Төменгі жақасты сілекей бездерінің жедел қабынуы кезінде науқастар ауыз қуысының құрғақтығына, төменгі жақасты аймағыңдағы ауыру сезімінің жұтыну және тамақтанған кезде ұлғаюына шағымданады.
Клиникалық көрінісі. Төменгі жақасты үшбұрышының артқы бөлігінде тығыз ауыратын ұйыспа-инфильтрат анықталады. Шығару түтігінің ашылу орны ісінген, қызарған. Бимануальды әдіспен тексергенде без тығыз, қозғалмалы және ауыратыны анықталады. Шығару түтігі өзегінде тығыз ауыратын ұйыспа-инфильтрат көрінеді. Аурудың бастапқы кезеңінде-ақ төменгі жақасты безінің қызмет бұзылыстарына байланысты сілекейдің бөлінуі анықталмайды.
Аурудың іріңді кезеңінде, қабыну кезеңдері айқын жүреді. Төменгі жақасты аймағында едәуір ісіну және айналасындағы жұмсақ тіндерде ұйыспа-инфильтрат болады. Жедел сиалоаденит төменгі жақасты және иекасты аймақтарының кейбір жағдайларда ауыз қуысы түбінің флегмонасына алып келуі мүмкін.