Shtjb 5301 «шетелдік тарихнамадағы жаңа бағыттар»


Факультет декандары мен кафедра меңгерушілері практиканы ұйымдастыру мен өткізуде жауапкершілік алады



бет61/63
Дата09.08.2023
өлшемі467,58 Kb.
#179767
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі-emirsaba.org

Факультет декандары мен кафедра меңгерушілері практиканы ұйымдастыру мен өткізуде жауапкершілік алады:
  • жыл сайын, оқу жылы басталғанға дейін 2 ай бұрын студенттердің практикасын өткізу туралы кәсіпорындармен, мекеме мен ұйымдармен келісімшарттарға қол қояды;


  • кәсіби саланы жетік меңгерген профессорларды, доценттер мен аға оқытушыларды практика жетекшісі ретінде тағайындайды;


  • кафедрадан тағайындалған практика жетекшісі практика басталғанға дейін 3 ай көлемінде практика орындарына студенттерді бөледі, деканат қызметкерлері студенттерді практикаға жіберу мен олардың жетекшілерінің тағайындалуы туралы бұйрық әзірлеп, ректормен бекітеді;


  • практика өткізілетін практика базасын және студенттердің өздерін практика бағдарламасымен және жеке тапсырмаларымен таныстырады;


  • қажет кезінде практикаға жіберілген студенттерді медициналық тексеруден өткізеді;


  • мекемеде, ұйым мен кәсіпорында практиканың өтілу барысын, оның мерзімі мен мазмұнының сақталуын қатаң қадағалайды;


  • практика базасының әкімшілігімен бірлесе отырып, кәсіби сала бойынша мамандардың жаңа жетістіктер бойынша дәріс беруін ұйымдастырады.




Практика базасы болып табылатын мекеме, ұйым немесе кәсіпорын:
  • практиканың ұйымдастырылуы мен өткізілуін келісімшартқа, осы Ережеге және практика Бағдарламасына сәйкес жүзеге асырады;


  • практика Бағдарламасына сәйкес студенттерге практиканың жоғары деңгейде жүзеге асуын қамтамасыз ететін жұмыс орындарын береді;


  • студенттер практика барысында кәсіби бағдарланған білімді, білік пен дағдыны меңгеру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді;


  • практика мерзімдерінің университетпен бекітілген күнтізбелік кестесін ұстанады;


  • мекеме, ұйым мен кәсіпорындардың бөлімшелерінде практикаға жетекшілік жасау үшін кәсіби мамандарды тағайындайды;


  • студенттерге қауіпсіз жұмыс орындарын қамтамасыз етеді, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бойынша нұсқау береді. Қажетті жағдайда студент-практиканттарды жұмыстың қауіпсіз әдістеріне үйретеді;


  • мекемеде, ұйым мен кәсіпорында студенттермен болған келеңсіз жағдай үшін толық жауапкершілік алады. Мекемеде, ұйым мен кәсіпорында студенттермен болған келеңсіз жағдайларды комиссия университтен тағайындалған практика жетекшісімен бірлесе отырып қарастырады және Ережеге сәйкес мекемеде, ұйым мен кәсіпорында зерттеу жүргізіліп, келеңсіз жағдайды есепке алу мәселесін ескереді;


  • ішкі еңбек тәртібін бұзған студент-практиканттарға мекеме, ұйым немесе кәсіпорын басшысының бұйрығымен қажет жағдайда шығынды өтетуге құқылы және бұл туралы университет ректоры мен факультет деканына хабарлайды;


  • бітіруші кәсіби жұмысқа және курстық жобаларға (жұмыстарға) қажетті мәліметтер жинақтауда көмек көрсетеді;


  • студенттердің практика қорытындысын бағалайды.


Университет тарапынан практика жетекшілері ретінде кафедраның жетекші оқытушылары (профессорлар, доценттер, аға оқытушылар) тағайындалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет