ДЖИК СО - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.
Бұл стратегияның бірінші мақсаты оқушылардың қызығушылығын оқыту болып табылады. Үйрену үдерісі - бұрынғы білетін білім мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойда қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты-үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену- енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни, айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы кеңейеді. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңге жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл технологияның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі - INSEPT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында:
«V « - білемін;
«- » - білмеймін;
«+» - мен үшін жаңа ақпарат;
«?» - мені таң қалдырды белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.
INSEPT - оқығанын түсінуге, өз ойын басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуде жоғарыдағыдай ұйымдастыру аталған кемшіліктерді бірден-бір кепілі болып табылады.
Оқушылар білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құрауға дағдыландырады (1-сурет).
Сурет 1 Бұрынғы білетін білім мен жаңа ақпарат арасындағы байланыс
Тақырып туралы ой-толғаныс - технологияның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту үрдісінде оқушының толғанысын ұйымдастыру; өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білімін үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді. Ойлауға тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.
Ғалым Б.А.Тұрғынбаева бойынша, сын тұрғысынан ойлауды жүзеге асыру үшін төмендегідей шарттар орындалуы қажет:
- Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.
- Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
- Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
- Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдану.
- Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау.
- Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
- Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Ал оқушылардан осыған байланысты:
- сенімділікпен жұмыс жасау;
- бар ынтасымен оқуға берілу;
- пікірлерді тыңдау, құрметтеу;
- өз пікірін ашық білдіруді талар ету қажет.
Тек сонда ғана оқушылар:
Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?
- Осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?
- Маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.
Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.
Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мысалы, мәтінді оқу барысында оқушылар төмендегідей іс-әрекет жасайды:
Достарыңызбен бөлісу: |