«Шипагер Қасен» Қасен Бижанның туғанына 155 жыл толуына арналған әдістемелік құрал Балқаш,2013



бет2/2
Дата22.11.2016
өлшемі2,91 Mb.
#2304
1   2

Балқаш,2013


Алғы сөз

«Жалпақ жұртыңды құрметтеу-туған өлкеңнің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады»

Н. Назарбаев

Құрметті әріптестер, қолдарыңыздағы әдістемелік құралда Балқаш өңіріндегі бірінші дәрігердің, тұңғыш аңшылық пен балық аулау кәсібінің, сондай-ақ егін егіп, көкөніс өсіруден пайда көзін табу жолын ашып, зауыт тұрғызып, диірмен жүргізген, табиғи жер байлығының сырын білген кәсіпкер, ардақты азамат Бижанов Қасен жайлы естеліктер мен деректер берілген, құрал көпшілік оқырман қауымына арналған.



Кітапханашы: Бақытын еңбектен тапқан, еңбегімен елінің де, өзінің де даңқын шығарған Бижанов Қасен атамыздың мерейтойы құтты болсын.

Тарих дегеніміз уақыт пен халық жасаған оқиғалардан тұрады. Бүгінгі тарихи сағатымыздың кемеңгері Бижанның Қасені туралы.



Мақсаты: Қ. Бижанов өмірін, қоғамдық қызметін, еңбек жолдарын дәріптеу, қанатты, нақыл сөздері арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелу «дала дәрігерінің, агрономның» шынайы бейнесін, ізбасарларға өсиетінің өзіндік өрнегін жадында сақтауға баулу.
Түрі: Кітапханалық шара

Әдісі: Өлкетанушының зерттеуі

Көрнекілігі: Портрет,фото-бейнелер,қанатты сөздер, кітап көрмесі.
Есімде бәрі барлық жолың,өткенің,

Туған жер үшін теріңді судай төккенің.

Еңбекпен салдың,ерлікпен салдың батырым,

Кешегі үннің-бүгінгі жеткен өткелін,-дей отырыптуған жері, халқы үшін тер төкен, еңбекпен ерлік, болжамдығы мен саясаткерлігімен еліне танымал атамызды құрметтеу, ардақтау-бүгінгі біздің баршамыздың міндетіміз.



Ендеше бүгінгі тарихи сағатымыздың барысы
Шақырылған қонақтармен таныстыру:

1.Белгілі Өлкетанушы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі» атты төс белгімен марапатталған, К. Ыбжанқызы Сардарбек.

2. Қасен даналығы – Қ.Бижанов өмір жолына шолу.

3. Кітап көрмесі

4. Қорытынды. Ескерткішке суретке түсу.
Кітапханашы:

Көпті көрген көнемін,

Көргеніме сенемін.

Тәжірибе шыңдаған өзімді алма, сөзімді ал,

Азаматтар тыңдаған.
Н.Орманбетұлы айтқандай, ол өмір сүрген ортаның кейінгі ұрпақтарының естелігіне сүйенсек ол Балқаш өңірінің бірінші дәрігері, тұңғыш аңшылық пен балық аулау кәсібінің,сондай-ақ егін егіп, көкөністен пайда табу жолын ашқан, зауыт тұрғызып, диірмен жүргізген. Кедейлерге көмек беріп, елді асыраған кісі.

Орыс саяхатшыларының естеліктерінде, зерттеуші журналистердің қойын дәптерлерінде, мақалаларында, Қарқаралы, Семей, Омбы, Алматы қалаларының ресми құжаттарында жазылып,оны көрген білгендердің есіне сақта


Тұңғыш дәрігер, ірі кәсіпкер
«Көпке пайда тигізген жақсы десең,

Оны неге іздемей тек жатасың?»

Шәкәрім
Қасен Бижанұлы туралы Г.И. Потанин, М.М.Пришвин, В.Новиков, П.Г.Амосов секілді орыс интеллигенциясының өкілдері хх- ғасырдың басында жазған деректерден-ақ оның тарихи тұлға екенін тануға болады.Осы тұста зерттеуші Юрий Поповтың еңбегі айрықша.

Шыққан тегі: Дадан Тобықтының Манас атасынан-Құттыбай одан Шырақбай-Түйтебай-Жантас, одан туған Бижаннан Қасен. Тоқырауын бойын жайлаған ел Қасеннің ізі осы өңірдің бәрінде бар дейді. Ол Дадан Тобықты болысының Семей губерниясына қарасты Қарқаралы уезінің №4 ауылында 1858 жылы-«Жылқы» жылы туған деген дерек сақталған (қазіргі Ақтоғай ауданына қарасты Нарманбет ауылы аталатын елді мекен).

Бижанның Қасені өмір сүрген 1858-1934 жылдар аралығы-қазақ даласында ежелгі ел билеу дәстүрі-ұлысты біртұтас мықты ұстаған хан (1824ж.), сұлтан(1868ж.) билігі жойылып, Ресейде қалыптасқан бөгде билеу жүйесі күшпен жүзеге асырылған, сонан қазақ елі мемлекеттік сипатынан айрылып, отарлау саясатының шырмауына түсірілген заман. Онан ақ пен кызыл шайқасып, аштық нәубеті, сталиндік қуғын-сүргін, зорлық-зомбылық етек алған заман. Қарабұлақ секілді суы мол, шөбі шүйгін қасиетті топырақта туып-

өскен дала баласы Қасен Бижанұлы мұсылманша сауат ашып, орысша оқып мамандық алып, терең ойлы зиялы, жаңашыл іскер ірі тұлға болып қалыптасып, халқына қызмет еткенін ел аузындағы аңыз бен тарихи мұрасы мұрағаттарда сақталғаны делелдейді.

Ол өз заманының ақылгөйі, ілім-білімді бағалаған дарасы. Патшалы Ресейде өз саясатын жургізу үшін көшпелілерді басқаратын кардлар даярлауға бай-шонжарлардың балаларын оқытуды көздеген. Жыл сайын соларға арнайы квота қалдырып, шақыртып алып отырған. Сондай бір шақыру келгенде өз баласын орысша оқытып шоқындырғысы келмеген жергілікті байлардың біреуі Омбыға Қасенді жіберген. Осылайша Омбының фельдшерлер дайындайтын орталық мектебін 1884 жылы бітіріп «Земской врач» деген мамандық алады. Сол жылгы 17 наурызда генерал-губернатор Г.А. Колпаковский қол қойған бұйрықта Бижанов Қасен Қарқаралыға жұмысқа жіберілген.

Содан бастап Балқаш өңірінде «першіл Қасен» атанып, Қарабұлақта өз қыстағында алғаш аурухана ашады, қазір гинеколог, хирург, терапевт, тіпті, лор, тіс дәрігерлері атқаратын емдеу жүмыстарын Қасен жалғыз атқарған екен. Әр жерде медпункттері де болған. Ауыл-ауылды аралап қанша бала, әйелдер, карттар, сырқаттар барын тізімге алып, аурудың алдын алу шараларын да жасап отырған.

Ешкі шегінен кетгут жасап, Ресейдің ауруханаларына өткізгені анық. Халыққа алдымен білім қажеттігін ескеріп, қазақ-орыс тілінде оқытатын мектеп ашып, дарынды балаларды баураған. Осы күнге дейін «Құсайын мектебі» білім ордасы болғанын қариялар айтып отырады. Қасен өзінің Құсайын, Ыбыш, Дәкеш, Нүрке атты ұлдарын оқытып алып, өз жерінде қызмет етуге баулыған. Құсайын ауыл мектебінде білім беруді қолға алса, Ыбыш Алматының педагогикалық институтына

сабақ беруге дейін өскен. Ал, Нүркесі өзінің жолын қуып, шаруашылықты қолға алған кәсіпкер болды, Дәкеш егін шаруашылығымен айналысқан.

Қасен Қарабұлақта былғары зауытын, су диірменін, пима басатын шеберхана ашты. Мал баққан елде шикі заттар: тері-терсек, жүн мол, соны іске асы-рып, қазақтарды кәсіпкерлікке тартқан. Қазір орталықтан 20 шақырымдай жердегі, тартылып қалған Қарабұлақ өзенінің бойында былғары зауытының орны ғана жатыр. Зауыт 1923-1930 жылдары жүмыс істеп, шығарған өнімдері Ресейге дейін жеткен, орыс купецтері былғары сапасын жоғары бағалаған. Балқаштың қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Бижанның Қасенінің шығарған түрлі-түсті былғарыларынан тігілген ою-өрнегі ерекше мәсі бар. Оны осы зауытта жумыс істеген әкелерінен сақталып қалғанын айтып Балқаштың бірінші құрылысшысы медбибі Бибінұр Шаяпова мұражай алғаш ашылғанда тапсырған еді. Қызыл, сары түсті бояуды Қасен табиғи өсімдіктерден: томар, жоса, қына, қайыңның қабығынан алса, терінің жүнін түсіретін әкті де таяудағы таулардан әкеліп қорытқан. Әлі күнге зауыт орнында қалдықтары жатыр. Ал, жасыл түсті қайдан алған деген сұраққа жауапты неше жыл іздесем, Адольф Янушкевич өзінің естелігінде анық жазыпты. Теріні илеген соң, дымқыл бетінде арасына кәдімгі тарыны салып бастырып қояды екен. Сонымен, жасыл бояу сіңген тері тамаша былғарыға айналған. Мұндай тапқырлықты қазақтар қашан ойлап тапты белгісіз, Қасен Бижанұлы осы әдісті пайдаланғанының куәсі - мұражайдағы жалғыз оюлы мәсіні көздің қарашығындай сақтау міндет.

Былғары зауыты дегеніміз, қолдан саз балшықтан қазақи қора секілді тұрғызылған құрылыс, тек мұржасы биік, алыстан будақтаған түтіні көрініп тұрған. Отыны, әрине, сексеуіл, баялыш, көкпек, қураған талдар секілді жергілікті өсімдіктер мен қи-тезек. Ел мал терілерін өткізіп қажет шай-пұлын, сабын-тұзын алған, айырбас сауда жургізген. Егін салып, су диірменмен ұн тартқан, көкеніс егіп, сиыр мен қойдың жаңа тұқымдарын өсірген ізденгіш адам. Сол сүтті қарасұр түсті сиырлар Нарманбет ауылында әлі бар. Қасен әкеміз жұмысқа тартқан қазақтардың денсаулыгын сақтауға қатты көңіл бөліп, бір бөлмесін аурухана ретінде ұстаса, оларды тамақтандыратын асханасы да, жатын орындары да болған, солардың бейіттері де зауыт тұрған жерден алыс емес. Балқаш көліне Тоқырауынның Дересінге жетіп, Баутораңғы тоғайы бар «Ұзынтүбек» деген құяр жерінде желкенді кеме салып, алғаш су жолын ашқаны белгілі. Балық аулау кәсібін де қолға алған. Осы кәсіптерді Бижанның Қасені 1917 жылдан бұрын-ақ, П.Г.Амосов Балқаш өңіріне келмей тұрып бастап, кең көлемде айналысқан



1 жүргізуші:

Қасеннің ауылы Қарабұлақ қазіргі Жаңа орталық деген жер. Нарманбеттің қыстауы, ХХІІ партсьезд орталығы-Қарасу деген жер, арасы 10-15 шақырымдай.

Нарманбет Қарқаралыда 1918 жылы өлгенде, Қасен «Мен Нарманбетпен аразбын, Тобықтының намысымен араз емеспін»-деп сүйегін дәрігерлік шеберлігімен теріге орап, бүлдірмей шыжыған жазда бір түнде Қарасуға алып келген. Өзі жерлеген.

Атамыз Қасен бай болған жоқ, кедейлерге көмектескені үшін үкімет жаппады-дейді әкелерімен бірге өскендердің балалары.

1934 жылы 76 жасында әйелінен кейін 2 күннен кейін мәңгіге сапар шекті.

2 жүргізуші:

Балқаш-Ақтоғай өңірінің тарихы мен мәдениетін зерттеп,ерекше ілтипатпен қарайтын азамат-ғалымдардың бірі Серік Негимов.

Дала даралары мен даналарының рухына бас иіп қастерлеу С. Негимов сынды ғалымнан көрініп тұрса, қара халық қалай мойынұсынбасын. Қалаға кіре берісте Бижанның Қасені, Ағыбай батыр, Әлихан Бокейханов, Қараменде би, С.Сейфуллин, Желтоқсан көшелерін қиып өтіп Балқаш көліне тіреледі. Қаланың дәл ортасында М.Хамзинатындағы мәдениет сарайы, К.Байсейітова көшесі бар. Бұның бәрі тарих.
1 жүргізуші:

Міне осы күрделі тұлға туралы Өмірден жинақтаған тәжірбиесін көңіл таразысына ақылмен салмақтай білген Бижанов Қасен туралы қаламыздың өлкенаушы, үлкен зерттеу жүргізіп, еңбектеніп жүрген , жастарымызға тарихтың тереңінен нәр алуға үлесін қосқан қадірменді , арқа өңіріне, белгілі апайымыз, «Мәдениет саласы үздігі» төс белгісінің иегері Күләш Сардарбекқызына сөз береміз.



2 жүргізуші:

22 Партсьезд қазіргі Нарманбеттің жанындағы Қарасу С.Сейфуллин атындағы мектептің де іргесін көтергенде демеуші болған-Қасен екен.

1887-1889 көк Доңыз жылы Манас ата болыстығына болыс болып сайланған. Қарабұлақта екі жылдық мектеп ашты. Онда баласы Құсайын сабақ берді, білімді, орысша-қазақша оқытты. Әлихан Мусин, Орынбек Жәутіков Қабдыракім Каукенов сол мектепте оқыған. Қасеннің дүниетанымы терең, саясаткер көрегендігімен ерекшеленеді.

Хасен Бижанов Семей губернаторының 1911 жылғы 5 сәуірдегі бұйрығымен Қотанабұлақ болыстығына үш жылға болыс болып сайланады. Оның орынбасары болып Балтабек Мусин тағайындалады.

1920 жылдары ақ пен қызылдар шайқасында халықты аман сақтаудың амалын ұстап,елге басшылық еткен.

Қасен қорасында-40 атты бірақ байлап, 40 кісіні қабылдай алған. Кеуде көтеріп, астамшылық етпеген. Оның сегіз қанатты киіз үйі болған. Мәрім деген бәйбішесі кең қолтық, кең етек, қолы ашық кісі еді.


1 жүргізуші:

1916 жылғы саясатын айтсақта болар. Патшаға бұл өлкеде індет (холера) бар, әскерге адам алуға болмайы –деп жазған хатын мұрағаттардан іздеуге болады, ақсақалдар жазғанын көрген. Нәтижесі белгілі, бұл елден бірде-бір адам солдаттыққа кеткен жоқ. - дейді Дуаншы тұрғыны 55 жастағы Сағат Жексенбеков



2 жүргізуші:

1936-1937 ж. Қасен қорасында Октябрь тойы болған, 1940 жылдары Қасен қыстауы «Қасен қорасы» деп аталып құлап жерге айналса да халық ұмытқан жоқ-дейді К. Тілеубеков. Нарманбет ауылы тұрғыны. 10. 07. 2000 жыл. сұхбатында.

Орыс, қазақ шеберлерін жинап, Қарқаралыдан ағаш тақтай әкеліп, балық аулау үшін үлкен кеме жасап, суға түсірген. Мұның өзі патшаның отар аймағындағы халықтың жаңа кәсіппен шұғылданып, өмір сүру тәсілдеріне қосылған үлкен жаңалық еді.

Бижанов Қасен сол кездегі оқыған, көзі ашық адамдардың бірі еді. 1920-21 жылдары Орталық Россиядағы қуаңшылық салдарынан ашаршылыққа ұшырап, шұбырған көп адамдарды аман алып қалып, бірнеше орыс, татар, чуваш, башқұрт балаларын асырап, бала қылып алған. Бәрі білімді болып өсті.

Бұл маңайда Бижанның Қасеніне тең келер ширақ, іскер, адам баласын жат көрмеген, қамқор адам болған жоқ-дейді қарт ұстаз Қ.Алтынбеков. Қарасу 1991 ж. 6 наурыз.

Балқаштықтар дарасы мен ұлысын мәңгі есте сақтап, ұрпақтар санасына қалдыруды осылай ойластырған. – дейді, ортамызда отырған Күләш Ыбжанқызы Сардарбек.


1 жүргізуші:

Есжан Сыздықов әңгімесінен. Ұсталары, ағаш шеберлері, тері илеушілері болған. Осылардың барлығы «Тоқырауын-Балқаш» тұтыну қоғамына кірген.



1926-1927-Ақтоғай көтерілісі болғанын да атап өтеді.


Қ. Бижанов туралы









  • Бижанов Қасен [Мәтін]: /Құрастырған К.Сардарбек/–Балқаш.-2000-45 б.

  • Сардарбек К. «58–статья зардаптары» [Мәтін]:Алматы: Дайк-Пресс, 2007-145б.


ҚР Орталық Мемлекеттік Мұрағат

анықтамасы. 07.05.1997 ж.

Қорытынды:
Тарихқа қиянат жүрмейді. Өткенімізді құрметтеу біз үшін азаматтық борыш, өйткені тарих сабағы бүгінгіге тәлім, болашаққа аманат- дейді. Өмір бірақ рет келеді, жарқ етіп өте шығады. Сондықтан әр күніңді ардақта, әр мезетіңнің құнын біл.

Дүниедегі ең қызық сыйласу, ең қымбат сыйласу, ең жақсы сыйласу, ең тәтті сыйласу. Мерейлеріңіз үстем болсын. Тәуелсіздігіміз жасасын! Өлкеміздің даңқты тұлғаларын дәріптеп, мақтан ете білейік.

Адасқанды аңдау,жоғалтқанды табу,

Өшкенді өмірге оралту -деп С.Бегалин ағамыз айтқандай бүгінгі тарихи сағатымызды жалғасын тапсын деп аяқтаймыз.

Сөз бастайын атадан,

Бұйырмаңыз айыпқа.

Тіл сүрінсе қатадан,

Ақыл озып, ой озып...

(Нарманбет).

Аспаннан түскен жасын-ды,

Жасынға тіктім басымды.

Теңізден маржан сүзгендей, теріп алды-ау асылды.

Қаптай да көшкен қауымның,

Қорымы қалды-ау , о, жалған!

Ардағы кетіп ауылдың,

Тобыры қалды-ау , о, жалған!



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Бегалин С. Көп томдық шығармалар жинағы «Тасарал», «Қарқаралы», «Өрісті өмір», «Тау сыры»[Мәтін]: Поэмалар /С.Бегалин –Алматы: Балалар әдебиеті, 2011 - 488 б.


2. Бижанов Қасен [Мәтін]: /Құрастырған К.Сардарбек/–

Балқаш.-2000-45 б.


3. Нарманбет Орманбетұлы [Мәтін]: Шығармалары. -

Қарағанды: Болашақ-Баспа, 1998. - 356 б.


4.Попов Ю. Бижанның Хасені [Мәтін]:Балқаш өңірі, 2006.-12-сәуір.7б
5. Сардарбек К. «58–статья зардаптары»[Мәтін]:Алматы:

Дайк-Пресс, 2007-145б.


6. Сардарбек К Тұңғыш дәрігер, ірі кәсіпкер.

[Мәтін]:Балқаш өңірі,2008.-3қыркүйек.4б.


7. Сәрсекеев Қ. З7 жыл [Мәтін]: Әңгіме. -Алматы:

«GAUHAR», 1998. -174 б.

Дайындаған: Балқаш қаласының «ОКЖ» КММ

№4 кітапхана филиалының меңгерушісі Р. Искакова.


Компьютерде теріп безендірген: С. Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Н. Мусулманбекова.



Каталог: media -> docs
media -> Кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
docs -> Жаратылыстану ғылымдары
docs -> С. Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың 80 жылдығына және жазушы, ақын Сәкен Сейфуллиннің 120-жылдығына арналған «Сәкен – сұңқар, Сәкен – сән, Сәкен аңыз»
docs -> Оқулық / Ж. С. Ақылбаев; В. Е. Гладков, Л. Ф. Ильина т б. 2-басылым. Астана: Фолиант, 2011. 360 бет.
docs -> Веб 0 терминологиясының сөздігі. Әлеуметтік желілердің сөздігі Аватарка
docs -> «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» кмм «Менің өлкем- қандай көркем»
docs -> Уақыты: 15-00 Өтетін орны: С. Сейфуллин атындағы орталық кітапхана
docs -> Жаратылыстану 22. 2 Қойшыбаев Нұрғали. Физика бастамалары. Т. 1: Механика / Н. Қойшыбаев. Алматы: "БеРо" баспа үйі, 2007. 261 бет. 22. 36 Қойшыбаев Нұрғали. Физика бастамалары. Т. 2: Молекулалық физика және термодинамика / Н
docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет