Сонымен, электр өрісінің кез келген өзгерісінде ығысу тогы және онымен бірге магнит өрісі туады. Диэлекриктердегі ығысу тогы екі қосылғыштан тұрады. Себебі , мұндағы -электростатистикалық өріс кернеулігі, ал - поляризациялану, сонда ығысу тогының тығыздығы:
- вакуумдағы ығысу тогының тығыздығы
- поляризация тогының тығыздығы (диэлектриктегі зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысынан туған ток). Ығысу тогы электр өрісінің өзгерісі кезінде пайда болатындықтан, ол тек вакуумде немесе диэлектриктерде ғана емес, сонымен бірге айнымалы ток өтіп тұрған өткізгіш ішінде де болады. Бірақ бұл ток өткізгіштік токқа қарағанда өте аз. Максвелл толық ток ұғымын енгізді. Ол өткізгіштік ток пен ығысу тогының қосындысына тең:
Толық ток ұғымын енгізе отырып ол тұйық тізбектегі айнымалы токты басқаша қарастырды. Толық ток әрқашан да тұйық, яғни өткізгіш ұштарында тек өткізгіштік ток қана үзіледі, ал диэлектрикте (вакуумде) өткізгіш ұштарында ығысу тогы бар.
Бақылау сұрақтары:
Электромагниттік индукцияның негізгі заңы.
Өзара индукция. Өздік индукция.
Магнит өрісінің энергиясы.
Ығысу тогы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Абдуллаев Ж. Физика курсы
2.Т.И.Трофимова «Курс физики»
3. Бейімбетов Ф.Б. Электр және магнетизм
4. Савельев И.В. Курс общей физики. Т.2
Достарыңызбен бөлісу: |