркін оралу қарапайымнан күрделіге, репродуктивті білімнен шығармашылық ізденіске жетуге әрбір оқушыға оқу материалын «түсіну» деңгейінен «білімді тасымалдау, көшіру» деңгейіне дейін меңгеруге мүмкіндік береді. Диалогтық сұхбат бөлімінде танымдық үдеріс сыныпты 4-7 баладан тұратын топқа бөліп, оқушылардың өзара әрекетін ұйымдастыру негізінде, бұл бөлімге түрлі ойын технологияларын кіргізу арқылы оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы негізінде жүргізіледі. Мұғалім осылайша «ынталандыру» рөліне ауысады.
Оқу модулін қарастырудағы екінші ерекшеліктері- мұғалімнің модуль құруға дайындық жүйесі. Мұғалім бір оқу модулі үшін сағат санын анықтап, оны құрастыруға кіріседі. Мақсатын, мазмұны мен нәтижесін анықтайды, сонымен қатар берілген модульдегі сабақтарды ұйымдастыру түрін ойластырады.
Мұғалімнің дайындық жұмысы М.Жанпейісова бойынша келесі қадам әрекеттерден тұрады.
1-қадам: Берілген курс бағдарламасында анықталған тарау, тақырыптар немесе тақырып бойынша меңгерілеуі тиіс міндетті білім, білік, дағдыны, мақсат пен міндетті анықтау.
2-қадам: Модульдегі бүкіл оқу материалының мазмұнын зерттеу, пысықтау.
3өқадам: Модульдегі мағыналық «жүкті көтеретін» негізгі ұғымды бөлу, тақырыптағы негізгі ақпарат «жасырынған» рельефті сөздерді табу.Олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігін анықтау.
4-қадам: Тақырып бойынша тірек сызбаларды салу.
5-қадам: Оқу модулінің бүкіл мазмұны бойынша 15-20 тапсырмадан тұратын тест құрастыру.
6-қадам: Сынақ немесе пән ерекшелігіне қарай алынатын бақылау жұмысы үшін модульдегі бүкіл оқу материалының мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар блогын құрастыру.
7-қадам: Диалогтық сұхбат бөлімі. Сабақтарды өткізу түрі ойластырылады.
Модульдің әрбір құрылымдық бөлімдерінде пайдаланатын әдістемелер мен жұмыс жүйелерінің жинағын ұсынады:
- проблемалық жағдаят тудыру;
- негізгі оқу міндетін анықтау;
- өзін-өзі бақылау және алдағы тақырыпты, тарауды оқуға дайындаған оқушылардың өздерінің бағалауы;
- алдағы жұмыс жоспарын жасау және оны талқылау.
Оқу модулінің кіріспе бөлімінде белгілі американдық биолог әрі педагог Дж.Шваб ұсынған нұсқа жиі қолданылады. Нұсқа негізінде зерттеу әдістері мен тәсілдері жатыр. Мұнда пән ғылыми - зерттеу объектісі ретінде ұсынылады да, зерттеу жұмысы оқытудың үлгісі ретінде қарастырылады (5-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет