5. 31. Оптикалық күші D = 2,5 дптр-ге тең жинағыш линзадағы нәрсенің нақты кескіні линзадан f=1,2м қашықтықта орналасқан. Линзаның үлкейтуін табу керек.
Ш е ш у і. Жұқа линзаның формуласы . Линзаның үлкейтуі k =f/d . Осы теңдеуді шешсек,
;
Бұдан k=Df - l; k = 2,5·1,2-1=2.
5. 32. Нәрсе мен оның линзадағы нақты кескінінің арасындағы қашықтық L = 50 cм. Линзаның үлкейтуі k = 4. Линзаның фокус аралығын тауып, нәрсенің линзадағы кескінін салу керек.
Ш е ш у і. Нәрсенің кескінін табу үшін алдымен оптикалық бас ось сызығын жүргіземіз. Содан кейін белгіленген масштабта нәрсені және оның кескінін бір-бірінен 50 см қашықтықта орналастырамыз. Енді нәрсенің Α нүктесі мен оның кескіні А' нүктесі арқылы түзу сызық жүргізсек, осы сызықпен бас оптикалық осьтің қиылысқан 0 нүктесі линзаның оптикалық центрі болады. Α нүктесінен бас оптикалық оське параллель жүргізілген сәуле, линзада сынған соң F фокусы арқылы өтеді. Суретте көрсетілген линза — жинағыш линза. Есептің шарты бойынша
,
Достарыңызбен бөлісу: |