Сыбайлас жемқорлық әліппесі: парақорлық, немесе «бір медальдің екі жағы»



Дата27.12.2016
өлшемі44,07 Kb.
#5462

Сыбайлас жемқорлық әліппесі: парақорлық, немесе «бір медальдің екі жағы»


Әр қасымыз жемқорлық бұзушылықтың еріксіз қатысушысы немесе куәгері болуымыз мүмкін. Бұдан өзімізді қалай сақтандыруға болады? Жағымсыз салдарынан қалай құтылуға болады?

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

«Жемқорлық» деген сөз латынның «correi» (жалғыз-ақ нәрсе бойынша міндетті қатынасқа тараптардың біреуінің бінеше қатысушысы) және «rumpere» (сындыру, бұзу, залал келтіру, бас тарту) сөздерінің бірігуі нәтижесінде пайда болған. Нәтижесінде, бір неше (екеуден кем емес) адамның мақсаты сот процесінің немесе қоғам ісін басқару процесінің барысын «бұзу», «залал келтіру» болып келетін дербес термин пайда болды.

Макиавеллидің айтуынша, сыбайлас жемқорлық – бұл көпшілік мүмкіндіктерін өз мүддесіне пайдалану. БҰҰ құжаттарында «сыбайлас жемқорлық» жеке мақсатында пайда алу үшін мемлекеттік билікке қиянатшылық ету болып анықталады.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңының 2-бабы.
Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық.

ПАРА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Пара - пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамның пайдасына жасаған iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлiк, мүлiкке құқығы немесе мүлiк сипатындағы өзі немесе басқа адамдар үшін пайда түрiнде пара алу (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 311-бабы).

В. Дальдың сөздігі параны «алым-салық, тарту, сыйлық, сәлемдемелер ... лауазымды тұлғаға қысым жасаудан құтылу үшін сыйлық немесе төлем жасау немесе оны заңсыз істі жасау үшін параға жығу» ретінде белгілейді.

ПАРАНЫ ТАЛАП ЕТУДІҢ КЕЙБІР ЖАНАМА БЕЛГІЛЕРІ:

Мүмкін болатын пара туралы әңгіме көбінде астарлы сипатта болады, мәселені ол тек оған ақша немесе қандай да бір қызмет көрсеткен жағдайда ғана шеше алатыны туралы ашық арыздар болмайды.


Әңгіме барысында пара алушы, қандай да болмасын мәселені шешуден бас тарту («бұл заңға қайшы», «менің мұндай мүмкіндігім жоқ») жөнінде мәлімдей отырып, қимылмен немесе ыммен бұл жағдайды басқа жағдайда (басқа уақытта, басқа жерде) талқылауға дайын екенін білдірсе, параның сомасы мен сипаты жарияланбайды; сонымен қатар сәйкес сандар бір бет қағазда, калькуляторда және т.б терілуі мүмкін.
Параны алушы ары қарайғы байланысты мәселенің шешілуіне қатысы жоқ басқа адамға аударуы мүмкін.

Назар аударыңыз! Сізді атыңызға кір келтіру мақсатында пара беруге азғыруы мүмкін!

ПАРАНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Кез-келген бұйымдар (ақша, бағалы қағаздар, асыл металлдардан жасалған бұйымдар, жылжымайтын мүлік, жер телімдері), қызмет және пайда (емделу, жөндеу жұмыстары, шет елдерге сапар) пара бола алады.

Алайда параның жасырын түрлері де болады, ол адамнан параны талап етушіге немесе оның туыстарына жоқ қарызын төлеуді талап ету, еңбек ақыны төленуімен жалған еңбек келісімен жасасу, лотореядан «кездейсоқ» ұтыс. Жиі пара делдал арқылы беріліп, алынады – тараптардың бірінің қол астындағы қызметкері, бизнес бойынша серіктестері немесе арнайы осы үшін жалданған тұлға.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!

«Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан жала жабу – үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
(Қазақстан Республикасы Қылмыс Кодексінің 129-бабы 3-тармағы)

ӨЗІҢДІ ПАРА АЛУҒА АЗҒЫРУДАН САҚТАНДЫРУҒА БОЛАДЫ МА? («медальдің 1 жағы»)

1) әрқашан қандай да болмасын жеке немесе қызметтік мәселелерді шешуге келгендерді басқа тұлғалардың көзінше қабылдауға тырысыңыз;
2) пара берушімен сіздің пара алуға дайын екендігіңізді көрсетпейтіндей етіп өзіңізді сыпайы ұстаңыз, ағаттық сөздерді болдырмаңыз;
3) егер сізге еркіңізге қарсы ақшалай қаражат, сыйлық беруге тырысса, ашық, қатты, бір мағынада, сөзбен және қимылмен өзіңіздің бұған деген жағымсыз қатынасыңызды айтып салыңыз;
4) егер сіз өз жұмыс орныңыздан, шкафыңыздан, тартпаңыздан, киіміңіздің қалтасынан және т,б, бөтен зат (пакет, конверт, қорапша, орама және т.б.) тапсаңыз, оған тимеңіз, бірге жұмыс істейтін біреуді шақырып, ішінде не барын көріңіздер. Егер оның ішінде параға жататын зат болса, міндетті түрде тікелей басшыңызға хабарлаңыз;
5) сізге пара беру ұсыныстары және әрекеттерінің барылығы туралы жазба түрінде өзіңіздің тікелей басшыңызға мәлімдеңіз;
6) ешқашан бөтен немесе жақсы танымайтын адамдардың қызметтік бөлмеден тыс (көшеде, қоғамдық көлікте, кафеде және т.б.) жерде қандай да болмасын қызметтік немесе жеке мәселелерді талқылау үшін кездесу ұсыныстарына келіспеңіз;
7) жақындарыңызға сіздің келісіміңізсіз басқа біреулерден материалдық құндылықтарды (ақша, сыйлық және т.б.) алуға тыйым салыңыз

ПАРА БЕРУГЕ ЖӘБІРЛЕУ ФАКТІСІ ЖАСАЛҒАННАН КЕЙІН СІЗГЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? (... 2-ші жағы)

Сіздің әдеттегідей екі жолыңыз бар: беру немесе бермеу. Егер сіз біріншісін таңдасаңыз, онда тағы бір рет ойланып көріңіз. Пара беру жаман ғана емес, сондай-ақ заңмен құдаланады. Сөйтіп, Сіз өз азаматтық тұрғыңызға, адамгершілік принципіңізге, арыңызға және өмірлік тәжірибеңізге сәйкес шешім қабылдауға бел будыңыз. Осыған байланысты Сізде әрекеттің екі түрлі нұсқасы туындайды:

БІРІНШІ НҰСҚА – пара беруге жәбірлеушімен байланысты үзіп, қылмысқа барудан бас тартатыныңыз жөнінде сездіріп, Сіз үшін маңызды мәселе шешілусіз қалатынына көну, ал пара беруге жәбүрлеуші ары қарай адамдарды жазасыз жәбірлеп, өзін сыбайластармен және жемқорлық байланыстармен қоршауды жалғастырады.

ЕКІНШІ НҰСҚА – тек бүкіл әлем болып қана бұл зұлымдықты жеңуге болады деген әділ түсініктен шыға отырып, адам қандай да болмасын жағдайда өзінің адамгершілігін сақтап, қылмыстың көмекшісі болмай парақорлар мен пара беруге жәбірлеушілерге қарсы жолға түсу.

Мемлекеттік органдары басшыларының дербес жәшіктері (жеке ашу үшін), сенім телефондары, қоғамдық виртуалдық қабылдаулары және басқа да хабарлау түрлерінің бар екендігі туралы ҰМЫТПАҢЫЗ!



Аяқтай келе пара талап еткен жағдайда не істеу керегі жөнінде әркім өзі шешу керек.
Алайда, параны біреу беретін болғандықтан ғана біреудің сұрайтыны және беретіні жөнінде ұмытпаған жөн. Егер де жағдайды өзгерткіңіз келсе, ең алдымен өзіңізден бастаңыз...

 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет