Shtjb 5301 «шетелдік тарихнамадағы жаңа бағыттар»


Тарихтанудың әдіснамалық арсеналы.»Нақты білімнің ізденісі» «микроталдау, статистикалық тәсілдерді пайдалану, теориялық қалыптарды құрастыруға жүгіну)



бет33/63
Дата09.08.2023
өлшемі467,58 Kb.
#179767
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63
Байланысты:
Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі-emirsaba.org

2.Тарихтанудың әдіснамалық арсеналы.»Нақты білімнің ізденісі» «микроталдау, статистикалық тәсілдерді пайдалану, теориялық қалыптарды құрастыруға жүгіну)

Тарихи теория - тарихи білімнің ерекше формасы. Курстың методологиялық негізі бірнеше идеялармен анықталады. Біріншіден, тарихи танымның ерекшелігі және тарихи зерттеудегі ақиқаттылық пен шынайылық критерийлерінің салыстырмалылығын мойындау. Тарихи білімнің салыстырмалылығы бірнеше факторларға байланысты. Олардың ең негізгісі – тарихи зерттедің үш негізгі компоненттері – тарихи факт, тарихи дерек және тарихи зерттеудің көпмағыналылығы. Екіншіден, тарихи зерттеудің пәні мен әдістерінің өзгеше ерекшелігі. Тарих ғылымының қалыптасуы барысында оның пәніне берілген анықтаманың өзі үнемі өзгеріске ұшырап отырды. Қазіргі заманғы тарихи зерттеу тәжірибесі тарихи зерттеу өрісінің кеңдігін ғана емес, сонымен қатар, оны зерттеу әдіс-тәсілдерінің де кең базасын мойындайды. Басты мақсаты мемлекеттердің дамуының негізгі кезеңдерін қарастыру үшін саяси маңызды оқиғаларды зерттейтін эмпирикалық ғылымнан тарих қоғамды оны даму динамикасы барысында зерттейтін пәнге айналды. Тарихшы өзінің зерттеу объектісіне қоғам өмірінің барлық қырын ала алады. Осындай диверсификацияның өзі – тарих ғылымының зерттеуйінің түпкі негізгі объектісі табиғаты мен жүріс-тұрысы саналуан АДАМ екендігін көрсетеді. Үшіншіден, тарихи таным мен білім таза академиялық білім болған емес. Оның қызметтері өзінің әлеуметтілігімен ерекшеленеді. Тарихи білім мен өткенге деген қызығушылық әрқашан қоғам үшін өзекті мәселені қарастыру қажеттілігімен де ерекшеленді. Осы тұрғыдан алғанда тарих немесе өткеннің суреті әлеуметтік сананың бөлігі, саяси-идеологиялық түсініктің бөлшегі, әлеуметтік даму стратегиясын анықтаудың ең бастапқы материалы болып табылады. Тарих ғылымының методологиясы - тарих ғылымдары жүйесінің іргетасы. Тарихты танудың методологиясы – тарихты зерттеу тәсілдерінің және зерттеушінің дүниетанымының ұштасқан кешені ретінде. Методология мен әдістердің мағынасы және оларды теңгерудің мүмкін еместігі мен гносеологиялық қауіп. (Философияның құрамдас бөліктері: Онтология – тұрмыс туралы ілім; Гносеология – таным туралы ілім; Эпистомеология – ғылыми таным туралы ілім; Антропология – адам туралы ілім; Аксиология – құндылықтар туралы ілім. Философияның негізгі сұрағы: адамның әлемге деген қарым-қатынасы). Тарихи білімнің мәні, жалпы даму тенденциялары мен заңдылықтары, ғылыми және әлеуметтік статусы. Казіргі кезендегі тарихи-методологиялық зерттеулердің отандық және шетелдік тәжірибе контексінде тарихты зерттеудің және оқытудың концептуальдық принциптерін анықтау қажеттілігі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет