Экибастуз, 2021 Силлабус включает следующие разделы:
3.1.Введение Мейірбике білімімен жақын арада елдің денсаулық сақтау жүйесінің тірегі болады. Көптеген қызметтегі клиникалық бөлімшелер, ауруханалар т.б. стационар, емхана түріндегі емдеу мекемелерінің жұмыстары оның білімі мен ақылына, кәсіптік көзқарасына тәуелді. Хирургиядағы меіргер ісін ұйымдастыру бойынша орта білімді мейірбикелерді дайындаудың бағыты болып әр түрлі деңгейдегі және бағыттағы емдік – профилактикалық мекемелерде жиі кездесетін хирургиялық аурулар кезінде хирургиялық және реаниматологиялық көмекті ұйымдастырудың технологиясы есептеледі. Осыған байланысты орта білімді мейірбике ауруханаларда, емханада, травмалық пункт, санатория-профилактория қызметінің барлық клиникалық және параклиникалық бөлімшелері жұмысының ерекшелігін көрсете білу керек. Клиникалық және аспаптық диагностиканың қазіргі әдістерін білу керек. Хирургиялық аурумен ауыратын науқастарды емдеудің жолдарын және тәсілдерін, реанимация бөлімшесіндегі науқастарға көмек беруді білу керек.