Солтүстік мұзды мұхиты
Жердегі мұхиттардың ең кішісі. Мұхитта 9 теңіз бар. Мұхиттың 1\ 3 бөлігін қайраң алып жатыр. Орташа температура қыста 400С, Жазда 00 С, Орташа жауын – шашын 100 – 200мм.
Солт. Мұзды мұхиттың негізгі бөлігі орналасқан климаттық белдеу- Арктикалық климаттық белдеу.
Жер бетіндегі өзендер
Өзен – Табиғи арнамен ағып өтетін су ағыны
Көлдер – жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстар
Дүние жүзіндегі ең терең көл – Байкал (1620м)
Қазақстан көлдерінің ең ірілері – Каспий ,Арал, Балқаш
Көлдер екіге бөлінеді – 1) Ағынды көлдер, 2) Ағынсыз көлдер
Өзен құламасы – деп оның бастауының сағасынан метр есебімен көрсетілген биіктікті атайды.
Өзен бастауы деп - өзеннің басталатын жерін айтады
Өзеннің барып құятын жері - өзен сағасы – деп аталады
Өзеннен а ағып шығатын немесе өзенге келіп құятын бөлікті - өзен саласы деп атайды
Таудағы жыл бой қардың еріп үлгермей жинақтала беретін , биіктігін белгілейтін шартты сызықты – қар жиегі немесе шекарасы – деп атайды
Өзен арнасы бойында қалыптасып, суға шайылмайтын қатты тау жыныстары кездесетін жерлерде судың тік кемерден құлап ағуын – сарқырама – деп атайды
Әлемдегі ең биік сарқырама - АНХЕЛЬ ( Оңт. Амер.1054м - ден) , екінші сарқырама Тугела (Афр. 947,8 м)
Сабақ № Сыныбы Күні
Тақырыбы: § 6 БИОСФЕРА – ТІРШІЛІК ҚАБАТЫ
Биосфера тіршілік қабаты туралы білім көздері, оның маңызы және ерекшеліктері;
Мақсаты: Оқушыларға биосфера тіршілік қабаты туралы жайлы білімдерін қалыптастыру.
Міндеттері:
Биосфера тіршілік қабаты туралы жөнінде түсіндіру;
өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру;
өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру, жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Биосфера тіршілік қабаты туралы суреттер .
Сабақтың әдісі: Лекция-баяндау
Сабақтың барысы:
Тіршілік қабатын – биосфера деп атайды
Өсімдіктер мен жануарлардың ең көп тіршілік ететін аймағы – жер беті.
Әлемдегі ең биік ағаш эвкалиптінің тамырының ұзындығы 100м жетеді.
Тірі организмдерді фауна (жануарлар) және флора (өсімдіктер)
деп екіге бөлеміз.
Бейорганикалық заттардан органикалық заттарды түзушілерді, яғни өсімдіктер – продуценттер (өндірушілер) д. а
Түзілген органикалық заттармен қоректенетіндер (жануарлар, саңырауқұлақтар) – консументтер (пайдаланушылар)
Осыған дейін түзілген өнімдерді бейорганикалық заттарға ыдырататын микроорганизмдерді – редуценттер (қалпына келтірушілер)
Әлемдегі ең жасы ұзақ ағаш - Секвоя д. а (жасы 3 – 4 мың)
Әлемдегі ең алып сүт қоректі – ол көк кит оның салмағы 160 тонна
Мұхиттағы өмір сүру деңгейіне сай мұхиттағы тіршілік планктондар (қалқыма) беткі жақта қалқып жүретіндер, нектон (жүзгіш) – мысалы балықтар, бентос (тереңдік) өте тереңдегі тіршілік деген мағынаны білдіреді.
Жапырағының ауданы 2– 3 метрден асатын өсімдіктің аты – Виктория – Араукария д.а
Достарыңызбен бөлісу: |