Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Кесте-1. Оқушылардың білімін тексеруге арналған қорытынды тест тапсырмаларын құрастыруға қойылатын талаптар



бет78/151
Дата18.05.2022
өлшемі0,84 Mb.
#143631
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   151
Байланысты:
Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)
9 Геометрия 3 тоқсан ТЖБ
Кесте-1. Оқушылардың білімін тексеруге арналған қорытынды тест тапсырмаларын құрастыруға қойылатын талаптар



Рет
саны

Тараулар тақырыбы

Сағат саны,(к)

Жалпы сағат санының пайыздық бөлігі,%

Тарау бойынша алынатын тапсырмалар саны (к/2)
















Берілген кестені негізге ала отырып, тест құрамындағы тапсырмалар келесі дидактикалық мақсаттарды орындайтындай болуы керек:


А - анықтамалар мен түсініктемелерді білуі;
Б - формулаларды, қасиеттерді және олардың алғашқы қолданылуы;
В - стандартты жағдайларда формулаларды, қасиеттерді, заңдылықтарды қолдана білуі;
Г - стандартты емес жағдайларда оқушы өзінің білім,білік, дағдыларын қолдануы.
Осы қойылатын мақсаттарға байланысты пайыздық қатынастағы тапсырмалардың саны: А-12%, Б-20%, В-50%, Г-18%.
Мысалы,барлық тапсырмалар- 30 болса,онда А-4, Б-6, В-15, Г-5 болуы керек.
Оқыту-жалпы табиғаты жағынан және оны ұйымдастыру ерекшеліктері жағынан алып қарағанда күрделі үдеріс. Бір жағынан ол алған білімін кез келген жағдайда жеңіл әрі саналы түрде қолдана алуға үйретеді. Осы оқытумен параллель, әрі тығыз байланысты жүретін маңызды үдеріс бар .Ол-білік, яғни оқушылардың білімді жеңіл меңгеруін, сонымен қоса оны өз бетінше ала білуін қамтамасыз ететін оқу еңбегінің тәсілдері.
Сондықтан, бұл үдерістердің біреуін екіншісінен маңыздырақ деп бөліп қарауға болмайды. Оқушының алатын білім қорын оқу білігін қалыптастарын материал есебінде қабылдасақ, онда оқу кезінде қалыптасқан білікті осы қорды жаңа біліммен толықтыруға мүмкіндік жасайды деп айтуға болады.
Оқу білігінің екі түрі болады: жалпы оқу білігі кез келген пәнді оқытуда қажет болса, арнайы білік жеке пәнді оқытуда қажет.
Жалпы оқу білігіне тоқталалық. Себебі, ол барлық арнайы біліктердің іргетасы болып табылады.
Әрбір оқушыда оқу кезінде қалыптасуға тиіс жалпы оқу білігі төртке бөлінеді:
- Оқу-ұйымдастырушылық;
- Оқу -интеллектуалдық;
- Оқу-ақпараттық;
- Оқу-коммуникативтік;
Осы аталған тәртіппен әрқайсысына қысқаша тоқталып өтейік.
1. Оқу-ұйымдастырушылық білік. Оқу еңбегінде әр оқушы өзін-өзі ұйымдастыра алмаса, білімді меңгеруде үлкен жетістікке жетуі мүмкін емес. Сондықтан да оқу - ұйымдастыру білігінің маңызы зор.
223 бет соңғы абзац жазылмаған
Бұлардың көпшілігі
2. Оқу-интеллектуалды немесе жалпы логикалық білік. Бұл білік, ең бастысы, әрі ең қиыны болып табылады. Себебі, осы білік ақыл-ойдың тереңдігін, икемділігін, тұрақтылығын қалыптастыруға жағдай жасайды.
Оқушының интеллектуалдық даму деңгейі келесі біліктердің дұрыс қалыптасқандығы бойынша анықталады:
- Оқу немесе кез келген материалды диалектикалық тұрғыдан талдай білу;
- Объектілерді (нысандарды) фактілерді, құбылыстарды салыстыра білу;
- Материалды топтай білу;
- Жалпылай, қорытындылай білу, түйінін табу;
- Абстракциялай білу;
- Ең негізгісі мен маңыздысын ажырата білу;
- Материалды синтездей білу;
- Себебі мен салдары арасындағы байланысты анықтау;
- Оқыған логикалық ойдың аяқталған бөлігін таба білу, байланыс құрып, ол байланыстардың өзара тәуелділігін таба білу;
- Берілген тақырыпқа шығарма жазу;
- Зерттелушілік мүмкіндіктерді пайдалану;
3. Оқу-ақпараттық білік. Білімнің кез келген саласын меңгеру білімді толықтыра түсетін әртүрлі ақпарат көздерін пайдалана білумен тікелей байланысты екені даусыз. Бұл білікке жататындар:
- Каталогты, компьютерлік ақпарат көздерін пайдалана білу;
- Сөздік, энциклопедия, анықтамалармен, алғы сөздермен жұмыс жүргізе білу;
- Картотека құрастыра білу;
- Баспа және жалпыға бірдей ақпарат- техникалық құралдарды пайдалана білу (үнтаспа, теледидар, компьютер, интерактивті тақта т.б.);
- Жоспар, тезис, конспект, реферат, аннотация құра білу.
4. Оқу - коммуникативтік (қарым-қатынас) білік. Оқу- коммуникативтік білік дегеніміз - оқу жұмысы кезінде адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас үдерісінде қалыптасып, пайдаланатын білік.
Соған қоса жетілген оқу-коммуникативтік білік қарым-қатынастың өзіне көмектеседі, оны мазмұнды, қызықты етіп, мақсатқа бағыттай түседі. Ең негізгісі- тыңдай білу білігі. Оқу кезінде тыңдай білу-ойды бір жерге жинақтауды, біршама ұзақ мерзімге біркелкі зейін қоя білуді талап етеді. Сондықтан арнайы жұмысты қажет ететін нерв жүйесі мен психикасының тұрақтылығына байланысты болып келетін қиын біліктің бірі.
Бірінші қиын біліктер қатары:
- мұғалімді тыңдай отырып, сол мезгілде оның айтқанының мазмұнын жаза білу;
- мәтінді оқи отырып мұғалімнің нұсқауын тыңдай білу;
- өз ойын әдеби тілмен жеткізе білу, оқу пәнінің негізін құрайтын ғылыми сөздерді пайдалану;
- сынып алдына шығып сөйлеу;
- шығып сөйлейтін сөзінің жоспарын жасау;
- тезисті айта білу;
- нақтылайтын сұрақ қоя білу;
- нақты дәлел келтіріп,тыңдаушының көзін жеткізе білу.
Жоғарыда аталған біліктер адамға жаңа білімді игеруге ғана көмектесіп қоймайды, сонымен бірге ол нағыз білімділіктің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет