Шортанбай Қанайұлы (1818-1881)



Дата04.06.2024
өлшемі232,47 Kb.
#203140
Байланысты:
Презентация по казахской литературе на тему Шортанбай Қанайұлы

Шортанбай Қанайұлы (1818-1881)


Шортанбай Қанайұлы (1818, қазіргі Жамбыл облысы Қаратау өңірі – 1881, қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы) – ақын, діни қайраткер. Ол Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. Бұрыннан қазақ халқының қасиетті астанасы есепті Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз болмаған.
Қиялына қанат бітіріп, өнер-білім биігіне талпыған алғашқы тәлім-тәрбие ұясындай ізгі әсер еткен, парасатты ақыл иелеріне жақын жүріп, жақсылар қатарына ерте ілескен. Көзі ашық, сауатты, білімге құштар жасқа үлгі-өнер боларлық ойлы орта, тәлімге - ұстаздар да кезіксе керек-ті.
Көкірегі ояу, көркемдікке әуес сезімтал жас естіген есті сөздерін құлағына құйып, көрген ғажайыптарың ойына орнықтырып, шама-шарқынша ақылға салып, санамен салмақтайды.
Жас талап тұстастарының бірі аллатағала әмірімен, діни түсіністіктермен баланыстырса, екіншісі Яссауи қалдырған парасат сөздерін тақпақтап, ауызға-өсиетке негізделген "Диуани Хикметтен" үзінділер келтіріп, көкеге ой салар сырлы сөзжинағын ауызға алар еді. Жалғыз ғана емес, одан бергі Түркістандық өнерпаздар.
Мұсылмандық жолындағы оқудың нәтижесі оның қолын ишандық дәрежеге жеткізді. Бұл жолда қызмет атқару үшін Түркістаннан Арқаға, Қарақаралыға қарасты Бесата жайлаған Жамантай төренің мекеніне қоныс аударуға тура келеді.
Одан кейін Ақсу-Аюлы бойын қоныстанған Жанғұтты бидің қарамағанан шағын мешіт салдырып, медресе ашады. Өле-өлгенше осы биді төңіректеп, өмір кешеді. Ер жетіп, еркінше еңбек етуге бел буған талабы зор, талғамы қалыптасқан Шортанбай жаңа ортаға, өзге өлке жағдайына кезігеді.
Жігіт жасындағы Шортанбай мешіт ашы, діни жұмысатқара бастағанмен, оған мүлде беріле алмайды. Тіршіліктің талабы, өмірдің рухани азығы, дүниенің қызығы оны тәубасынан жаңылдырады. Қызойнақ пен Алтыбақан кештеріне бірден барып, жастарға араласып кеткісі-ақ келеді. Амалын тапса, екеуін де қолданып, өзі де елден шеттемей, жастарға да, үлкендерге де үйір боп, солардың ортасында өмір сүру, мүмкін болғанынша сезімге бой алдырмай, ақыл мен парасатқа жүгіну қажет. Осылайша ой түйген Шортанбай өзін еркін ұстайды.

Оқулықтан, интернеттен төмендегі сұрақтарға жауаптар іздейміз.

  • Шортанбай өмір сүрген заман қандай еді?
  • Ел билеу жүйесінде қандай өзгерістер болды?
  • Шортанбай өз заманын неге «зар заман» деп атады?
  • Бұл өз дәуіріне риза болмай, түңілуден, үмітсіздіктен, сары уайымнан туған ба?
  • Шортанбайдың осы бір «зар заман» деген сөзі не себепті кейінгі бір тұтас дәуірдің атына айналды?
  • Шортанбай не себепті дінге сүйеніп, құдайдың құдіретіне бас июге шақырады?
  • Ақын заман өзгерісіне сай адам бойында қандай құндылықтардың жоғалып, қандай жаман қылықтардың шығып жатқанына қынжылады?

Ақын 1881 жылы қазіргі Қарағанды мен Жезқазған облыстарына қарасты Шет ауданы жерінде қайтыс болды. Ол - өлерде үстіне ескерткіш орнатпауды, үлкен ас бермеуді тапсырып, оған шыққан шығындарды елдегі жоқ-жітік, кемтарларға үлестіруді өсиет еткен. Ақын көз жұмғалы ғасырдан астам уақыт өтсе де, оны халық қастерлеп, шығармаларын жадында ұстап, қымбат мұра ретінде қадірлеп келеді. Қалықтаған сұңқар ем, Қанатым сынды ұша алмай, Қиындап қуға түсе алмай, - деген ақынның өз сөзіне назар салайықшы. Асылы, "қияға қанат қағар сұңқар едім" - деп бекерге айтпайды.

Төмендегі өлеңдері нені дәлелдеу үшін жазылған?

  • Шортанбай зары
  • «Зар заман»
  • «Келер заман»
  • «Жарлының жаны берік-ті»
  • «Бір насихат айтайын»
  • «Қалықтаған сұңқар ем»

Шортанбай ақынның ойынша заманды аздырушылар кімдер?

  • Заман
  • Үстем тап
  • Қоғам
  • .
  • .
  • .
  • .
  • .
  • .

«Зар замандағы» қайталанған эпифора сөз -.......

  • 1.Талдау кезеңі: Өлең құрылысына талдау жасау.
  • Б а й л а р ұ р л ы қ қ ы л а д ы

    К ө з і н е м а л к ө р і н б е й,

    Б и л е р ж е й д і п а р а н ы

    С а қ т а п қ о й ғ а н с ү р і н д е й.

2.Шортанбай өлеңіндегі мұсылман дініне байланысты енген араб сөздерін тауып жаз.

  • 2.Шортанбай өлеңіндегі мұсылман дініне байланысты енген араб сөздерін тауып жаз.

Шортанбай Қанайұлын сендер қаншалықты таныдыңдар, қай жағынан бағаладыңдар. Мына кестені толтыру арқылы өздеріңді тексеріңдер




Шортанбай Қанайұлы

Иә

Жоқ

1

Ақын

+

2

Медресе бітірген

-

3

Күрескер ақын

4

Жырау

5

Заман жыршысы

6

Сыншы

7

Діндар

8

Айтыскер ақын

9

Батыр

10

Шыншыл реалист


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет