Силлабус Қазақ тілі тарихы


Әдебиеттер: 1, 2, 4,5, 7, 8,11



бет11/13
Дата08.06.2018
өлшемі0,76 Mb.
#42114
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Әдебиеттер: 1, 2, 4,5, 7, 8,11.

13-тақырып: Тарихы синтаксис мәселелері

1. Сөз тіркесінің даму тарихы.

2. Көне және орта түркі жазбаларындағы байланысу тәсілдері мен байланысу түрлері.



Мақсаты: Сөз тіркесінің даму тарихы туралы мағлұмат беру.

Көне және орта түркі жазбаларындағы байланысу тәсілдері мен байланысу түрлері.



Мазмұны: Қазақ тілі тарихи синтаксисінің зерттелу жайы

Тарихи синтаксис — қазақ филологиясы былай тұрсын бүкіл тюркологиядағы тың жатқан мәселе. Бұл мәселе жөнінде кейбір түркі тілдерінде жазылған бірді-екілі шағын еңбек қана болмаса, айтарлықтай ештеме жоқ. Ондай еңбектердің өздері де кейбір ескерткіштер тілінің синтаксистік құрылысын айқындауға ғана арналған. Ал қазақ филологиясында тарихи синтаксиске арналған тіпті шағын мақаланың өзі де жоқ. Бұл жағдайлар қазақ тілінің тарихи синтаксисі курсын жасау түгіл, оның азды-көпті бір жүйеге келтірілген шағын очеркін жазудың өзін де шексіз қиындатады. Өйткені қандай тілдің болмасын тарихи синтаксисін жасау үшін, ең алдымен, оның дамуының әрбір тарихи кезеңіне қатысты жеке ескерткіштердің, тілдік фактілердің синтаксистік сыры ашылу керек, солардың әрқайсысын жеке-жеке, жан-жақты зерттеу негізінен келіп, әрбір тарихи дәуірдегі тілдік ерекшеліктер айқындалмақ. Тіл дамуының әрбір тарихи кезеңдеріндегі сондай ерекшеліктер дәуір-дәуірімен жан-жақты ашылып болғаннан кейін ғана сол дәуірлер арасындағы тілдік құбылыстарды бір-бірімен салғастыра, жалғастыра отырып тілдік қатегориялардың даму процесі жөнінде жүйелі пікір айтуға болады.

Тілдің ертерек замандағы синтаксистік құрылысын зерттеуде көне жазу нұсқаларының барлығы бірдей кәдеге аса бермейді. Синтаксистік зерттеу үшін ең қажеттісі және кұндысы — текстік, текстік болғанда да синтаксистік элементтердің өз дәуіріндегі алуан түрлерін қамти аларлықтай көлемді текстен құралған ескерткіш. Өйткені тілдің синтаксистік құрылысындағы әр түрлі құбылыстарды өзекті, желілі, көлемді ескерткіштер ғана қамтып көрсете алады. Бірақ мұндай ескерткіштердің құндылық дәрежесінің өзі де біркелкі емес. Көптеген шежірелер, әр түрлі қатынас қағаздары, заң-ережелер жөніндегі құжаттар синтаксистік құбылыстарға тым кедей, бір тектес, жатталынды, трафарет түрінде болып келеді. Жазба ескерткіштер ішінде синтаксистік зерттеу үшін ең бағалысы көркем проза. Бірақ амал не мұндай ескерткіш түркі тілдерінде өте аз, ал қазақ тілінде тіпті жоқ десе де болғандай. Сондықтан XV—XVIII ғасырлар арасындағы жазба ескерткіштері ретінде біздің қарайтынымыз да жоғарыда аталғандар тәріздес шежірелік шығармалар мен қатынас қағаздары, хаттар болмақ.

Тарихи синтаксистің объектісі

Қандай құбылыстың, оқиғаның болмасын тарихы дегеніміз — оның даму, өзгеру жолы деген сөз. Даму, өзгеру жоқ жерде тарих та жоқ. Олай болса, қазақ тілі синтаксисінің тарихы дегеніміз де тіліміздің синтаксистік құрылысының дамуы, өзгеріп жетілуі, толығуы болмақ.

Қай тілде болмасын тілдік категорияларды тарихи тұрғыдан зерттеудегі көзделетін мақсат зерттеу объектісі болып отырған категорияның зерттеліп отырған дәуірлер ішіндегі өзгеру, даму жолындағы заңдылықты, оның өзгеру себептерін ашу; алғашқы категория, норма неге өзгерді, оның орнын не басты, сонғының алғашқыдан артықшылығы дегендер тәріздес сұрауларға жауап беру болмақ. Қазақ тілі тарихи синтаксисінің міндеті де осы айтылғандар тәріздес міндет. Дәлірек айтсақ, қазақ тілі тарихи синтаксисі белгілі дәуірлер ішінде қазақ тілінің синтаксистік құрылысыңда, синтаксистік нормасында қандай өзгерістердің болғандығын, қандай синтаксистік конструкциялардың, синтаксистік қатынастардың, синтаксистік элементтердің жойылып, қандайлардың жаңадан пайда болғандығын айқындайды; ескі конструкцияның ескілігі, көнелігі несінде, жаңаның жаңалығы, прогрестігі қайсы екендігін ашып көрсетеді.

Тілдің синтаксистік қүрылысындағы мұндай өзгерістер өткен дәуірлерден сақталған жазба ескерткіштер тілінін синтаксистік құрылысын зерттеу, оларды қазіргі әдеби тіліміздің синтаксистік құрылысымен салыстыра қарау арқылы айқындалады.

Тілдің синтаксистік құрылысындағы құбылыс, ең алдымен, оның құрамына енетін жеке сөздер тіркесінен айқын көрінеді. Адамдардың өзара пікір алысып, бір-бірімен түсінісуінде шешуші роль атқаратын сөйлемдердің бірден-бірге жетіліп жақсаруы, икемді, орамды болуы, бәрінен де бұрын, сөздер тіркесіндегі құбылыстарға байланысты. Сондықтан тарихи синтаксистің міндеті — тіл дамуының әрбір тарихи кезеңдеріндегі сөздер тіркесінің түрін, сөздерді бір-бірімен байланыстыратын амал-тәсілдерді, олардағы құбылыстарды зерттеу болмақ. Осыған қоса тарихи синтаксис өзінің зерттеу объектісі болған дәуірлер ішіндегі сөйлем түрлерін, олардың құрылыс ерекшеліктерін, заман өткен сайын болған өзгеріс-құбылыстарын, толығу, жетілу, жаңару бағыттарын, ол бағыттардың себептерін айқындайды. Сонымен бірге, тілдің тарихи синтаксисі тілдік категориялардың, соның ішінде синтаксистік нормалардың да қандай турлерінің өзгерімпаз екендігін, қандай категориялар мен нормалардың тұрақты, өмірлі болатындығын да ескерусіз қалдырмайды. Тілдің тарихи синтаксисін зерттеудегі мақсат — синтаксистік категориялардағы өзгеріс — құбылыстарды көрсетіп қана қоюмен тынбайды, соған қоса ол өзгерістердің тілдің синтаксистік құрылысын жетілдіруде, оны икемді, орамды етуде қандай роль атқарғандығын да, оның тіл дамуындағы мәнін де ашу болып табылады.

Қандай тілдің болмасын синтаксистік құрылысындағы құбылыстарды зерттеуде морфологияға соқпай кету мүмкін емес. Морфологияның қарауына жататын грамматикалық формаларсыз синтаксис жоқ. Сондықтан тарихи синтаксис сөздерді, сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыру, оларды синтаксистік қарым-қатынасқа келтіру қызметінде пайдаланылатын формалардағы құбылыстарды да ескерусіз қалдыра алмайды. Өйткені ондай формалардағы, оның функциясындағы құбылыстар белгілі бір синтаксистік нормаға, синтаксистік қатынасқа, олай болса сөйлем құрылысына өзгеріс енгізбей тұра алмайды.

Тілдің әр дәуірдегі синтаксистік құрылыс ерекшелігін, қала берді, сөйлемдердің структурасын дұрыс ашуда сөйлем құрамына енген сөздердің атқаратын синтаксистік функцияларының шешуші мәні бар. Сөйлем құрамындағы сөздер, яғни сөйлем мүшелері сөйлемді сөйлем ететін ең негізгі, ең қажетті элемент. Құрылыс материалынсыз ешкандай құрылыстың болмайтыны сияқты, сөйлем мүшесінсіз де ешқандай сөйлемнің болуы мүмкін емес. Сөйлемдегі болатын структуралық өзгеріс, жаңалық бәрінен бұрын сөздердің сөйлем мүшелік қызметіндегі өзгерістерге, олардың бір-бірімен қарым-қатынас түрлеріне тікелей байланысты және соның негізінде ғана туып, қалыптасады. Міне, сондықтан сөздердің синтаксистік функциялары, сөйлем мүшелері, олардың түрлері, өзара қарым-қатынастары тарихи синтаксистің қарауына жататын елеулі объектінің бірі болып табылады.

Сонымен, айтылғандарды жинақтап келгенде, тарихи синтаксис жазба ескерткіштер тілінің синтаксистік құрылысын зерттегенде, төмендегі негізгі мәселелер тұрғысынан қарау керек. Олар:

  1. Сөз тіркестері, олардың тіркесу амал-тәсілдері.

  2. Сөйлем мүшелері, олардың формалық құбылыстары, құрамдары, орналасу, басқа мүшелермен байланысу жолдары.

  3. Сөйлемдер құрылыстары, олардың мағыналық және структуралық типтері (жай және құрмалас сөйлемдер, т. б.).

Сөз таптарының сөйлем мүшесі болу және тіркесу касиеттері

Сөз таптарының синтаксистік қызметінде, басқа сөздер
мен тіркесу қабылетінде қазіргі әдеби тіліміз синтаксисінен
айта қаларлықтай ерекше өзгешеліктері жоқ. Қазірдегі сияқты тұлғалық құбылыстарына, сөйлемдегі орнына қарай зат
есім бірде бастауыш, бірде тұрлаусыз мүше; сын есім мен сан
есім, негізінде, анықтауыш мүше; үстеу пысықтауыш мүше
етістік баяндауыш мүше қызметінде қолданылған. Бірақ соған қарамастан олардың аталған синтаксистік қызметтерде
қолданылу дәрежесінде, басқа сөздермен синтаксистік байланыстарында қазіргі синтаксисіміздегіден бірсыпыра өзгешеліктері де жоқ емес. Ол өзгешеліктерді байқау үшін әр
сөз табының синтаксистік қызметтері мен сөз тіркесін жасау қабылеттеріне жеке-жеке тоқталған жөн.

Зат есімнің зат есімге тіркесуі



Сөйлемдегі зат есімдер тіркесі, негізінде, олардың бір-бірімен тетелес, тіркес айтылулары арқылы жасалған. Мұндай

тіркестердің мағыналық және синтаксистік дербестіктері біркелкі емес: ондай тіркестер кейде өзара тығыз байланыста, бірлікте айтылып, сөйлемнің бір ғана күрделі мүшесі болып тұрса, кейде әрқайсысы өз алдына дара бір-бір мүше болып келеді.

Зат есімдердің бір-бірімен тіркесу тәсілі, негізінде, екі түрлі болып келген:

а) Атау тұлғалы зат есімдердің бір-біріне тіркесе, қабыса айтылуы арқылы: Мысалы:

қымыз сабасыны яба тұрған т ер і т о нның арасында яшұрұп алып қалдылар (34). Падшаһлық мүлік уа салтанат ғаламда заһар болды (30). С а р х а д хо р асонға ибәрді (85). Уалаят Тибетке (82).

Бір ескеретін нәрсе — анықтауыш болуға тиісті сөздің анықталушы болуға тиісті сөзден кейін келіп отыратындығы. Қазіргі әдеби тіліміз тұрғысынан алғанда мысалдағы сархад Хорасан, уалаят Тибет дегендер Хорасан сархад (шекарасы), Тибет уалаят (тибет елі, тибет халқы) болып айтылар еді. Мұндай тіркестер шежіреде жиі ұшырайды.

ә) Зат есімдердің бір-бірімен изафеттік қатынаста тұруы арқылы —Мысалы:

Уа бағзы ел ұлұғлары 0ңханныц хақында яман кеңәш қылып ерді (56). Бұлар с у бойынд а иығын (жиын) қылдылар (57). Тоңыз иылы атасыдин қалды, т оңы з иы л ы падшаһ болды, уа тақы тоңыз иылы офат тапды (60-бет). Хұдай тағала иер юзінде падшалық сәңә бергәй (61-бет). Шыңғысхан, падшаһлар падшаһы болдұң (62). Ол мемлекетнің ғ ад а т ы ол ерді. Найманның падшаһы Таян ханға мадад қылмасұн. Аға уа інісін иығып Шыңғысхан ұрұш қылорға Таянханның үстіне атланды (62). Ол қашып, Тұркстанның хакімі қара қытай Көрханға барды (63). Ол ғұлан ана сының сүтін еме башлады (20).

Келтірген мысалдардың алдыңғы тобындағы тері тон, падшаһлық м ү л і к деген тіркестер жалғаусыз қабыса байланысып, алдыңғысы соңғысын анықтап тұр. Мысалдың екінші тобындағы зат есімдер тіркесі бір-бірімен изафет арқылы байланысқан. Бірақ мұндағы изафеттік байланыстың өзі де екі түрлі: мысалдағы ел ұлұғлары, су бойында, тоңыз иылы, иер юзінде, падшаһлар падшаһы деген тіркестердің алдыңғы сөздеріндегі ілік жалғау айтылмай, бұлардағы изафеттік қатынас тіркестің соңғы сөздеріне жалғанған тәуелдік жалғау арқылы берілген. Ал, мемлекетнің ғадаты, Оңханның хақында, Найманның падшаһы (падшасы), Таянханның үстіне, Түркістанның хакімі, анасының сүтін деген тіркестердегі изафеттік қатынаста тұрған зат есімдердің алдыңғы сыңарлары ілік жалғауының ашық түрінде айтылған.

Сонымен, зат есім сөздер тіркесі негізінде, екі түрлі синтаксистік байланыста кездеседі: оның бірі — қабыса байланыс та, екіншісі изафет арқылы көрінетін матаса байланыс. Мұндай байланыстарда кездесетін зат есімдер тіркесі құрамындағы сөз саны екіден артпайды.

Шежіреде зат есімдердің бір-бірімен кейбір септік жалғаулар арқылы байланысатын тіркесі де кездеседі. Алдыңғысы кейінгінің толықтауышы я пысықтауышы болып келетін мұндай тіркестер онша көп емес және кез келген септік жалғауында айтыла да бермейді, дегенмен аз да болса кездеседі. Мұндай тіркестер, негізінде, етістіксіз сөйлемдерде, баяндауышы есім сөзден, немесе көмекші етістікке тіркескен есім сөзден болған сөйлемдерде кездеседі. Мысалы:

Құллықдин мү р ад ол тұрор (4). Ай кебі, күн кебі халыққа ярүқлүғың бар (6). Айдин мұрад барша ғалам ішінде жануарға ярұқлығы тигәр (5).

Біздің бұл айтқандарымыздың барлығы да зат есімнің зат есіммен тіркесуі жайында. Зат есімді тіркестің ең бір өнімді және өте жиі кездесетін түрі — зат есімнің етістікпен тіркесуі.

Талданып отырған еңбекте тұрлаусыз мүше функциясындағы зат есім етістікпен бір ғана синтаксистік қатынаста, меңгерілу негізіндегі қатынаста ғана тіркескен. Өйткені етістікке тіркесетін зат есімдердің барлығы да септік жалғауынын бірінде айтылған. Мысалы:

Шын көңілі билән Шыңғыс ханға ел болүп, күш берді (80). Бұрғыл ноянның орниға олтүрды (81). Шерікке (әскерге) бермес еді (82). Пәндәліккә Шыңғыс ханға келді (83).

Зат есімді тіркестің тағы бір түрі — оның көмекші етістікпен тіркесуі. Мұндай тіркес құрамындағы сөздер бір-бірінен жекеленбей сөйлемнің күрделі бір ғана мүшесі, негізінде, баяндауышы болып келеді. Шежіреде кездесетін баяндауыштың ең басым түрі де осындай зат есім мен көмекші етістік тіркесінен болған баяндауыштар.

Зат есімдер көмекші етістікпен тіркескенде ешбір жалғаусыз кабыса айтылып та, кейде септік жалғау арқылы да байланысады. Мысалы:

Өктәй хан Шыңғыс ханның үшүнші ұ ғ л ы е р д і. Өзіндин соң ол хан б о л д ы (111).

Сын есімді тіркестер



Сын есімдердің зат есімге тіркесуінде қазіргі әдеби тіліміз синтаксисіндегіден айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Мұнда да сын есім атау тұлғада айтылып, зат есіммен тұрған орнына қарай қабыса байланысады, оның анықтауышы қызметін атқарады. Мысалы:

Жүмләт алқарыстан падшаһ хазратлары Барыс Федорович — ұлұғ, бик ақ хандұр (3). Ол яш ұғлан анасыға айтор (20). Карахан ұлұғ той қылды (22). Бірнеше күн анда балшықлы су іштіләр (42). Аның ұлұғ шаһары бар ерді (60). Шыңғысхан бұ иылларда өз ордасында келіп ұлұғ құрылтай қылды (66).

Шежіреде кездесетін сын есімдер келтірген мысалдағыдай әрдайым зат есімге ғана тіркесіп тұрмайды. Олар кейде етістікке тіркесіп келеді. Мұндай жағдайда ол не күрделі баяндауыш жасайды, немесе амал пысықтауышы функциясында тұрады. Мысалы:

Үғлан б иғ аят а у р у, с а хып жа ма л у а хұп с о р т л ы ғ болды (20). Соңғы келіндин бұ екі келін пә кз а л ыр ақ, көріклұкірәк тұрор (23). Ол бұл ішні ұлұғ көрді (21). Хатұн яшұрұн иман келтірді (20). Бір күн Оғұз яшұрұн ол қызға айды (21).

Мысалдың алдыңғы үш сөйлеміндегі сын есімдер (алдыңғы екі сөйлемде олар бірыңғай болып келген) болды, тұрор, керді деген көмекші етістіктерге тіркесіп, күрделі баяндауыш жасап тұрса кейінгі сөйлемдердегі яшұрұн (жасырын) деген сын есімдер келтірді, айды деген етістіктерге тіркесіп, сын пысыктауышы болып тұр.

Бірақ барлық жағдайда да сын есім өзі тіркесетін сөзімен кабыса байланысып келген.

Қазіргі әдеби тіліміздегі сияқты сын есім кейде Үғлы б иік бойлығ ерді. Ол аласа б о йл ы ғ ерді (83) деген тәрізді сын есімге де тіркесіп келеді. Бірак мұндай тіркес өте сирек кездеседі.

Сан есімді тіркестер



Шежіреде кездесетін сан есімдердің негізгі түрлері — есептік, реттік сандар мен болжалды сан. Бұл сандар не зат, бұйым есебін білдіру үшін, немесе мезгілдік есепті білдіру үшін ғана қолданылған.

Сан есімдердің өте көп және жиі кездесетін түрі — зат есіммен тіркесе айтылатындары. Мысалы:

Айналасы — а л т ы хан. төңірегі — төрт хан (3). Тақы екінші ағасы Көзханның қызын жаһат аңа алды (21). Иолын тосып, иолда с е л і з ұглұн өлтірді, тоқұзыншы ұғлын таба алмадымер (34). Ол юз бегі, м ы ң бегі болды (72). Ол тө рт қордаға башлық ерді (72).

Айтылғандармен катар сан есімнің етістікпен тіркесетін түрі де кездеседі. Мысалы:

Үғлан бір яшады. Үғлан бір яшар ерді (20). Бұ шақта Шыңғысхан и е т м і ш ү шт е ерді (68).

Кейбір сөйлемдерде сан есімнің септік формасында айтылып, етістікпен тіркесетіні де кездеседі: юзін өлтірді, м ыңға иеткәрді (жеткізді), екісіні қайтарды, Шыңғысхан е кі с ін де алды (80), т. б.

Үшбу иолдан шықты (21). Тағ арасында бір ұғлан иығлар. Ш о л иердә ләшкәр башлығы болды һәм б ар ш а ұғланлары аның ләшкәр бггі болды (76). Анлар бұ уалаятқа келді (77).

Матасу негізінде тіркес жасайтын есімдіктердің көп кездесетін түрі жіктеу, сілтеу, өздік есімдіктері. Бұлар, көбінесе, зат есіммен, ара тұра есімшемен байланысады. Мысалы:

Анларның бегі Айбоқа ерді (77). Оғұз аны һәм дост тұтмады, аның қасына бармады. М енің сөзімні тынламады. Мен хұдайыны ешіткәнім иоқ, уа ләкін се н ің сөзіңдән шықмайын (22). Анларның айтқанын ешітті (24). Менің айтқанымны иеткіз (32). Һишбірісінің айтқанны тыңламады (75). Атасы Карахан өз ағасы Көрхандин туған ғаят хұп Сахып-Жамал қызы бар ерді (20—21). Шыңғысхан өз юртыға қайтты (63).

Мысалдағы бөліп көрсетілген есімдіктердің барлығы да өздерінен кейінгі зат есім, есімшелермен изафеттік қатынаста тіркескен. Бұлардағы ілік жалғауынсыз байланысып тұрған тек өздік есімдіктері. Бірақ олардың байланысы кейінгі сөздегі тәуелдік жалғауынан байқалып тұр.

Есімдік тіркестің меңгеріле байланысатын түрі септік жалғаулық есімдіктер мен етістік арасында кездеседі. Мысалы:

Мен сенісоң дост тұтармын уа саңа (яуықлық) қылармын. Оғұз бұ себепдин мұң а ілтифат қылмады, ан ы дост тұтмады. А н д ин бұрұн һишкім ерсэ екі хатұнны ибэрмэс ерді (21). Мен анлар б и лә сұхбат қылмадым (21).

Еңбекте есімдіктердің соң, үшүн шылауларымен тіркесіп келетін (андин соң, аның үшүн, сенің үшүн, т. б.) түрі де кездеседі. Мұндай тіркестегілер белгілі бір етістіктерге жалғасып, оны пысықтап тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет