Силлабус Қазақ тілі тарихы


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



бет4/13
Дата08.06.2018
өлшемі0,76 Mb.
#42114
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  • Тарихи грамматика пәнінің мақсаты мен міндеті.

  • Түркі тілдерінің даму кезеңдері.

  • Тарихи лексикология мәселелері.

  • Тарихи этимология.

  • Тарихи фонетика .Дыбыстардың даму тарихы.

  • Тарихи морфология.

  • Есім сөз таптарының даму тарихы.

  • Етістіктің даму тарихы.

  • Тарихи синтаксис мәселелері.

  • Сөйлемнің даму тарихы.

Әдебиеттер: 1, 2, 4,5, 7, 8,11.
3-Дәріс: Қазақ тілінің түркі тілдері ішінен алатын орны


  1. Қыпшақ тілдер тобының басқа түркі тілдерінен айырмашылықтары




  1. Қазақ тілінің ерекшеліктері.



Мақсаты: Қыпшақ тілдер тобының басқа түркі тілдерінен айырмашылықтары көрсету.
Қазақ тілінің басқа түркі тілдерінен ерекшеліктері

Мазмұны:

Қазақ тілінің дыбыстық, фонологиялық жүйесінің даму, тарихи өзгерістерін анықтап білу көне түркі тілінің бізге жеткен нұсқаларын зерттеуге құрылады.

Ғылымда «Орхон-Енесей жазба ескерткіштері дейтін атпен белгілі көне түркі тілінің фонетикалық жүйесі қазақ тілі құрамында негізінен сақталғанымен, дыбыстық құрамда жеке дыбыстардың қолданылуында едәуір өзгерістер болғанын байқаймыз. Ондай айырмашылықтар сол тілдің фонетикалық жүйесін сыйпаттағанда анық көрінеді.

Көне түркі тілінің нұсқалары руникалық жазу арқылы жетті. Ал руникалық жазу тілдің морфологиялық құрылымына негізделген. Сондықтан да ол жазу жеке фонеманың өзіндік сыпатынан гөрі фонемаларды бір-бірінен дербестейтін айырмашылықтарды белгілеген.

Көне түркі жазуы консонанттық негізде жасалған. Сондықтан жеке дауыстылардан гөрі буын сапасын дауыссыздар таңбасы арқылы белгілеу ол жазуда басым болған.

Қазақ тілі – қыпшақ тобындағы тілдер тобына жатады. Ал қыпшақ тобындағы тілдердің қарлуқ, оғыз тобындағы тілдерден фонетикалық негізгі айырмашылықтары мына төмендегідей: 1) 8-9 дауысты дыбыс бар, ы, і, у, и дыбыстары түрлі мәнермен айтылады: татар, башқұрт тілдеріндегі бұл дыбыстар қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдеріндегі сондай дыбыстарға сәйкес келе бермейді; 2) аффикстер құрамында еріндік дауыстылар айтылмайды; 3) сөз құрамындағы еріндік үндесу әлсіз. Қазақ тілінде сөздің бірінші буынында еріндік, кейінгі буындарда қысаң дауыстылар келсе, алдыңғылары соңғыларға әсер етеді. Бірақ өте әлсіз байқалады, сондықтан жазуда ескерілмейді; 4) созылыңқы дауыстылар жоқ. Екінші топқа жататын созылыңқылар орнына қыпшақ тілдерінде дифтонгілер айтылады; 5) көне түркі тіліндегі ғ, г дауыссыздары мен дауыстылардың тіркесі орнына өзгерген жаңа тіркестер (ау, ой, ыу, ей, ій, үй, үу, ұу) қолданылады; 6) көптеген тілдерде сөз басында айтылатын қатаң п орнына ұяң б айтылады, бірақ жіктеу есімдіктері м, б дыбыстарымен мен, бен түрінде дыбысталады; 7) сөз басында қатаң т, қ, к дауыссыздары жиі қолданылады; 8) сөз басында й, ж, дж дыбыстары жарыса қолданылады; 9) сөз ішінде екі дауысты дыбыс аралығында п, қ, к қатаңдары ұяңдап кетеді.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  • Тарихи грамматика пәнінің мақсаты мен міндеті.

  • Түркі тілдерінің даму кезеңдері.

  • Тарихи лексикология мәселелері.

  • Тарихи этимология.

  • Тарихи фонетика .Дыбыстардың даму тарихы.

  • Тарихи морфология.

  • Есім сөз таптарының даму тарихы.

  • Етістіктің даму тарихы.

  • Тарихи синтаксис мәселелері.

  • Сөйлемнің даму тарихы.

Әдебиеттер: 1, 2, 4,5, 7, 8,11.

4- Дәріс: Тарихи лексикологияның зерттеу нысаны, салалары.

1. Лексиканың толығу жолдары Қазақ лексикографиясының тарихы.

2. Этнонимика, топонимика, ономастика мәселелері

Мақсаты: Лексиканың толығу жолдары.

Сөз мағыналарының өзгеру, фразеологизмдердің қалыптасуы Этнонимика, топонимика, ономастика мәселелері

Мазмұны: 1. Қазақ лексиканың көнетүркілік негізі, орта ғасырларда( қазақтың халық тілі қалыптасу қарасық) қазақ лексикасының өзіндік белгілері анықталғаны, қазақ лексикасының одан кейін халықтық және ұлттық дәуірлерде даму сипаты.. Көне заман мен орта ғасырдағы лексиканың ескерткіштер арқылы танитынмыз, ол кездегі сөйлеу тілі лексикасы бізге толық жетпегені, сөздердің жазылуы мен айтылуы қашан да бірдей бола бермейтіні.

2.Түркі тілдерібасты бір ерекшелігі түбірсөздің ықшамдылығында. Нң алғашқыҮ, СҮ типтес түбір сөздердің бір буынды және мағынасыз болып келетіні туралы мәселе. Өлі түбірлердің пайда болуы, лексика тарихының этимологиямен байланыстылығы. Осы күнгі түркі тілдеріндегі түбірлердің тарихи-салыстырма әдісімен қайтадан қарап тарихи реконструкция жолымен олрадың бастапқы қалпын анықтау.

Тарихи лексикология тілдің сөздік құрамын, шығуын, замандар бойында қалыптасуын және дамуын, лексиканы құрастырушы арнала және олардың тарихы тұрғысынан зерттейді.

Тарихи лексикологияның бір саласы – этимология. Этимология сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Этимолгиялық зерттеулердің жеке сөздердің шығу төркінін ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы өте зор.

Тілдің тарихы мен ондағы сөздердің тарихы халықтың тарихымен тығыз байланысты болады. Осыған орай, сөздердің шығу төркіні жайындағы этимологиялық зерттеулер тарихи және этногенетикалық мәселелерді қарастырып шешуде де айрықша маңызға ие. Сөздер бір тілден басқа бір тілге ауысып енуге икем келеді. Көне замандарда бір тілден екінші тілге еніп, әбден қалыптасып кеткен кірме сөздер бойынша әр түрлі халықтардың ерте дәуірлерде бір-бірімен жасаған қарым-қатынастарының түрлерін айқындауға болады. Сөздердің өзгеріп даму тарихынан, әсіресе олардың мағыналық жақтан даму тарихынан, адам ойлауының табиғат құбылыстары мен қоғам құбылыстарын ғасырлар бойында танып білуге ұмтылып күш салуының тарихы көрінеді. Осыдан этимологиялық зерттеулердің екі түрлі проблемаға қатысы келіп туады: оның бірі – тіл мен тарих проблемасы, екіншісі – тіл мен ойлау проблемасы.

Лексикологияның енді бір саласы – салыстырмалы лексикология туыстас тілдердің сөздік құрамын, ондағы сан алуан сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып зерттейді. Салыстырмалы лексикология туыстас тілдердің лексикасын салыстырып қана қоймайды, оларды тарихи даму, өзгеру тұрғысынан қарастырады. Сондықтан ол, әдетте, салыстырмалы-тарихи лексикология деп аталады. Салыстырмалы-тарихи лексикологияның маңызы мынада: тілдің ерте кездегі шағын сөздік қоры талай замандар бойында, біріншіден, талай өзгерістерге ұшыраса, екіншіден, өрбіп, өсіп, сан мыңдаған сөздер қосылып, бұл күнде оның аумағы да, арнасы да кеңіді. Қазіргі тілдердің лексикалық байлығы дамудың барысында замандар бойында қор жинау жолымен жасалды. Тілдің лексикасының замандар бойында қалыптасып жасалуының заңдылықтарын және оның тарихын танып білу туыстас тілдердің сөздік құрамын тарихи тұрғыдан қарастырып, бір-бірімен салыстыра зерттегенде ғана мүмкін болмақ.

Тілдің лексикасындағы әрбір сөзде белгілі бір мағына бар. Сөздердің мағыналық жақтары семисологияда қарастырылады. Семисология сөздердің мағыналарын және ол мағыналардың өзгерілу жолдарын, семантикалық заңдарды зерттейтін арнаулы бір сала болып саналады. Семисология – лексикологияның ең басты және маңызды саласы.Семасиологияның лексикографиялық жұмыста да (сөздіктер жасау) маңызы айрықша. Сөздіктерде сөздің мағыналық жақтары талданады. Семисологиялық зерттеулердің топшылаулары мен қорытындылары сөздік жасау жұмысын ғылыми және практикалық тұрғыдан дұрыс жолға қоюға көмектесіп, бағыт-бағдар сілтейді.

Лексикологияның семасиология тарауымен тығыз байланысты бір саласы – ономосиология деп аталады. Ономосиология зат немесе құбылыс ұғымының белгілі бір сөзбен аталуының себебін қарастырады. Нақтырақ айтқанда, ономосиологиялық тұрғыдан қарастырғанда, ұғымның сөзбен аталу, белгілену жағына назар аударылады.

Ономосиологияның диалектологияға да қатысы бар. Ономосиологияның диалектологияға қатысы әсіресе лингвистикалық географиядан айқын аңғарылады. Әр түрлі тілдердің диалектологиялық атластарының лексикологиялық картасы ономосиологиялық негізге сүйеніп жасалады да, бір заттың немесе құбылыстың диалектілердегі әр түрлі атауларының таралу шегі көрсетіледі.

Ономосиологияның айрықша бір саласы – ономастика жалқы есімдерді зерттейді. Ономастика өз ішінде екі салаға бөлінеді: антропонимика кісі аттарын зерттеу объектісі етіп алса, екіншісі – топонимика географиялық атауларды зерттеу объектісі етіп қарастырады.

Лексикография сөздіктерді құрастырудың ғылыми методикасы дегенді білдіреді. Сөздіктерді жасау үшін , тілдегі сөздер мен фразеологиялық оралымдарды жинау үшін оларды жүйеге келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сөздік жасау жұмысы лексикографиялық жұмыс деп аталады.

Сөздіктердің тіл-тілде бірнеше түрі бар. Олардың әрқайсысы әр түрлі мәдени қажеттілікті өтеу үшін жасалады. Лингвистикалық сөздіктер жасалу мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

1) Сөздіктердің ішінде тілдің лексикасының шығуын, дамуын және оның бірнеше дәуірін қамтып сипаттайтын түрі бар. Мұндай сөздіктер тарихи сөздіктер деп аталады. Керісінше, сөздіктердің кейбір түрі қазіргі тілде жаппай және жиі қолданылатын сөздерді қамтып, оларға талдау жасап, сипаттама беруді мақсат етеді. Мұндай сөздіктер қазіргі тілдің сөздіктері деп аталады.

2) Сөздіктердің белгілі бір түрі тілдегі күллі сөздерді түгел қамтып сипаттауды мақсат етеді. Мұндай сөздік толық сөздік деп аталады. Сөздіктердің енді бір түрі тілдің сөздік құрамындағы барлық сөздерді емес, оның белгілі бір дәуіріндегі сөздерді немесе лексиканың белгілі бір саласын қамтитын сөздік түрінде жасалады. Мұндай сөздік кіші сөздік немесе толық емес сөздік деп аталады. Сөздіктердің бұл түріне арнаулы сөздіктерді де (терминологиялық, синонимдер, фразеологиялық) жатқызуға болады.

3) Сөздердің сөздікте ана тілінде түсіндірілуі немесе басқа тілге аударылып түсіндірілуіне қарай сөздіктер екі түрге бөлінеді: олардың алғашқысы – бір тілдік түсіндірме сөздіктер, екіншісі – екі тілдік немесе көп тілдік аударма сөздіктер.

4) Сөздіктер оларда берілген сөздердің алфавит тәртібімен көрсетілуіне немесе сөздермен белгіленетін ұғымдардың топтарының рет-ретімен көрсетілуіне қарай екі түрге бөлінеді: 1. дыбыстық немесе алфавиттік сөздіктер; 2. идеологиялық сөздіктер немесе ұғымдар сөздігі.

Сонымен сөздіктерді төрт түрлі топқа бөліп қарауға болады.

І. Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикасының дамуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер. Бұларға жататындар: 1. Этимологиялық сөздік. 2. Тарихи сөздік.

ІІ. Қазіргі тілдердегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беретін сөздіктер. Бұлардың қатарына енетіндер: 1. Түсіндірме сөздік. 2. Аударма сөздік. 3. Терминологиялық сөздік. 4. Диалектологиялық сөздік. 5. Фразеологиялық сөздік. 6. Синонимдер сөздігі.

ІІІ. Сөздердің дыбыстық құрылысы мен олардың жазылуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер. Бұлардың қатарына енетіндер: 1. Фонетикалық сөздік. 2. Орфографиялық сөздік.

IV. Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап түсіндіретін сөздіктер. Бұлардың қатарына енетіндер: 1. Энциклопедиялық сөздік. 2. Иллюстративті сөздік.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  • Тарихи грамматика пәнінің мақсаты мен міндеті.

  • Түркі тілдерінің даму кезеңдері.

  • Тарихи лексикология мәселелері.

  • Тарихи этимология.

  • Тарихи фонетика .Дыбыстардың даму тарихы.

  • Тарихи морфология.

  • Есім сөз таптарының даму тарихы.

  • Етістіктің даму тарихы.

  • Тарихи синтаксис мәселелері.

Әдебиеттер: 1, 2, 4,5, 7, 8,11.


5-Дәріс: Тарихи этимология

1. Тарихи этимологияның принциптері, көне сөздердің құпиясы.

2. Этнонимика, топонимика, ономастика материалдар

Мақсаты: Тарихи этимологияның принциптері, көне сөздердің құпиясы.

Этнонимика, топонимика, ономастика материалдар



Мазмұны: Біздің қазіргі заманғы тіліміз даму барысында қайта құрылған, өзгеріске түсіп, жаңарған жүйелер тобымен бірге, «қайшылықтар», тілдің басқа жүйелік заңдылықтарымен үйлесе бермейтін құбылыстар тобынан тұратыны белгілі. Тіл механизімінің логикалық жетілгендігі соншалық, тіл қолданушылар ондай «үйлеспеушілікті» байқамайды. Тарихи грамматика сондай «үйлеспеушіліктердің» тарихи сырын ашу арқылы тіл жүріп өткен жолды бағдарлайды. Мәселен, қазіргі қазақ тіліндегі қысаң дауыстыларға, -қ, -к дауыссыздарына аяқталатын есімдер (көбіне сын есімдер), құрамында (сөз ортасында) нт, лт, рт, рқ тәрізді сонорлар мен қатаңдардың тіркесі бар екі буынды есім түбірлер, ғ, г, з дыбыстарынан басталатын есім сөздер, барғысы келеді тәрізді күрделі етістіктер т.б. қазақ тілі жүріп өткен жолды мегзейді, оның фонетикалық, грамматикалық құрылымында, лексикалық қорында болған өзгерістерге сілтейді.

Диалект халықтың бір ғана тобының территориялық, не әлеуметтік тілдік ерекшелігі деп қаралады, ал халық қалыптасқанға дейінгі дәуірде әрбір диалект бір тайпаның, рудың тілі болған. Сондықтан бүгінгі тіл құрамындағы диалектілік айырмашылықтар көбіне тілдің көне дәуірінің біртұтас халық тілі қалыптасқанға дейінгі сипаты болып келеді. Диалектілік айырмашылықтардың бір тобы тілдің кейінгі дәуірлерінде пайда болуы да мүмкін. Соңғы топ әдетте тілдік байланыс, қатынастардың (языковые контакты) немесе экстралингвистикалық факторлардың жемісі болуы әбден ықтимал. Диалектілік ерекшеліктердің осы екі тобы да тіл тарихын, тілдің құрылымдық тарихын жасау үшін аса қажетті материал болады. Мәселен, диалектілік айырмашылықтар жазба ескерткіштер тілі ерекшеліктерін салыстыратын, сол арқылы тілдік өзгерістер айқындалатын тірек. Диалектілік ерекшеліктердің алдыңғы тобын ескерткіштер тілімен салыстыру арқылы тарихи құрылымдық өзгерістер айқындалса, соңғы тобын салыстыру арқылы тілдің экстралингвистикалық ықпал арқылы дамуы анықталады. Кей мәселелер жөнінде диалектілік ерекшелік тіл тарихын зерттеуде сүйенетін жалғыз ғана көз болады. Мысалы: ж~ш~н: шайқал, найқал, бұл сәйкестіктің арғы түбі й-ге барып тірелетіні айқын, сонда й~ж//ш~н, әлде й~н~ж~ш, о~ұ, арғы түбі у, сонда у~ұ~о; барулы~баратын, барамын екен~барады екенмін; барамыз екен~барады екенбіз, баралы~барайық т.б. Бұндай тұлғалар мен дыбыстық сәйкестіктер қазақ тілінің этногенезін, оның құрамына енген ру-тайпа тілдерін, оның қандай құрылымдық өзгерістерді басынан өткізгендігін айқындайды.

Тілдің құрылымдық тарихын зерттеп білуде дәйек болатын бір сала – ономастика. Ономастикалық материал тілдің лингвистикалық және экстралингвистикалық даму жолдарының бірлікте болатынын дәлелдейді. Ономастикалық атаулар көбіне тілдің қалыптасқан сөз өзгеру жүйесінің аумағына сыймайды. Олар тілдің даму барысында жоғалып кеткен сөз өзгерту модельдері бойынша жасалған болып келеді не ұмытылып кеткен мағынаны өз бойында сақтауы мүмкін. Мысалы: Ақсу – ақ ~ аққан су: бұл сөздің құрамынан синкретикалық түбір (ақ – етістік және есім) мен сөздің ұмытылған қолданысын (ақ етістік түбірдің есімдерше қолданысын) көруге болар еді. Ономастикалық материалдардың мынандай екі тобы бар: бір тобы – микротопонимдер мен антропонимдер. Микротопонимдер (шабындық, жайлау, қыстау, ұсақ өзен атаулары) мен антропонимдер (кісі аттары т.б.) құрамында өздері пайда болып, қалыптасқан аймақ, өлке тұрғындары тілінің белгілері сақталады. Ондай тілдік айырмашылықтар сол аймақты, өлкені мекендеген ру-тайпа тілдерінің негізгі белгілерін айқындауға мүмкіндік туғызады. Ономастикалық материалдардың екінші тобы – топонимдер. Топонимдер тілдік байланыстың, тілдік ықпалдасудың ерекше бір түрінің куәсы, соның нәтижесі де болып отырады. Мәселен, географиялық атаулар мыңдаған жылдар бойы, сол географиялық аудандағы тұрғындар ауысып жатса да, өзгермей қала беруі ықтимал. Бұл жағдай белгілі бір тілдің тарихындағы субстрат тілді анықтауға бірден-бір мүмкіндік туғызады. Мысалы, Оңтүстік Шығыс Қазақстан түп негізі монғол тілдеріне барып тірелетін атауларға толы. Мысалы: Зайсан, Тарбағатай, Талғар, Түрген т.б. Бұл атаулар осы аймақтың алғашқы тұрғындары (немесе осы аймақта алғаш көшіп-қонып жүргендер) кімдер болғанын анықтайды. Топонимикалық атаулар бір аймақта әр түрлі тарихи-әлеуметтік себептермен әр сипатты мәдени-тілдік топтардың тоғысуының куәсы, нәтижесі де болады. Мысалы, Қырым түбегінде гректер, осман түріктері, қыпшақтар мен оғыздар, кейін орыстар мен украиндықтар орнығып, мекендеді.

Тарихи грамматикалық зерттеу, сондай-ақ басқа тілдерге ауысқан сөздерге және басқа тілдерден қазақ тіліне ауысқан сөздерге де негізделеді. Қазақ тілінен басқа тілдерге сөз ауысудың екі кезеңін айтуға болар еді: бірінші кезең қазақ халқы қалыптасқанға дейінгі дәуірлерде жеке ру, тайпа тілдерінен басқа тілдерге ауысқан сөздер. «Игорь полкі туралы сөздің» тілін зерттеуші түрколог Менгес сол заманғы шығыс славян тілдеріне ықпал жасаған тілдердің бірі қыпшақ-половец тілі екенін айтады. Науаи «Екі тілдің айтысы («Мухакамат әл-лұғатайин») атты еңбегінде келтірілетін, парсы тілдеріне ауысқан түркі сөздері. Ол сөздердің көпшілігі-ақ бүгінгі қыпшақ тобына жататын тілдерде, әсіресе, қазақ тілінде өзгеріссіз айтылады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  • Тарихи грамматика пәнінің мақсаты мен міндеті.

  • Түркі тілдерінің даму кезеңдері.

  • Тарихи лексикология мәселелері.

  • Тарихи этимология.

  • Тарихи фонетика .Дыбыстардың даму тарихы.

  • Тарихи морфология.

  • Есім сөз таптарының даму тарихы.

  • Етістіктің даму тарихы.

  • Тарихи синтаксис мәселелері.

  • Сөйлемнің даму тарихы.

Әдебиеттер: 1, 2, 4,5, 7, 8,11.

.

6- Дәріс: Тарихи фонетика



1. Тарихи фонетиканың зерттеу нысаны, мақсаты.

2. Қазақ тілі тарихында дыбыстардың зерттелу жайы.

3. Қазақ тілі тарихи фонетикасының негізгі ерекшеліктері.

Мақсаты: Тарихи фонетиканың зерттеу нысаны, мақсаты.

Қазақ тілі тарихында дыбыстардың зерттелу жайы.

Қазақ тілі тарихи фонетикасының негізгі ерекшеліктері.

Мазмұны: Тілдің фонетикалық жүйесінің тарихы немесе тарихи фонетика жеке дыбыстардың немесе жеке фонетикалық құбылыстардың өзгеру, даму тарихы ғана емес, ең алдымен фонетикалық заңдылықтар, фонетикалық құбылыстар жүйесінің тарихы болып табылады.

Тарихи фонетика тарихи тіл білімінің дербес саласы ретінде тарихи-салыстырма тіл білімінің даму процесінде қалыптасты. Фонетикалық заңдылықтарды диахрондық тұрғыдан зерттеу тарихи-салыстырма тіл білімінде тарихи фонетикалық өзгерістердің бір семьяға жататын барлық тілдерге қатысты түрлерін анықтады.

Тарихи фонетика сөйлеу тілінің дыбыстарын, дыбыстық заңдылықтарын қарастырмайды. Ол тек тілдік дыбыс жайлы ұғымды негізге алады, ал дыбыс жайлы ұғым фонетикалық белгілерді салыстыра қорытындылау барысында қалыптасады. Дыбыс жайлы ұғым тарихи салыстырам әдісімен және іштей қайта құру, реконструкция әдісімен туыс тілдер мен диалектілер материалдарын зерттеудің соңғы, ақырғы нәтижесі болып табылады. Отандқ түркология «тірі» және «өлі» тілдерді тарихи-салыстырма әдіспен зерттеу арқылы түркі тілдері тарихында р > з > й, д//т >з>й, ағ//ығ//уғ//ег//>у//й ауысуларының болғандығын анықтаса, қазіргі тіл фактілерін өзара салыстыру арқылы қазақ тілінде сол ауысулардың р>з, д>й, к//қ, у//й тәрізді іздері сақталғандығын айқындады. Ал мұндай сәйкестіктер қазақ тілінің көне түркі тіліне, тіпті жалпы алтайлық (түркі-монғол) тіл бірлестігіне қатыс дәрежесін көрсетеді. Салыстыра зерттеу түркі тілдерінің өзара айырым белгілерін айқындаумен бірге, бір тіл мен екінші тілдің байланыс дәрежесін, ондай байланыстардың жеке тілдердің құрылымына ықпалының қандай болғанын да айқындайды. Қазақ тілінде сөз басында айтылатын ғ, г, д, з кейде б дыбысы да таза түркілік құбылыс еместігі тарихи салыстырулар арқылы ғана белгілі болды. Сондай-ақ ішкі қайта құру әдісін қолдану арқылы қазіргі қазақ тілінде кейбір сөздердің бас шенінде айтылатын ж және н, а және ы, а және е,ы және і дыбыстары бір-бірінен ерекше фонетикалық құбылыс емес, бір ғана дыбыстың әр түрлі көріністері екенін айқындауға да болады. Мысалы, жайқалу және найқалу, арс-арс және ырс-ырс, жалт етті, жылт етті, аңқаңдау және еңкеңдеу, ырқ-ырқ және ірк-ірк тәрізді параллельдер құрамында аталған дыбыстар бірінің орнына екіншісі айтылған, бірақ бір-бірінен лексикалық дербес мағыналы сөз жасалмаған. Бұл сөздер құрамында сәйкес қолданылған дыбыстар бір ғана фонетикалық құбылыстың әр түрлі көрінісі дәрежесінде ғана. Егер осы фактілерді жалпы түркілік аяда салыстырып қарастырсақ, тілдердің даму тарихында й>дж//ж дыбыс ауысулары болғандығын көруге болады. Прототүркілік д дыбысы Сібір мен Алтайдағы түркі тілдерінде (якут т.б.) қатаң дыбысқа айналса, Орта Азияға орналасқан тілдерде әлсізденіп, ұяңдап кеткені белгілі. Сөз басындағы ж дыбысы сондай өзгерістердің нәтижесі деп қаралады.

Дыбыс синтагматикалық фонетиканың негізгі ұғымы, екінші сөзбен дыбыс өз қасиетін, өз қызметін, басқа дыбыстармен тіркесіп келгенде ғана толық айқындайды. Сондықтан әр дәуірдегі тілдің көрінісі ретінде дыбыс тіркес құрау қабілеті, құрай алатын тіркестердің түрі тұрғысынан қарастырылады.

Дыбыстар жүйесінің мәнді бөлігі фонема. Дыбыстық құрамдары бірдей, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздер фонема арқылы ғана бір-бірінен ажырап түсініледі. Сөз мағынасы фонема арқылы ғана айқындалады. Сөз құрамындағы дыбыстың фонемалық қызметі қарама-қарсы қатынаста ғана көрінеді. Мысалы, ал, әл, ел сөздерінің құрамындағы дауысты дыбыстың фонема екендігі осындай қарама-қарсылықта ғана анықталса, шал, сал, қал, бал, тал сөздері құрамында басқы дауыссыздардың фонемалық қызметі де осы қарама-қарсы қатынаста көрініп тұр. Дыбыстың фонемалық қасиетін анықтау сыпаттамалы (синхрондық) тіл бөлімінің негіздеріне сүйенеді. Сыпаттамалы тіл білімі ғана дыбыстың фонемалық сыпаты жайлы ұғымды қалыптастырады. Тарихи (диахрондық) тіл білімі сол анықтама – ұғымды пайдаланады. Тарихи фонетиканың сыпаттамалы фонетикадан негізгі айырмашылығы – оның қағидалары жүйелі заңдылықтарды қорытындылап, жалпылап беруінде. Жеке дыбыстық өзгерістерді сол дыбыс енетін жүйенің тарихи өзгерісінің бір саласы ретінде түсіндіріп баяндау – тарихи фонетиканың басты мақсаттарының бірі болып табылады.

Тіл жүйесін құрайтын дыбыстарды парадигматикалық тұрғыдан сипаттау фонема туралы қалыптасқан ұғымға сүйенеді. Фонеманы танудың негізі дыбыстық құрамы ұқсас сөздердің құрамындағы айырмашылықты анықтап, сол айырмашылықтар арқылы сөз мағыналарының өзгеретіндігін білу болып табылады. Сөздің құрамындағы сондай жүйелі дыбыстық өзгерістерді (парадигматикасын) айқындап, олардың тілдің морфемалық құрылымы мен лексикалық құрамына әсерін қарастыру – тарихи фонетиканың басты міндеттерінің бірі.

Қазақ тілінің дыбыстық, фонологиялық жүйесінің даму, тарихи өзгерістерін анықтап білу көне түркі тілінің бізге жеткен нұсқаларын зерттеуге құрылады.

Ғылымда «Орхон-Енесей жазба ескерткіштері дейтін атпен белгілі көне түркі тілінің фонетикалық жүйесі қазақ тілі құрамында негізінен сақталғанымен, дыбыстық құрамда жеке дыбыстардың қолданылуында едәуір өзгерістер болғанын байқаймыз. Ондай айырмашылықтар сол тілдің фонетикалық жүйесін сыйпаттағанда анық көрінеді.

Көне түркі тілінің нұсқалары руникалық жазу арқылы жетті. Ал руникалық жазу тілдің морфологиялық құрылымына негізделген. Сондықтан да ол жазу жеке фонеманың өзіндік сыпатынан гөрі фонемаларды бір-бірінен дербестейтін айырмашылықтарды белгілеген.

Көне түркі жазуы консонанттық негізде жасалған. Сондықтан жеке дауыстылардан гөрі буын сапасын дауыссыздар таңбасы арқылы белгілеу ол жазуда басым болған.

Қазақ тілі – қыпшақ тобындағы тілдер тобына жатады. Ал қыпшақ тобындағы тілдердің қарлуқ, оғыз тобындағы тілдерден фонетикалық негізгі айырмашылықтары мына төмендегідей: 1) 8-9 дауысты дыбыс бар, ы, і, у, и дыбыстары түрлі мәнермен айтылады: татар, башқұрт тілдеріндегі бұл дыбыстар қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдеріндегі сондай дыбыстарға сәйкес келе бермейді; 2) аффикстер құрамында еріндік дауыстылар айтылмайды; 3) сөз құрамындағы еріндік үндесу әлсіз. Қазақ тілінде сөздің бірінші буынында еріндік, кейінгі буындарда қысаң дауыстылар келсе, алдыңғылары соңғыларға әсер етеді. Бірақ өте әлсіз байқалады, сондықтан жазуда ескерілмейді; 4) созылыңқы дауыстылар жоқ. Екінші топқа жататын созылыңқылар орнына қыпшақ тілдерінде дифтонгілер айтылады; 5) көне түркі тіліндегі ғ, г дауыссыздары мен дауыстылардың тіркесі орнына өзгерген жаңа тіркестер (ау, ой, ыу, ей, ій, үй, үу, ұу) қолданылады; 6) көптеген тілдерде сөз басында айтылатын қатаң п орнына ұяң б айтылады, бірақ жіктеу есімдіктері м, б дыбыстарымен мен, бен түрінде дыбысталады; 7) сөз басында қатаң т, қ, к дауыссыздары жиі қолданылады; 8) сөз басында й, ж, дж дыбыстары жарыса қолданылады; 9) сөз ішінде екі дауысты дыбыс аралығында п, қ, к қатаңдары ұяңдап кетеді.

Қазақ тілінің этногенездік негізі жайлы осы орайда айта кететін бір жай:

Қазақ тілі қыпшақ тілдері тобына жатады дейтін тұрақталған көзқарасты қостай отырып, оның тек қана қыпшақ тайпалар одағы тіліне ұласа бермейтін кейбір субстраттық құбылыстары бар екендігі.

Қазақ тілі қарақалпақ, ноғай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тобын құрайтыны, яғни Ноғай ордасы халықтарының негізінде қалыптасқаны мәлім. Дегенмен, қазақ халқының субстраты қатарында басқа да тілдік негіздер болғандығы айқын. Соған орай қазақ тілінің тек өзіне ғана тән ерекшеліктері мынадай: 1) фузияда л~д~т сәйкестігі бар; 2) сөз басында айтылатын й~ж~дж сәйкестігінен қазақ тілінде ол позицияда ж дыбысы айтылады. Й дыбысы эпизодтық ыңғайда біріккен сөздер құрамында сөз ортасында ғана айтылады: барайатыр; 3) сөз соңында тек с (ш емес) дыбысы айтылады: Тас; 4) қазақ тіліндегі ш қарлұқ тілдеріндегі ч дыбысына сәйкес, с дыбысы ш дыбысына сәйкес қолданылады; 5) сөздің абсолют басында ұяңдардан гөрі қатаңдар жиі қолданылады, бірақ т~д, б~п сәйкестігі сирек те болса ұшырайды; 6) интервокал позицияда т, қ, к дыбыстары ұяңдайды, бірақ қазақы, қалмақы тәрізді сөздер құрамында ұяңдамай, қатаң сыпатын сақтайды; 7) қазақ халық тілінде мына тәрізді дыбыстар сәйкестіктері бар: а~ы (оңтүстік, Қостанай, Түркіменстан), о~ұ (Оңтүстік, Маңқыстау, Түркіменстан, Қарақалпақстан), й~ж~дж (Шығыс Қазақстан, Шу бойында). Бұл сәйкестіктер көбіне бір тіл құрамында ғана емес, тілдер арасында кездеседі.

Қазақ тілі фонетикалық жүйесінің біраз ерекшеліктері әр түрлі дәуірде басқа мәдениеттермен, тілдермен байланыста болудың, әр түрлі қарым-қатынасқа түсудің нәтижесі іспеттес қалыптасқан.

Ондай жолмен пайда болған ерекшеліктердің бастылары мыналар: 1) араб-парсы мәдениетінің ықпалымен сөздің абсолют басында, бірінші буында з, ғ, г, ә дыбыстары айтылатын болды; 2) біздің заманымыздың алғашқы жылдарында-ақ Еділ, Жайық төңірегінде мекендеген қазақ тайпаларының Шығыс славяндармен – орыстармен қарым-қатынасының; XVIII ғасырда Қазақстанның Россия қол астына кіруінің нәтижесінде әбден тұрақты сипат алған байланыстың нәтижесінде орыс тілінің қазақ тіліне әсері күшейді.



Каталог: ebook
ebook -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
ebook -> Қазақстан Республикасының
ebook -> Қазақстан Республикасының
ebook -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
ebook -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
ebook -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
ebook -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
ebook -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
ebook -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
ebook -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет