Силлабус Көктемгі семестр 2021-2022 Білім беру бағдарламалары үшін: «6В03104 – Халықаралық қатынастар», «6В04201 – Халықаралық құқық», «6В04104 –Әлемдік экономика» «6В02311 – Халықаралық және құқықтық қатынастар саласындағы аударма бизнесі» мамандығы
Курстың мақсаты: Қазақстанның қазіргі заман тарихының негізгі тарихи кезеңдері туралы шынайы, толық білім беру; мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, тарихи-мәдени үдерістердің үздіксіздігі мен сабақтастығына білім алушылардың назарын аудару.
ОН 1 (когнитивті) Қазақстанның қазіргі заман тарихы оқиғаларының барысы мен салдарын тарихи сипаттау мен талдау тәсілдерін меңгереді;
1.1 - Империялық кезеңнің, Кеңестік Қазақстан мен Қазақстан Республикасының негізгі тарихи фактілері мен оқиғаларын бөліп көрсету және олардың ерекшеліктерін талдау
1.2 - Ұлттық мемлекет идеясының қалыптасу кезеңдерін түсіндіріп, Алаш қозғалысы туралы тарихи білімді жүйелеу.
2.1 -Қазақстандық модернизацияның мазмұнын талдау және экономиканың заманауи нарықтық моделін қалыптастыру процесін сипаттау
2.2 - Өзіміздің қазақстандық даму жолымыздың мәні мен маңызын ашу
ОН 3 (функционалды) мәдениетаралық коммуникацияның практикалық әлеуетін анықтау және Қазақстанның рухани мұрасының терең тамырларына ұқыпты қарау;
3.1 - ХХ ғасырдағы тарихи құбылыстар мен оқиғаларды салыстыру және қазіргі заманғы ұлттық модель - бірлік, келісім, диалогты бағалау
3.2 - Қазіргі Қазақстанның мәдени дамуын талдау және оның әртүрлілігі мен өзара байланыстағы рухани бірліктің мәнін бағалау
ОН 4 (жүйелік) қазақстандық бірегейлік пен патриотизмді қалыптастырудағы тарихи білімнің іргелі рөлін негіздеу;
4.1 - Тәуелсіз Қазақстанның тарихи-мәдени құндылықтары туралы білімдерін көрсету және Қазақстан халқының бірлігі мен бірегейлігін нығайтудың маңыздылығын негіздеу.
4.2 - қоғамды біріктірудің, патриотизмді тәрбиелейтін және қоғамдық сананы жаңғыртудың қуатты факторы ретіндегі тарихтың рөлін ашу
ОН 5 (жүйелік) қоғамның өзіндік азаматтық көзқарасын өзаракелісушілік, толеранттылық және демократия құндылықтарының басымдылығы арқасында қалыптастыру.
5.1 - Фактілерді талдау және Қазақстанның кеңестік және тәуелсіз даму кезеңдеріндегі тарихи оқиғаларға объективті баға беру және заманауи мәселелерді шешудің мүмкін жолдарын ұсыну
5.2 - Қазақстан халқының рухани жаңғыруын жүзеге асырудың жобалары мен жоспарларын құру және бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының даму болашағын болжау
Пререквизиттер және постреквизиттері
Пререквизиттер: мектеп бағдарламасы аясында отандық және әлемдік тарих Постреквизиттер: мәдениеттану, психология, педагогика, философия, саясаттану және әлеуметтану
Әдебиет және ресурстар
Әдебиет: Әдебиеттер:
1. Движение Алаш. /Сборник документов и материалов./Алаш қозғалысы. /Құжаттар мен материалдар жинағы 1905-1917 жж./. 1-4 тт. - Алматы, 2004, 2005, 2010.
2. Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. – Алматы: Нұрпресс, 2011.
3. Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Хрестоматия. (1917-1939). 1 т. - Алматы: Қазақ университеті, 2007.
4. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. - Алматы: Қазақ университеті, 2016.
5. Ұлы Дала тарихы: учебное пособие. – Астана: Zhasyl Orda, 2015.
6. Тәуелсіз Қазақстан тарихы: Хрестоматия. – Алматы: Қазақ университеті, 2013.
7. Алашорда. Фотоальбом. – Алматы: «Орхон» баспа үйі, 2012.
8. Омарбеков Т.О. Голодомор в Казахстане. Хрестоматия. – Алматы: Қазақ университеті, 2013.
9. Койгелдиев М.К. Сталинизм и репрессии в Казахстане 1920-1940-х годов. Алматы, 2009.
10. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. 12 сәуір 2017 жыл. Ұлы Даланың жеті қыры. 21 қараша 2018 жыл. http://www.akorda.kz
11.Сындарлы коғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2 қыркүйек 2019 жыл. http://www.akorda.kz
Интернет-ресурстары:
http://www.akorda.kz
http://www.rkcntidad.kz
http://www.ncai.kz
http:elibrary.ru