Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Тарихи грамматика пәнінің мақсаты мен міндеті.
Түркі тілдерінің даму кезеңдері.
Тарихи лексикология мәселелері.
Тарихи этимология.
Тарихи фонетика .Дыбыстардың даму тарихы.
Тарихи морфология.
Есім сөз таптарының даму тарихы.
Етістіктің даму тарихы.
Тарихи синтаксис мәселелері.
Әдебиеттер: 1, 2, 4,5, 7, 8,11.
7- Дәріс: Дауыссыз дыбыстардың дамуы
1. к, қ, н,ң,р,л дыбыстардың дамуы
2. ш,т,д,ж,з,м дыбыстардың дамуы.
Мақсаты:. Қазақ тіліндегі к, қ, н,ң,р,л дыбыстардың дамуы туралы түсінік беру.Қазақ тіліндегі ш,т,д,ж,з,м дыбыстардың дамуы
Мазмұны:
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Тарихи грамматика пәнінің мақсаты мен міндеті.
Түркі тілдерінің даму кезеңдері.
Тарихи лексикология мәселелері.
Тарихи этимология.
Тарихи фонетика .Дыбыстардың даму тарихы.
Тарихи морфология.
Есім сөз таптарының даму тарихы.
Етістіктің даму тарихы.
Тарихи синтаксис мәселелері.
Әдебиеттер: 1, 2,
8-Дәріс : Буын үндестігі мен дыбыс үндестігі
1. Буын үндестігі мен дыбыс үндестігінің қалыптасу тарихы.
2. Фузиялық өзгешеліктер.
Мақсаты: Буын үндестігі мен дыбыс үндестігінің қалыптасу тарихы жайлы студенттерге мағлұмат беру.Фузиялық өзгешеліктерді түсіндіру.
Мазмұны:
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Тарихи грамматика пәнінің мақсаты мен міндеті.
Түркі тілдерінің даму кезеңдері.
Тарихи лексикология мәселелері.
Тарихи этимология.
Тарихи фонетика .Дыбыстардың даму тарихы.
Тарихи морфология.
Есім сөз таптарының даму тарихы.
Етістіктің даму тарихы.
Тарихи синтаксис мәселелері.
Әдебиеттер: 1, 2, 5, 8, 9, 11, 12.
9- Дәріс: Тарихы морфология
1. Тарихи морфологияның зерттеу нысаны, мақсаты.
2. Түбірдің сипаты. Түбірлердің синкретизмі. Сөз мағынасының дамуы, конверсия құбылысы.
Мазмұны: Тілдің морфологиялық құрылымының тарихи даму оның туыс тілдер матеиалдарымен, тілдік тарихи ескерткіштер фактілерімен салыстырып зерттеу арқылы ғана емес, сол тілдің өз құрамында қалыптасқан тілдік элементтерді зерттеу арқылы да ашылады. Қазіргі қазақ тілінің осы күнгі морфологиялық құрылымының бүгінгі қалыпқа жету жолын да аталған әдістерді қатар қолдана отырып зерттегенде ғана айқын түсінуге болады.
Егер қазіргі қазақ тілінің фактілерін тарихи ескерткіштер фактілерімен салыстырсақ, онда бүгінгі тілімізде негізгі, я алғашқы түбір делініп жүрген біраз түбір сөздердің өзін алғашқы түбір мен өлі қосымшаға айыруға болатынын көреміз.
Морфологиялық элементтердің динамикалық дамуын қарастырғанда белгілі бір тілге тән тұлғаларды, мүмкіндігіне қарай, көне заман ескерткіштері фактілерімен де, туыс тілдер фактісімен де салыстыра қарау қажет.
Тілдің морфологиялық құрылысының даму кезеңдерін білуде жергілікті ерекшеліктерді әдеби тіл нормаларымен, көне дәуір ескерткіштерімен және туыс тілдер материалдарымен салыстырып қараудың маңызы зор. Бұл тұрғыда мына жай еске алынады: жергілікті ерекшеліктер барлық жағдайда тілдің көне дәуірінің қалдығы бола бермейді. Олардың едәуір бөлігі кейінгі кезеңдерде көрші халықтармен жиі қарым-қатынас жасап, араласудың салдары болуы да мүмкін. Алайда, мына жай да ескерілуі тиіс: халықтың этникалық негізі көптеген ру-тайпалардан құралғандықтан, қазіргі уақытта кейде оғыз тілдерінің белгісі, қарлұқ тілдерінің элементі деп жүргендердің біразы-ақ халықтардың құрамына енген сол тайпалар тілдерінің қалдығы болуы да мүмкін. Сол себептен де жергілікті говорларда кездесетін бірсыпыра грамматикалық (морфологиялық) ерекшеліктердің тіліміздің морфологиялық құрылымының тарихи даму жолдарын зерттеуде бағалы материал болуы әбден ықтимал жай.
Тілдің морфологиялық даму заңдылықтары жайлы сөз болғанда грамматикалық тұлғалардың дамуындағы кейбір факторлардың мәні ерекше. В.А. Богородицкий оларға қарапайымдану (опрощение), морфологиялық ығысу (морф. переразложение), аналогия және халықтық этимология, дифференциация, сөз мағынасының өзгеруі тәрізді құбылыстарды жатқызады. Бұл факторлар тілдің морфологиялық құрылымының дамуына үнемі әсер етіп отырады. Алайда ол сөздерді бүгінгі қолданушылар олардың құрандылығына немесе олардың әр бөліктерінің бір кезегі мағыналарына зер салмайды, қазіргі қолданыста ол сөздердің әрқайсысы – беретін мағынасы тұрғысынан бөліп жаруға келмейтін бір ғана түбір. Мысалы, қазіргі тілімізде бар ашудас, ай қабақ, ақ табан, алаөкпе,, бізқұйрық, бірқазан т.б. сөздерді немесе Жанұзақ, Тоқсанбай тәрізді кісі аттарын қолданғанда олардың құрамы және о бастағы мән-мағынасы туралы ойланып жатпайды.
Түбір мен қосымшаның өзара жымдасып кетуі кейде бастапқы түбірдің өзінің дербес мағынасын жоғалтып, ескіруінен болуы мүмкін. Мұндай жағдайда түбірдің бастапқы сипаты басқа сөздермен салыстыру арқылы, ондай мүмкіндік болмаған жағдайда, қосымшаның құрамы арқылы анықталады. Мысалы, ілгері, айт, жоры, алда, байла, арт, сан т.б. Осы сөздердің қай-қайсы да жоғарыда айтылғандай, түбір мен қосымшаның жымдасып кетуінен пайда болған.
Қазіргі тілімізде байырғы түбір деп қаралатын толып жатқан бір буынды сөздердің морфологиялық қарапайымдану (А.Н. Кононов мұны фузия, яғни жымдасу, Рамстедт сращение деп атайды) процесінің нәтижесінде барып қалыптасқанын көреміз.
Алайда морфологиялық жымдасу (қарапайымдану, фузия) тек түбір мен қосымшаның бірігіп, бөліп-жаруға келмейтін ұғымға ие болуына ғана әсер етіп қоймаса керек. Бір фонемадан ғана тұратын алғашқы қосымшалардың фузияның нәтижесінде өзара жымдасып, бірігіп кетуінің салдарынан осы күнгі бір буынды (кейде екі буынды) аффикстер қалыптасса керек, А.Н. Кононов осындай топқа – ғылтым (-ғы+л+ты+м), - сымақ (-сы+ма+қ), - мтыл (-м+ты+л) аффикстерін жатқызады. Бұл аффикстерді ол, қазіргі түркі тілдерінің фактілеріне сүйене отырып, кішірейткіш және ұқсастыру (уподобление) аффикстерінің жымдасуынан қалыптасқан деп қарайды.
Сөйтіп фузия – түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің морфологиялық құрылысына үлкен із қалдырған процестің бірі, фузия арқылы жеке түбірлер, түбір мен қосымшалар, қосымшалар мен қосымшалар бір-бірімен жымдасып, ажыратып болмастай күйге жеткен. Көп ретте фузияға ұшыраған тілдік элементтер өзінің о бастағы дербестігінен айырылып қалады.
Морфологиялық құрылымның дамуы барысында бір ғана тұлғаның әр түрлі варианттары грамматикалық және мағыналық жақтарынан дифференцияланып, әрқайсысы өзінше, грамматикалық және семантикалық дербес мәнге ие болатын кездері де бар. Қазіргі тілімізде қыстақ, қыстау, бақ, бау, тақ, тау, адыр-айыр, адақтау-аяқтау тәрізді бір грамматикалық классқа жатқанмен, әр түрлі дыбысталатын сөздер бар. Бұлардың бір-бірінен грамматикалық айырмашылығы жоқ. Бар айырма – олардың мәнінде, қазіргі қолданылуында.
Сөздердің белгілі бір морфологиялық тұлғада қалыптасуы кейде аналогия жолымен де болады. Тілді қолданушылардың санасында ұқсас, орайлас сөздердің морфологиялық жағынан ыңғайлас қолданылатын кездері бар. Қазіргі қазақ тілінде жирманшы – жиырмасыншы деген жарыспалы сөздердің пайда болуында аналогияның ізі байқалады.
Морфологиялық тұлғалардың тарихи өзгерісін байқауда фонетикалық заңдылықтардың мәні зор. Дыбыстардың тарихи ауысулары мен сәйкестіктері, редукция және элизия құбылыстары, екпіннің ықпалы т.б. сөздің құрылысына, морфологиялық тұлғаға әсер етпей қоймайтыны айқын. Сонымен бірге, сөз құрамында дивергенция және конвергенция құбылыстарының да ізі кездесіп отырады. Дивергенция, яғни, бір дыбыстың бірнеше вариантқа ыдырауы сөздің немесе грамматикалық тұлғаның да бірнеше вариантта айтылуына негіз жасайды. Дивергендік варианттардың мысалы ретінде қазақ тілінде ертеден сақталып қалған жер-су аттарының құрамындағы кейбір аффикстер мен олардың қазіргі тілде өнімді қолданылатын варианттарын салыстыруға болар еді. Шідерті, Өлеңті, Мойынты тәрізді атаулар құрамындағы –ты//-ті мен қазіргі тілдегі –лы//-лі бір ғана аффикс.
Сөздің, гармматикалық тұлғаларды бойында кездесетін кейбір өзгерістердің себебі – дыбыстардың конвергенциясы. Богородицкий конвергенция деп атаған бұл құбылыс генезисі жағынан әр түрлі топтарға жататын сөздер мен тұлғалардың дыбысталуы жағынан бірыңғай, бірдейлігін білдіреді. Ол баста әр түрлі генезистен тараған, соған орай бір-бірінен өзгеше дыбысталған кейбір сөздер мен тұлғалар дыбыстардың акустикалық заңына негізделіп, бір ғана фонетикалық пішін алады да, сырттай қарағанда морфологиялық бір ұя, бір тұлға тәрізді көрінеді.
Морфологиялық категориялардың ішіндегі ең бастылары – сөз таптары.
Түркі тілдерінің өте көне дәуірінде осы күнгідей сан салалы, жіктелген сөз таптары айқын көрінбеген. Орхон-Енесей жазба ескерткіштерінде қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптарының бәрі бірдей кездеспейді. Және барларының өзі де осы күнгі тіліміздегідей дамыған, сараланған дәрежеде емес. Ол тілде бір-бірінен айқын сараланған сөз таптары зат есімдер мен етістіктер. Есімдер тобында басқалардан айқын жігін ашқаны – сан есімдер.
Түбірлердің синкретизмі. Тілдің морфологиялық құрылысының даму ерекшелігі туралы айтқанда бір ескеретін жай – түбірлердің синкретизмі мәселесі. П.М.Мелиоранский Күлтегін ескертішіне байланысты бірсыпыра қосымшалардың есім түбірге де, етістік түбірге де жалғануының себебі сірә түбір атаулының омонимдес болуынан шығар деген ой айтқан. Кейінгі уақытта да түркі тілдеріндегі есім, етістік түбірлердің омонимдігі проблемалық мәселе ретінде жиі сөз болып жүр. Түбірлердің бұл ерекшелігі көбіне контекст құрамында айқындалады. Етістік түбірдің есім мағынасы тұрақты тіркестер құрамында ұшырасады.
Э.В.Севротян келтірген материалдарға негізінде қазақ тіліндегі мынадай ұқсас түбірлерді көрсетуге болады: аң түбірінен қазақ тілінде аңсыз (байқамсыз) сын есім, сол түбірден аңда (кейде аңлау), аңса етістіктері жасалған. Бұлармен түбірлес аңсар сөзі аңсарым ауды тұрақты тіркесінде ғана сақталған. Аңды туынды етістігі – актив сөз. Сол сияқты, аш – етістік, ашық – сын есім (әрекеттің нәтижесі), ашық – сын есім (түсті білдіреді), аш – сын есім. Егер осы келтірілген мысалдарды байырғы түбірлер деп қарасақ, есімдер мен етістіктердің түбір сәйкестігін – бір ғана түбірден (немесе фонетикалық құрамы бірдей түбірлерден) әрі есім, әрі етістік жасалғанын көреміз.
Енді бір алуан түбірлер түрлі ыңғайда ұшырасады. Мысалы, кең, кеңіс, кеңістік, тын, тыныш, тыныштық, ұят, ұял, ұялу, ары, арық, арықтық, сен, сенім, сенімді, көн, көік, көнікті т.б. сөздерін шартты түрде екі топқа: алдыңғы екі сөзді (кең және тын) бір топқа, соңғыларын екінші топқа ажыратуға болар еді. (әрине, тағы да қазіргі тілдің нормасы бойынша). Өйткені кең және тын қазіргі қазақ тілінде тек қана есім есебінде ұғынылады. Бірақ бір өзгешелігі: кеңіс, тыныш сөздерінің құрамындағы –іс, -ыш аффикстері - әсте есім түбірлерге жалғанбайтын қосымшалар. Бұл фактілердің бәрі есім және етістік түбірлердің көп ретте бір-біріне ыңғайланып отыратынын байқатады. Бұл сәйкестік тек алғашқы түбірлер ғана емес, кейінгі, екінші дәрежелі түбірлер тұлғасында да байқалады. Э.В.Севоротян бұларды синкретикалық негіздер деп атайды.
Н.К.Дмитриев етістіктердің тарихи қалыптасуының үш түрлі сатысын көрсетеді: 1) етістік түбірлердің қазір байқауға болатын ең алғашқы кезеңі де, оның ерекшелігі есім мен етістік негіздерінің тұлғалық сәйкестігінен көрінеді. Мұндай негіздер лексикалық единицалар тәрізді дербес тұрып бөлектенбей, тек қана контекс құрамында синтаксистік единицалар есебінде бір-бірінен жіктеліп түсінілген; 2) есім мен етістік негіздердің бір-бірінен фонетикалық алмасулар арқылы жіктелуі; 3) етістік жасаудың тұрақты және негізгі жолы – аффиксация қалыптасқан, осы арқылы етістіктер мен есімдер бір-бірінен грамматикалық жағынан жіктеліп бөлінген. Сөйтіп бұл айтылғандардан шығатын қорытынды: тіл құрамында есім негіздер мен етістік негіздердің жіктелуі – фонетикалық ұқсас негіздердің тарихи даму барысында қалыптасқан құбылыс. Сол себепті де бір-біріне ұқсас сөздер ежелгі дәуірде әсте дербес лексемалар емес, қайта контекс құрамында ғана бір-бірінен ерекшеленетін синтаксистік элементтер ғана болған.
Алайда есім мен етістік негіздерінің синкретизмі туралы айтқанда, олардың арасындағы мағыналық байланысты ұмытуға болмайды.
Етістік пен есімдердің синкретизмі үш түрлі болып келеді: синкретикалық байырғы түбірлер, синкретикалық туынды түбірлер және синкретикалық қосымшалар.
Синкретизм немесе синкретикалық түбірлер – грамматикалық мәні мен қызметі жағынан бірдей болмайтын сөздер. Фонетикалық құрылысы жағынан синкретикалық түбірлер бір-бірінен ерекше де болуы мүмкін. Алайда олардың арасындағы фонетикалық айырма түркі тілдерінің дамуы барысында қалыптасқан дыбыс сәйкестігінің ізі немесе түркі тілдерінің өте ескі дәуіріндегі дауыстылардың «тұрақсыз» қолданысының қалдығы болуы мүмкін. Қазақ тіліндегі көз, көр сөздері дауыссыз дыбыс сәйкестіктері негізінде қалыптасса, тура, түзу, тер, тіз сөздері әрі дауыссыздыбыс сәйкестіктері, әрі дауыстылардың «тұрақсыздығы» нәтижесінде қалыптасқан.
Синкретикалық түбірлердің пайда болуын конверсия құбылысының нәтижесі деп қарауға әсте болмайды. Өйткені түркі тілдеріндегі сөздердің бір кездегі екі жақтылығы сол күйінде қалып қойған жоқ, әрі қарай екі бағытта бір тобы есімдер, бір тобы етістіктер болып, арнайы морфологиялық тұлғаларға жіктеліп дамыды. Кейде түркі тілдерінде конвергенсияның екінші түрі – Богородицкий айтатын фонетикалық конвергенция құбылысы ұшырасатыны бар. Негізі де, семантикасы да бір-біріне ешбір ұқсамайтын сөздер фонетикалық өзгерістің нәтижесінде бір ғана сипат алады. Синкретикалық түбірлер бұл құбылысқа да жатпайды.
Синкретикалық түбірлердің табиғатын тануда айрықша назар аударуды қажет ететін мәселе – олардың өзара семантикалық байланыстары. Әдетте синкретикалық етістіктер мен есімдер бір-бірімен себептілік байланыста болып отырады. Мысалы, ауыр дейтін етістіктен сол процестің нәтижесі болып саналатын ұғым атауы ауыру есімі келіп шығады.
Синкретикалық түбірлер мен негіздерді шолу мынадай қорытындыларға алып келеді: ең алдымен, етістіктер мен есімдердің грамматикалық формалар арқылы өз алдарына грамматикалық кластар есебінде қалыптасуы – тіл дамуының барысында пайда болған тарихи құбылыс. Тілдің өте ежелгі дәуірінде бір-бірінен синтаксистік қоршау арқылы ғана ажыраған сөздер келе-келе жеке грамматикалық форманттарға ие болып, лексикалық, синтаксистік жағынан да ажыраған. Олай болса, тарихи тұрғыдан сөздердің етістік жәе есім деп аталатын грамматикалық кластарға жіктелуі тілдің грамматикалық құрылысының дамуымен, соның нәтижесінде аффиксация тәсілінің пайда болуымен байланысты. Алайда аффиксация тәсілінің пайда болуынан кейін де түбірлердің синкретизмі жойылып кете қоймаса керек. Оның себебін алдымен аффикстердің екі түрлі қызметінен қарастырған жөн. Аффикстердің белгілі бір тобы есімде, етістік те жасау арқылы бұрынғы синкретикалық қалыпты жалғастырса, енді бір тобы айқын есім мәнінде қалыптасқан түбірлерге де, айқын етістік мәнінде қалыптасқан түбірлерге де жалғанып, грамматикалық диффузия қалпында қала береді.
Қазіргі тілде байырғы түбірлер деп қаралатын біраз сөздердің құрамын салыстыра талдағанда, олардың қайсысы да ежелгі түбір (қазір өзінің мағыналық, грамматикалық дербестігін жоғалтқан) мен қосымшаларға ажырайтыны байқалады. Өлі түбірлердің үлкен бір тобы –с қосымшасымен келеді: үлес есімі бар, жаңа сөз жасауға негіз де болады: үлестір, үлестіруші т.б. Көне түркі тілінде үле түбірінің үлеш, үлештір, үлет тұлғалары, яғни, етіс тұлғалары қолданылғын: Көне «түркі сөздігінің» авторлары оларды былай түсіндіреді: «үлеш – совм. От үле...», - екінші сөзбен ортақ етіс тұлғасы, «үлештүр – совм. побуд. от үле...», «үлет – побуд. от үле» (ДТС, 624). Сөйтіп ол тілде үле түбірі еркін, дербес қолданылған да, етіс қосымшалары сол түбірге тікелей қосылған. Дегенмен, қазақ тілінде үлес есімінің омонимі ортақ етіс мәнінде жұмсалатын үлес етістігінің тұлғалық бірдейлігі фонетикалық конвергенцияның нәтижесі. Ұлас (ұласу) етістігі қазақ тілінде тек осы сипатында ғана жұмсалады.
Қазіргі тілде түбір деп қаралатын едәуір сөздер тобы –қа (-ға), -ке (-ге) тұлғалы болып келеді. Олардың едәуір көпшілігі етістік түбірлер. Радлов «Сөздігінде» «булан – быть смешанным, сделаться мутным, темнеть... буланықылық – мутность, темнота..., буланық – смешанный, взболтанный, мутный, возбужденный..., буландыр – болтать, мутить» - деп түсіндіреді де, осман түріктері мен Қырым татарлары тілдеріне сілтеме беріледі. Оның үстіне, Радлов булан сөзін була-н деп талдайды. Егер осы фактілерді еске алсақ, қазақ тіліндегі бұлға етістігі мына тәріздес элементтерге ажырайтын болады: бұла-ға>бұл-(а)+ға>бұл-ға. Негіз тұрғысынан бұл етістік буалдыр есімімен түбірлес болып шығады.
Қазіргі тілімізде түбір деп қаралатын бірсыпыра сөздер –р (ыр, -ір) формантымен келеді. Жасыр етістігі қазіргі тіл тұрғысынан құрама элементтерге ажырамайды, оның себебі –ыр қосымша екенін білсек те, жас дейтін дербес мағыналы түбір жоқ. Ал көне түркі тілінде: «йаш – скрываться: ол мені көрүп йашты – он увидев меня, скрылся» (ДТС, 246). Елір етістігінің құрама екені өзімен түбірлес еліт сөзімен салыстырғанда байқалады. Екеуіне де ортақ түбір – елі – і/р – і/т қосымшалары ажырайды. Алайда қазақ тілінде дербес қолданылатын мұндай түбір жоқ.
Қазіргі қазақ тілінде –н қосымшасымен қалыптасқан сөздер де үлкен топ. Б.Юнусалиевтің белгілі зерттеуінде осы аффикс арқылы қалыптасқан 7-8 түбір сөз келтіріледі: келін, сауын, сан, жалын, құйын, жақын, жуан. Б.Юнусалиев этимологиясын негізінен қостай отырып, кейбір жерлерде дәлдік қажеттігін айтпасқа болмайды. Қырғыз тіліндегі жоон, қазақ тіліндегі жуан бір ғана түбірдің екі түрлі фонетикалық варианты екені айқын. Көне түркі тілінде осы мәндес сөздің үш түрлі варианты кездеседі: йаған (Малов, 383), йоған (Малов, 389), йоғун (ДТС, 270).
Қазіргі тілімізде түбір деп қаралатын бірсыпыра сөздер – т тұлғасында келеді. Бұл тұлға да осыдан бұрын әңгіме болған қосымшалар тәрізді етістіктер құрамында да есімдер құрамында да кездеседі. Айт, көне түркі тілінде: «ай – говорить, рассказывать, указывать распоряжаться...» (ДТС, 25), «айыт – побуд. от ай... айтыш – побуд. совм. От ай...» (ДТС, 29-80). Бірақ кейінгі дәуірлерге қатысты қыпшақ жазбаларында: айт (АФ. «Ат - тухват», ПД.), яғни, түбір мен қосымшасының тұтасқан түрі ғана қолданылған: қайт, көне түркі тілінде: «қай – поварачиваться, оборачиваться... қайыт – свернуться, поклониться в сторону... қайыш – совм. от қай - ...» (ДТС, 406,407). Бірақ:ПД, СС, Абух., қайт, түбір мен қосымшасының тұтасуы.
-т тұлғалы есімдер де бар. Олардың қай-қайсысы да етістік түбірден жасалғандығы байқалады. Кейбірі мына төмендегідей: үміт, көне түркі тілінде: «ум – надеяться, ожидать...» (ДТС, 616).
Сонымен бірге, тілімізде –а, -е қосымшаларымен қалыптасқан түбірлер кездеседі. Мысалы, түзе, осы етістікпен түбірлес түзік сын есім де бар, екеуіне ортақ түбір – тұз, көне түркі тілінде – «түз – 1, приводить в порядок, наводить порядок, устраивать, улаживать, 2, ровнять выравнивать» (ДТС, 602). Қазақ тіліндегі түзе тарихи негізі алғашқы түбірдің осы мәндерінің бәрін де бойында сақтаған.
Тілімізде –л тұлғалы түбірлер де бар. Бұл тұлғада қалыптасқан түбірлер де бірде есім, бірде етістік болып келеді. –л тұлғалы жасыл, қызыл, жегіл сөздері туралы түркологиялық зерттеулерде әр кез айтылып келе жатыр. Зерттеушілер қызыл сын есімін қыз етістік түбірі мен –л қосымшасына, жасыл, жеңіл сөздерін де жас , жең түбірлері мен-л қосымшасына ажыратады. Және мұндай талдаулар түркі тілдерінің барлығына дерлік ортақ екенін айтады. Дегенмен, осы тұлғалы кейбір есім сөздерге тоқталу артық емес. Қазақ тілінде батыл, қатал сын есімдері қолданылады. Көне түркі тілдерінде «бат – быстро, скоро... бата – тотчас...» (ДТС, 88-89). Қатал сын есіміне негіз болған түбір қазіргі тілде де актив қолданылады. Көне түркі тілінде де: «становтиься твердым, твердеть...» (ДТС, 432). Алайда қатал сын есімі тікелей қат түбірінен жасалмаған. Радлов «Сөздігінде» орта ғасыр әдеби тілдерінде қолданылған қатаған, қыпшақ, осман түріктері тілдеріндеқолданылған қаты тұлғасы көрсетіледі. Қазақ тіліндегі қатаң тұлғасын ескерсек, қатал сын есіміне негіз болған таза түбір емес сол етістік түбірдің көсемше тұлғасы деуге дәлел бар.
Етістіктер құрамында да –л қосымшасы жиі кездеседі. Қазіргі тілдегі –л етістік түбірді ырықсыз етіске айналдырады, яғни, қимыл-әрекет, істі істеушінің еркінен тыс орындалатын сыпатты білдіреді. Осы тұлға қазіргі тілімізде түбір деп есептелетін етістіктер құрамынан да кездеседі. Осы орайда бір ескеретін жай мынандай: қазіргі қазақ тілінде осы тұлғалас кейбір етістіктерсырт көзге есім түбірден жасалған тәрізді көрінеді. Өйткені сондай есім түбірлер қазіргі тілде дербес актив қолданылады. Мысалы, тіріл, тарыл етістіктерін тірі, тар сын есімдерінен жасалған деп айтуға сондай негіз бар. Бірақ көне түркі тілінде «тіргүд – оживлять...тіргүр – оживлять... тіргүз – оживлять... тіріг – живой... тіргілік – жизнь... тіріл – жить, оживать, воскресть...» (ДТС, 562). Бұлардың барлығы бір ғана түбірден тарағандар. Олай болса, қазақ тіліндегі тіріл етістігіне негіз болған сын есім мәнін берген түбір емес, етістік түбір. Түбір мен қосымша аралығындағы қысаң (ы) жалғастырушы дауысты. Ал тірі сын есімі соңғы дыбыстың (г) түсіп қалуының нәтижесі. Соның салдарынан етістік түбір мен сын есім тұлғасы сыртқы пішіні жағынан бірдей болып шыққан. Екінші сөзбен, бұл жерде фонетикалық конвергенция құбылысының нәтижесін көреміз.
Қазіргі тілде бірсыпыра түбірлер –ра//-ре тұлғалы болып отырады. Сан жағынан бұлар аса үлкен топ та емес. Кейбір фактілерге қарағанда, -ра екі түрлі аффикстің қосындысы. Мысалы, ажыра етістігі соны дәлелдейді. Көне түркі тілінде адыр, соның фонетикалық бір варианты ажыр//аджыр. Онда соңғы –а негіздің ескіруімен байланысты қосылған қосымша болып шығады.
Байырғы түбірлердің біразы –ы//-і аффиксімен күрделенген. Фактілерге қарағанда, бұл аффикс арқылы күрделенген түбірлер есімдер тобынан да, етістік тобынан да табылады. Жоры, көне түркі тілінде: «йор –объяснить, толковать», «жор-ы». Қазақ тіліндегі негіз байырғы түбірдің мағынасын сақтап қалған.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Тарихи грамматика пәнінің мақсаты мен міндеті.
Түркі тілдерінің даму кезеңдері.
Тарихи лексикология мәселелері.
Тарихи этимология.
Тарихи фонетика .Дыбыстардың даму тарихы.
Тарихи морфология.
Есім сөз таптарының даму тарихы.
Етістіктің даму тарихы.
Тарихи синтаксис мәселелері.
Әдебиеттер: 1, 2, 4,5, 7, 8,11.
10- Дәріс: Есім сөздердің даму тарихы
1. Сөздердің грамматикалық топтарға жіктелуі.
2. Есім сөз таптарының дамуы, тарихи өзгерісі.
Мақсаты: Сөздердің грамматикалық топтарға жіктелуі жайлы.
Есім сөз таптарының дамуы, тарихи өзгерісі.
Мазмұны: Тіліміздегі «есімдер» деп аталатын топқа жататын сөздердің грамматикалық кластары тарихи даму тұрғысынан бір-бірімен ұштасып, байланысып жатады. Мысалы, зат есімнің жеке семантикалық топтарының қалыптасуы жайлы айтқан дәл сондай тұлғалы сын есімдер тобының қалыптасуын назардан тыс қалдыруға болмайды.
Сөздердің грамматикалық кластарға жіктелуі сөйлем ішіндегі мәні мен қызметіне байланысты болған құбылыс. Айталық сөйлем құрамында үнемі бастауыш қызметінде жұмсалу, яғни, айтылатын ойдың иесін білдіріп, басқа сөздерге тәуелсіз қолдану зат есімдердің дербес, тәуелсіз қолданылатын сөз ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасады. Акад. И.И.Меншанинов: «Зат есім өзінің сөйлемде заттық мағынадағы мүше (бастауыш, толықтауыш) болуымен жіктеліп шықты» - дейді. Ал сол зат есімдермен іргелес, соларға бағынышты қолданылатын сын есімдердің сөз табы ретінде қалыптасуы туралы үндіевропа тілдерінің материалдары негізінде акад. В.М.Жирмунский: «Грамматикалық жағынан тұлғаланған сын есімдер категориясының қалыптасуы, яғни, есімдердің зат есімдер мен сын есімдерге жіктелуі, үндіевропа тілдерінде салыстырмалы грамматика әдістері арқылы көрінеді», - дейді. Нақ осы тұжырымды түркі тілдеріндегі, солардың бірі – қазақ тіліндегі зат есімдер мен сын есімдерге де қолдануға болады. Алтай тілдері тарихын зерттеушілер де сөз таптарының қалыптасуы туралы осыған ұқсас пікір айтады. Сонымен, есім сөз таптарының грамматикалық класс ретінде қалыптасуы тек зат есімдер мен сын есімдер арасындағы байланыстан ғана көрінбейді, олардың басқа топтарының да алдыңғы екі топқа қатысынан байқалады. Бұл айтылғандарға қоса акад. И.И:Меншаниновтың сөздердің атрибут (анықтауыш) мүше болып жұмсалуынан сын есімдер, пысықтауыш мүше ретінде жұмсалуынан – үстеу қалыптасты дейтін ескертпесін еске алу керек. Егер осы айтылғандардың бәрін қорытындылай келсек, есімдердің әрі грамматикалық класс болуымен бірге, лексикалық та топ екендігін, осы ерекшеліктердің өзі, айналып келгенде, олардың тарихи қалыптасуынан туғандығын көреміз.
Есім сөз таптарының ішінде оқшау тұратыны – үстеулер. Үстеулер шығу төркіні, қалыптасу тәсілі жағынан да әр қилы. Морфологиялық жағынан үстеулер бірде есім негізді болып отырады. Осындай әр тұлғалық оларды біршама кеш қалыптасқан грамматикалық класс деп қарауға мүмкіндік береді. Бүгінгі тілдегі көпшілі үстеу сөздердің құрама бөлшектерге оңай ажырауы да соған дәлел.
Есімдердің бір тобы – сан есімдер түп негізі жағынан басқа сөз таптарымен ұштасып жатады. Егер сандық ұғымды білдіретін сөздердің қалыптасуы аналитикалық ойдың синтездеу дәрежесіне көтерілуінің нәтижесі екенін еске алсақ, мұндай пікірдің дұрыстығы әсте талас туғызбайды.
Сонымен есім сөз таптарының дамуы, тарихи өзгерісі олардың бірыңғай қалыптасуына алып келеді. Есім сөз таптарын, оларға тән категориялар мен тәсілдерді тарихи тұрғыдан қарастырғанда да осы ерекшелік ескерілуге тиіс болады.
Зат есім – есімдер тобындағы сөздердің ішіндегі дербес қолданылатыны. Есімдердің басқа топтары осы зат есімдер айналасына топталып, осыған қатысты ғана қолданылады. Сөйтіп зат есімдер тек заттық мән-мағына туғызушы ғана сөздер емес, соғансйкес дербес қолданылатын да сөздер.
Қазіргі қазақ тіліндегі зат есім категорияларының негізгі түрлері көне түркі тілінде де кездеседі. Ол тілде де зат есімдер басқа сөз таптарымен салыстырғанда септелетін, көптелетін, тәуелденетін сөздер есебінде ерекшеленген.
Көптік категориясы және көптік жалғаулары. Түркі тілдерінің көне дәуірлеріне қатысты мұралар тілінде де жекелік мәнді білдіретін арнайы аффикстер болмағаны мәлім. Көптік мән арнайы жалғаулар арқылы да, яғни, морфологиялық тәсіл, сөздің лексикалық мағынасы, яғни, лексикалық тәсіл арқылы және сөз тіркестері синтаксистік тәсіл арқылы да берілген.
Кейбір жеке сөздердің лексикалық мағынасының өзінде топтасу, жинақтау ұғымы жатады. Мысалы, йылқы (жылқы), барым (мүлік-дүние) тәрізді сөздер қолдануына қарай жекелік те, топтау ұғымын да берген. Сонымен бірге, көптік ұғым сан есім мен зат есімнің тіркесі арқылы да жасалған. Мысалы, алты йегірма йаш (он алты жас), екі шад (екі шал) т.б. Сондай-ақ көптік мән қос сөздер арқылы да берілген. Мысалы, шад–апыт (шадтар, би-бектер).
Көптік мағынаны тудырудың негізгі жолы – көптік жалғаулары. О-Е жазбаларының тілінде көптік жалғауларының екі түрі кездеседі: -лар, -т, -лар жалғауы көптік мағына тудырудың негізгі тәсілі. Мысалы, беглер (бектер), кунчуйлар (әйелдер, ханымдар). Жинақтық мән беретін сөздер көбіне –лар жалғауынсыз да қолданылған: Тоқуз оғуз бегілері будуну бу сабымын егүті есід қатығды тыңла деген сөйлем құрамында бег (бек) сөзі көптік жалғаумен келсе, жинақтық мән беретін будун (халық) сөзіне жалғанбаған. Кейінгі дәуір жазбаларында да –лар көптік мән берудің басты тәсілі есебінде қолданылған: Білге кетік кішілер енім сөзүм ешідіңлер (КК.). Қазіргі қазақ тіліндегі –лар жалғауының қолданылуымен салыстырғанда, көне түркі тілінің біраз ерекшеліктері бар. Олар мына төмендегідей: сан есіммен бір тіркесте келген зат есімдер де кейде –лар жалғауын қабылдайды: маңа төрт йекілер йақын келті (ЗБ). Кейде алдында сан есім айтылған бірыңғай мүшелердің әрқайсысына –лар жалғанып қолданылады, төрт атларым, йылқыларым (ЗБ). Қос сөздердің әр сыңарларына жалғанады: куртлар – қоңыздар (ЗБ). Кейде жинақтық мән берілетін сөздерге де – лар жалғанып келеді: Қар, буз қамуғ ерішді. Тағлар суғы ақышты (МҚ). А.М.Щербак – лар аффиксінің Х-ХІІІ ғ. Жазбаларында мынадай қолданыстарды көрсетеді. – лар жалғауы изафеттің бірінші сыңарына ғана жалғанып келеді: Тағлар сувы (МҚ). Кейде – лар изафеттің екі сыңарына бірдей жалғанып келеді: қушлар авлағулары. Кейде – лар изафеттік тіркестің соңғы басыңқы сыңарына ғана жалғанады. Ащру улу йазлықлы турмен менің йаман ішлерімнен, йаман сағынчымдан (КК).
Қысқасы, - лар аффиксі өзінің мәні мен қолданылуы тұрғысынан көне түркі тіліндегі негізгі ерекшеліктерін сақтаған.
Тәуелдік категориясы және тәуелдік жалғаулары. Меншіктік пен меншіктелуші арасындағы қатынас, яғни, тәуелділік категориясы түркі тілдері құрамындағы байырғы құбылыстардың бірі. Түркі тілдері тарихындағы ең көне мұралар тілінде де қазіргі тілдегі тәуелдік категориясы мен оның көріністері көп өзгеріссіз берілген. Көне түркі тілінде тәуелдік категориясы морфологиялық тәсілмен (арнаулы қосымшалармен), морфология-синтаксистік тәсілмен (ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесі), синтаксистік тәсілмен (ілік жалғаулы жіктеу есімдіктері арқылы) берілген.
Жекеше: І ж. –м, (-ым, -им, -ум, -үм, -ам, -ем): будун-ым (халқым), қаң-ым (әкем), қут-ым (құтым, бақытым). ІІ ж. –ң, (-ың, иң, уң, -ұң, -үң, -аң, ең): қут-ың (сенің бақытың). ІІІ ж. –ы, -сы, (-ы, -и, -сы, -си, -зы, -зи): уйасы (оның ұясы, ұрпағы), қағаны (ханы), айғучысы (уәзірі).
Көптік: І ж. –мыз (-мыз, -миз, -мүз, -ымыз, -имыз, -умуз, -амаз, -әмәз), ханымыз, ечимиз, қағанымыз. ІІ ж. –қыз, -киз, (-ыңыз, -иңиз), -үнүз: адашыңыз (сіздің жолдастарыңыз), қағаның (сендердің хандарың). ІІІ ж. –ы, -сы, -си (-зы, -зи) –сылар, -силар.
Жазбалар тілінде тәуелдікте тұрған сөз жіктеу есімдіктерімен тіркесіп те, тіркеспей жеке де айтыла береді. Яғни, қазіргі қазақ тіліндегідей, бірде менің кітабым, бірде кітабым, түрінде жеке де айтылады. Тәуелдік жалғауларының ашық дауыстылардан басталатын варианттары көне түркі ескерткіштерінің бәрінде бірдей кездесе бермейді. Бұл варианттар көбінесе Шығыс Түркістаннан табылған жазбалар тілінде (манихейлік текстер, кейбір ұйғыр жазбаларында) ғана ұшырасады.
Түркітануда тәуелдік жалғауларының арғы негізі – жіктеу есімдіктері дейтін пікір тұрақталды. Түркі тілдерінің тарихын зерттеушілер өте көне дәуірде екпін түскен буыннан кейін айтылған айтылған жіктеу есімдіктері бара-бара өзінен бұрын тұрған, негізгі логикалық екпін түскен сөздің энклитикасына айналған дейтін пікірді бекерге шығармайды.
Жіктік жалғаулары. Түркологияда тәуелдік жалғаулары сияқты, жіктік жалғаулары да жіктеу есімдіктерінен тараған дейтін көзқарас талас туғызбайтын жай. Алайда жіктік жалғауларының қазіргі типі, белгілі мұралар тіліндегі түрі бұларды да тарихи тұрғыдан тәуелдік жалғауларымен тұлғалас деп қарауға мүмкіндік бермейді. Ежелгі ескерткіштерде бұл жалғаулар мына түрде кездеседі: VII-VIII ғ. Сүледіміз, сүңүсдіміз, бұздумыз. ХІ ғ.: Мен барырман, мен бармасман. – Мен барамын, мен бармаймын (МҚ). XIV ғ. Сенің йазықыңның алдында мен турурмен. – Сенің күнәңнің алдында мен тұрмын (КК).Егер қазіргі қазақ тіліндегі жіктік жалғаулармен салыстырсақ, бар айырмашылық дауысты дыбыстардың алмасуларында ғана.
Н.К.Дмитриев: «Қазіргі тілдегі жіктік жалғаулары тұрақты дыбыстық құрамын жоғалтып, әр түрлі дыбыстық варианттарға жіктелудің нәтижесі», - дейді.
В.Котович жіктік жалғауларын «байырғы етістік суффикстері» деп атайды да, олардың жіктеу есімдіктерінің постпозициялық тұлғасына (атау тұлғасы) жақындығын, өзара ұқсас, ыңғайлас жақтарының көп екендігін айтады.
Жіктік жалғауларының қалыптасуы, яғни, жіктеу есімдіктерінің жақты білдіретін грамматикалық көрсеткіштерге айналуының басты тәсілі –постпозициялық қолданыс болғандығын көне, жаңа түркі тілдерінің материалдары дәлелдейді.
Септеу категориясы және септік жалғаулары. Септеу категориясының даму ерекшеліктері. Түркі тілдерінің V-VIII ғ. Ескерткіштері тіліндегі септік жалғаулары кейінгі XI-XV ғ.ескерткіштері тіліндегі сондай категориямен грамматикалық қызметтерінің жіктелуі жағынан да, қолданылу тұрғысынан да бірдей емес. V-VII ғ. Көне түркі тіліндегі кейбір септіктер екі не үш түрлі грамматикалық мәнде қолданылған, яғни ол тілде септіктердің диффузиялық күйі байқалады. Онда , сонымен қатар, септік жалғауларының шылаулар жетегінде айтылуы да енді қалыптаса бастаған құбылыс ретінде ғана көрінеді. Қазіргі түркі тілдеріндегі септік жалғаулары басты екі топқа – грамматикалық септіктер мен көлемдік септіктерге жіктелетіні белгілі. Көне түркі тілінде де нақ осы із бар. Ал септік жалғауларының тілдің даму процесінде семантикалық жіктелуі осы ек ітоптың әрқайсысының өз ішінде болған құбылыс.
Септік жалғауларының морфологиялық және семантикалық дамуы екі түрлі грамматикалық категориямен тығыз байланысты: тіл құрамында жалғаулардың пайда болып, молаюы және етістіктердің меңгеру қабілетінің өзгеріп, кеңеюі.
Негізгі септелетін сөздер – зат есімдер. Алайда қазіргі тілде субстантивтенген кез келген сөз септік жалғауларын қабылдайды. Осы із түркі тілдерінің тарихында жаңа емес, дегенмен, қазіргі тілдегідей етек алмаған.
Атау септік. Атау септік тұлғасы ескі жазбалар тілінде мынандай қызметт ежұмсалған: Атау септік тұлғасы өзінің тура мағынасында қолданылған: Аганияз ер ағыр бедісміс (М). «Аганияз қою (әдемі) оюлады: Ілкі сен барғыл» (МҚ) «Алдымен сен бар». Зат есімдер де, есімдікте де атау тұлғасында жұмсалып, сөйлем бастауыш қызметінде келген. Ілік септік қызметінде жұмсалуы: Білге Тонықұқ бен өзүм табғач іліңе қылынтым (Т). «Данышпан Тонықұқ мен өзім табғачтың еліне қол арттым». Кімі ічре олдуруп, Іле сувын кечтіміз, ұйғыр таба башланып, мыңлақ елін ачтымыз (МҚ). «Кемеге отырып, Іленің суын кештік, ұйғырға дейін барып, Мыңлақ елін аштық». Табыс септік орнына жұмсалуы: ічін, ташын адынчығ бедіз уртуртым, таш тоқытдым (ҚТ). Іш-тысынайрықша өрнектеттім, тасты қойғыздым. Мұндай факт атау септік пен табыс септіктің тұлғалық омонимиясы, белгілі бір синтаксистік қызметте – тура толықтауыш болып жұмсалуы өте архаикалық құбылыс екенін көрсетеді. Жатыс септік орнында қолданылуы: Өтүкен иір олурып арқыш-тіркіш ысар, нең буңуғ йоқ. Өтүкен йыш олурсар, бенгі іл тута олуртачы сен, түрк будун, тоқ (КТ). «Өтукен жерінде отырып, керуен жіберсең, еш мұңың жоқ. Өтукен қалыңында отырсаң, мәңгі тұтас боласың сен, түрік халқы, тоқ боласың».Қазақ тілінде атау тұлғасының жатыс септік орнына қолданылуы кездеспейтін факт. Құралдық септік мәнінде қолданылуы: Тоқуз йаңыңа сү йорылым (М) . Айдың тоғыз жаңасында әскермен шабулға шықтым. Құралдық септік қызметінде қолданылуы V- ІХ ғ. Жазбаларында жиі кездеседі. Бірақ бұл қолданыс ХІ-XV ғ. Ескерткіштері тілінде байқала бермейді. Барыс септік орнына қолданылуы: «Бабурнаме» тілінде атау тұлғаның барыс септік орнына қолданылуы кездеседі. Бұхара барды – Бұхараға барды. Мен бу тарап келдім – Мен осы маңға келдім. Атау тұлғасы шығыс септік орнына жұмсалуы да кездесіп отырады: Көгмен аша қырқыз йіріңе тегі сүледіміз. Көгменнен асып қырғыз жеріне дейін шабулдадың (КТ). Иол азылды – жолдан азды (МҚ).
Көне түркі тіліндегі атау тұлғасының көп функциялылығы жалпы септік жалғауларының бір-бірінен ара жігін айқындамауының,түгелдей жіктелмеуінің нәтижесі деп қана қараған дұрыс.
Ілік септік. Ілік септік тұлғасының көне жазбалар тілінде мына сияқты фонетикалық варианттары бар: -ың, -ің, -уң, -үң, -ның, нің, -наң, -нәң. Зерттеушілер –ың және –ның, яғни, аффикстің ең басында –н дыбысының бар я жоғына қарай, ілік септік қосымшасының екі түрлі таралуын болжайды. Академик В.В.Радлов Алтын Орда жарлықтары жайлы еңбегінде –ың тұлғасын батыс түркі тілдеріне тән, -ның тұлғасын шағатай тіліне, яки, шығыс тілдеріне тән тұлға деп есептейді. Бұл пікір есімдіктердің септелуін негізге алады. Орхон-Енесей жазбалары тілінде ілік септіктің қолданылуы: Күн тігін Байырқұның ақ адғырығ бініп оплайу тегді (КТ). «Күл тегін Байырқұның ақ айғырын мініпшабулға шықты»... Олурыпан түрк будуның ілін, төрүсін тута бірміс, іті бірміс. «Отырып түрк халқының елдігін, тұтастығын сақтады». Зат есімге –ның түрінде (байырқұның) жалғанса, есімдікке –ың түрінде (мен-ің) жалғанған. Түркітанушы Бангтың түсіндіруінше ілік септік алғашқыда «субъектінің айналасындағы, қасындағы» дейтін мәнді білдірген де, меншіктілік мән соның негізінде барып қалыптасқан. А.М.Щербак ілік мәні алғашында да меншіктелу, тәуелдену мәнерімен келген деп қарайды. Яғни, сол меншіктілік, тәуелділік мәнді арнаулы қосымшамен беру қажеттігінен барып анықтауыштық конструкция құрамындағы атау тұлғасынан өзгеше тұлға – ілік септік қалыптасқан.
Ілік септік көне ескерткіштер тілінде кейде өзімен тетелес сөздің тәуелдік жалғаулы болуын талап етсе, кейде тәуелдік жалғауынсыз-ақ меншіктілік мән бере алады. Біздің еб (МҚ). «Біздің үй». Менің қарын тозты (МҚ). «Менің қарным тойды».
Ілік септік жалғауының қолданыстағы негізгі мағыналары: Бүтіннің бөлшеген, құрама салаларын білдіреді: Менің қарным тозты (МҚ). «Менің қарным тойды». Кісілер, заттар арасындағы қатысты, байланысты білдіреді: Бенің будунум анта ечуч (Т). «Менің халқым ана жақта еді». Абстрак меншіктілікті де білдіреді: Біздің хан ағаларымыз (ЯТ). «Біздің хан ағаларымыз».
Табыс септік. Табыс септік жалғауы әдетте тура толықтауыштың грамматикалық көрсеткіші деп қаралады. Табыс жалғауы қашан да іс-әрекет таралған тура объектіні білдіретін грамматикалық тәсіл есебінде танылды. Табыс септік қазіргі түркі тілдеріндегі тұлғалары бір-біріннен сонша алыстап кетпеген. Көне түркі ескерткіштері тілінде табыс септік жалғаулары мына төмендегідей тұлғаларда кездеседі: 1. –ғ, -г, -ығ, -іг, -ұғ, -үг; 2. –ы, -и; 3. –н, -ні, -ны.
Көне түркі жазбалары тілінде табыс септік жалғауының негізгі қолданысы мынадай: Істің, әрекеттің таралу объектісін білдіреді: ...Тоқуз оғуз беглері будуны бу сабымен едгүті есід қатығды тыңда (КТ). «Тоғыз оғыз бектері халқы бұл сөзімді жақсылап есіт, қатты тыңда».
Тура толықтауыш қазіргі тілімізде сабақты етістіктермен ғана байланысады. Алайда, көне түркі ескерткіштерін зерттеушілер ол тілдегі толықтауыштар әрқашан тек сабақты етістіктерге ғана қатысты болып келмейтінін айтады. Көне ескерткіштер тілінде (V-VIII ғ.ғ.) тура толықтауышты өзіне бағындырып меңгеретін етістіктердің толық емес тізімі мынадай (С.Малов): код (қою), келтүр (келтіру), ал (алу), йаратын (жараттыру), көзүн (көріну), бол (болу), сақын (ойлау), сы (сындыру), ас (асу, таудан асу), бар (бару) т.б. Осы етістіктердің біразы іс-әрекетті белгілі бір объектімен байланыстыра білдіруге икем болса, кейбірі мекен-көлемдік т.б. мән беретін сөздер. Бұлар тура объектілік мәнмен бірге, басқа да грамматикалық қатынастарда жұмсала алады. Көне түркі тілінде табыс жалғауы сабақты етістіктермен қатар салт етістіктерге қатысты қолданылған.Табыс жалғауының бұл ерекшелігі олардың тек тура объектіні ғана емес, мекен, көлемдік, құралдық мән туғызуына да мүмкіндік берген.
Табыс септік жалғауының пайда болуын А.Н:Кононов табыстың көне түркі тіліндегі тұлғасы –ғ, (-ығ, -іг) ілік септік жалғауы құрамындағы мұрын жолды –ң дыбысының (-ың) өзгеруіненшыққан деп шамалайды. В.А.Богородский бұл жалғаудың алғашқы түрі оңтүстік-батыс тілдерінде кездесетін –ы, -і варианты деп қарайды. Есімдік түбірге жалғанған кезде түбірдің соңғы –н дыбысы морфологиялық ығысу заңы бойынша қосымшаға ауысқан (мен-і>ме-ні). Кейін осы құрамда есімдіктердің септелуіне де ауысқан. Ал –ы, -і тұлғасын этимологиялық жағынан тәуелдік жалғаудың ІІІ жағымен байланыстырады.
Барыс септік. Көне түркі жазбаларында барыс септік жалғауы бірнеше түрлі болып келеді: -ғару, (-геру, -қару, -керу), -ру (ру), - қа (-ке, -ға, -ге), -йа, (-йе), -а (-е). Барыс жалғауының осы түрлері көпшілігінде бір-бірімен жарыса қолданылған да, кейбір түрлерінің өзіне тән қолданылу мәні, сипаты болған. Өзіндік мәні бар жалғаулар сөздердің белгілі бір тобына ғана жалғанған. Орхон жазбаларында істің бағытын, мекенін білдіруге барыс септіктің –ғару, -геру (кейде -нару) тұлғасы қолданылады: ілгерү (шығысқа), біргерү (оңға), күн ортусынару (түстікке), йырғару (алға) т.б. –ғару аффиксі кісіні, халықты білдіретін сөздерге де жалғанып, ол сөздер істің бағытын білдіретін болады: Апа тарқанғару ічре саб ыдмыс (Т). «Апа тарқанға ішке қарай хабар жіберді». Кейінгі дәуір ескерткіштерінің тілінде бұл тұлға нақ осы сыпатында ұшыраспайды. –ғару аффиксінің түбірімен ұласып, бірігу процесі сол дәуірдің өзінде-ақ басталса керек. Қазіргі қазақ тіліндегі сыртқары, ішкері, шеткері, жоғары, тысқары сөздер ісондай процестің нәтижесі.
Көне түркі жазбаларында жиі қолданылатын барыс септік жалғауы –қа, -ке, -ға, -ге тәуелдік жалғаулы сөздерге –а , -е түрінде жалғанған. Бұл аффикс Орхон-Енесей жазбаларында барыс жалғауының басқа варианттарымен қатар және жиі қолданылған. Бір ғана сөздің өзі бірде –ғару аффиксімен, бірде –ға аффиксіменберілген. Қазіргі тілімізде жеке сөздер құрамында «өлі» қосымша есебінде бірді –ғару (сыртқары), бірде –ру (бері, кері) сақталып қалған.
Жатыс септік. Жатыс жалғауы сыртқы тұлғалық жағынан тарихқа белгілі ежелгі ежелгі дәуірлерден біздің тілімізге дейін көп өзгеріссіз жеткен. Тіл дамуының барысында бұл септік жалғауы қызметі мен етістіктерге қатысты қолданылу жағынан ғана кейбір өзгерістерге ұшыраған. Жатыс септік жалғаудың көне жазбалар тіліндегі қызметі мен мағыналары мына сыпатта: Іс-әрекеттің, заттың орын-мекенін білдіреді: Түрк сір будун йерінте бод қалмады (Т). «Түрк – сір халқының жерінде тірі жан қалмады». Іс-қимылдың, әрекеттің уақыт, мезгілін білдіреді. Күл тегін ол сүңішде отуз йашайур ерті (КТ). «Ол соғыста Күлтегін отыз жасар еді». Орхон-Енесей жазбаларында жатыс септік тұлғасы шығыс мәнінде де қолданылған. Шығыс септік қызметіндегі жатыс септік тұлғасы іс-қимылдың шығар көзін, мекенін білдіреді: Қырқызда йантымыз. Түргес қағанта көрүг келті (Т). «Қырқыздан қайттық. Түргеш қағаннан жансыз келді».
Б.А.Серебренников –да тұлғасының бойында болған локатив мәндерінің морфологиялық тәсіл тұрғысынан жіктелуін –да негізінде жаңа жалғаудың қалыптасуымен түсіндіреді. -дан жалғауының қалыптасуымен бірге аблатив мәні соған ауысты да, локатив мәні –да тұлғасында орнығып қалды. Заттың, процестің шыққан объектісін білдіреді. Табғачда адырылты, қанланты (Т). «Табғачтан айрылды ханды болды». Теңрі тег теңріде болмыш түрк білге қаған... (КТ). «Тәңірдей тәңірден жаралған түріктің білгір ханы...». Бұл қолданыс шығыс қызметін танытады. Бұл қолданыс қазақ тіліне тән емес.
Жатыс септік жалғауы барыс септік қызметінде де қолданылады: йарыс йазыда он түмен сү терілті (Т). «Жарыс жазығына он мың әскер жиналды»... бунда уртым (КТ). «Осыған жаздым»... бу қамар сүресі меккеде інді (тәпсір) «бұл сүресі Меккеге түскен». Жатыс жалғауының барыс септік орнына қолданылуы кейінгі қыпшақ ескерткіштерінде де бар. Қазіргі қазақ тілінде барыс пен жатыс жалғауларының ауысып қолданылуы кейбір жеке етістіктердің лексика-грамматикалық ерекшелігіне бағынышты жай. Жаз, жинал, қой етістіктер бірде барыс, жатыс септігіндегі сөздерді меңгереді. Бұл ыңғайда барыс, я жатыс септігінің қолданылуы контекстік мағына және сөйлеушінің мақсатына байланысты. Сонымен түркі тіліндегі жатыс септік көп мағыналы. Жатыс септік жалғауының басқа септікпен (шығыс, барыс) синонимдігі қазақ тілінде стильдік өң алған.
Шығыс септік. Шығыс септік тұлғасы қазіргі түркі тілдерінде үш түрлі вариантта кездеседі: бірсыпыра тілдерде тек д дыбысынан ғана басталса, кейбірінде тек қана қатаң т дыбысынан басталады. Ал қазақ тілінде дауыссыздар ыңғайында үш түрлі (т//д//н) варианттарында айтылады. Түркі тілдерінің өте ескі кезеңінде шығыс мәнін беретін арнаулы қосымша болды ма, дейтін мәселеде зерттеушілер шығыс қызметін Күл Тегін мен Тонықұқ ескерткіштері тілінде жатыс жалғауы атқарғанын, шығыс септіктің арнаулы тұлғасы өте сирек ұшырайтынын айтады. Дегенмен, мына сөйлемдерде: Өңден қағанғару сү йорыдым (Т). «Он жақтан хандыққа қарай әскер аттанды». Иарақлығ қантан келіп йаңа елтіді? «Жарақтылар қайдан келіп тозғындатты?» Осындағы өңден (оңынан) сөзі шығыс тұлғалы екені, мекендік мәнде қолданылғаны айқын.
Шығыс септік қосымшаларын ескерткіштер бойынша салыстырғанда көне түркі жазбаларында қысаң дауысты варианттар да (-тын, -тін), ашық дауысты варианттар да (-тан, -тен, -ден) кездеседі.
Шығыс жалғауының этимологиялық негізін зерттеушілердің қайсысы да оның алғашқы бөлігі (да-н) жатыс жалғауы деп қарайды. Рясяненің ойынша шығыс септік тұлғасы жатыс және құралдық септік тұлғаларының қосындысы. Рамстед көне жазбалар тіліндегі бірен-саран сөздерге шығыс жалғауының қабаттасып келуін негізге алып, мынадай жорамал айтады: іс-әркеттің шығар пунктін айқынырақ айту үшін жатыс жалғауының үстіне йан (жаны) сөзі тіркестіріле айтылған: оғуздайан. Кейін жатыс жалғауы мен энклитиканың (йан) кірігіп, қысқаруы нәтижесінде –дан тұлғасы шыққан. Б.С.Серебреников: шығыс қосымшасы –да негізінде қалыптасқанын айта отырып, соңғы элемент (н) құралдық мәнді (инструктив) емес, белгілі бір орныннан басқа жаққа жұмсалған қимылдың бағытын (латив) білдіретін қосымша деп есептейді. Қазіргі шығыс септігінің мәні мен қызметін ескерсек, ғалымның бұл пікірі шындыққа әлдеқайда жақын. Сөйтіп –дан құрамын тарихи тұрғыдан былай түсінуге болады: -да істің статикалық (қозғалыссыз) мекенін (локатив) білдіреді де, -н істің бағытын (латив) білдіреді. Осы ізбен таман, дейін, шейін, кейін сөздері құрамындағы – н-ді де бір кезгі сондай қосымша деп қарау керек.
Шығыс септік жалғауының негізгі мағыналары: істің, әрекеттің шығар көзін, іс-әрекеттің таралған, ажыраған объектісін білдіру. Сонымен бірге, шығыс септік жалғауы мынадай мағыналарды білдіреді: әрекеттің себебін білдіреді: Ер ышдын қорқуды. «Ер істен қорықты». Ол мендін тұрқығланды. «Ол менен ұялды, қысылды» (МҚ). Иазықлы ермен көргенімден, ешітімден (КК). «Жазықты едім көргенімнен, есіткенімнен...» Іс-әрекеттің болатын, болған уақытын білдіреді: соңырасында таш білен ташлап өрдүрдүлер (КК).
Кейде шығыс жалғаулы сөздер – іс-әрекеттің пассив субъектісін де білдіреді: бурун айтылды пайғамбардан (КК). Заттың әркеттің сараланған, салыстырмалы сынын да білдіреді, барчадан күчлу, барчадан татлы (КК), «баршадан күшті, баршадан даңқты».
Көмектес септік. Қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде жоқ септік жалғауы – көмектес септік. Зерттеушілер көмектес септіктің мәніне жақын септік жалғауының якут, чуваш тілінде барлығын айтады. Дегенмен, арнаулы грамматикалық тұлғасы бар көмектес септік қазақ тілінің ғана ерекшелігі. Басқа түркі тілдерінде бұл септік жалғаудың қызметін біле (білен) шылауы атқарады. Көне түркі тілінде қазақ тіліндегі – мен септік жалғауы мен басқа түркі тілдеріндегі біле шылауының мәнін беретін арнайы жалғау –ын, -ін, -н тұлғасы айтылған.
-ын, -ін, -н тұлғасы мынадай негізгі мағыналар туғызған: іс-әрекеттің болып өткен жолын, орнын білдіреді: Ол йолын – йорысар, унч – тідім (Т). «Ол жолмен жүрсе, мүмкін дедім». Іс-қимылдың болған, болатын мекенін білдіреді: Алтунйысығ йолсузын асдымыз. Ертіс үгүзүг кечігсізін кечдіміз (Т). «Алтын жерін жолсызбен астым. Ертіс өзенін кешпесізбен кештім». Іс-әрекеттің істелу құралын, объектісін білдіреді: інгек көлүкін Тоғлада Оғуз келті (Т). «Жүк тиелген көлікпен оғыздар Тоғлада келді». Істің істелу тәсілін білдіреді: Қыш йай біле тоқушты, қыңыр көзін бақышты (МҚ). «Қыс жазбен тоғысты, қыңыр көзбен бағысты». Х-ХІ ғ. Жазбаларында бұл жалғау мезгіл уақыт мәнінде де қолданылған: Ол қар қамуғ қышын ынар, Ашлық тарығ анын үнер (МҚ). «Ол қалың қар қыста жауар, ас болатын дән сонымен өнер». Көмектес септіктің бұл тұлғасы сөз өзгертуші, сөз байланыстырушы қосымша есебінде ХІ ғ. Кейін-ақ өз мәнін жоя бастаған. Бұған қарағанда –ын тұлғасы қазақтың халық тілі қалыптаспаған кезде-ақ өз мәнін жоғалта бастаған. Алайда қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамында осы жалғаудың кейбір іздері аңғарылады. Мезгіл үстеулері деп қаралатын қысында, жазында, күзінде (қыс-ында), күніне (күн-ін-е), айына (ай-ын-а) тәрізді сөздер құрамындағы –ын, -ін осы жалғау. Көмектес септіктің осы тұлғасымен бірге, көне түркі жазбаларының тілінде бірлестік, құралдық мәнде бірле сөзі де қолданылған. Бу йірде олурып. Табғач будун бірле түзелтім (КТ). «Бұл жерде отырып табғач халқымен жақындастым». Мезгіл мәнінде де бірле шылауы –ын тұлғасымен жарыса қолданылған. Біле шылауының –мен көмектес жалғауына және мен (менен, пенен) шылау сөзіне ажырауы халықтық ауызекі сөйлеу тілінің құрамында өткен процесс. Көмектес жалғауының да, мен шылауының да ауызекі сөйлеу тілінде, жергілікті диалектілер құрамында әр түрлі фонетикалық варианттарда кездесуі соны дәлелдейді. Сонымен, қазіргі тіліміздегі – мен тұлғалы көмектес септік о баста дербес шылау сөз болған, сол сөздің энклитикалық қолданыс нәтижесінде пайда болған – мен жалғауының грамматикалық мәнінің, қолданылу сферасының кеңеюіне алып келді. Бір-біріне мағыналық жағынан орайлас формалар мәндерінің бір ғана формаға жиылуы, сөйтіп мағыналық шоғырланыс тіл пайдалануда трансформация тәсілінің бір қыры болып табылады. Қалайда бүгінгі көмектес септік бір кезде үш түрлі тұлға арқылы берілген мән-мағынаның бәрін де бойына жиып, өзінің қолданылу өрісін кеңейткені айқын.
Достарыңызбен бөлісу: |