Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Тарихи грамматика пәнінің мақсаты мен міндеті.
Түркі тілдерінің даму кезеңдері.
Тарихи лексикология мәселелері.
Тарихи этимология.
Тарихи фонетика .Дыбыстардың даму тарихы.
Тарихи морфология.
Есім сөз таптарының даму тарихы.
Етістіктің даму тарихы.
Тарихи синтаксис мәселелері.
Әдебиеттер: 1, 2, 4,5, 7, 8,11.
14- тақырып : Сөйлемнің даму тарихы
1. Жай сөйлем түрлері.
2. Сөйлем мүшелерінің көне, орта және дәуір жазбаларындағы қылыптасуы.
Мақсаты: Жай сөйлем түрлері қалыптасу тарихы жайлы.
Сөйлем мүшелерінің көне, орта және дәуір жазбаларындағы қылыптасуы.
Мазмұны: ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ
Жай сөйлем — талданып отырған еңбектегі ең негізгі және ең көп кездесетін синтаксистік единица. Жай сөйлемдер ылғи ықшамды, аз сөзді, жинақы болып келеді. Жай сөйлемнің көп сөзді, жайылыңқы түрлері тіпті жоқ дерлік. Мұндағы жай сөйлемдерде қазіргі әдеби тілімізде кездесетін және жалпы жай сөйлемдерге тән синтаксистік единицалардың басым көпшілігі кездеседі. Сол кездесетін единицалардың орналасу тәртібінде де, формалық құбылыстарында да, өздері сияқты басқа элементтермен байланысу тәсілдерінде де қазіргі тілімізге ұқсастық, онымен бірлік көп.
Еңбектен жай сөйлемдердің тек атаулы, жақсыз түрінең басқаларының бәрін де жиі кездестіруге болады. Бірақ бұдан ол дәуірде атаулы сөйлемдер болмады деген қорытынды жасаудан аулақпыз. Жалпы мынадай бір жағдайды естен шығармау керек: бір еңбек, ол қанша көлемді болғанымен, сол өз дәуіріндегі тілдік элементтердің барлығын бірдей қамти алмауы мүмкін және тілдік элементтердің барлығы бірдей актив элемент бола бермейді де. Олардың ішінде сөйлеу сайын, сөйлем сайын кездесетін, онсыз сөйлеуге, сейлем құрауға болмайтын актив элементтер де, сөйлеу түрін, сөйлем түрін талғайтын пассив элементтер де болады. Ондай пассив элементтер қатарына шығарма түрін, сөйлеу түрін таңдайтын, қолдану үшін арнаулы жағдай, суреттеудің, баяндаудың арнаулы түрлерін керек ететін категориялар жатады. Сондықтан белгілі бір дәуірде шыққан бір шығарманы ғана талдау арқылы тілдік пәлендей категория сол уақытта болмады деген қорытынды жасау ұшқарылық болады. Ол үшін сол дәуірде шыққан жазу нұсқаларының бәрін, ең болмаса, көпшілігін қарап ету керек. Осы тұрғыдан алғанда, біз пәлендей тілдік категория болмады дегенде, бүкіл сол дәуірде болмады деген мағынада емес, талданып отырған еңбекте болмағандығын айтамыз. Біз талдап отьірған енбекте атаулы сөйлемді қолданарлық жағдай жоқ, мүмкін, шығармада оның кездеспеуі де сондықтан болар.
Ал енді, сөйлемнің жақсыз болуы — оның баяндауышы қызметінде қолданылатын сез табының (әсіресе, етістіктің) морфологиялық формасына байланысты. Қазіргі әдеби тілімізде жақсыз сөйлем баяндауышы қызметін атқаратын етістік түрлерінің көпшілігі мұнда баяндауыш функциясында қолданылмауы былай тұрсын, тіпті бүтін шығарманың өн-бойында ешбір орында кездеспейді. Талданып отырған көлемді еңбектің тек бірер жерінде ғана жақсыз мәнді бірді-екілі сөйлем кездесті. Ол: Сансыз түмен халқын бар, ғадаллық етәргә сәңә лайық (6) деген жалғаулықсыз салалас сөйлем. Осы салалас сөйлемнің соңғы компоненті болып тұрған ғадаллық етәргә сәңә лайық деген жай сөйлемнің грамматикалық бастауышы жоқ, ал баяндауыш қызметінде тұрған есім сөз (лайық) үш жаққа бірдей. Жақсыз деп атауға болады дейтін бірді-екілі сөйлемдер — осындай. Ал жақсыз сөйлем жасауда шешуші роль атқаратын –қы-м, -ғы-м, -кі-м, -гі-м формалы және -у формалы етістіктер бұл шығармада кездеспейді.
Шығармада кездесетін сөйлемнің негізгі түрі жай сөйлем. Ол кұрылысы жағынан толымды, толымсыз және жалаң, жайылма түрлерінде кездеседі.
Толымды және толымсыз сөйлемдер
Күнләрдә бір күн Қара хан келінләрін иығды. Үлығ той цылды. Анларны орұнда олтұртты. Ол халда Оғұз нөкәрләрі билэн, бағзы достлары билән языда аңға шығып ерді. Кара хан бұ сөзні ештігәш, ағаларын, ағасының ұғланларын уа һәм ұлүғларын иығды. Уа айды: «Менің ұғлұм. Оғұз кешкінде ғазым, мақбал ерді. Тамам халде көңлін маңа бағлап ерді. Бұ заман яман ішні түтүп юрор ерміш. Менің дінім иолындин қайтып ерміш», — дир. Бұ сөзні ештігәш Оғұздин ағридылар. Баршасы Оғұзны өлтұрмәккә атфақ қылдылар (22—23).
Мұндағы 1, 4, 5-сөйлемдер және төл сөздің бірінші сөйлемі толымды сөйлемдер де, қалғандарының бәрі де толымсыз сөйлемдер. Шығармада кездесетін толымсыз сөйлемдердің барлығы да осы мысалдағы сияқты тек бастауышы жасырын тұратын сөйлемдер. Толымсыз сөйлемнің басқа түрлері мұнда кездеспейді. Ал алдыңғы бір сөйлемде айтылған бір бастауышқа ортақтасып, біріне-бірі тіркесіп келе беретін толымсыз сөйлемдер өте жиі кездеседі.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Тарихи грамматика пәнінің мақсаты мен міндеті.
Түркі тілдерінің даму кезеңдері.
Тарихи лексикология мәселелері.
Тарихи этимология.
Тарихи фонетика .Дыбыстардың даму тарихы.
Тарихи морфология.
Есім сөз таптарының даму тарихы.
Етістіктің даму тарихы.
Тарихи синтаксис мәселелері.
Әдебиеттер: 1, 2, 4,5, 7, 8,11.
15- тақырып : Құрмалас сөйлемдердің даму тарихы.
1. Құрмалас сөйлемдердің көне, орта және жаңа дәуір жазбаларындағы қалыптасуы
Мақсаты: Құрмалас сөйлемдердің көне, орта және жаңа дәуір жазбаларындағы қалыптасуы жайлы түсінік беру.
Мазмұны: Құрмалас сөйлемдердің даму тарихы
Бағыныңқы компонент баяндауышы қызметінде жиі кездесетіні есімшенің -ған/-гән, -қан/-кән жұрнақты түрі. Есімшенің бұл түрі бағыныңқы компонент баяндауышы қызметін мынадай формада тұрып атқарады:
1. Жатыс жалғаулы формада. Мысалы:
Мен алты яшқа иеткәнде, анам хақ рахматына кетді (192). Мен суның орта иеріне и е т к ә н д е, атымның қүлақы илан бұрны ғана көрінді, башқа иері батды (193). Асфандияр ба рғ ан д а, Ғажамның падшаһсы Ғабас-Мазы дигән кемсе (кісі) еді (193). Жаным тәнімде болып тұрғанда, мен ерге бармам! (41). Бірнеше күнден соң, сахар уақтында, түнлікдин үйінің ішіне құяш кебі яқтылық т ү ш к ә н д е, иоқары асмандан төгән иергә таба (таман) созылған иәрсе пайда болды (42). Барыс иылы башында Шыңғыс хан қырық яшына и ст ә н д ә, тігі яқтан бір кіші Шыңғыс хан тарафына қашүп келді (48). Ертішге яқын иеткәндә, ойрот елі ұшырады (56). Шыңғыс хан олжаларны алып юргәндә, мен мұнда қашұп келдім (58). Мұнда ұлұғ дұшман мемлекетімнің бір тарафындан пайда болұп тұрғанда, ұзақ сафарға бармақым лайық емес дұр (60).
Компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан бұл мысалдағы сөйлемдердің барлығы да мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемге жатады.
2. Өткен шақтық есімшенің шығыс жалғаулы түрі соң шылауына тіркесіп айтыл у а р қ ы л ы. Мысалы:
Яхшы ва яман халық баршасы келгәндин с оң, ол Оғұз хандин қалған уалаятлар, ва елләр, ва өлүк һәм тірік маллар — баршасы бұ айтылған падшаһзадаларның ұлұғына ұлұғша, ва кішісіне кішіше берді (17). Атасы өлгәндин соң, халық Ғараб-Мұхамед сұлтанны хан көтәрділәр (178). Ол кіші барұп бұ сөзләрні айтқандин соң, қонғыратның баршасы келүп, ханны көрүп, шын көңіл илан табығ болдылар (52). Елчі Шыңғыс ханның ордасына келүп хадяларны (сый-лық, тарту) ва ғайыр юшышларны ада қылғандан соң, Шыңғыс хаи Дорбай дигән кемсені (кісіні) ұйғыр падшаһсы Құтға елчі қылып ибәрді (57). Өзбек хан өлгендин соң, Жәнібек ханны хан қылдылар (115).
Компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан алғанда, бұл мысалдағы сөйлемдер де мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемге жатады.
3. Өткен шақтық есімшенің -ша/-шә жұрнақты формада айтылған түрлері. Мысалы:
Үғланларым иігіт болғанша, өзім елге баш болұп тұрорым (41). Бердібек қайтұп иеткәншә, Жанібек хан халы зағыфланды (116). Өзі, ғаскар иылғанша, хаста болұп офат болды (118).
Бұл келтірген сөйлемдер компоненттері де бір-бірімен мезгілдік қатынаста айтылған. Мұндай мағыналық қатынастағы бағыныңқы компонент баяндауышы кейде бұйрық рай мағынасындағы етістіктің бірінші жағына -ша жұрнағы тіркесу арқылы да жасалады. Мысалы:
Әуел ол яманлық қылмайынш а, біз нешүк қылармыз (49). Бірақ сабақтастың мұндай түрі бірді-екілі жерде ғана кездесті.
Бірді-екілі жерде болса да өткен шақтық есімшенің шығыс жалғауында тұрып, бағыныңқы компонент баяндауышы болған түрі де кездеседі. Мұндай бағыныңқылар басыңқы сөйлеммен себептестік қатынаста айтылады. Мысалы:
Ғорның тағларына қар көп түшкәндин (түскендіктен деген мағынада), ғаскар халқы өтэргэ қиынсұндылар (14). Ол қарт, менің сөзім тұғри келгәнлікдин, һиш сөз қатамады, тек тұрды (204). Бізде атлы ғаскар б о л мад ықдин, яуның артяариндин қауып, кішіләрні алмадұқ (208).
Басыңқымен себептестік қатынаста тұратын бағыныңқы компонент баяндауышы құрамында кейде себебі деген сөз де айтылады. Мысалы:
Ол уақытда Үргенішнің қалғасы (қаласы) ш о л б о лғ анлық себепл і, Аму суының құбла тарафындағы яқасында қалғасының қаршысында қалға салұп, онда отырған едүк (196).
Есімшелердің басқа түрлері бағыныңқы компонент баяндауышы функциясында кездеспейді.
Шартты райлы сабақтас сөйлемдер
Бағыныңқы компонент баяндауышы қызметінде етістіктің шартты рай формалы түрі де кең қолданылған. Мұндай сабақтас сөйлемдер компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынастары әр түрлі: олар бірде шарттылық мағынаны білдірсе, бірде мезгілдік мағынаны білдіреді. Мысалы:
Әгәр сен мұсылман болсаң, сені алар едім (11). Асфандияр қасына бармасақ, хиуада тұрған өзбекні қыра алмас (195). Ол өлсе яна бірісіні көтәрэрләр еді (25). Хұдай тағала мені ұятлы қылорға т і л е ме с е, сізге һэм ол ғажайып ішні көрсәтор (42). Баршасын тафсыла зәкір едүп хатқа язсақ, неше дәфтәрләр язарға тиішлі болор еді (52), Әгәр етфақ етмәй мұхолафат (ала ауыз, ауыз бірлік болмау) қылсаңыз, бір оқны нешүк сындыролар, сізні һәм шолай сындыролар (61). Әгәр барып Мәлік-Ашрафдин бізім дадымызны алұп б е р м ә с ә ң, қиямат күнінде сенің етдгіңде бізім қолұмыз болор (113).
Бұл келтірген мысалдағы сабақтас сөйлемдердің барлығы да шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемге жатады.
Бағыныңқы компонент баяндауышы болып тұрған шартты рай формалы етістік -да/-де шылауына тіркессе, бағыныңқы компонент басыңқы компонентпен қайшы мағынада айтылады. Мысалы:
Не шақлы мұсылман болыңыз діп айтсам да, қабыл қылмадылар (11). Ғараб-Мұхамед хан артындин қуып барып малны ва иесірні алып қ а л с а д а, даме қалмақның өзіні тұта алмады (179). Яқын отырған еллдрнің күчлісі бақынмаса да, күчсізі ва азрақы бірісі артындан бірісі келүп табығ болдылар (53). Халық иыл отырса д а, суға мұқтаж болмас еді (79). Бұ хатұн басқа хатұнларға не қыл са д а, аңа сөз айтмас еді (103).
Компоненттер мағынасындағы қайшылық кейде -да/-де шылауының көмегінсіз, сөйлем мағыналары арқылы да беріледі. Мысалы:
Мен саңа мұтайба (қалжың) қылұп ат с ам, сен шынға алұп ачуың келді (204).
Бағыныңқы компонент баяндауышы шартты рай формалы етістіктен болатын сабақтас сөйлемдердің бағыныңқы компонентінде сұрау есімдігі келсе, басыңқысында соған лайықты сілтеу есімдігі келетін сабақтас сөйлемдер де кездеседі. Мысалы:
Атаң не иерге баруға ниет қылған болса, сен шол иерге атаң орнына баш болұп бар (118). Сен не иолда болсаң, мен шол иолда болор едүм (11).
Баяндауышы шартты рай формалы етістіктен болған бағыныңқы компонент басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің мезгілін, немесе өзімен мезгілдес болған іс-әрекеттерді білдіреді. Мысалы:
Ялдап юри берүп артұма қарасам, алты кіші һанұз маңа атұп тұрорлар (Ш). Яу ярдин түшэйім десә, иол иоқ (193). Бір күн ол аның үйіне барып кірсе, Саларның беш-алты ақсақалы отыр екен (133). Тұрайын десе, қол-аяқының харакаты тоқтады (41).
Шежіреде өте жиі кездесетін сабақтас сөйлемнің бір түрі — бағындырушы -ки жалғаулығы арқылы жасалатын сөйлем. Бұл жалғаулық ( ^ ) «Тауарихта» кім ( ^ ) түрінде танбаланады. Мұндай сабақтастар компоненттерінің баяндауыштары етістіктің, ашық райында, тиянақты формада айтылады да, бір-бірімен тек -ки жалғаулығы арқылы байланысады. Бұл жалғаулық сабақтас құрмалас сөйлем жасауда азербайжан, өзбек тілдерінде жиі кездеседі, бірақ қазақ тілінде ол жоқ. Мысалы:
Оғұз хан ғаскарының қолына шол қатар көп мал түшді ки, хатта юкләп алұп кетәргэ көлік иетмәді (12). Үлығ падшаһларның ғадатлары шол еді ки, иырақ сафарға барғанда өзі һәм. яқын бекләрі үй жамағатларыны біргә ертіп баралар еді (13). Тимур-Мүлік мың иігіті илан шондай ерлікләр көрсәтті ки, ахыр Аламыр иігітлэрі тамам шаһид болдылар (71). Яғмор шол қадар яғды к и, селләр ақды (80). Ол күн шон-дай ұрыш болды ки, Хорезм шаһ ғаскариндин һишкім дарвазадин шықмаға хадды болмады (72).
Бұл тәріздес сабақтас құрмалас сөйлемдер қазақ тілінде бірінші компонентінің баяндауышы сондай, соншалық, соншама, сол деген есімдіктерден болатын сөйлемдер арқылы беріледі. Мысал үшін алсақ, осының алдындағы соңғы сөйлем қазақ тілінде. Ол күнгі ұрыстың қаттылығы сондай, Хорезм шаһ әскерінен ешкім қақпадан шығуға халі болмады - деген түрде берілер еді.
Шежіреде бірді-екілі жерде болса да, мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер де кездеседі, бірақ олардың жасалуында қазіргі тілдердегіден біраз өзгешелік те жоқ емес. Мысалы:
Қылған ішләрі халық ішінде тамам ұнтұлұп кетмәсұн үшін, үш-төртні нақыл қылайым (163). Түн болғандин соң мағұллар шол иердә қоналар екен деп білсінләр үшүн, түрлі иерлэргә отлар яқдылар (65).
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Тарихи грамматика пәнінің мақсаты мен міндеті.
Түркі тілдерінің даму кезеңдері.
Тарихи лексикология мәселелері.
Тарихи этимология.
Тарихи фонетика .Дыбыстардың даму тарихы.
Тарихи морфология.
Есім сөз таптарының даму тарихы.
Етістіктің даму тарихы.
Тарихи синтаксис мәселелері.
Әдебиеттер: 1, 2, 4,5, 7, 8,11.
3-бөлім СӨБӨЖ тапсырмалары бойынша әдістемелік нұсқау
1.Тақырыбы: Қазақ тілі тарихи грамматикасының зерттелу тарихы.
Мақсаты: Қазақ тілі тарихи грамматикасына зерттелу тарихына шолу жасау, оның мазмұны мен міндетін және оның зерттеу нысаны туралы мағлұмат алу.
Сұрақтары:
Орыс миссионерлердің түркі тілдерді зерттелуі
Қазақ тілі тарихи грамматикасың зерттелуі.
Есеп беру түрі: Сұрақ-жауап, әңгіме
Әдістемелік нұсқау: Қазақ тілінің зерттелу тарихына шолу жасағанда ең басты зерттелу тарихына толық шолу жасау керек. Әр ғалымның зерттелуіне қосқан үлесіне мұқият назар аудару.
Әдебиеттер: 1, 3, 5, 6, 7, 8,9, 10.
2.Тақырыбы: Түркі тілдерінің даму тарихы
Мақсаты: Кезеңдендерде түркі тілдері бөлінісі туралы мәлімдеу.
Кезеңдерге қатысты тарихи-әдеби мұралар туралы.
Сұрақтары:
1.Кезеңдендерде түркі тілдері бөлінісі.
2. Кезеңдерге қатысты тарихи-әдеби мұралар.
Есеп беру түрі: Ой алмасу, дөңгелек үстел
Әдістемелік нұсқау: Кезеңдендерде түркі тілдері бөлінісі туралы пікір-талас өткізу. Кезеңдерге қатысты тарихи-әдеби мұралар туралы.
Әдебиеттер: 1, 3, 5, 6, 7, 8,9, 10.
3.Тақырыбы: Қазақ тілінің түркі тілдері ішінен алатын орны. Қыпшақ тілдер тобының басқа түркі тілдерінен айырмашылықтары.
Мақсаты: Қазақ тілінің түркі тілдері ішінен алатын орны. Қыпшақ тілдер тобының басқа түркі тілдерінен айырмашылықтарының көрсету.
Тапсырмасы : Қазақ тілінің түркі тілдері ішінен алатын орны. Қыпшақ тілдер тобының басқа түркі тілдерінен айырмашылықтарының көрсету.
Есеп беру түрі: пікір-талас.
Әдістемелік нұсқау: Студенттердің араларында пікір-талас өткізі барысында екі топқа бөліп:бір топ студенттер и дыбыстың айтылуының ерекшелігі, екінші топ студенттер у дыбыстарының ерекшелігі.
Әдебиеттер: 1, 3, 5, 6, 7, 8,9, 10.
4.Тақырыбы: Тарихи лексикология
Мақсаты: Лексиканың толығу жолдары, сөз мағыналарының өзгеруі, фразеологизмдердің қалыптасуын көрсету.
Сұрақтары:
Лексиканың толығу жолдары.
Сөз мағыналарының өзгеруі.
фразеологизмдердің қалыптасуын көрсету
Есеп беру түрі: жаттығу тапсырмалары, сөздікпен жұмыс.
Әдістемелік нұсқау: Лексиканың толығу жолдарына мысал теру, сөз мағыналарының өзгеруі, фразеологизмдердің қалыптасуы сөздік жасау.
Әдебиеттер:1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 9.
5.Тақырыбы: Тарихи этимология
Мақсаты: Тарихи этимологияның қалыптасу принциптер. Көне сөздердің тарихы білу.
Сұрақтары:
Берілген сөздердің этимологиясы білу.
Есеп беру түрі: этимологиялық талдау.
Әдістемелік нұсқау: Этимологиялық сөздіктерден берілген сөздерге талдау жасау. Сөздердің құпиясын көрсету.
Әдебиеттер:5, 8, 9, 10,11.
6.Тақырыбы: Дауысты, дауыссыз дыбыстардың дамуындағы тарихи өзгерістер.
Мақсаты: Дауысты, дауыссыз дыбыстардың дамуындағы тарихи өзгерістерді көрсету.
Сұрақтары:
Қазақ тіліндегі дауысты, дауыссыз дыбыстардың дамуындағы тарихи өзгерістерді талдау.
Есеп беру түрі: жаттығу.
Әдістемелік нұсқау: Қазақ тіліндегі дауысты, дауыссыз дыбыстардың дамуындағы тарихи өзгерістерді талдау
Әдебиеттер:5, 7, 9, 10.
7.Тақырыбы: Тарихи морфология
Мақсаты: Тарихи морфология мәселелері. Түбірлердің синкретизмі.
Сұрақтары: Тарихи морфология мәселелері. Түбірлердің синкретизмі
Есеп беру түрі: мәтінмен жұмыс..
Әдістемелік нұсқау: Қазақ тілінде буынның ерекшелігі. Буынның түрлері.Қазақ тіндегі буынға байланысты көзқарастар.Тұйық буынның ерекшелігі көрсету.
Әдебиеттер:1, 2, 3, 4, 5, 6, 7. 8.
8.Тақырыбы: Есім сөз таптарының даму тарихы.
Мақсаты: Есім сөз таптарының даму тарихы. Есім сөздердің түрлену жүйесі. Қосымшалардың қалыптасу тарихы.
Сұрақтары:
Есім сөз таптарының даму тарихы. Есім сөздердің түрлену жүйесі. Қосымшалардың қалыптасу тарихы
Есеп беру түрі: жаттығу тапсырмалары.
Әдістемелік нұсқау: Жаттығулар арқылы есім сөз таптарының даму тарихын көрсету.
Әдебиеттер:1, 3, 5, 7, 9.
9.Тақырыбы: Етістіктің даму тарихы.
Мақсаты: Етістіктің даму тарихы. Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік түрлерінің дамуындағы өзгерістер.
Сұрақтары: Тарихи мәтіндерді талдау, пікір алмасу, жарыс сөз сабағы.
Есеп беру түрі: жаттығу тапсырмалары.
Әдістемелік нұсқау: Жаттығулар арқылы етістіктің даму тарихын көрсету.
Әдебиеттер:1, 3, 5, 7, 9.
10. Тақырыбы: Етістіктің категориялары.
Мақсаты: Етістіктің даму тарихы. Етістіктің категориялары
Сұрақтары: Тарихи мәтіндерді талдау, пікір алмасу, жарыс сөз сабағы.
Есеп беру түрі: жаттығу тапсырмалары.
Әдістемелік нұсқау: Жаттығулар арқылы етістіктің даму тарихын көрсету.
Әдебиеттер:1, 3, 5, 7, 9.
11. Тақырыбы: Тарихи синтаксис мәселелері
Мақсаты: Сөз тіркестерінің даму тарихы, көне және орта түркі жазбаларындағы байланысу тәсілдері мен байланысу түрлерін анықтау.
Сұрақтары: 1. Сөз тіркестерінің даму тарихы.2. Көне және орта түркі жазбаларындағы байланысу тәсілдері мен байланысу түрлері.
Есеп беру түрі: тарихи мәтіндермен жұмыс, жаттығу тапсырмалары.
Әдістемелік нұсқау: Сөз тіркестерінің даму тарихы, көне және орта түркі жазбаларындағы байланысу тәсілдері мен байланысу түрлерін анықтау Әдебиеттер:1, 3, 5, 7, 9.
12. Тақырыбы: Сөйлемнің даму тарихы.
Мақсаты: Жай сөйлемнің түрлері. Сөйлемнің даму тарихы. Сөйлем мүшелерінің көне, орта түркі және жаңа дәуір жазбаларындағы көрінісін анықтау.
Сұрақтары: Жай сөйлемнің түрлері. Сөйлемнің даму тарихы. Сөйлем мүшелерінің көне, орта түркі және жаңа дәуір жазбаларындағы көрінісі.
Есеп беру түрі: жаттығу тапсырмалары, тарихи мәтіндерді талдау.
Әдістемелік нұсқау: Жаттығулар арқылы сөйлемнің даму тарихын көрсету.
Әдебиеттер:1, 3, 5, 7, 9.
13. Тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің даму тарихы.
Мақсаты: Құрмалас сөйлемнің даму тарихы.Құрмалас сөйлемдердің көне, ортатүркі және жаңа дәуір жазбаларындағы қалыптасуы көрсету.
Сұрақтары: Құрмалас сөйлемнің даму тарихы.Құрмалас сөйлемдердің көне, ортатүркі және жаңа дәуір жазбаларындағы қалыптасуы.
Есеп беру түрі: жаттығу тапсырмалары.
Әдістемелік нұсқау: Жаттығулар арқылы құрмалас сөйлемнің даму тарихын көрсету.
Әдебиеттер:1, 3, 5, 7, 9.
Достарыңызбен бөлісу: |