Силлабус Қазақстан Республикасының білім беру жалпы міндетті мемлекеттік стандартқа сәйкес құрастырылған. Бакалавриат



Дата04.07.2018
өлшемі0,63 Mb.
#47191





«Астана медицина университеті» АҚ

С-07.1.5-1


Шығарылған күні: 28.06.2011



Биология кафедрасы

Қайта қаралған күні: 29.08. 2012


Қайта қаралды


бет



CИЛЛАБУС

Пәні: Даму ақаулықтары қалыптасуының биологиялық негіздері бойынша электив

Мамандығы: 051301-«Жалпы медицина»

Дәрістер: 6 сағат


Тәжірибелік сабақтар: 18 сағат
СӨЖ: 12 сағат
Емтихан: 2 семестр
Сағат саны 36 сағат
Курс: 2
Семестр: 3

Астана 2012ж.
Силлабус Қазақстан Республикасының білім беру жалпы міндетті мемлекеттік стандартқа сәйкес құрастырылған. Бакалавриат. (Астана 2006) 051301-«Жалпы медицина» мамандығы үшін «Даму ақаулықтары қалыптасуының биологиялық негіздері» пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде құрылған.
Құрастырушылар: Сманова Г.Б.

Силлабус «Астана медициналық университеті» АҚ 051301-«Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқыйтын студенттер үшін арналған.


Кафедра мәжілісінде талқыланған және бекітілген.
№ ___ хаттама «___» ____________ 201_ ж.

кафедра меңгерушісі

м.ғ.к. доцент Б.С. Мамбетпаева
Кафедра мәжілісінде талқыланған және бекітілген.
№ ___ хаттама «___» ____________ 201_ ж.

кафедра меңгерушісі

м.ғ.к. доцент Б.С. Мамбетпаева
Кафедра мәжілісінде талқыланған және бекітілген.
№ ___ хаттама «___» ____________ 201_ ж.

кафедра меңгерушісі

м.ғ.к. доцент Б.С. Мамбетпаева

1.7 Оқытушылар туралы мәлімет:

Кафедра меңгерушісі: Мамбетпаева Бахыт Смағұлқызы, медицина ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми қызығушылығы: Әртүрлі жануарлардағы стресстің кейбір формалары мен гипоксиялық жағдайлардағы өкпенің гормондық реттелуін оқып үйрену.

Орыс және қазақ тілінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.



Профессор Мироедова Эльвира Павловна, биология ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми қызығушылығы: Экстремальдық жағдайлар цитогенетикасы.

Орыс тілінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.



Кафедра доценті Алтаева Нұрсұлу Закирияқызы

Ғылыми қызығушылығы. Ақмола облысының уран өндіретін өңірлеріндегі сүтқоректілерді цитогенетикалық зерттеу

Қазақ тілінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.



Аға оқытушы Сманова Гульмира Бамадинқызы

Ғылыми қызығушылығы. Эволюциялық саты бойынша өкпе тінінің метаболизміне негізгі стресстік гормондардың әсер етуі.

Қазақ және орыс тілдерінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.



Аға оқытушы Абдрахманова Балқия Мұхамеджанқызы

Ғылыми қызығушылығы. Паразитология сұрақтары.

Аға оқытушы Жалмақанова Жанар Жұманбайқызы КарГУ, Биологиялық факультетті бітірді.

Оқытушы Қарагұлова Айжан Шишнұрқызы. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰҰ бітірді.

Оқытушы Қалбаева Айнагүл Еркінқызы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті, Биология факультеті.

Ғылыми қызығушылығы Оқу үлгеріміне сыртқы орта әсері.

1.8 Байланыстық ақпарат

Кафедраның мекен-жайы : Астана қаласы, . Бейбітшілік көшесі, 49, 3 этаж. «АМУ» АҚ оқу корпусы.


1.9 Пәннің саясаты

  • Дәрістер мен сабақтарға міндетті түрде қатысу,

  • Жіберілген сабақтарды өз уақытында қайта тапсыру,(екі апта аралығында)

  • Оқу тәртібін сақтау,

  • Құрал-жабдықтарды сақтау, техникалық қауіпсіздік ережесін білу және сақтау.

  • Ұялы телефондарды қолданбау

Халат, дәріске арналған дәптер, тәжірибелік сабақтарға арналған сурет альбомы болуы қажет.


2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе

Дамудың онтофилогенетикалық ақаулықтарының негіздерін қарастыратын сұрақтар негізгі медициналық білім беру пәндерінің ішіндегі күрделі де қызықты болып саналады. Бағдарламаға сәйкес курстарды оқыту адам дамуындағы онтофилогенетикалық ақаулықтарының негіздерін оқып үйренуге бағытталған.



Қазіргі медицина, адам денсаулығы үшін күресуде техникалық және гуманитарлық ғылымдардың соңғы жетістіктері кеңінен қолданылуымен сипатталатын дамудың сапалы жаңа кезеңіне өтіп отыр. Дамудың онтофилогенетикалық ақаулықтарының негіздерін оқып үйренуде сыртқы орта және шартты тұқымқуалайтын факторлардың әрекеттесулеріндегі қалыпты және паталогиялық белгілердің шығу тегі туралы дәрігердің ғылыми көзқарастарды қалыптастыру. Онтогенез адамның тұқымқуалау конститутциясының жүзеге асу нәтижесі болып табылады.Тұқым қуалайтын ауруларға және тұқым қуалауға бейім ауруларға диагноз қою, емдеу және алдын алу әдістеріндегі ілгері жылжу онтогенез және филогенез туралы терең білім алумен байланысты.

2.2 Пәннің мақсаты: Ағзалар тіршілігінің биологиялық негіздері, даму генетикасы, дамудың мүшелер жүйесіндегі онтофилогенетикалық және әртүрлі тума ақаулықтарының негіздері туралы студенттердің заманауи білімдерін қалыптастыру. Оларды келешекте медициналық –биологиялық, клиникалық пәндерді игеруге және медициналық тәжірибеде қолдану.

2.3 Міндеттері:

  • Ағзалар тіршілігіндегі молекулалық-генеткалық және жасушалық механизмдерінің рөлін оқып үйрету;

  • Тіршіліктің құрылым деңгейлері және тіршіліктің түпкілікті қасиеттері туралы жүйелі білімдерін қалыптастыру;

  • Кең таралған түұым қуалайтын ауруларды анықтау және алдын алу үшін тұқым қуалайтын патологиялардың негңзгң белгілерін ажырата білуге үйрету;

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:

Студент білуге міндетті:

  • Тіршіліктің құрылым деңгейлерін және тірі ағзалардың негізгі қасиеттерін;

  • Тұқым қуалау материалының гендік, хромосомалық және геномдық деңгейлердегі структуралық-функционалдық құрылымын;

  • Молекулалық-генетикалық деңгейде, адам организміне қоршаған ортаның зиянды факторларының әсерінің механизмдерін;

  • Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің пайда болу себептері мен механизмдерін және адамның тұқым қуалайтын патологиялары мен дамудың туа біткен ақау-кемістіктерінің қалыптасудағы рөлін, алдын алудың негізгі қағидаларын;

  • Жасушаның бөліну процесін және оның реттелу тетіктерін;

  • Ағзалардың жеке дамуының генетикалық негіздерін;

  • Халықаралық тілдегі молекулалық-биологиялық және генеткиалық терминологияны;

Дағдыларды игеруге:

  • қалыпты және патологиялық жағдайларында қорғаныстық-бейімдеушілік процесстерін түсіндіру мен денсаулықтың қалыптасу факторын түсіндіруді;

  • тұқым қуалайтын патологиялардың ұрпақтарда байқалу қауібін болжау;

  • арнайы терминологияларды, анықтама материалдарын, электронды базалық деректерді қолдануды;

    1. Реквизитке дейінгі: Молекулалық биология және медициналық генетика, гистология

    2. Реквизиттен кейінгі: патологиялық анатомия, балалар аурулары


2.7 Сабақтың тақырыптық жоспары

Дәрістердің үлгілік тақырыптық жоспарлары





Дәрістің тақырыптары


Өткізу түрі

Сабақтың ұзақтығы



№ 1Кредит.








1.

Жеке дара дамудың жалпы заңдылықтары. Дамудың генетикалық бақылануы.

Жалпы шолу

1

2

Даму ақаулықтарының қалыптасу негіздері ретінде онтогенездің жасушалық механизмдерінің бұзылыстары. Адам дамуының қатерлі кезеңдері.

Жалпы шолу

1

3

Адам дамуындағы ақаулықтардың қалыптасуының филогенетикалық негіздері. Қан айналу жүйесінің филогенетикалық даму ақаулықтары.

Жалпы шолу

1

4

Адамдағы зәр шығары және жыныс мүшелерінің фиологенетикалық даму ақаулықтары

Жалпы шолу

1

5

Адам тума ақаулықтарының жіктемесі. Тұқымқуалайтын орта мен мультифакторлы даму ақаулықтары.

Жалпы шолу

1

6.

Экзогенді даму ақаулықтары. Дамудың тума ақаулықтарының қалыптасуындағы тератогенез және тератогенді факторлардың маңызы.Адам патологиясындағы дамудың тума ақаулықтарының медициналық –әлеуметтік маңызы.

Жалпы шолу

1




Сағат саны:




6

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспарлары





Тәжірибелік сабақтың тақырыптары

Өткізу түрі

Сабақтың ұзақтығы




№ 1Кредит







1

Эмбрионалды дамудың кезеңдері. Дамудың генетикалық негізі

Семинар.

1

2

Даму ақаулықтарының жасушалық негіздері.

Семинар.

1

3

Мүшелер жүйесінің филогенезі. Адамдағы қан айналу жүйесінің филогенетикалық даму ақаулықтары.

Семинар.

1

4

Адамдағы зәр шығару және жыныс мүшелерінің филогенетикалық даму ақаулықтары.

Семинар.

1

5

Адамдағы жабын және қаңқа жүйесінің филогенетикалық даму ақаулықтары. эволюциясы.

Семинар.

1

6

Адамдағы жүйке жүйесінің филогенетикалық даму ақаулықтары.

Семинар.

1

7

Тыныс алу және асқорыту жүйесінің филогенетикалық даму ақаулықтары.


Семинар.

2

8

Адам дамуындағы тума ақаулықтарының жіктелуі. Тұқым қуалайтын даму ақаулықтары.

Семинар

2

9

Тератогенез. Тератогенді факторлар. Адамның экзогенді даму ақаулықтары.

Семинар.

2

10

Экзогенді (орта) даму ақаулықтары

Семинар.

2

11

Адамның мультифакториалды даму ақаулықтары. Медициналық маңызы.

Семинар.

2

12

Кеңес

Семинар.

2




Сағат саны:




18




    1. Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары



Өзіндік жұмыстың тақырыптары

Өткізу түрі

Тапсыру мерзімі

1.


Кредит № 1.

Әдебиеттер және электронды базалар мәліметтерімен жұмыс



6 апта




Адам дамуындағы тума ақаулықтардың қалыптасуындағы тұқым қуалаушылық пен орта.




6 апта

2.

Адамның тұқым қуалайтын даму ақаулықтары.

Әдебиеттер және электронды базалар мәліметтерімен жұмыс.

6 апта

3.

Адам эмбриогенезінде жасушалық процесте апоптоздың рөлі.

Әдебиеттер және электронды базалар мәліметтерімен жұмыс.

6 апта

4.

Адамның мультифакториалды даму ақаулықтары. Генокопия және фенокопия.

Әдебиеттер және электронды базалар мәліметтерімен жұмыс.

6 апта













5.

Егіздер. Егіз құбыжықтар.


Әдебиеттер және электронды базалар мәліметтерімен жұмыс.

6 апта

6.

Адам эндокриндік жүйесіндегі филогенетикалық даму ақаулықтары.

Әдебиеттер және электронды базалар мәліметтерімен жұмыс.

6 апта




Барлығы:




18


2.9 Сабақ беру және оқыту әдістері:

Дәрістер: жалпы шолу өзекті мәселелер.

Тәжірибелік сабақ: препараттарды микроскоппен қарау, ситуациялық есептер шығару, семинарлар, мультимедиялық мәліметтер базасымен жұмыс істеу, жағдайды талдау.

Студенттердің өзіндік жұмысы(СӨЖ): әдебиетпен жұмыс істеу, ғылыми рефераттарды дайындау және қорғау, презентация дайындау.

2.10 Оқушылардың білімдерін және дағдыламаларын бағалау әдістері:

Ағымдық бақылау: тест жүргізу, жазбаша, ауызша сұрау, бағдарламаланған бақылау, ситуациялық есептерді шығару, орындалған тапсырманың нәтижесін тексеру, кіші топтарда жұмыс істегенде өзін және топты бағалау.

Қорытынды бақылау: емтихан.

2.11 Ұсынылған әдебиеттер тізімі

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Қазымбет П.К., Аманжолова Л.Е., Нұртаев Қ.С. Медициналық биология. Алматы, 2002, 350 б.

2.Е.Ө.Қуандықов, С.А.Әбілаев. Медициналық биология және генетика. Алматы. 2006.

3. Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетика негіздері. Алматы. 2006. –261б.

4. Медициналық биология және генетика. / Қуандықов Е.Ө. редакциясында, Алматы, 2004.

Қосымша:

1. Стамбеков С.Ж. Генетика. Новосибирск, 2002, 467 б.

2. Қазымбет П.К., Аманжолова Л.Е., Нұртаев Қ.С. Медициналық биология. Алматы, 2002, 350 б.
Орыс тілінде:

Негізгі:


  1. Биологические основы формирования пороков развития человека. Э.П. Мироедова. Уч.пособие. Астана 2012г.

  2. Биология. Учебник. / Под ред.В.Н. Ярыгина. Кн. 1,2 . М. Высшая школа.2001.

  3. Биология. Учебник. / Под ред.В.Н. Ярыгина. Кн. 1,2. М. Высшая школа.2004.

  4. Биология. Учебник. / Под ред.В.Н. Ярыгина. Кн. 1,2. М. Высшая школа.2007.

  5. П.К. Казымбет, Э.П. Мироедова. Биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов. Часть I,II. Астана. 2006, 2007.

  6. Куандыков Е.У. Основы общей и медицинской генетики. Алматы, 2009.


Қосымша:

  1. Бочков Н.П. Медицинская генетика. Москва, 2003. -192 с.

  2. Бочков Н.П. Медицинская генетика. Москва, 2010.-196с.

  3. Генетика. Под. Ред. Иванова В.И. М. ИЦК «Академкнига», 2007, 446 с.

4. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. Москва, 2003, 448с.

Биология кафедрасында 2 курс студенттерін

пән бойынша бағалау критериі
Биология кафедрасындағы электив пәндері бойынша 2 курс студенттеріне «Жалпы медицина» мамандығына «Даму ақаулықтары қалыптасуының биологиялық негіздері» пәндері бойынша білім беріледі.

2 курс студенттерінің пән бойынша кунделікті оқу үлгерімін, өзіндік жұмысы мен қорытынды бақылау білімінің көрсеткіштерін бағалау үшін сандық эквиваленттік шкала қолданылды.


Білім алушының оқудағы жетістігін төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес, әріптік жүйемен бағалау.


Әріптік жүйе бағасы

Балдардың сандық баламасы

Пайыздық мөлшер

Бағалаудың дәстүрлі түрі

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

1.2. Бағалау критериі


1 «Өте жақсы» бағасы «А» (4,0 немесе 95-100 ұпайына) және «А-» (3.67 немесе 90-94 ұпайына) сәйкес келеді.

«Өте жақсы» бағасы, «А» (95-100 бал) студенттің қорытынды тест көрсеткіші 95 пайыз болғанда қойылады. Студент қосымша әдебиеттерді қолданып, биологиялық терминдерді анықтап, медицинада молекулалық генетикалық процестердің мағынасын ашып меңгереді. тұқымқуалау белгілерін, ауруларына талдау жүргізеді. Студент өзіндік жұмысын, тест тапсырмаларын сапалы және уақытында орындай біледі.

«Өте жақсы» бағасы, «А-» (90-94 бал) студенттің қорытынды тест көрсеткіші 90 пайыз болғанда қойылады. Студенттің пән бойынша ауызша дайындығы өте жоғары, ситуациялық есептерді әр түрлі әдіс тәсілдермен шығарады. Қорытынды тест тапсырмалары мен есептерін өте жақсы орындайды. Биологиялық терминдерді қолдануда, өзіндік жұмыстарды орындауда нақты жауап бере алмайды.

2 «Жақсы» бағасы «В+» (3,33 немесе 85-89 ұпайына) және «В» (3,0 немесе 80-84 ұпайына) «В- » (2,67 немесе 75-79 ұпайына) сәйкес келеді.

«Жақсы» бағасы, «В+» (85-89 бал)студенттің қорытынды тест көрсеткіші 85 пайыз болғанда қойылады. Студент пән бойынша білімді жақсы меңгергендігін көрсетеді. Тапсырмаға жауап беру барысында, күрделі қателіктер жібермейді, ситуациялық есептерді, СӨЖ тапсырмаларын қатесіз, ұқыпты орындап, қорытынды тест тапсырмаларын жақсы деген бағаға орындайды. Электрондық мәліметтер базасын қолданып, материалды жүйелей алады.

«Жақсы» бағасы, «В» (80-84 бал) студенттің қорытынды тест көрсеткіші 80 пайыз болғанда қойылады. Студент дамудың тума ақаулықтары мен олардың пайда болудағы негізгі түсінігін меңгеріп, биологиялық терминдерді еркін игереді. Өзіндік жұмысты оқытушының көмегімен орындайды, тест тапсырмаларын жақсы бағаға орындайды, теориялық білімі мен тәжірибелік білімі орташа, жауаптарында қателіктер кездеседі және оқулық пен қосымша әдебиеттерді толық қолданбайды.

«Жақсы» бағасы, «В-» (75-79 бал) студенттің қорытынды тест көрсеткіші 75 пайыз болғанда қойылады. Студент молекулалық биология мен генетика бойынша жалпы түсінік пен тәжірибелік білімді ғана меңгереді. Тапсырмаларды оқытушының жетекшілігімен орындайды. Дамудың тума ақаулықтары бойынша терминдерді меңгереді. Ситуациялық есептерді әр түрлі жолдармен қателіктермен орындайды, оқытушының көмегін қажет етеді. Материалдарды меңгеруде білім жеткіліксіз болады.

3 «Қанағаттанарлық» бағасы «С+» (2,33 немесе 70-74 ұпайына) және «С» (2,0 немесе 65-69 ұпайына) «С- » (1,67 немесе 60-64 ұпайына) сәйкес келеді.

«Қанағаттанарлық» бағасы, «С+» (70-74 бал) студенттің қорытынды тест көрсеткіші 70 пайыз болғанда қойылады. Студенттің теориялық білімі мен тәжірибелік сабаққа дайындығы төмен болады. Ситуациялық есептер мен тәжірибелік сабақ тапсырмаларын орындауда оқытушының көмегін қажет етеді.

"Қанағаттанарлық" "С"(65 - 69 бал), студенттің қорытынды тест көрсеткіші 65 пайыз болғанда қойылады. Студент бағдарламалық материалды меңгеруде, тәжірибелік және өзіндік тапсырмаларды орындағанда қиналады, жинақтап қорытынды шығара алмайды. Арнайы терминдерді, тәжірибелік сабақтарды және ситуациялық есептерді шешкен кезінде қиындықтан өтеді. Өзіндік жұмысты орындаған кезде жауаптарында қате және ескертулер алады. Қосымша әдебиетпен және оқулықтармен жұмысты аз істейді.

"Қанағаттанарлық" "С-" (60 - 64 бал), студенттің қорытынды тест көрсеткіші 60 пайыз болғанда қойылады.бағдарламалық материалдың мағына аралығын меңгеру, тәжірибелік және өзіндік тапсырмаларды орындағанда қиналады. Тапсырмаларды оқытушының көмегімен орындайды

«Қанағаттанарлық» бағасы, «Д+» (55-59 бал) студенттің қорытынды тест көрсеткіші 55 пайыз болғанда қойылады. Студент онтофилогенетикалық даму ақаулықтары бойынша жалпы түсінігін, онтогенез терминдерін төмен деңгейде меңгереді, тәжірибелік тапсырмалар мен ситуациялық есептерді орындауда қиыншылықтар туындайды. Өзіндік жұмыс орындауда оқытушының көмегін қажет етеді. Аралық бақылауды тапсыру өте төмен деңгейде болады.

«Қанағаттанарлық» бағасы, «Д» (50-54 бал) студенттің қорытынды тест көрсеткіші 50 пайыз болғанда қойылады. Студент ситуациялық есептерді орындауда қиыншылықтар туындайды. Өзіндік жұмыс орындауда қателіктер жіберіп, ескертулер алады. Теориялық және практикалық білімді меңгеру үшін оқытушының көмегін қажет етеді. Қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау төмен деңгейде болады.

«Қанағаттанарлықсыз» бағасы «F» (0 немесе 49 ұпайына) сәйкес келеді.

Қанағаттанарлықсыз «F» (0- 49 бал) ) студенттің қорытынды тест көрсеткіші 50 пайыз болғанда қойылады. Студент ситуациялық есептерді орындай алмай, Дамудың тума ақаулықтары бойынша жалпы түсінігі болмайды. Оқытушының көмегінсіз өзіндік жұмысқа қорытынды жасай алмайды. Мәнжазба жұмыстарында теориялық сұрақтарға жауап бермейді.

Әріптік жүйеден сандық эквиваленттік балдың коэффициенті.

2 курс

- элективтер: орташа күнделікті балы 0.8 коэффициент

- СӨЖ 0.2 коэффициент

1.4 Білімді бағалаудың ережесі мен критерилері


Студенттің білімін бағалау мен бақылау 100 балдық рейтингтік жүйемен жүргізіледі.Студенттің күнделікті үлгерім бағасы, аралық бақылау, өзіндік жүмыс пен күнделікті баға қорытындысымен қойылады. Қорытынды бақылау пәннің күнтізбелік тақырыптық жоспары бойынша жүргізіледі.

Студенттің пән бойынша білімі РРБ арқылы анықталады: күнделікті аудиториялық бағалардың қорытындысы және студенттің өзіндік жұмысының бағалары бойынша қойылады.


Электив пәндері бойынша РРБ төмендегідей анықталады.

ҚББ = АББ 0,8+СӨЖ 0,2
АББ –практикалық сабақтың орташа бағасы

СРС – СӨЖ дің орташа бағасы
Студенттің пән бойынша қорытынды бақылауға, РРБ 50 пайыз болғанда және жіберілген сабақтары өтелген жағдайда жіберіледі.Студенттің қорытынды бағасы екі компонент арқылы анықталады: РРБ 60 пайыз және қорытынды бақылау бағасы 40 пайыз бойынша.
ҚББ = РРБ 0,6+ҚБ 0,4

ҚБ Қорытынды баға

РББ рұқсат беру рейтинг бағасы

Қорытынды бақылау: емтихан
Каталог: student -> umkd training methodical package of disciplines -> 2013 -> biology-umkd -> om-2
biology-umkd -> ЖҰмыс бағдарламасы пәні: медициналық биология және генетика пән коды: mbmg 1201 Мамандығы: 051101 «Мейрбике ісі»
biology-umkd -> Биология кафедрасы
biology-umkd -> Силлабус 051301- жалпы медицина мамандығы бойынша «Молекулалық биология және медициналық генетика» пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде құрылған
om-2 -> ЖҰмыс бағдарламасы пәні: Даму ақаулықтары қалыптасуының биологиялық негіздері бойынша электив Мамандығы: 051301-«Жалпы медицина»
biology-umkd -> Конденсор қандай рөл атқарады
biology-umkd -> Лекции 18 (часов) Практические (семинарские) занятия 54 (часов) / Астана 2012
biology-umkd -> Кафедра биологии с курсом радиобиологии и радиационной медицины
biology-umkd -> Биология кафедрасы
biology-umkd -> Радиобиологи


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет