Макротарихтан микротарихқа бетбұрыс. ».«Ауызша тарих» «oral history» қазіргі мағнадан алынғанда АҚШ-та 30-жылдары пайда болған. 1967 жылы «АҚШ ауызша тарих ассоциациясы» құрылды, жыл сайын «ауызша тарих» бойынша коллоквиумдар өткізіліп отырды. Айта кететін жайт «ауызша тарихтың» біздің елімізде де өзіндік дәстүрлері бар. Кеңес жылдары фабрика, завод, елді-мекендер тарихымен өлкетанушылар айналысқан еді.Германияда соңғы жылдары «ауызша тарих» университет семинарларының практикасына да енуде. «Ауызша тарих» зерттеулерінен үлкен нәтижелер күтіледі. Тек қана ғылыми емес – тіршіліктік. Мысалы Брауншвейг қаласының 1890-1914 жылдары туылған жұмысшылары мен жұмысшы әйелдерден сұхбат алған С.Байордың мойындауынша бұл сауалнамалар мен сұхбаттар жауап бергендердің арасында тарихқа деген қызығушылығын күрт оятқан. Мұндай жағдайда тарихшы ғана жаңа ақпарат алуға ұмтылмайды, сондай-ақ әңгімелесіп отырған адамда ғылымнан жаңа ақпарат күтеді; ғалымның оның әңгімесіне деген пікірін білу оғанда үлкен қызықты. Байордың байқауынша үлкен кісілермен әңгімелесіп отырған кезде маңайында отырған көптеген жас адамдар, мысалы немерелері алғашында ешқандай қызығушылық білдірмеген. Бірақ ғылыммен егде кісілердің арасындағы әңгімені таңдай отырып, оларда да қызығушылық сезім пайда болған: жақын келіп отырған, тыңдаған әңгімеге араласқан. «Ауызша тарих пен айналысатын практик зерттеушілер ең бірінші кезекте материалдар жинайды – бұл өте маңызды – және өздері жаңа деректерді жасайды. Оларды көптеген мәселелер қызықтырады: әдістемелік техникалық, адамгершілік, құқықтық. Германияда «ауызша тарих» материалдары негізінде кәсіби емес тарихшылар тарапынан жазылған көптеген еңбектер шықты.
2.«Төменнен қарастырылатын тарих». Күнделікті тарих. «Күнделікті тарих» шағын қауымдастықтардың тарихын зерттеуге бағытталған; приходтың, ауылдың, әулеттің, отбасының, провинциялық қалалар, қала кварталдары, көшелердің, үйлердің, қоғамдық жиналыстар өткізетін орын ретінде сырахананың т.б. қызығушылық тудыратын орындардың жергілікті жерлерде, тіпті үйлерде мұражайлар ашылды. Мысалы Констанц қаласында жергілікті тарихты зерттеу үйірмесі еңбек пен тұрмыс тарихы бойынша бірнеше үй мұражайлар ұйымдастырды. Гамбургте еңбек мұражайы ашылды, Вупперталде – индустрилизацияның ерте сатысы мұражайы құрылды. Мұндай мысалдарды көбірек кездестіруге болады. «Күнделікті тарих» құрамдас бөлімдерінің бірі «ауызша тарих «Күнделікті тарих» концепциясын сынаушылар кейде бұларға дилетанттар ретінде қарайды. Алайда «ауызша тарихты» жақтаушылар: «тарих тек қана мамандар тарапынан жазылмауы керек және мамандар үшін жазылмауы керек» деген уәж айтады. Тарихты жазуға неғұрлым көп адам қатысуы керек, сонда тарих барынша түсінікті болады.«Күнделікті тарих» концепциясы француз және ағылшын тарихнамасында. Француз тарихнамасындағы «күнделікті тарихтың» өзіндік жаршылары М.Блок пен Л.Февр болды. Олардың еңбектерінде нақты қоғамның эмоционалдық инстинктік және импмизиттік салалары талдау нысанына айналды. Бұлардың барлығыда басқа нысандар немесе үдерістер мен байланыста қарастырылды. Оларда қоғамның әлеуметтік төменгі топтарының ойлау сфералары зерттелді. М.Блок пен Л.Феврдің шәкірттері материалдық өркениеттің экономикасын және капитализмді зерттеді. Қазіргі таңда «күнделікті тарих» Франциядағы жетекші бағыттардың бірі болып табылады.Ұлыбританиядағы «күнделікті тарихтың» дамуына ықпал еткен британ әлеуметтік тарихының үлкен бедел иесі Э.Томпсонның еңбектері болды. Негізгі еңбегі 1963 жылы жазылған «Ағылшын жұмысшы табының қалыптасуы» монографиясы. Бұдан бөлек әлеуметтік тарих саласында жұмыс істеген либералдық көңіл-күйдегі британ тарихшылары әртүрлі әлеуметтік топтар мен индивидтердің күнделікті өмірінің нақты және теориялық бейнесін жасай алды.