Shtjb 5301 «шетелдік тарихнамадағы жаңа бағыттар»


Тарих ғылымындағы постмодерн ұғымы. Постмодернизм



бет58/63
Дата09.08.2023
өлшемі467,58 Kb.
#179767
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі-emirsaba.org

1. Тарих ғылымындағы постмодерн ұғымы. Постмодернизм (ағылш. postmodernism) — әуелде сәулет өнері саласында қолданылған атау болып, хатжүзіндік тіке мағынасы — "модерннен кейінгі", яғни "осы заманнан кейінгі", "соңғы", "жаңа заман" дегенді білдіреді. Бұл сөздің қазақша баламасы тұрақтанбаған, кейбіреулер оны "соңғы осы заманшылдық" деп те атап жүр.
Сәулетте бұл ағым модернизмнен де көркем дегенді білдіреді. Ол көптүрлі өзге ағымдардың ерекшелігін өз бойына сіңірген, бір бойына барлық ерекшелікті қамтыған бес аспап ағым есептеледі. Кейіннен бұл ағым модернизімге қарсылық ретінде сурет, музыка, философия салаларында да қолданыла бастады және әсіресе философияда ықпалды "Постмодернизм" ағымы қалыптасты.
Постмодернизм түптеп келгенде модернизмге қарсылықтан туындаған. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Батыс Еуропалық ұлы қиялдың быт-шыт болуы себепті өз бойында тұрақтылық, заңдылық, ереже атаулыдан арылған жаңа ағымның пайда болуына түрткі болды. Постмодернизм – А.Я.Гуревичтің түсінігі аясында. А. Я. Гуревичтің айтуынша постмодернизмді тарихтың түсінігінше өзіне тән бейнесіздігі бар марксизм мен структурализмге реакция ретінде қабылдаған жөн. Постмодернизм бұған жауап ретінде шығармашылық индивидуалдылықты шектеулерден босатуды алдына мақсат етіп қойғанын алға тартады. Кейбір постмодернистер тарихи шындықтың бар болуын талқылау мүлдем мүмкін емес деген тұжырым жасайды. Логикаға сәйкес тарихшы тарихи мәтінді ақын мен жазушы қандай сеніммен жасаса, ол да сондай сеніммен жазады. Тарихшының мәтіні постмодернистердің айтуынша ол баяндаушы дискурснарратив. Олар көркем әдебиет сияқты риториканың заңдарына бағынады.
Жалпы айтқанда, сөздің мағыналы, яки мағынасыз болмағы шарт. Алғашқысының ішінде кейі қарапайым, басқалары күрделі келмекші. Күрделі сөздің жай айтылуы да, тұспалмен жеткізілуі де мүмкін, әуелгісінің кейбірі көкейден шығады да, кейбірі олай емес. Ой көрігінен сомдалып шыққан сөздің шынайысы да, жалғаны да болады. Жалған айтылғанның ішіндегі кейбірі сөз барысында тындаушының зердесінде бейнеленіп, сонымен тікелей тұспалданса, басқалары бейнеленетін затка байланысты ойда еліктеу туғызады, соңғысы жай поэтикалық қуаттың әсері. Еліктеудің кейбірі жетілген, кейбірі түбегейлі жетілген. Екеуінің жігін ажыратып зерттеу акындар мен поэзия білімпаздарының міндеті, көптеген тіл мен диалектіде бұл хақында әр түрлі шығармалар жазылған.
Бұдан әрі ешкім «софистика» мен «еліктеу» екеуін төркіндес санамауы тиіс. Керісінше, олар кейбір арақатыста ерекшеленеді. Ең алдымен олардың мүддесі әртүрлі: софист тындаушы санасында болмыстан тыс, оған қайшы қайдағы бір елес туғызады; сондықтан ол бар нәрсе жоқ, жоқ нәрсе бар деп ойлайды; ал оған қарама-қарсы еліктеуші тындаушысына үйлесімге орай ой түюге жетелейді. Оған сезім шарапатын тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет