Шүйішбаева Нұргүл Найзабекқызы Жумабаева Шолпан Нурлановна Алтаева Гулсинай Сарсенбаевна Физика ІІ мамандығы: 5В070700 «Тау-кен ісі»


Диэлектрлік материалдағы жарықтың дисперсиясын зерттеу



бет152/165
Дата18.03.2017
өлшемі17,71 Mb.
#11969
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   165

Диэлектрлік материалдағы жарықтың дисперсиясын зерттеу


Жұмыстың мақсаты: жарықтың дисперсия құбылысын және дисперсиялық спектрлік қондырғыларды зерттеу.
1. Қысқаша теориялық мәліметтер

Көрінетін жарықтың құрамында толқын ұзындықтары әртүрлі монохромат толқындар болады. Қызған денелердің (қыздыру лампалары) шығаратын сәулелері көрінетін жарықтың толқын ұзындықтар аралығын үздіксіз толтырады. Осындай сәулелер ақ жарық деп аталады. Газдық разрядты лампалардың және басқа көптеген жарық көздерінің шығаратын сәулелерінің құрамында толқын ұзындықтары іріктелген кейбір монохромат құраушылары болады. Сәулелердің монохромат құраушыларының жиыны спектр деп аталады. Ақ жарықтың спектрі үздіксіз болады, ал жарықты заттың атомдары шығаратын көздердің спектрі дискретті болады. Сәулелердің спектрлерін зерттейтін құралдар спектрлік құралдар деп аталады. Жарық сәулелерін спектрге жіктеу үшін ең қарапайым спектрлік құралда призманы қолданады (1 сурет). Призманың жұмыс принципі дисперсия құбылысына негізделген, б.а. заттың n сыну көрсеткішінің жарықтың  толқын ұзындығына тәуелділігі.


1 сурет.


Призманың көмегімен сәулелерді спектрге жіктеу.
Л1 линзаның фокалдық жазықтығында орналасқан S саңылауға зерттелетін сәулелер түседі. Құралдың бұл бөлігі коллиматор деп аталады. Линзадан шығатын жарықтың параллель шоғы Р призмаға түседі. Дисперсия нәтижесінде толқын ұзындықтары әртүрлі сәулелер призмадан әртүрлі бұрышпен шығады. Л2 линзаның фокалдық жазықтығында сәулелер фокусталатын экран немесе фотопластинка орналасады. Экранның әр жерлерінде толқын ұзындықтары әртүрлі жарықта S саңылаудың бейнесі пайда болады.Ақ жарықтың спектрге жіктеу тәжірибесін ең алғашқы рет 1672 ж. И. Ньютон жасаған. Призмаларды жасайтын мөлдір қатты заттардың (шыны, кварц) сыну көрсеткіштері көрінетін жарық аралығында толқын ұзындықтары өскен сайын кемиді. Сол себептен призма көк және күлгін сәулелерді ең көп сындырады, ал қызыл сәулелерді ең аз сындырады. Бірқалыпты кемитін n() тәуелділігі қалыпты дисперсия деп аталады. Абсолют сыну көрсеткіші аз ортаны оптикалық тығыздығы аз орта деп атайды. Толқын ұзындығы азайған сайын сыну көрсеткішінің ұлғаю жылдамдығы өседі және

D=n /. (2)

заттың дисперсиясы деп аталатын шамада  кеміген сайын өседі. Дисперсияның осындай тәуелділігі қалыпты дисперсия деп аталады. Қалыпты дисперсия аумағындағы n() тәуелділігі жұықтап келесі формуламен бейнеленеді:



бұл жерде a¸ b¸ c, ... - әр зат үшін эксперименттен анықталатын тұрақты шамалар. Көптеген жағдайлар үшін бұл формуланың бірінші екі мүшесімен шектелген жеткілікті болады, олай болса



Спектрлік құралдың дисперсиясы Dс деп оның толқын ұзындықтары әртүрлі 1, 2, ..., n сәулелерді толқын ұзындықтарына сәйкес әртүрлі 1, 2, ..., n бұрыштарға сындыратын қабілетін айтады. Құралдың дисперсиясының шамасы келесі қатынастан анықталады



Dс (2)

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет