«Шорнақ» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Дата11.01.2023
өлшемі19,03 Kb.
#165309
Байланысты:
Апай доклад


«Шорнақ» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп - жастардың талантын шыңдап, даналардың түлеп ұшар тұғыры. Ұлттың рухани байлығы – білімде болса, ұстанар бағыты тәрбиесінде. Ал, білімнің сарқылмас көзі – мектепте.
Біздің мектеп 1990 жыл қыркүйекте өз жұмысын бастаған. 2012 және 2016 жылдар күрделі жөндеу жүргізілген. Қазіргі күнде 907 оқушы бар аралас мектеп. Олар ІІ ауысымда оқиды. Қазақтың ұлы ұстазы Ы. Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген. Мұғалімдердің сапалық құрамына тоқталатын болсам, 20 шебер және зерттеуші мұғалім, 35 сарапшы, 35 модератор мұғалім жұмыс жасауда. Сонымен қатар 17 магистр дәрежесіндегі ұстаздарымыз бар.
Шәкірт бойындағы табиғи дарын ұшқындарын сөндіріп алмай, шығармашылық еңбек үстінде оған қанат бітіру, білімге шексіз құштарлық дәнін себу – ұстаз қызметінің тағлымды өлшемі, ізденісінің нәтижесі. Өйткені, қай ұстаз болсын оқушының жан дүниесін, ерекшеліктерін, болмысын меңгеруге қол жеткізеді. Ұстаздық дарын үздіксіз ізденіс көрігінде шындалса ғана, мәуелі табыс тезірек тұлғаланбақ, оқушы санасында ұстаз қалдырған із ұзақ сақталмақ.
Ұстаздық ету тек сабақ өткізумен шектелмесі анық. Білім мен тәрбиені тығыз ұштастыра отырып, кәсіби қызметін түрлі деңгейдегі іс-шараларға қатысумен кеңейтер болса, нұр үстіне нұр. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу – ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы.
Мұғалімдеріміз заман талабына сай ізденімпаз, шығармашыл және талапшыл. Мектебіміз үлкен, сынып бөлмелері жарық, заманауи көрнекіліктермен жабдықталған. Оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнаған. Оқушы тағдырын өз мүддесінен жоғары қоя отырып, соңғы 3 жылда 9-сыныптардан 28, 11-сыныптардан 14 «Үздік аттестат» және 9 «Алтын белгі» иегерлерін шығардық. Мұғалімдеріміз бен оқушыларымыз өз білімдерін түрлі деңгейде көрсете білді. Нақты тоқталатын болсам, халықаралық «Тәуелсіздіктану» жобасына 26 мұғалім қатысып, 13 «Алғыс хатпен» марапатталды.
Мұғалімдердің облыстық пән олимпиадасынан 3 мұғалім жүлдегер атанды. Физика пәнінен ҰБТ және мұғалімдерді біліктілік тестілеуге дайындайтын есептер жинағы авторлық бағдарламасы жарияланды. Облыс көлемінде өткен «Өнерлі ұстаз-2022» байқауына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әпсемет С қатысып, жүлделі І орынды иеленді.
Оқушылардың облыстық пән олимпиадасынан 9 оқушы жүлделі орынды иеленді. Республикаға 3 оқушы шығып, марапатпен оралды.
Атап айтатын болсақ, 11-сынып оқушысы Тұрғанбай Нұрай Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінен ІІ орын алды.
10-сынып оқушысы Шәймерден Гүлім ғылыми жобалар конкурсына қатысып, облыстан ІІІ орынды иеленді.
«Зерде» кіші ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңіне 8-сынып оқушылары Мұсабек Ғалымжан мен Раймова Ойдин қатысып, ІІ орынды иеленді.
Мектебімізде оқушының ғылыми шығармашылық ізденуіне қолдау көрсету мұғалімдер тарапынан дұрыс жолға қойылған. Жыл сайын облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, жақсы нәтиже көрсетіп отырмыз. Биылғы оқу жылы 9-11 сыныптар арасында физика пәнінен облыстық кезеңде 3 орынды иелендік.
2023 жылы қаңтар айынан бастап мектебімізге Ахмет Байтұрсынов аты берілді.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында түрлі іс-шаралар жоспарға сай жүргізіліп отыр. 2-4 сыныптар арасында «Бір отбасы- бір кітап» акциясы, 5-8 сыныптар арасында «Кел, бірге оқиық» жобасы жүзеге асырылуда. Осы жобалар арқылы «мектеп-оқушы-ата-ана» үштігін нығайтуды мақсат еткенбіз.
Қазіргі жас буын – еліміздің келешегі, келбеті. Тұңғыш приезидент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үдерісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Педагогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Барлығы да өз қолыңда деген екен бір дана кезінде. «Басқаларды оқытып үйретуі нәтижелі болсын десе, ең әуелі мұғалімнің өзі оқуы керек. Оқығанда да әбден қартайғанша оқуы тиіс» (Платон) Ұстаз үшін бақыт – алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәті. Ендеше, бүгінгі білім мен білік, бәсекелес заманында ұландардың биіктен көрінуіне күнделікті істегі жаңашылдық пен жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткізейік. Оны мүлтіксіз атқаратын да өз кәсібіне шын берілген, өз мамандығының шебері – мұғалім.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет