Сұрау есімдіктері. Сұрау есімдіктерінің қазіргі тұлғалары тарихи тұрғыдан құранды. Сонымен бірге, сұрау есімдіктері тілдің көне дәуірінде казіргі тілдердегідей сан жағынан мол, тұлғалық жағынан әр қилы болмаған. Бұған дәлел ретінде қазіргі заманда белгілі болып отырған ескерткіштер тілдеріне жүгіну орынды. Орхон-Енисей жазбаларында, мысал үшін, сұрау мәнінде қолданылған сөздер саны 2—3-тен аспайды. Сұрау есімдіктерінің сан жағынан молайып, тұлғалық жағынан әр қилы бола бастауы кейінгі дәуірлерде, алғашқы түбірлердің күрделеніп, ұялас туынды түбірлердің молаюымен тұстас болғандығы анық. Сұрау есімдіктердің құрамының не біріккен, не түбір мен қосымшаның кірігуі арқылы қалыптасуы соның нәтижесі.
Қазіргі түркі тілдерінде сұрау мәнінде қолданылатын есімдіктер негізінен 3 түбірдің айналасына топталады. Олар: кім, не, қай (қан). Бір тілде сұрау есімдіктерінің саны аз, бірінде көп болуы да мүмкін. Бірақ қайсысы да осы түбірлер негізінде жасалған. Әрине, чуваш, т. б. кейбір тілдерде шет тілдерден ауысқан сүрау мәнді сөздер де кездеседі. Бірақ ондайлар аса көп емес. Егер жеке тілдерге тән дыбыс ерекшеліктерін (тарихи тұрғыдан әбден түсінікті) ескерсек, түркі тілдеріндегі сұрау есімдіктері ортақ түбірлерден ортақ тәсілдер арқылы күрделеніп, өзгеріп отырғандығын көреміз.
Сұрау есімдіктеріне негіз болған не, қай (қан), кім түбірлері о баста есім болған. Ондай жорамалға әлгі түбірлердің кейінгі барысында есім ұялас туынды сөздер жасауы ғана емес, түбір қалпында қолданысы да дәлел бола алады. Мысалға қай сөзінің дербес қолданысын қарастырайық: қай кісі, қай нәрсе, қай бір адам, т. б. Қай түбірінің мүндай атрибуттық ыңғайда дербес қолданылуы екі түрлі жайды аңғартады, біріншіден, түбір есім екендігі байқалса, екіншіден, тап осы қолданыс бұл түбірдің қатыстық мәнін көрсетеді. Сонда қай есім түбірі о баста сұрау мәнін емес, қатыстық мән (относительное) берген. Нақ осындай ерекшелікті не, кім сөздері жайлы да айтуға болар еді. Не нәрсе, не іс және кім де кім тәрізді тіркестер құрамында бұлар да атрибуттық қызметте жұмсалып, қатыстық мән береді. 8—9-ғасыр жазбалары тілінде не есімдігінің қолданысы да сұраулық мәннен гөрі қатыстық мәнді көбірек танытады: не қағанқа ішіг-күчіг берурмен — қай қағанға ісім мен күшімді жұмсармын. Бұл сөйлемде не есімдігі қатыстық мәнде және қай есімдігінің орнына жұмсалғандығы анық. Жалпы 8—9-ғасыр ескерткіштері тілінде не және қай есімдіктерінің қолданысы өзара айқын жіктелмегендігі байқалады. Салыстырыңыз: не ойун, не ийрдә (қай, қандай ойын, қай жерде).
Қай түбірі қазіргі қазақ тіліндегі қайда, қайдан, қанша, қашан, қандай, қаны (кәні), қалай тәрізді сұрау есімдіктеріне негіз болған. Егер осы түбірлерді байқап қарасақ, бірде байырғы түбір мен қосымшаның (қайда, қайдан, қандай, қалай), кейде екі түбірдің бірігуін кереміз. Бірақ барлығына ортақ түбір — қай (қан). Әрине, кейбір сөздер құрамына қарай, бастапқы түбір қай емес, қа деп те ойлауға болар еді. Өйткені қай-да, -қай-дан болғанмен, қа-лай екені айқын. Алайда қазақ тілінде қалай есімдігіне синонимдес қайтіп (кәйтіп) дейтін де сұраулық сөз бар. Қалай және қайтіп есімдіктерінің мәндестігін былай қойғанда, ортақ түбірге негізделгендігі де күмән туғызбайды. Бұлай деуге тікелей себеп — қазіргі түркі тілдерінің кейбірінде қалай сұрау есімдігі хайди (хақас т.), хайдах (якут т.), кайде (шор), қанайып, қандайып түрінде де айтылады. Осы фактілермен салыстыра келгенде, ортақ түбір қа емес, қай (қан) болып шығады. Ф. Г. Исхаков қалай есімдігін мынадай кұрама беліктерге талдап қарастырады: қа(й) — ла-й. Мұндағы -ла — етістік тудыратын аффикс, -й — көсемшелік форма. Сөйтіп қалай — сұрау есімдігі әуелі есім, одан туынды етістік, көсемше. Ал көсемше тұлғаларының сұрау есімдігі есебінде қалыптасуы әсте жат құбылыс емес. Ол үшін қайтіп сөзін (қай-ті-іп) еске түсірсе де жеткілікті.
Жоғарыда келтірілген сұрау есімдіктері құрамындағы байырғы түбір бірде қай, бірде қан түрінде дыбысталған. Мұның үстіне қазіргі кейбір түркі тілдерінде сол сұрау есімдіктері хайдағ (қандай, хақас), ханна (қайда, якут) тәріздес те дыбысталатынын еске алсақ, сұрау есімдіктерінің едәуір тобына негіз болған түбір жалпы түркі тілдері құрамында бірде қан, бірде қай түрінде айтылуын көреміз. Көне жазбалар тілінде: қаны, қайуда, қайу, қайда, т. б. Сөйтіп кейде бір ғана ескерткіш тілінде бірде қанда (я-мен айтылған), бірде қайда (гг-мен айтылған). Осы бір ғана түбір ыңғайында байқалатын н-й сәйкестігі тайпалық тілдер ерекшелігі болуы да ықтимал. Алайда Орхон-Енисей жазбаларында сұрау есімдіктері тек қана қанта, қантан түрінде кездеседі. Егер осы фактіні ескерсек, н~й сәйкестігі кейін пайда болған құбылыс деп қарауға тура келеді. М. Қашқари қой сөзінің бірде й мен қой түрінде, бірде қон түрінде айтылатынын келтіреді де, н-мен айту арғу тайпасының ерекшелігі деп көрсетеді. Және Қашқари сұрау есімдігінің де екі түрлі айтылуын келтіреді. Ол былай деп жазады: «Түріктер қайу нең (қайсы нәрсе) десе, олар (арғулар) қану дейді». Бұған қарағанда, сұрау есімдіктеріне негіз болған түбірдің екі түрлі дыбысталуы Қашқари дәуірінде қалыптасқан құбылыс және бұның өзі тайпалық тілдердің қалдығы есебінде орнығып қалған деп қарауға дәлел бар. Қайтіп сұраулық сөзінің құрамын былай деп те қарайды: қай-ет-іп. Қай — сұрау есімдігі (әрине, ескірген) -ет көмекші етістік, ал соңғы морфема көсемшелік қосымша. Екі сөз (ескі сұрау есімдігі мен кемекші етістік) біріккен уақытта соңғы сөз құрамында элизия болып, е түсіп қалған.
Сонымен, бұл айтылғандардан шығатын қорытынды қандай және қайда сұрау есімдіктері бір ғана түбірдің екі турлі фонетикалық варианттары негізінде қалыптасқан ұялас сөздер.
Жоғарыда қай (қан) түбірі — есім сөз деген тұжырым айтылды. Сол тұжырымды дәлелдейтін тағы.бір факт — оның септелуі, қайда және қайдан сұрау есімдіктері жатыс және шығыс септік жалғаулары мен есім түбірдің бірігуінен барып қалыптасқандығы анық. Ал қайсы есімдігі есім түбір мен тәуелдік жалғаудың III жағының бірігуінен қалыптасқан. Көне жазбалар тілінде де қай-дан, қандан, қайда, қанда, қайдын түрінде ұшырасады. Жалғаулар құрамындағы дауыстылардың батыс және оңтүстік тілдер ыңғайына қарай дыбысталуын еске алмасақ, қазіргі тілдерден ешбір айырмашылық байқалмайды.
К,анша, қалай, қандай сұрау есімдігі қан түбіріне әр түрлі сөз тудырушы аффикстердің жалғануы арқылы жасалған. Қанша, қа(й)-ла-й және қан-дай, қанша есімдігінің кұрамындағы -ша, сірә, орысша, қазақша, балаша тәрізді туынды үстеулер құрамындағы осындай аффикстен бөлек болмаса керек.
Қашан есімдігінің қалыптасуын Ф. Г. Исхаков қан-шағ-ын, яғни, қан және шағ сөзінің көне түркілік құралдық септік (творит. падеж) тұлғасының (ын) бірігуі, сөйтіп қысқаруының нәтижесі деп түсіндіреді. Қазіргі қазақ тілінде, сондай-ақ басқа да түркі тілдерінде қай және шақ сөздерінің тіркесі мезгіл — уақытты білдірудің қалыптасқан тәсілі екендігі белгілі. Осы тұрғыдан келгенде, бұл пікір шындыққа саяды.
Көне түркілік жазбалар тілінде кеңірек мағынада кездесетін не есімдігі де қазіргі тілде бірсыпыра сұрау есімдіктерінің жасалуына өзек болған. Бұл топқа немене, неге, неше тәрізді сөздер жатады. Бұлар не-ме-не, не-ге, не-ше тәрізді құрама элементтерге ажырайды. Немене сұрау есімдігінің құрамындағы -ме сұраулық шылау. Неме сөзі қалыптасып, заттық ұғым алған кезде, сұраулық мән туғызу үшін екінші рет не қосылған. Неше есімдігінің құрамындағы -ше осыдан бұрын айтылған қанша есімдігінің құрамындағы морфема екені анық.
Не сөзі о баста зат есім мәнінде қолданылған. Солай екендігіне қазіргі тілдегі кейбір қолданыстары да айғақ. Не нәрсе, не іс, не зат тәрізді тіркестер құрамындағы не — тек зат есім мәнін ғана береді. Не — о баста тек зат есім болғандығын оның септеулік тұлғаларының сұрау есімдіктері есебінде қалыптасуы да дәлелдейді. Нені, неге, неде, неден, немен тәрізді тұлғалардың сұрау есімдіктері есебінде қалыптасуы сөз мағынасын саралап түсінуге ұмтылудан туған болса керек. Тура объект мәні нені, жанама объектілік мағыналар неге, неде, неден (септік жалғаулардың семантикасына сай) сұрау есімдіктері арқылы ашылатыны мәлім. Не сөзінің септік тұлғаларының сұраулық мәндерде қалыптаса бастауы сонау ескі дәуірден басталған процесс. VIII ғасыр жазбалары тілінде мынадай тұлғалар ұшырасады: негү: біз икегү, негү тіп өтүне-лім (біз екеуміз қалай етінейік), неке: неке қорқурбыз (неге қор-қамыз), неде: неде өтру йоқ (не үшін жоқ). Сонымен, не сөзінің объектілік мән беретін септік жалғауларында қолданыла бастауы ертеден кездеседі. Оның үстіне, көне түркілік жазбалар тілінде не есімдігінің септік тұлғалары кейде қазіргі тіліміздегі мағынасынан өзге, басқа сұрау есімдіктері орнына қолданылғандығы да бар. Жоғарыда келтірілген біз икегү негү тіп өтүнелім сөйлемі құрамындағы негү есімдігі қазіргі тіліміздегі қалай сұрау есімдігінің орнына қолданылған (негү, -гү барыс жалғауының оңтүстік
тілдерге тән варианты). Не есімдігінің және оның әр түрлі тұлғаларының баска сұрау есімдіктері орнына қолданылуы көне түркілік жазбаларда жиі үшырасады. Мысалы: не қағанқа ісіг-күчіг берүрмен «қай қағанға ісім мен күшімді жұмсармын». Не ийрде «қай жерде». Қазіргі қазақ тілінде қалай, қандай есімдігінің орнына нендей, қанша деудің орнына неше сұрау есімдіктерінің қолданылуы бір кезде, тілдің көне дәуірінде не түбірлі есімдіктердің қолданылу аясының кеңдігінен қалған із.
Не есімдігі ескі жазбалар тілінде де басқа сөздермен тіркесіп, сұрау мәнді тіркестер жасаған. VII—VIII ғасыр жазбалары тілінде не үчүн, не ийрде, некуке керек тәрізді сұраулық тіркестер ұшырасады. Қазіргі тіліміздегі не қылды, не етті, не істеді, не үшін, не мақсатпен тәрізді толып жатқан тіркестер бір кезгі ескі түркілік модель бойынша қалыптасқандығы анық.
Өздік есімдігі деп аталып жүрген топқа жататын бір ғана өз сөзі екені белгілі. Зерттеушілердін қайсысы да өз сөзі о баста «сущность, самость», яғни, «бүтін, түгел бәрі, негізі» дейтін мән берген дейтін пікірге ойысады. Сонда өз сезінің тәуелдіктің III жағында айтылуы кейін пайда болған құбылыс деп танылуға тиіс. Көне түркілік ескерткіштердің кейбірінде бұл сөздің айтылып отырған мәнде және тәуелдік жалғауынсыз қолданылуы ұшырасады. Өз ынча кергек болмыш (ҚБ). «Өмір де өзінше аяқталды». Қазақ тіліндегі өз-өзінен (сөйледі), өзі-өз болғалы, өзді-өзі, өз бетімен (бетінше), өз басы тәрізді тіркестер құрамынан да өз сөзінің алғашқы мәнін де, тұлғалық ерекшелігін де (өзі-ез болғалы, өз-өзінен) байқауға болады. Өзі-өз болғалы, өз-өзімен тіркестері құрамындағы қосымшасыз өз сөзі есімдіктен гөрі зат есім мағынасына жуық. Бұл фактілер түркологияда кең таралған пікірдің дұрыстығын дәлелдей түседі. Өз сөзі даму барысында тәуелдіктің III жағында есімдік есебінде қалыптасумен бірге, басқа да сөздерге негіз болған. Қазіргі тіліміздегі өзек (өз-ек), өзге (әз-ге), өзгеше // ез-ге-ше/, өзінше (ез-ін-ше) сездері осы түбірден тараған.
Есімдіктердің қалыптасу тарихы жайында әңгіме қозғағанда тоқталуды қажет ететін жайдың бірі — есімдіктердің септелу ерекшеліктері. Қазіргі түркі тілдерін есімдіктердің септелу ыңғайында салыстырып қарасақ, біркелкі болмайтынын кереміз. Бұндай әркелкілік әсіресе барыс жалғауының тұлғасына катысты. Кейбір тілдер фактілерін байқап көрейік: башқүрт — миң-ә, татар — миң-а, ноғай — ма-ға, қазақ — ма-ған. Барыс септікте есімдіктер септелуінің қазіргі түркі тілдерінде ұшырасатын үш түрі (1. -э, -а, 2. -ға, 3. -ған) осы келтірілген тілдер фактілерімен айқындалады. Ноғай тілінің ерекшелігі ма-ға, са-ға есімдіктің байырғы түбіріне (ма, са) барыс септіктің біршама «жаңа» косымшасының жалғануы, яғни, жалпы есімдер тобына тән септелу үлгісімен ыңғайласуы болса керек (атқа, жерге, кекке, т. б.). Екінші жағынан, ноғай тілі бұл жерде түбір ыңғайында қазақ тілімен жақындасады. Салыстыр: ма-ға, ма-ған, ал басқа септіктерде ме, се (мен, сен) жіңішке. Басқа тілдерде түгелге жақын жіктеу есімдіктері барлық септік жалғауларында біркелкі айтылады. Қазіргі түркі тілдерінде ұшырасатын есімдіктер септелуінің осы үш түрі де көне түркілік жазбаларда бар. VII—VIII ғ. жазбаларында маңа, саңа. Әрине, -а, -е тұлғалары, әдетте айтылып жүргендей, оңтүстік тілдерінің үлесіне тиеді .де, -ға, -ге тұлғалары солтүстік-батыс түркі тілдерінің ерекшелігі болып қалады. Алайда, осы жерде қазак тіліндегі -ған жалғауының пайда болуын қалай түсіндіру мүмкін дейтін заңды сұрақ туады. Өйткені түркі тілдерінің бірде-бірінде, ежелгі түркі жазбаларында барыс септіктің мұндай қосымшасы кездеспейді. Бұл жайында түркологияда осы уақытқа дейін әр қилы пікірлер айтылып келеді. Э.В.Севортян -ған тұлғасын екі түрлі элементтен пайда болған деп қарайды: -ға-н. Соңғы -н, Севортянның ойынша, айрықша қолданылған ескі көлемдік септіктің қалдығы болса керек және ол мен, сен есімдіктерінің құрамындағы осындай элементпен бірдей. Ф. Г. Исхаков бұл тұлға туралы былай деп жазады: «возможно, по нашему, три варианта объяснений: 1) -ған -ғар, 2) оған «ему» — онға: ниғ путем метатезы поменялись местами, 3) оған «ему» оға — оғар». Бұл жерде айта кететін бір жай, -ғар тұлғасы ортағасырлық ескерткіштердің біразында-ақ ұшырайды. Соған қарағанда, бұл тұлға көне түркілік -ғару (мұның езі -ға және -р элементтерінен құралғандығы айқын) тұлғасының қысқарған түрі болу керек. Алайда -ған тұлғасы -ғар-дың дамыған түрі немесе ол н және ғ дыбыстарының орын алмасуының нәтижесінде пайда болуы да ықтимал. Ортағасырлық жазбалар тілінде аңа, аңғар, аңңар тәрізді үш түрлі вариантта айтылған. Алайда онда да -ған тұлғасы әсте ұшыраспайды. Мен, сен есімдіктері барыс тұлғасындағы жеке күйінде де, басқа септік тұлғаларында да дауысты дыбыспен, яғни, жуан айтылуымен, екі-ақ дыбыстан (ма, са) тұратындығымен назар аудартады. Мұндай өзгерісті, ең алдымен, ежелгі кездегі осы есімдіктердің сипатымен байланысты қарастыру орынды. VII—VIII ғасыр жазбаларында арагідік болса да барыс тұлғасының мана, бана, сана түрінде, яғни, түбірдің жуан айтылуы ұшырасады. Оның бер жағында, қазіргі түркі тілдерінің кейбірінде қазірде де жуан дауыстылармен айтылу фактісі бар. Осыған қарағанда, қазіргі қазақ тілінде барыс тұлғасының ма-ған, са-ған түрінде, жуан дауыстымен келуін ескіліктің қалдығы деп қарау орынды.
сімдіктер септелуінің бір ерекшелігі — ілік тұлғасында кездеседі. Түбір мен қосымшаның жігін ажыратқанда, ілік септік жалғауының -ның әлде -ың екендігін анық айта қою қиын. Өйткені есімдіктердің түбір күйі мен, сен, ол, т. б. деп айтылады. Сонда менің, сенің септелген есімдіктерінің түбірі — мен, сен бе, әлде ме, се ме, екінші сөзбен, ілік жалғауы бұл жерде -ның ба, әлде -ың ба дейтін сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беруде түркологтардың арасында бір ізділік жоқ. Мысалы, Ф. Г. Исхаков менің дегенде ілік жалғауы -ің, яғни, септелудің оңтүстік тілдерге тән түрін сақтаған деп қараса, бірсыпыра зерттеушілер, әсіресе, қазақ тілі мамандары, түбірдің соңғы дыбысы -н мен қосымшаның басқы дыбысы -н-нің қабаттасуынан барып редукцияға ұшыраудан менің түрі қалыптасқан деп қарайды. Кейбір зерттеушілер түбірдің соңғы дыбысы болып табылатын -н — қосымшаның құрамына ауысқан деп те есептейді. Ілік септіктің есімдіктер жүйесінде ұшырасатын мұндай ерекшелігін түсіну үшін қазақ тілінің мына фактілеріне көз жүгірту орынды: менің, сенің, оның, бұның, соның, осының. Осылардың ішінде солтүстік түркі тілдеріне тән ілік септіктің толық түрі тек қана осы есімдігі септелгенде кездеседі. Басқаларының бәрінде де ілік жалғауының оңтүстік тілдерге тән түрі айтылады. Енді көне жазбалар тілінің фактілеріне жүгінсек, оларда мынадай жарыспалы тұлғаларды ұшыратамыз. X—XIII ғасыр ескерткіштерінде бенің, менің, меннің, сенің, сеннің. Бірақ Орхон-Енисей жазбаларында осы параллельдердің тек «оңтүстік» түрі ғана ұшырасады да, «солтүстік» түрі, яғни, толық түрі кездеспейді. Сонымен, ежелгі түркі ескерткіштері тілін хронологиялық жүйемен қарастырғанда -ның соңғы кезде пайда болса керек.
Есімдіктердің шығыс септік тұлғасының менен, сенен түрінде, яғни, қосымшаның басқы -н дыбысынсыз айтылуы элизия құбылысының әсерінен болуы мүмкін. Ежелгі ескерткіштер тілінде сендін, сентін, сеніңден, сеніңтен түрінде ұшырасады. «Кодекс куманикусте» сенден, менден тұлғасында да кездеседі. Бұған қарағанда, қазіргі қазақ тіліндегі сенен, менен тұлғалары қосымшаның басқы н(д) дыбысының түсіп қалуының нәтижесі.
Есімдіктердің табыс тұлғасында да н-сіз айтылуын редукция әсерінен деп ойлауға болар еді. Оған мынадай дәлел бар: «Кодекс куманикусте» сеніңні тұлғасы кездеседі. Осы аналогия жолымен меніңні, оныңны тұлғалары да қолданыс тапқан деуге әбден негіз бар. Оған тағы бір себеп: септік тұлғаларының қайсысы да ілік жалғау үстіне қабаттала айтылуы түркі тілдерінің құрылысына әсте жат емес. Сондықтан «Кодекс куманикус» фактісін соның бір ұшқыны деп есептеуге болады. Олай болса, екпін түспейтін буынның редукцияға ұшырауының нәтижесінде сені қалыптасқан: се-ніңні — сені.
Сонымен, қазіргі қазақ тіліндегі есімдіктер жүйесі өз бойына тілдің өте ескі кезіндегі қалпы мен кейін пайда болған жаңа құбылыстарын түгелдей сиғызған категория. Есімдіктердің бұндай ерекшеліктері олардың түбір қалпынан да, септелу парадигмасынан да айқын көрінеді.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Тарихи грамматика пәнінің мақсаты мен міндеті.
Түркі тілдерінің даму кезеңдері.
Тарихи лексикология мәселелері.
Тарихи этимология.
Тарихи фонетика .Дыбыстардың даму тарихы.
Тарихи морфология.
Есім сөз таптарының даму тарихы.
Етістіктің даму тарихы.
Тарихи синтаксис мәселелері.
Әдебиеттер: 1, 2, 4,5, 7, 8,11.
11-Дәріс: Етістіктің даму тарихы
1. Есімше, көсемше тұлғалары.
2. Көне түркі тіліндегі тұлғалармен салыстыру
Мақсаты: Етістіктің даму тарихы туралы түсінік беру.
Есімше, көсемше тұлғаларының дамуы.. Көне түркі тіліндегі тұлғалармен салыстыру.
Мазмұны: Көсемше. Қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда, көне түркі тілдерінде көсемшелік тұлғалар сан жағынан көп болған. Бірақ олардың кейбірі қазіргі тілде сақталмаған, бірен-сараны жеке сөздер құрамында «өлі» (застывшие) элементтер түрінде ғана ұшырасады. Қазіргі қазақ тіліндегі қатты сын есімінің құрамындағы -ты V—VIII ғасырларда көсемшелік формант және осы шақты білдірген: -қатығды>қатды>қатты. Бірақ сөз құрамында ғана сақталып, өзінің бұрынғы шақтық мәнінен түгелдей ажырап қалған. Сол сияқты, сайын, тағы, дейін, шейін тәрізді шылаулар құрамында да бір кезде (V—VIII ғ.) қолданылған -ы, -и көсемше форманттарының ізін көреміз.
V—VIII ғасыр ескерткіштерінде көсемшенің мына тәрізді форманттары қолданылған. 1. -а, -е: уча, тута, -й, -ы: -іти, -алы, -у, -ү: өлү, оплайу: -гелі, өлгелі, -ты: сақынматы, қатығды. 2. -п, -пан, -пен: олурыпан. Орта ғасыр ескерткіштерінде де кейбір өзгерістермен (негізінен, фонетикалық) осы тұлғалар қайталанады. Орта ғасыр ескерткіштері тілінде, бұлардан басқа, -ғач, -геч (кебінесе шағатай әдеби тілінің кұрамында), -мадын, -мазын, -майын. Алтын Орда ескерткіштерінде -ғанча, -гінче тұлғалары да ұшырасады. Көне түркілік ескерткіштер тілінде де көсемше тұлғалары дербес күйінде емес, күрделі етістік құрамында, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде, сондай-ақ әр түрлі көмекші сөздермен, форманттармен бір тіркес құрамында қолданылғаны көрсетіліп отырған көсемше форманттарын шақтық мән білдіруіне қарай осы шақ көсемшелері (-а, -е, -ы, -и, -ү, -ыт), өткен шақ көсемшелері (-п, -пан, орта ғасыр ескерткіштерінде -бан, -ыбан) және мақсат көсемшесі —ғалы деп топтастыруға болады. Бұл жағынан да қазіргі тілдегі осындай көсемшелерден үлкен айырмашылығы байқала қоймайды. -а, -е, және -ы, -и, -у, -ү тұлғаларын Орхон жазбаларын оқып, оның тілін зерттеумен айналысқан В.Томсен бір-бірінен аздаған мағыналық мәнерлер арқылы ғана ажырайтын фонетикалық варианттар деп қарапты. -ы тұлғасы X—XIII ғасырларда А.М.Щербактың айтуынша, жеке сөздер құрамында ғана сақталған өлі тұлға болған.
Қазақ тілінде бұның ізін сайын (сай-ы-н), дейін (тегі-і-н) тәрізді шылаулар құрамынан көреміз. -у, -ү тұлғалары орта ғасыр жазбаларында аса кең қолданылған. Алайда кейінгі дәуірлерде қолданыстан шығып қалды. Варианттардың азаюымен бірге, бір кезде әр түрлі вариантқа тән болатын мағыналық мәнерлер тек қана -а, -е, -и формаларына шоғырланған. Айталық, ескі жазбалар тілінде істің, әрекеттің мақсатын, себебін білдіру мәнінде көбінесе -у, -ү, -ы тұлғалары қолданылса, қазіргі тілде осы мағыналар-а, -е, -й көсемшелерімен беріледі.
-а, -е тұлғаларының арғы түбін А.М.Щербак қимыл есімі, бұл тұлғаның үстіне орта ғасыр жазбаларында -рақ жүрнағы жалғанып та қолданылуы сондай екендігін дәлелдейді деп жазады. -п тұлғасы көне түркі тілінде де өткен шақ мәнін беретін грамматикалық тәсіл. Бұл тұлғадан тараған -пан, -пен және -ыбан, -ібен варианттары да болған: -п тұлғасын А.Н.Қононов көне бол етістігінің -й/а, -и/е тұлғалы көсемшелерімен бір тіркесте энклитикалық қолданылуынан қалыптасқан деп қарайды. Аффикс мына жолмен өзгеріске түскен: -(и) ыпан>(-ы) пан>ып. Ал кейінгі дәуірлерде -пан күрделі аффиксінің құрамынан -ан буыны түсіп қалса керек. Қазіргі якут және чуваш тілдерінде -ан өнімді аффикс. Көне заманда бұл есімшелік аффикстердің бірі болған. С.Е.Малов та -пан тұлғасын -п және -ан бөліктерінен құралған деп есептейді. Бұлардан сәл өзге пікірді соңғы кезде А.М.Щербак айтты. Ол -п тұлғасы тарихи тұрғыдан қимыл есім форманты, ал -ан ескі құралдық септік қосымшасы деп есептейді.
Қазіргі қазақ тіліндегі мақсат көсемше деп аталып жүрген -ғалы тұлғасы ескерткіштер тілінде екі түрлі мәнде — мақсат және істің басталар моментін (уақытын) білдірген. Қазақ тілінде де бұл тұлғаның осы екі мағынасы сакталған. -ғалы қосымшасы құранды -ғалы көсемшесінің екі түрлі қызметі де, екі түрлі морфологиялық тұлғадан каралуына байланысты -ғалы қосымшасының алғашқы элементі барыс септік жалғауы да, соңғы -лы түркі тілдерінің тарихында белгілі бірлестік септік қосымшасы болуы ықтимал. -ғалы тұлғасы әдетте істің басталуына меңзейді, бір істің басталуымен екінші әрекеттің ыңғайластығын, тұтастығын білдіреді. -ғалы тұлғасының семантикасы осындай морфологиялық құрамның нәтижесі деп қаралатыны да сондықтан.
Орта ғасыр ескерткіштері тілінде ұшырасатын -матын, -мадын, -майын тұлғалары нақ осы күйінде қазақ тілінде сақталмаған. Тарихи жағынан бұл күрделі: -ма — етістіктің болымсыздық аффиксі, -йын Орхон жазбаларында ұшырасатын -йин, -йын көсемшелері екені айқын. Бұл аффикс ескерткіштер тілінде де істің істелу тәсілін, қандай жағдайда істелгендігін білдірген. Қысқасы, қазіргі қазақ тілінде -май, -мей (көрмей сөйлеме, білмей айтпа) тұлғасы беретін мағыналарда қолданылған. Орта ғасыр ескерткіштері тілінде де бұл аффикс бірде толық түрінде (-майын), бірде қысқа түрінде (-май) айтылған. Қазақ тілінде толық түрі -майынша күрделі аффиксінің құрамында ғана ұшырайды. Соңғы мезгіл мәніндегі -ша қосымшасының қосылып, бірігіп жұмсалуы Алтын Орда жазбаларының тілінде ұшырасады. Соңғы -ша қосымшасының ықпалымен бүкіл аффикс мезгілдік мәнге ие болған. Бұл шолу түркі тілдеріндегі көсемше тұлғалары есім негізді дейтін А.Н.Кононов пікірінің дұрыстығын дәлелдейді.
Сонымен, көсемше формаларының көпшілігіне-ақ есім сөз таптарына тән қосымшалар негіз болған. Ал онда етістік негізге есім қосымшаларының (септік жалғауларының) жалғануын қалай түсінуге болады? Бұл жерде түркі тілдері тарихында болған мынадай ерекшелікті еске алған жөн: есім-етістік түбірлер өз семантикасын (я есім сөз табы ретінде, я етістік сөз табы ретінде) контекс құрамында ғана анықтады. Сабақтастырушы жалғаулықтар қалыптаспаған дәуірде сөйлем құрамында адвербиалдық мән берудің ұтымды тәсілі — септік жалғаулары болды. Тұрлаусыз мүше қызметіндегі қимыл есім өзінен кейінгі предикат мәніндегі етістікпен септік жалғауы арқылы қатысқа түсті. Нақ осы тәсіл қазіргі тіл құрамында да бар.
Есімше. Көне түркі тілінде есімшелік тұлғалар да сан жағынан әлдеқайда көп. Бір қызметте кейде бірнеше морфологиялық тұлғалар қолданылған. Бұған қарағанда, тілдің даму барысында есімшелік тұлғалардың азаюына бұрын бірнеше формалар арқылы берілетін мағыналық мәнерлердің бір ғана форма айналасына шоғырлануы себеп болса керек. Қазіргі тіліміздегі кейбір есімше тұлғаларының қызмет аясының өте кең болуы тілдің тарихи даму барысында болған осындай процеспен байланысып жатады.
Көне түркі тілінде қолданылған кейбір есімшелік форманттар қазіргі түркі тілдерінде сол күйінше қолданыс тапса (кейбір фо-нетикалық айырмашылықтарын ескермесек), бір тобы жеке сөз-дер құрамында «өлі» қосымша болып сақталып қалған. Көне түркі тілінде қолданыс тапқан есімше форманттарының кейбір басты ерекшеліктері мынадай: -мыш Орхон-Енисей жазбалары тілінде, сондай-ақ, кейінгі орта ғасыр жазбаларында да есімшенің өткен шағын жасаған аффикс: қалмыш (қалған), тегміш (түйіскен), қазіргі біздің тіліміздегі -ған аффиксінің қызметін атқарған. Бұл формант, сонымен қатар, қимыл есімінің қызметінде де кездеседі. Бұл мәнде ол қазіргі біздің тіліміздегі тұйық рай тұлғасы -г/-ға сай: бітміш (жазу, жазба), берміш (беру, бересі). -мыш форманты ашық райлы етістік қызметінде де қолданылып, сөйлемнің баяндауышы болған: йоқ ерміш (жоқ еді). Сонымен бірге тұрлаусыз мүшелер қызметін атқарып, әр түрлі септік жалғауын қабылдаған: адырылмышда (айырылысқанда), бітмішін (бітісімен). Шылаулармен де бір тіркесте қолданылған: будун болмыш үчун (халық болғаны үшін). Орта ғасыр жазбалары тілінде -мыш тұлғасының істің болған-болмағанын дүдамал, оны біреудің сөзі арқылы хабарлау мәнінде де қолданылатыны кездеседі. М.Қашқари -мыш аффиксінің бұл қызметі жайлы былай деп жазады: «-мыш, -міш қосымша-сы да іс-әрекеттің өткен уақытта болғанын білдіреді. Бірақ мұнда сөйлеушінің өзі көрмеген, анық еместік мағына бар, ол бармыш — ол барған болу керек, бірақ мен өзім көрген жоқпын. Ол келміш — ол келген болу керек, бірақ мен өзім көрген жоқпын»} Осымен байланысты, қазақ тілінде ұшырасатын, сөйлем баяндауышына тіркесе айтылып, істің болмағандығын, бірақ болды деп жорамалдағандығын білдіретін -мыш, -мыс тұлғаларын еске түсіру орынды: айтыпты-мыс. Бұл ыңғайда жақтық қосымшаның қандай болғанына қарамай, өзгермей тіркеседі. Э.Наджип ортағасырлық Алтын Орда әдеби тілінде -мыш тұлғалы есімше баяндауыш қызметінде жұмсалғанда, тек қана III жақты білдіретінін, өйткені жақ жалғауларын қабылдамайтынын айтады. Осы ескертпе қазақ тіліндегі барыпты-мыс тұлғаларының қалыптасуына қалай да қатысты. Қазақ тілінде -мыш формантына тән барлық мән-мағына -ған формантына ауысқан кезде -мыш реликт есебінде қазіргідей позицияда қалып қойған деп қарауға әбден дәлел бар. Қалай болғанда да, қазақ тіліндегі -мыш тұлғасының осы қолданысы бір жағынан көне түркілік қолданыспен, екінші жағынан қазіргі чуваш тіліндегі қолданыспен тығыз ұштасып жатады. -мыш біздің қазіргі тілімізде жеке сөздер құрамында ғана сақталған: тұрмыс, жазмыш, озмыш, болмыс, тарамыс тәрізді сөздер құрамындағы осы тұлға. -Мыш тұлғасы өзінің бұрынғы мағынасында қазіргі оңтүстік-батыс тілдерінде ғана сақталған. Қазіргі тілімізде өткен шақ есімше мәнін беретін -ған түлғасы Орхон-Енисей жазбаларында кездеспейді, бірақ XI ғасырдағы Кашқари сөздігінен бастап аса жиі қолданыс тапқан формант. М.Қашқари бұл тұлғаны өткен шақтық мән беретін форманттың бірі деп пайымдайды. Алайда Қашқаридың түсіндіруінше -ған түлғасы істің дүркінділігімен байланысты ұғынылатын формант: «Іс-әрекеттің көп мәрте болғанын, созылыңқы екенін білдіруші сипат. Бүл сипат барлық тайпа тілдерінде және әрбір бөлімде бұйрық рай тұлғасында жасалады. Бұйрық рай қатан қ-ға бітсе, -ған, жұмсақ сөздерге -ген қосылады. Сондықтан көп мәрте қайталанған іс-әрекетті білдіруші сипат барған бар бұйрық райынан, тұрған тұр бұйрығынан жасалған». Бұған қарағанда, Қашқари дәуірінде, -ған, -мыш тұлғаларының арасында белгілі дәрежеде қолданыстық шек болған. Қазіргі қазақ тілінде -ған тұлғасының -мыш форманты беретін барлық мағыналық мәнерлерде жұмсалуы соңғының қолданыстан шығып қалуымен байланысты болса керек. Алтын Орда әдеби тілінде өткен шақ мәнінде -ған форманты аса жиі де кең қолданыс тапқан. Ал -мыш негізінен, тек қана анықтауыш қызметін атқаратын, сонымен қатар, III жактық баяндауыш болып жұмсалатын формант қана, яғни, қолданылуы грамматикалық жағынан шектелген формант ретінде ғана ұшырасады. Сөйтіп ол тілде -мыш формантының орнын -ған форманты ала бастағаны байқалады. Тарихи жағынан екеуі {-мыш пен -ған) екі тайпа не тайпалар одақтары тіліне тән формалар болу керек. Оңтүстік батысқа қатысты жазбалар тілінде -мыш актив қолданылғанмен, Алтын Орда жазбаларында бұл сирек ұшырайды. Бұл сол тілдердің негізі болған тайпа тілдерінің ерекшелігі екеніне дау жоқ. Қазіргі түркі тілдерінде бұл тұлғалардың қолданылуы белгілі бір жүйені байқатады. -мыш түлғасын қолданатын тілдер -ған тұлғасын айтпайды да, -ған тұлғасы актив тілдер -мыш тұлғасын қолданбайды.
-ған этимологиялық жағынан құранды. Оның алғашқы бөлімі -ға — қимыл есім тұлғасы да, соңғы -н ежелгі дәуірде өткен шақты білдірген қосымша, -к қосымшасы қазіргі чуваш тілінде осы мағынада қолданылады.
-р (-ар, -ер) есімшесі қазіргі түркі тілдерінде, соның бірі қазақ тілінде келер шақ мәнін беретін арнаулы грамматикалық тәсіл. Келер шақ көрсеткіші есебінде бұл тұлға V—VIII ғасыр ескерткіштері тілінде, негізінен, мына төмендегідей қызметте қолданылған: есімше, яғни, өзінің тура мәнінде: көрүр көзүм, білір білігім, йүкүнүр күн; осы шақ мәнінде: берүр, барыр; келер шақ мәнінде: йылан йыл онунч айқа Иноз Иненчу Бес балыққа барырмен. Сонымен бірге, ертім көмекші етістігімен тіркесіп келсе, созылыңқы өткен шақ мәнін де береді. Әр түрлі септік жалғауларын қабылдап, субстантивтеніп, сөйлем құрамында тұрлаусыз мүшелер қызметін де атқара алады. -р тұлғалы есімшелердің V—VIII ғасыр жазбаларынан байқалатын осы мағыналары көп өзгеріссіз орта ғасыр жазбаларының тілінде де көрінеді. Жоғарыда көрсетілгендей, -р аффиксі ашық дауыстымен де, қысаң дауыстымен де айтылған. Түркологияда Радловтан бастап, осы аффикстің ашық дауыстылы варианты мен қысаң дауыстылы вариаитының арасында қолданылу мәні жағынан айырма бар деген пікір орын теуіп келе жатыр. Ең алдымен мұндай пікір қазіргі кейбір түркі тілдерінің фактілеріне негізделгендігін айту керек. Қазіргі азербайжан тілінде осы шақ мәнін беретін есімше -ыр, келер шақ есімше -ар.
Ежелгі жазбалар тілінде де -р тұлғасының нақ сондай ерекше қолданысы (бірде осы шақ, бірде келер шақ мәндерін білдіруі) бар. Бірақ -р бірнеше вариантта айтылған: ашық дауыстылармен -ар, -ер, қысаң дауыстылармен -ыр, -ір, сол сияқты ерін дауыстыларымен де -ур, -үр. Алайда жазбалар тілінде -ар-мен -ыр арасында айқын айырма әрқашан болған деу қиын. Өйткені бір ғана сөз бірде -ар, бірде -ыр, кейде -ур (-үр) аффикстерімен қолданылады және қай шақта қолданылғаны контекстік қоршаудан ғана ажырайды. Көңіл аударарлық жайт — аса жиі ұшырасатын варианты -ыр, ал -ар варианты әлдеқайда сирек. Бұған қарағанда, бір себептен, бір ғана аффикстің көп варианттылығын әр турлі тайпа тілдерінің тоғысуы деп қарауға да болатын тәрізді.
Бұл тұлғаның болымсыз түрі –мас//з. Соңғы элемент р емес, -з//с (бұл жерде тағы да р>з сәйкестігін еске алу керек). Қазақ тілінде тек -ар, -ер ғана сақталған және семантикалық жағынан бір-бірінен ерекшеленбейді. -ыр варианты қазақ тілінде жеке сөздер құрамынан ғана ұшырайды (жатыр). Кейбір зерттеушілер (Мыс, Н.А. Баскаков) тур, жүр етістіктерінің о бастағы аорист формасы турыр, жүрір түрінде болған деп қарайды. Кейін соңғы -ыр буыны түсіп қалған, бірақ аффикстің мәні қысқарған түбірде сақталып қалған. Бұл етістіктердің қазіргі тілде осы шақ жасайтын арнаулы тәсіл есебінде қолданылуы да соған байланысты болса керек.
В.Котвич жоғары етістіктердің бастапқы түбірі ту, жү (йү), соңғы -р (ту-р, жү-р) аорист форма деп қарайды. Оның дәлелі түр, тұт етістіктеріне ортақ бүтін -ту, -тут етістігінің соңғы элементі -т қаузатив түлға, олай болса, тұр етістігінің (сол сияқты, отыр, жатыр етістіктерінде) соңғы элементтері осы шақ мәнін берген тұлға. Қазіргі қазақ тіліндегі -атын есімшесі — біршама жаңа тұлға. Орта ғасыр жазбаларында: барчаның баратурған йуртыға кетеді (Ш.Тер.). Қазақ фольклорында: артынан бір нәрсе келе жатса пысқыратұғын еді («Ер Тарғын»). Сонда -атын тұлғасының қалыптасуын мына тәрізді деп қарауға болады: -а (көсем-ше)+түр (көмекші етістік) + -ған//а-дур + ған (орта ғасыр жазбаларында -адурған тұлғасы кездеседі) //-а + тур + ған>а + ту(р)-\-ған>а-\-ту-{-ғын>атын. Соңғы дауыстының қысаңдануы екпін түспеудің салдары болу керек. Сонымен, -атын тұлғасы өзінің құрамындағы морфологиялық тұлғалардың мәнмәнерін сақтаған (-а және -ған).
Қимыл есімі -гу, -гү. Қашқари еңбегінде бұл форманттың екі түрлі қолданылуы көрсетілген: бір жағынан ол гу формантын есім орнына қолданылатын етістік деп түсіндіреді, екінші жағынан есімдермен изафет құрайтындығын көрсетеді: Сенің барғуң ка-чан — сен қашан барасың. «Қудатқу білік» тілінде бұл формалы сездердің баяндауыш қызметінде қолданысы бар: удушуғ білігіг өзүм сөзлегү — уққанды, білгенді өзім айтамын (айтуға тиіспін). Қазақ тілінде бұл формант көбінесе есім сөздер құрамында ғана сақталған, сондай-ақ, келер шақ жасауда қолданылады: -бар-ғы-м келді, бар-ғы-сы келеді.
-мақ, -мек. V—VIII ғасыр ескерткіштерінде -мақ форманты есід-мек тәрізді бір-екі сөз құрамында ғана ұшырайды. Ал ортағасырлық жазбалар тілінде бұл формант аса жиі қолданыс тапқан тұлғалардың бірі. Қашқари бұл тұлғаны масдар деп түсіндіреді. Қазіргі тілдерде -мақ форманты негізінен үш түрлі қызметте ұшырасады. Істі атқаруға ниетті екенін білдірудің тәсілі ретінде ол, әрине, келер шақ мәнін береді. Қимыл есімі есебінде қолданылады (көрмек, білмек — ерге сын). Сонымен қатар, инфинитив мәнін де береді. Қазіргі қазақ тілінде осы үш түрлі қызметтің алғашқы екеуі бұл тұлғаның негізгі мәндері. Инфинитив қызметінде қолдану XIII—XIV ғғ. қыпшақ жазбаларының тілінде ұшырасады. Орта ғасыр жазбаларында -мақ, сонымен бірге, істі атқаруға ниеттілікті (форма намерения) білдіретін тұлға мәнінде де қолданылған. Инфинитив мәнінде қолданылуы қазақ арасында XIX ғ.-да қолданылған кітаби жазба тілде кездеседі. Алайда қазақтың халық тілі мұндай ретте -у тұлғасын қолданады.
Орхон-Енисей жазбаларында, сол сияқты кейінгі дәуірлерге қатысты жазбалар тілдерінде -ш (-ыш, -іш), -ч (-ынч, -інч) қимыл есім форманттары жиі ұшырасады. Алайда бул екеуінің арасындағы өзгешелігі — алдыңғы аффикс етістіктің таза, қосымшасыз түбіріне тікелей жалғанады да, соңғысы -н тұлғалы, яғни, ырықсыз етіс тұлғасының үстіне барып жалғанады. Қазіргі қазақ тілінде бұлардың екеуі де фонетикалық өзгеріске ұшыраған: ш>с,ч>ш. -алыс, барыс, жатыс, шығыс, қалыс, батыс, келіс, өкініш, күйініш, сүйініш тәрізді сөздер осы тұлғаның негізінде қалыптасқандар.
зақстан тұрғындары тілінің, әсіресе фонетикалық және морфоло-гиялық сипатын білумен қатар, жазба тіл мен сөйлеу тілінің ара-сындағы кереғарлықтың дәрежесі туралы толық мәлімет алуға болады.
Оңтүстік Сырдария бойын мекендеген қазақтардың тілі М.А.Терентьевтің «Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская» (СПб, 1875) және «Хрестоматия турецкая, персид-ская, киргизская и узбекская» (СПб, 1876) деген еңбектерінде лингвистикалық және филологиялық талдаулар объектісі болды. Оңтүстік қазақтарының сөз үлгілері Я. Я. Лютштың «Киргизская хрестоматия. Сборник образцов народной л-итературы киргизов Туркестанского края» (Ташкент, 1883) деп аталатын еңбегінде бе-рілген. Ал сол заманғы қазақ жазба тілінің үлгілері И. Н. Бере-зиннің «Турецкая хрестоматия» атты сериясының III томында бе-рілген (СПб, 1890). Қазақ руларының атаулары, діни салтқа байланысты сөздер, этнографиялық атаулар А. И. Левшиннің «Опи-сание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей» (СПб, 1832) атты зерттеу еңбегінде барынша толық жинақталған. В. В. Григорьев 1862 ж. орыс алфавиті арқылы қазақ дыбыстарын белгілеудің жолдары туралы мақала жазды (УЗКУ, отд. ист. фил. наук, 1862, г. в. 2). Бұл қазақ сездерін мүмкіндігінше дүрыс берудің жолдарын түсіндіруге арналған еді. Григорьевтің бұл ең-бегінің қазақ тілі материалдарын қағазға түсіруге практикалық мәні зор болды.
1894—97 жылдары қазақ тілін зерттеуде үлкен белес болған еңбек — профессор П. М. Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казак-киргизского языка» атты екі кітаптан тұратын зерттеуі жа-рық көрді. Мелиоранский еңбегінде сол заманғы қазақ тілінің синтаксистік жүйесі бірінші рет түсіндірілді. Бұл еңбектің ғылыми мәнін былай қойғанда, XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ-тардың сәйлеу жүйесі, сөйлем құрау жүйесі маман ғалым түсінік-темесімен бізге жетті. XIX ғасырдың аяғы, XX ғасырдың басында-ғы қазақ тілінің сездік коры, фонетикалық жүйесі мен грамма-тикалық құрамы В. В. Катаринскийдің кітаптары арқылы белгілі. Оның «Грамматика киргизского языка» (Оренбург, 1897), «Краткий русско-киргизский словарь» (Оренбург, 1895, 1898), «Киргизско-русский словарь» (Оренбург, 1897) атты еңбектері тек қана Орынбор маңындағы қазақтар тілін қамтып қоймайды. Сыр-дария бойы қазақтары тілінің де негізгі ерекшеліктерін қамтиды. Оңтүстік қазақтары тілі Ешмұхамбет Букиннің «Русско-киргиз-ский словарь» (Ташкент, 1885), «Русско-киргизские разговоры» (Ташкент, 1884) еңбектерінде біршама толық берілген.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Тарихи грамматика пәнінің мақсаты мен міндеті.
Түркі тілдерінің даму кезеңдері.
Тарихи лексикология мәселелері.
Тарихи этимология.
Тарихи фонетика .Дыбыстардың даму тарихы.
Тарихи морфология.
Есім сөз таптарының даму тарихы.
Етістіктің даму тарихы.
Тарихи синтаксис мәселелері.
Достарыңызбен бөлісу: |