Шуберт шығармашылығындағы романтизм лебі



бет4/5
Дата03.07.2018
өлшемі4,97 Mb.
#46211
1   2   3   4   5

Шуберт шығармашылығында тағы жетістік әкеліп, мерейін өсірген сала – фортепианоға арналған туындылар. Оның фортепианолық миниатюралары жан рахаты үшін жазылып, өте қарапайым, мәнерлі, шырқалымды, үйде ойналуға арналған. Композитордың фортепианолық шығармаларының басым бөлігі Шуберттің балдар мен «Шубертиадаларда» ойналған импровизацияларынан туындаған. Осы импрозацияларды ол соңынан қағазға түсіріп, нәтижесінде 250-ге жуық вальстер, 50-ге тарта марштар, 15 соната және 7 аяқталмаған соната, 8 «экспромттар», 6 «Музыкалық моменттер», фантазиялар... тектес жаңашылдық лебі соққан дүниелер легі келді.

Бұл жаңашылдық алдымен Шуберттің билерінен, соның ішінде вальс пен лендлерлер, марштарда байқалды.



Вальстің фортепианолық музыкаға енуіне оның демократияланып, өнер сүйер көпшілікке арналуы, қарапайымдылығы, қол жетімділігі себепкер болды. Бұл би Венаға мейрамханалар мен би залдарында, көшелер қиылыстарында ойнайтын ауылдық музыканттар ансамбльдер әкелген еді. Шуберттің вальстері тұрмыстық билерге жақын болғанымен, оның вальсі жеңіл, көңіл көтеруге арналған музыкадан жоғарырақ, олар – камералық миниатюра, нағыз поэма, мұнда лирика, әдемілік, қайталанбаcтық, нәзік бояу өте көп. Оның айқын мысалы – атақты си минор Вальсі.

№ 54 мысал.


Шуберт маршты негізінен төрт қолға арналған фортепианолық туындыларда жиі қолданды. Бұған дейін еш ірі композитор маршқа дәл мұндай көңіл бөлген емес. Осындай ансамбль үшін композитор марштар, полонездер, рондолар, дивертисменттер, сонаталар жазды.

Шуберттің төртқолдық миниатюрасына тән ерекшелік – маршпен және марштық ырғақпен қаныққандық. Олардың ішінде «Мінезділік марштары», («Характерные марши») «Марш формасындағы дивертисмент» («Дивертисмент в форме марша») және т.б. бар. Солардың ішінде ең танымалы - «Әскери марш» («Военный марш») , ол жеке дауыста орындауға арналған .



№ 55 мысал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет