Силлабус пән: Практикалық психология Курс


Психологиялық кеңес беруге әдістемелік жол табу



бет8/15
Дата09.11.2016
өлшемі2,91 Mb.
#1325
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

Психологиялық кеңес беруге әдістемелік жол табу.

Бағыттау, оны таныстырушылар

Кеңес беруде қолданылатын әдістемелік тәсілдер

Негізгі әдіс және тапсырма

Мақсат-нәтиже

Тереңдетілген психология. (З.Фрейд, А.Адлер, К.Юнг, Э.Берн)

Күнделікті символдарды талдау (клиенттің сөзге ойын аудару). Еркін ассоциациялар арқылы түстің мазмұны жайында түс көруді талдау. Клиенттің қарсыласуын бір нәрседен құтылу механизмі ретінде талдау. Клиенттің орын ауыстыруы мен контур ауыстыру мазмұнын талдау.

Еркін ассоциация әдісі.

Баланың ақыл-есімен жұмыс істеу арқылы мінез-құлық стереотипін зерттеу және анықтау



Клиенттің еркін іс-әрекеті мен ойлары. Психоанализ терминінде интерпрета-циялау.

Бихевиоризм. (Д.Уотсон, Б.Скиннер, А.Бандура)

Бірбеткейлік жаттығулары. (Сұрақтар, рөлдік ойындар, альтернативаларды жіберу).Әлеуметтік қалаулы мінез-құлықтарды модельдеу. Релаксация жаттығулары (қауіптену мен қорқынышты азайту). Көздеген мінез-құлықты бағалау. Клиенттің күнделікті жазуларын талдау. Мінез-құлық рецедиваларын алдын алу бағдарламаларын құру.

Жылдам үйрету әдісі. Клиенттің субъективті уайымдауларын тығыз бақыланатын іс-әрекетке ауыстыру.

Клиенттің мінез-құлқын өзгерту.

Мейірімділік психологиясы. (К.Роджер, Ф.Периз, В.Франкл)

Ашық және жабық сұрақтар сезімнің шағылысуы, қайталау, психологтың өзін ашуы. «Мұнда және менді» қабылдау». Бос орындық. «Мен» бөлшегімен әңгіме. Белгіленген сезінулер. Қарама-қарсы ниеттер. Қарым-қатынастың ауысуы. Сендіру және шақыру.

Эмпатиялық тыңдау әдісі. Фонусировка әдісі. Перль-Фроза әдісі. Эмоциялық қолдау әдісі. Бағаланбайтын қатынас және талассыз қабылдау әдісі.

Адамның өз қылықтары үшін жауапкершілігінің артуы, тұлғаның өзін-өзі маңызданды-руы.

Психологтың клиентке деген қарым-қатынас бағыты өзгермейтін құбылыс болып табылады. Жақсы маман – ол көбінесе қажет болған жағдайда – бағытын өзгерте алатын актер.



Кеңес берудегі негізгі жол табулар және олардың түрлері.

Психологиялық кеңес топтық және жеке даралық формада жүргізіледі. Топтық кеңес беру алдын ала жүргізілген жеке даралық кеңес беруден кейін ұйымдастырылады. Онда психологиялық проблемалары ұқсас адамдар топталады және мыенадай түрлерге бөлінеді:



  • бір және бірнеше реттік;

  • жеке ұсыныс бойынша;

  • шақыру және бағыттау нәтижесінде;

  • толықтырушы тестілеусіз, толықтырушы тестілеумен, т.б.

Жеке даралық кеңес беру мазмұны клиенттің тапсырмасымен анықталады. Психологтар психикалық даму кезеңдерін әрі нақты кезеңдегі механизмді білуі тиіс. Демек жеке даралық кеңес беру схемасы мына үлгіде ұсынылады: өзара іс-әрекет тапсырмалар мазмұны (тапсырыстың мәтіні) – психикалық дамудың механизмдері (психологиялық тапсырма) – психикалық даму мөлшерінің мазмұны.

Клиенттің психологиялық тапсырмасының қалыптасуында психологқа адамның өзіне ден қоюға, маманның философиялық және адамгершілік-этикалық айқындалуын талап ететін өмір мағынасы туралы сұрақтарға жауап іздеуге тура келеді.,

Топтық кеңес берудің мақсаты – адамдар арасындағы жүйені зерттеу болып табылады. Бұл қарым-қатынас мазмұны әр түрлі болуы мүмкін. Топтық кеңес беруде психологтың міндеті – топ мүшелерінің өзара қарым-қатынас құралын табу, кеңес беру барысында әсер етудің типтері мен олардың мазмұн, тұрақтылығын айқындау.

Психолог кеңес беру кезінде зайырлы әңгімеге бармай-ақ, тым жабыла немесе ашыла бермей, өзінің ойын еркін игере білуі тиіс. Әсіресе гипотезаны ұстануға бара бермеу керек, өйткені ол жалған болып шығуы мүмкін. Тиісті себептерсіз клиенттің пікірін елемейтіндей немесе беделін түсіретіндей тура сұрақ қоюға бармау керек, әңгіме қарымталы және өктем болмауы керек.

Жалпы, жоғарыда айтылған психологиялық кеңес берудің ережесін сараптай келе, Р.В. Овчарова ұсынған кеңес берудің тиімді және тиімсіз жақтарына назар аудару керек.

Тиімді кеңес беру

Тиімсіз кеңес беру

  1. Психологтың клиентпен кездесуі өтеді, олар пікір алмасады.

  2. Психолог клиенттің құқығын құрметтейді, кәсіби араласудың шараларын, шамасы мен шегін сақтайды. Психолог клиенттің өзінің шешім қабылдау қабілетіне сенеді.

  3. Ол ауызша және басқа да әдіспен мұны өзінің кеңес алушысына көрсетеді, эмоционалды түрде қолдайды. Ол клиентке өзінің сезімін білдіру мен қиындықтарын айтуға мүмкіндік береді.

  4. Ол клиенттің жағдайын білгірлікпен объективтендіреді (ойды айқындау арқылы) және субъективтендіреді (клиенттің және өзінің сезімі арқылы). Проблемаларды анықтауда ол клиенттіңайтқандарына мән береді.

  5. Ол қорытынды мен ұсыныс беруге емес, клиентке жағдай жасауға ғана асығады.

  6. Ол клиентке алғысын білдіріп және бірге қызмет жасауды ұсынады.

  7. Ол мәселені түсінуге және проблемаларды бірлесіп шешуге ұмтылады.

  1. Психологтың клиентпен кездесуі өтпейді.

  2. Психолог айтарлықтай байланыс орнатпайды.

  3. Психолог клиентті «көрмейді», «естімейді» және сезбейді. Ол өзінің айтқандарына жөнсіз қарайды. Клиентке де сөз бермейді.

  4. Клиентке өзінің шешімін айтады. Асығыс кеңестер мен ұсыныстар береді.

  5. Клиентті дауласуға, ақталуға, шындықты жасыруға мәжбүр етеді.

  6. Бастапқы гипотезаны қатаң ұстанады. «Диагноз» қояды және «емдеу» ұсынады.

Медицина саласының саласының көзқарасымен « мүгедек » деген ұғым тұлғаның өмірлік және еңбек қабілетінің бұзылуын білдіреді. Десекте, мүгедектердің әлеуметтік және мамандыққа бейімділігінің деңгейі тек денсаулық жағдайына ғана емес, сонымен қатар псхологиялық параметрлерге де байланысты. Мамандар мүгедек жасөспірімдерді трексеру арқылы адамдардың мүгедектігінде психологияляқ және жеке тұлғаның денсаулығы шешуші роль атқарады деген қорытындыға келеді. Ол тұлғаның сыртқы ортамен сыртқы ортамен қарым – қатынас тәсілдердің және қалыптасу формаларының даму деңгейі ұғымын береді.



Мүгедек жасөспірімдердің психологияляқ және жеке денсаулығының психологиялық параметірлерін қарастырайық:

  1. Өзіне деген қарым – қатынас. « Мен концепциясы ». Бұл тұлғаның өзіне деге және басқа адамдармен қарым – қатынас құру негізіндегі жүйе. « Мен концепсиясына » мыналар кіреді:

  • конгитивті ( өз қабілеттілігінің, сыртқы және әлеуметтік мәнділігінің бейнесі.)

  • эмоционалды ( өзін - өзі сыйлау, өзін - өзі жақсы көру, т. Б )

Сонымен қатар нақты « мен » бейнесініңқалыптасуын, дамуын және түзетуін, « мен концепциясымен » тепе – теңдік деңгейін салыстыру маңызды.

  1. Басқалармен қарым – қатынасы. Бұл параметр кіші әлеуметтік ортадағы, басқалардың мәнділік ортасындағы қарым – қатынас мінезіне атысты. Басқа адамға деген қарым – қатынас дамуының бұрыстығын және дұрыстығын шектеуге мүмкіндік беретін қабылдауға болатын критерия болып табылады.

Қарым – қатынастың 3 негізгі сипаттамасы бар: позиция, валенттілік, дистанция. Мүгедек жасөспірімдердің арасындағы қарым – қатынасты « құрбан ету « өкпелі бала » деген әлеуметтік таңдалған мендендікке бағытталған жағдайларға жатқызуға болады.

  1. Ауруға деген қарым – қатыас. Бұл аурудың уайымы, ауруға деген интеллектуалдық және эмоцианалды реакциясы, емделуі және ортамен қарым – қатынасының жиынтығы.

  2. Эмоционалды – еріктік және интеллектуалды орта дамуының ерекшелігі. Ең негізгісі – көптеген кемістіктің сақталуы. Психологиялық кеңес беру тапсырмалары үшін ең негізгі – болжамалы факторлардың ерекшеленуі, психологиялық ифантилизм, элементтерінің қатысуы немесе қалыптасуы, психологиялық қызыметтердің кемелдену деңгейін бағалау болып табылады.

  3. Тұлғалардың сипаттамасы. Бұл берілген критерилердің негізінде бір немесе бірнеше беталысы бар тұлғалардың эмоцианалды – динамикалық тұжырымдамасы жатыр. Тұлғалардың индивидуалды түрлі берілген құрмалас темпераменті арқылы, сонымен қатар адам өміріндегі әлеуметтік аспектілерінде анықталады. Индивидуалды тұлғалардың типалогиялық сипаттамасына М.Люшердің тесті қолданылады. 1 – 2 орын алатын түстер тұлғалардың қажеттілігін сипаттайды.

  4. Бейімделулердің түрі және деңгейі. Бұл процесс әлеуметтік ортаның шарттары мен талаптарына бейімделуімен сипатталады. Клиенттің бейімделу мүмкіндігі М.Люшердің тәсілінің негізінде сапалы және сандық болып сипатталуы мүмкін. Негізгі тестің түстері өмірлік стилін анықтайтын қажеттіліктерге, өзекті қажеттіліктерге әсер етеді.

Психолог мүгедек жасөспірімдермен жұмыс істеген кезде ауыртпалы процеспен келген дамудың ауытқушылықтары мен олардың зардаптарын қарастырады. Ауру дамудың биологиялық жүйесінің бұзылуына әсер ету арқылы әлеуметтік – психологиялық дамуға қайшылытар туғызады. Психологиялық дамымау екінші бір тұлғаның бағдарлы әлеуметтік бейімделуге қайшы келеді.

  1. Тәртіп пен қызметті реттеу деңгейі. Бұл қуатты, динамикалық және мәнді – мазмұнды аспектілер бірлігі. Оған: өмірдің мақсаттарын жоспарлау нысанасын көздеуге қабілеттілігі; психологиялық қызметтің аңғарылуы жанамалығы; рефлекс деңгейі; айналаның қуаттылығы кіреді.

Психологтар үшін мүгедек жасөспірім диологиялық кемістіктің нәтижесі емес, өзінің проблемасын шешудегі жеке ресурсты қабілетін алып келуші болып табылады. Мамандар кемшілігі бар адамдардың дамуын ерекше көрсетеді. Мүгедек – жасөспірімдердің өзіндік сапалығы үстеме компенсация, компенсацияға ұмтылу және олылық сезімдер субьектісі арқылы диалектикалық олқылық ағзаға айналу заңымен беріледі.

Мүгедек жасөспірім жұмыс тәжірибесіне талдау жүргізе отырып, И.В.Кузнецова сұрақтың 3 түрлі типін бөліп көрсетті:



  1. Өзара қарым – қатынас сұрағы – дос, әріптес іздеу, өмірлік серігі, маңыздылығы бар адамдардан ақпарат алу.

  2. Өмірлік келешекпен байланысты сұрақтар – оқу, қызымет және іс - әрекет мүмкіндіктері, мамандық таңдау, танымды функцияны дамыту.

  3. Өз - өзін тану - өзін - өзі бағыттаудағы дағдыларды өңдеу, ренішке төтеп беру, қобалжу, қатесі сезіну, жалғыздық, т. Б.

Консультация қызыметпен бірге тіркесушілік сипаттамада жүреді, мүгедек жасөспірімнің қиыншылығын қалыптастырарда мақсатқа жету ары.

Мүгедек – жасөспірімдердің психологиялық консультациясының жаопы бейнесінің негізгі тұғыры:



  • мүгедек – жасөспірімдердің жыныстық мінездемесі;

  • кемшілік мінездемесі, консультацияның формасы мен тәсілдері;

  • жасөспірімнің жеке тұлғалы және психикалық дамуының жасерекшелік заңнамасы;

  • жасөспірімдердің дамуында бұрыс өзгешеліктер;

  • Жалпы өмірлік контекст, әлеуметтік ортаның мінездемесі;

  • Психикалық және жеке тұлғалы даму мінездемесінің психикалық және жеке тұлғаның денсаулық моделіне сәйкес шешілуі.

  • Консультация беру езінде психолог клиентпен жағымды қарым -* қатынасын сақтау керек. Мүгедек – жасөспірім жұмысты аяқтаған соң, психолог нәтижені қадағалаудың түрлі тәсілдерін қолдану керек.

1. Консультация процесс үстінде қадағалау;

2. Нақты жағдаят аяқталған соң қадағалау;

3. Барлық консультациялық жұмыстың қорытындысын қадағалау;

Көмек көптеген көрсеткіштермен класификацияланады: әрекет ету уақытына қарай: артқа қалдыруға болмайтын – күрделі психикалық жағдайларда, суицидтің болу мүмкіндігінде, зорлық жағдайларында қажет. Бұл сенім, сенім телфоны қызметіне көбіне жатады; жалғастырушы – кикілжіңдер, психологиялық кризистер, ауыр өмірлік жағдайлардың пайда болуында пайдалы. Бұндай проблемалармен психологиялық көмек беру айналысады;

бағытталуы бойынша: тік – клиентке, оның көмек сұрауна бағытталған; жауап қайтаратын – болған ситуацияға жауап және клиенттің жанындағы адамдардың сөйлеуі;

осыған байланысты психолог практикалық түрде төрт қызметті орындай алады:



  1. диагностикалық – психологиялық диагноз қою; индивидуалдықтың психологиялық портретін құру.

  2. терапевтикалық – психологиялық көмектің мүмкіндіктері мен құралдарын анықтау.

  3. диспечерлік – қажет маманға жіберу:психотрапевтке, психиатрға т.б.

  4. информациялық – клиент туралы информация жинау, оның отбасы, қоршаған адамдары туралы.

Психологиялық көмек әр түрлі болуы мүмкін. Оның негізгі түрлерін қарастырайық:

1.Индивидуалды психологиялық көмек индивидуалды әңгіме, кеңес беру,психотерапевттік сессия түрінде маман, психолог немесе психотереотевт жүргізеді. Ең өп таралған түрі психотерапевттік кеңес беру. Қажет маманға бару психикалық аурудың белгісін білдірмейді, бірақ барлығымызда сондай пікір қалыптасқан. Индивидуалды психологиялық кеңес беру ең алдымен адамның өзі өзін табу үшін, өзі туралы ақпарат алу мақсатында жүргізіледі. Психолог пен консультант арасында озара түсінісу, өзара қарым-қатынас пайда болады. Маманның міндеті кризисте тұрған адамды қолдап, стимул беру. Индивидуалды психологиялық кеңес беру өптеген нақты мақсаттармен жүзеге аса алады: 1 – ақпараттандыру, психодиагностикалық зерттеудің нәтижелері туралы информация беру; 2 – қандай да бір іс-әрекетке бағдарлану; 3 – коррекция, олшеу, мысалы, өзіне деген қатынас, қабілеттердің дамуы. Кез келген жағдайда психологиялық көмек тұлғаның өзін түсінуге, өзінің адамдық ерекшеліктері, қалаулары, мақсаттары мен қабілеттерін, сезімдері мен ойларын түсінуге бағытталған.

Топтық психологиялық көмек топтық тренингтік процедураларға қатысуда көрінеді. Соңғы жылдары топтық психологиялық жұмыстар атақты болып жүр. Әр түрлі тренингтік топтар бар: бұл ең алдымен Т-топтар, қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамытуға бағытталған топтар, гештальт-топтар, психодрамма топтары. Денелік терапия, би терапиясы , өнер терапиясы топтары онша белгілі емес. Топтың адамға әсері көп. Көптеген өмірлік ситуацияларда адамдар таптың қажттілігін сезінеді. Американдық психолог К. Рудестам топтық жұмыс істеудің артықшылықтарын зерттеген. Оның ойынша «топ бұл микрокосм, ол сыртқы ортаны бейнелейді». Өзбеттілік психологиялық көмек – бұл адамның өзін, өзінің тұлғалық өсуін қорғауы. Ол дамуда, өзіндк санада көрінеді. Психологиялық контекстіде өзіндік сана өзіндік «Менг» қатынас ртінде көрінеді. Ол өзіндік қалауларды, ойлар мен сезімдерді түсіну барысында қалыптасады.

Психологқа кеңес алуға келудің екі негізгі себептерін көрсетейік:

1.Адамның өзін тануға, өзін дамытуға, жетілдіругедеген құштарлық. Ұл жағдайда психологиялық көмек ақпаратты, ақпарат беретін бола алады.

2.Нақты жеке қиыншылықтар немесе проблемалар, мысалы, адам «мен қорқам» , «Мен не істерімді білмеймін », «Ман адамдармен қарым-қтынасқа тұсе алмаймын» дп айтқанда болады және қадағалау мерзімін ұзарту.

Жеке кеңес беру тек клиенттің сұранысы бойынша болады. Жеке кеңес беру жағдайында практикалық психолог жұмысты анализдеу нәтижесінде 2 түрге бөледі .


  1. психологиялық дамуды түсіну нормасы.

  2. бір –біріне байланысты позицияны түсіну .

Мамандалған психологтың клиентпен байланысты оның мазмұнын шешуді қабылдауды қажетсінеді.Клиенттің сұранысын орынап қана қоймай,психолог оның ішкі дүниесінің актуальды (өзіктілігі) және потенциальды ерекшелігіне бағытталуы тиіс. Негізгі себебін біз клиентпен профессиональды қарым-қатынаста оның мазмұнын шешуді қабылдауды қажетсінеді. Клиенттің сұранысынан басқа психологтың мүмкіндігі мазмұнды құрылымын клиенттіңішкі дүниенің актуальды және потенциальды қасиетінбағдарлауында. Бұл бағдарлау біздің көзқарас бойынша мүмкін емес,себебі психологияның дамудың нормасы түсіну үшін психолог рефлексивті өңдеуден өтуі керек .

Бұл мазмұн клиентпен қарым-қатынас міндеттерін шешуге және жұмысты стратегиялы орындауға мүмкіндік береді, (әлеуметтік, этика, рухани, психология т.б.) .

Психологтың жұмысы бір мәселені шешумен анықталады. Психолог психологиялық дамудың нормасының мазмұнын түсінуін қолданып, психикалық даму кезеңі мен механизімін көрсетеді . Яғни психологиялық даму нормасын түсіну теориялықжеке кеңес беруді қолдана отырып, психологиялық дамудың кезеңін көрсетеді. Жекелей кеңес беру схемасы.


Клиенттің көзқарасы

Тапсырма тексті

Психологтың міндеті

өзгеру мүмкіндігі

өзгеру бағытын таңдау

Психологтың көзқарасы

Қарым-қатынас тапсырманың мазмұны

Психологияның дамудың механизмі

Психологияның даму кезені

Психологияның даму нормасының мазмұны

Психологиялық дамудың механизімі жөнінде түсінікті психология философияға жүгінеді.

Мысалы. Э.Фромлеу және Р.Хироу практикалық психолог шындық өмірде психологиялық даму механизімін көрсетуде пайданалады. «Адам-адам болып қалыптасқан кезеңнен бастап,табиғат тұралы түсінігі болады,бірақ оған әсер ететін факторлар: оны жаңаруға,шығармашылыққа, саналылыққа және прогреске икемділігін жасайды».

Практикалық жұмыста білімділік адамның ішкі өмірінің тұрақты мінездемеіне кеңес беруінде интервюді қолданып,психологиялық жұмысын альтернативті және клиентпен шынайы қарым-қатынас жасай білуінде көрінеді. Бұл үшін психолог адам табиғаты жөнінде нақты білімді болу керек,яғни анатомия, физиология, психосоматика, антропология және т.б. ғылымдарданхабардар болуы тиіс. Біз тек дамудың сомато сексуальды бұзылуына тоқталамыз. Яғни бұл текстекулярлы феминизациялық синдром бойынша қыз-бала болып анықталады. Тіпті кубертанттың даму кезеңінде де әйел адамдай дене құрылысы дамып келеді. Тек етеккір келмеу себебінде фригерге қаралғанда,генетика жағынан бұл ер-адам болып анықталды. Яғни жұмыртқа дамып, ұяда орналаскан.

Табиги факторлардың мағынасы психологиялық денсаулықтың шекаралық формасын анализдеңден көрінеді. Мысалы: мінездең акцентуациясы. Психологиялық дамудыңжәне психологиялық денсаулықтың нормасың түсінігі адамның әлеуметтенумен байланысты,оның адамдар арасында өмір сүріп, солар сияқты болу. Клиент мінездемесінің акцентуациясын психолог анамалиямен байланыстырып жұмыстанады,яғни жағымсыз тұқым құалау факторы мен әлеуметтік орта әсерінің факторы. Тұқым құалайтын факторларға пренатальды,натальды, ерте постнатальды жағымсыз соматогені анықталынады. Қоршаған ортаның жағымсыз әсері –қараусыздық , қамқоршылықтың күшейуі, жанұядағы рухани атмосфераның ауырлыгы-ұзақ уақыт әсер еткен жағдайда жеке тұлға дамуын бұзады, тіпті жағымды тұқым құалаган жағдайда . Жекелей кеңес беруде практикалық психолог клиенттің акцентуациялық көрінісін тексеріп және фрігерлермен бірігіп,оған шешім қабылдауы тиіс ( терапевтпен, психиатр,психоневролог,невропатолог, сексолог және т.б.).

Мінездің акцентуациясына К.Леонгард толықтай көрініс берген, яғни анық мәселелерді қоршаған ортамен байланыстырғанда адамның қиналуынан туады, адамда қажеттіліктің жоғарлауынан көрінеді.

Практикада шмишеканың сауалнамасы кең түрде қолданылады,яғни акцентуациясының пайда болу ерекшелігін есепке ала отырып, аутоидентификация әдістемесін қолданады

( Э.Г.Эйделмир) . Бұл методикаларда тұқым құалалау факторлары мен байланыстыра отырып, психолог адамның табиғи ерекшелігіндегі сұраққа шешім таба алады. Практикалық жұмыста балаларға және жасөспірімдерге кең түрде акцентуацияның классификациясы қолданылады. А.Е. Лисканың құрастырылуыменол ересек адамдарға қолданады. Бұл классификацияға байланысты мынадай түрде бөлуге болады:



  1. Астеноневротикалық нұсқау.

  2. Сензитивтік

  3. Психоастеникалық.

  4. Эпилептиодтық.

  5. Тұрақсыз.

  6. Инфантильді бағынышты акцентуация

  7. Шизоидті түр.

  8. Гипертимдік нұсқау

  1. Бұл көніл-күйдің төмендеуі,шаршаудың, мазансызданудың төмендеуі,тынымсыз түс көру,нашар тәбет,түңгі қорқыныш, тұтығу т.б. жағдайда болады .

  2. Ренжіп,шешім қабылдай алмаушылық, мәнсіз қорқынышқа,ойға,іс-әрекетке бұрылу .

  3. Самоанализге қызығу,жауапкершіліктің жоғарлауы,сезімталдық, дәрекілікті ұнатпайды. Бұл жағдайда өзінің жағымсыз нәрселерін көріп,ұялады.

  4. Бұл аффективті қызқыштыққа, қызғаншақтыққа бұрылуы ,ызалы, ұстамсыз көніл-күйдің болуы, лидерлікке, билікке ұмтылып өз мақсатына айналады. Жыныстық жағдайда мазохисттік және садистік тенденциямен байланыстырады.

  5. Бұл ерексіздікпен анықталады. Балалық шағынан оларайтканды тыңдамайды, әрбір нәрсеге қырылысады, сонымен қатар қорқақ, жазалаудан қашады. Олар басқа балаларға жеңіл бағынады.Мұғаліммен ата-анадан жай кетіп,қиналып жұмыстанудан қашып,жеңілге шабады, яғни ұрлыққа жеңіл үйренеді ,темекі тартуды бастайды,өзінің болашағына мәнсіз қарайды. Олар терең рухани сезімге жәнеморальды этиканы игермейді.

  6. Ересек адамға тек қорғансыздық, ата-ананың біреуінің таңдауына бағынышты болып,яғни өз ойын көрсетуге қиналады.

  7. Бұл аутизм,тұйықтық , қоршаған ортадан алмақтау,қарым-қатынасты қажетсінбеу, салқындық сезімі,эмоциональды жай болып келеді.

  8. Қоңіл-күйдің көтеріңкі болуы және тез мазасыздану,жұмыссыздыққа мәжбүрлеу адам өміріндегі еңбекке ауыр тиеді.

Акцентуацияны зерттеу жеке кеңес беру арқылы психолог клиенттің көптеген мүмкіндіктерін , мінез-құлқын, ұстамдылығын , бағдарлай алады. Акцентуация анализден басқа практикалық психолог психологиялық дамудың механизімің көрсетіп, адамның табиғи мінездемесінің маңыздысын зерттейді .Жаңа зерттеулер бойынша соматикалық ауру адамның ерекше психологиялық білімі,яғни ішкі ауру суреті ,мазмұны өте қиын болып қалыптасады. Науқас адамның ауруының торт денгейі көрсетілген;

    • Сезім деңгейінің сезуі.

    • Эмоцияның басқа нәрселерге байланысып,жалғасуы .

    • Интелектуалды көрініске байланысты , науқастыңөз ауруы жөнінде хабарлар болуы.

    • Мотивациялық,науқастың өз ауруына қарым-қатынасы.

Соматикалық ауру адамның тек энергиялық мүмкіндіктеріне ғана емес,оның ,яғни адамның эмоциональды және танымдық процесіне байланысты. Бұндай көріністе соматикалық ауруды көруге болады,сондықтан практикалық психолог психодиагностикалық мәлімет арқылы динамикалық мінез-құлықты және динамикалық ұстамдылық деңгейін бақылап өтыруы тиіс.Бұл көбіне мектеп жасындағы баланың мектепке деген дезадаптациялық мәселелерді шешуіндегі кеңес берудің маңыздылығы. Мектептік дезадаптацияның себебтері көбіне баланың соматикалық ерекшеліктеріне байланысты,-көбіне денсаулық күйімен ерекшеленеді. Практикалық психолог психиканың даму механизімінің басқа да түрімен жұмыстанады, яғни адамның ішкі жан дүниесінің тұрақты және түрақсыз жас ерекшелілігімен. Адамның табиғи жас ерекшеліктерін білу, психологқа клиенттің мінез-құлқын оны биологияның факторын адекватты анализдеуге мүмкіндік береді-бұл тамақты,ұйқыны,қозғалысты, жыныстық қарым-қатынасты қажетсінуі және т.б. Бұл факторлардың орныңжәне ролін табу адам психикасының даму механизімін түсіну, өған әсер ету , көмек көрсете білу деген сөз .

Психолог клиентпен жеке жұмыстануын қалыптастыру кезінде психологиялық міндеттерін, адамның мәнін түсінуге бұрылуы керек . психолог адамның мәніне дәл, нақты икелі таба білу қажет-өзінің философиялық позициясын қалыптастырып, адамның өмірінің мағнасын ашу тиіс. Практикалық психолог өмірге деген пайдакүнем ойларды да шешу керек,ал адамды иелену және түп нұсқаның болмауына бағыттайды. Өмірдің мағынасының нақты мәселесі адамның аутенттікпен байланысты. Психолог клиенттің психикалық бұзылуларың , аутенттіктілігін онымен тұрақты әртүрлі формада талқылайды. Түп нұсқаның жоғалуы-адамның еркін, жауапкершілігін,жеке тұлғаның манызды танымынан айырылуы. Бұлкөріністер кеңес беру жағдайында клиенттің өзгерісіненбайқалады.



Зерттеу мазмұны адам өмірінің тұрақты, критиканы сензитивті кезеңіндегі жас ерекшелік шекараларының қарым-қатынасын жасауға мүмкіндік беріп, психолог адамның өзгеру мүмкіндігін,өзгеру темпіне, өзгеру бағытына бағытталады. Адам дамуының әрбір кезеңі әртүрлі динамикалық потенциалық қүрайды, яғни тұрақты кезең- төменде ,критикалық кезең-маңызда, бірақ бір қалыпты емес ,сензетивті кезең қалыпты және белгілі түрде әсерінің қарым-қатынастың жоғарлауы.Критикалық кезең адам өмірдегі потенциалды дамуды қүрайды, және жеке тұлға регресін де құрайды. Психолог қарама-қарсы тенденцияны анықтап және клиентті потенциалды дамуға бағыттау керек . Клиенттің өзгеру мүмкіндіктерін анализдеп, психолог клиенттің психологиялық даму міндеттерімен жұмыстанады. Клиенттің позициялық қарым-қатынасын, оның өзіне және басқа адамдарға деген эмоцианалды қатвнасынан байқалады. Бұл позицияға басқа адамның қарым-қатынасында уайым динамикасы қосылады.Жеке психологиялық кеңес беру жағдайының пәні – психологиялық ақпарат берумен байланысты, ал біздің көзқарас бойынша позициялық қарым-қатынас мынадай болып келеді.

  1. Бірдей қарым-қатынас-жеке кеңес берудің үйлесімді вариянты,жауапкершілік мәселесі жекелік өзгерістері ролдермен байланыста шешіледі, психологиялық кеңес берумен белгіленеді. Бұнда маңызды жағдайы, конгруэнттікке қол жеткізуі.

  2. «Жоғарыда» позициясымен қарым-қатынас-бұл практикалық психологтың көп тараған қателігінің бірі. Бұнда психолог өзін «жақсы, дара» өмір сүретін адам ретінде көріп,клиентке жақсы өмірдің критерияларын алуға әсер жасайды. Бұл позиция ең жаман жағдай,себебі клиент психологқабағынышты болып келеді, оның мәселесін шешумен айналыспайды.

  3. «Төменде» позициясымен қарым-қатынас жасауы, клиентке психологты басқаруға мүмкіндік береді. Э.Шостромның айтуы бойынша: «манипуляция»- бұл псевдофилософиясы өмірдің,яғни өзін және басқарларды бақылап ,басқарып отыру. « Мұндай жағдайда психолог ғылыми теориялық жұмысынан қалып тартады да, күнделік ті манипуляцияға бағынышты болады.» Э. Шостромның зерттеуі бойынша клиентпен қарым жасауда манипуляцияның түрін ерекшелендіріді.




  1. Диктатор –ол өз күшін көтеріңкі санайды,басқарады,өз құрбанын басқару үшін бәрін жасайды. Диктатордық түрі :бастық, тарбиеші,босс т.б.

  2. Шүбірек –ол диктатордың құрбаны ,ол көп мәселелерге мән бермейді, естімей қалуға мүмкіндік жасайды.түрлері :әлсіз,хамелеон, ұялшақ,т.б.

  3. Калькулятор. Қажеттілікті көтеріп, контроль жасауға тырысады. Ол өтірікші,Зырқып ,алдап кетуге тырысады. Түрлері:аферист ,ойыншы, шантажист.

  4. Жабысқақ . Өзінбағынышты етіп сездердіреді,ол өзін қамқорсыз етіп көрсетеді. Түрлері:ипохондризм,әлсіз,өмірлік бола тәрізді,сықсушы т.б.

  5. Хулиган. Өзінің агрессивті, қатты көрсетеді. Басқаларды қорқыш арқылы басқарады. Түрлері: гангстер, қорлаушы, тіл тигізуші т.б.

  6. Жақсы бала .Қамқорлық ,сүйіспеншілік, зейінділікті көтеріңкі ұстайды. Ол жақсылықпен женеді: Түрлері: жарамсақ,жасампаз т.б.

  7. Сот . Ол ешкімге сенбейді ,көпке дейін кешірмейді, баға беруші ,кек алушы т.б. басқаларды сөгуге тырысады, яғни ұят қылушы.

  8. Қамқоршы .Ол көмек беруге дайын , қателікті жалдам кешіреді, басқа адамға қамқор болуға дайын . Түрлері : жұбатушы, қамқоршы, көмекші.

Психолог манипулятордық позициясын коре тұра ,онымен қарым-қатынас жасауға тырысу қажет . Ол өзінің «мен» концепциясын қолданады. Егер ол өз позициясын өзгерте алмаса , онда ол мамандалған психолог қарым-қатынас жасауға жол табады.

Қортындылай келе жеке кеңес берудің маңыздылығы адамның психикалық дамуынаң және психологиялық денсаулыгының жағдайын түсіну болып табылады.


Психологиялық кеңсе берудің негізгі әдісі -сұхбаттасу болып табылады .

Әсер ету әдістері .



Әдістер

Әдістерді сипаттау

Әңгімелесу кезендегі әдістер функциясы.

Интерпритация
Директива (нұсқау)

Кеңес (ақпарат )


Өзін-өзі ашу (самораскрытие )
Кері байланыс .

Логикалық жүйелілік .

Әсер етуші түрін (резюме) .

Ашық сұрақтар .


Жабық сұрақтар .

Қайталап айтып беру.


Сезімдердің бейнеленуі.

Түйін резюме .


Теория негізінде немесе психологтың жекелей тәжербиесінде көрінетін жаңа ситуациялар . Бұл әсер ету әдісінің негізгісі б.т.
Теория негізінде іс-әрекет немесе ойла болуы.

Үйге берілген тапсырма , тілек ,жалпы идеяны орындауды қалай ойлау керек екені ,және өзін-өзі қалай ұстау керек.


Психолог клиенттің сезімдерімен ортақтасу үшін өзінің жеке тәжірибесімен жеке түрлі мазасыздануларын бөлісуі .

Оны психолог және қоршаған орта қалай қабылдайтыны туралы түсінуіне мүмкіндік береді.


Клиентке логикалық жүйелілікпен өның ойлауымен мінезіне егерде... онда түсіндіру.

Психологтың толқылауын жинақтау үшін жиі түрде әнгімелесудің сонында қолданылады:жиі түрде қорытындының және клиенттің пікір түйінің қолданыулуы.

Кім?-фактілер,

Қалай?-сезімдер,

Неге?-себеп

Бола ма?-жалпы сүрет.

Қысқа жауап беру .

Клиенттің сөз және оның ойын және қанатты сөздерін қайталау .


Сұхбаттасудың эмоцианальдық мазмұнына көніл аудару .

Қысқа түрде клиент негізгі сезімдермен фактірлерді қайталайды .





Шынайлының альтернативті көрінуі (болама) клиент мінез құлығы мен көніл күгіінің өзгеруіне мүмкіндік туғызады.
Психолог тілегіне сай іс- әрекеті клиенттің тапсырманы нұсқауды орындауы

Пайдалы ақпараттар ұсыну.


Кері байланыс әдісімен байланастылығы психологтың Я-мен ұсынысында предложениях құралған. Раппорттың құрылуына әсерін тигізеді.
Өзін-өзі қабылдауға арналған нақты мәліметтер беріледі .

Клиентке өзінің мазасыздануымен іс-әрекетін түсіну үшін нақты есебін береді. Іс-әрекет нәтижесін алдын ала көруге мүмкіндік береді.


Психолог пен клиент әңгімелесу барысында психологтың не айткан қорытындыланады. Бұл сұхбаттасу барысындағы жалпылауды шынайы өмірге өткізуге клиентке көмектесу.
Әңгімені жеңілдететін негізгі фактлерді анықтау.

Ұзын монолог қысқартылады


Толқыланған әнгімені белсендендіру. Түсінісу деңгейі көрсетіледі.
Негізгі эмоционалдық фактілерді айқындайды сезімдердің ашылуына көмегін тигізеді .
Сұхбаттасу кезінде кезеңмен қайталау пайдалы әңгіме бағыты ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет