Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Жоба келесі бағыттарда жұмыс істейтін 6 эксперт тобын құруды қарастырады



бет89/151
Дата18.05.2022
өлшемі0,84 Mb.
#143631
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   151
Байланысты:
Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)

Жоба келесі бағыттарда жұмыс істейтін 6 эксперт тобын құруды қарастырады:
1. Тоғанның пайда болуы, оның қалалықтар үшін маңызы (қаланың бұрынғы тұрғындарының естеліктері) - тарихшылар тобы.
2. Әлеуметтік зерттеу (әлеуметтік сауалнама жүргізу, сауалнама нәтижелерін талдау) - әлеуметтік топ.
3. Экологиялық зерттеу (топыраққа, суға талдау жасау, жақын аймақтың ластану дәрежесін анықтау) - экологиялық топ.
4. Тоғанды қалпына келтіру мүмкіндіктерін қарастыра отырып, шағын ауданды көріктендіру үлгілерін компьютерде жасау - комьютерлік графика тобы.
5. Тоғанның және оған жақын аймақтардың сызба-архитектуралық безендірілуі - сәулетшілер тобы.
6. Жобаны альтернативті қаржыландыру, қайта қалпына келтіру, көріктендіру шараларына қажет қажет қаражат мөлшері - экономистер тобы.
Жоба бойынша жұмыс барысында оқушылар сарапшы ретінде мәселені ашады және зерттеу әдістерін қолданады.
Нәтиже:
1. Тоғанның тарихы туралы бейнематериал.
2. Әлеуметтік сұрау: сауалнама жүргізу, тоғанның қазіргі жайы туралы қалалықтардың пікірі (бейнематериалдар) оқушылар арасында жүргізілген сауалнамалар қорытындысын шығару, талдау.
3. Тоғанның және оның айналасының ластану дәрежесін анықтау, тоған суының, топырақтың құрамын зерттеу нәтижелері, тоғанның экологиялық жағдайы.
4. Тоғанды көркейту есебімен жасалған шағын ауданның компьютерлік нобайы.
5. Тоғанды және сол аймақты сәулеттендіру сызбалары мен макеттері.
6. Тоған және оған жақын аймақты тазалауға, көрңктеніруге қажет қаражат көздерін анықтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет