Силлабус пәні: «Молекулалық биология, медициналық генетика» Мамандығы



бет25/27
Дата17.10.2022
өлшемі105,49 Kb.
#153344
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
molekulalyk biologiya medicinalyk genetika

Конъюгация (қосылу) – бактериялардағы ДНҚ алмасу процесі. Бұл жағдайда ДНҚ беретін жасуша (донор) ДНҚ-ны қабылдайтын жасушамен (акцептор) қосылады.
Кроссинговер – гомологті хромосомалардың бөліктерінің өзара алмасуы немесе хромосомалардың айқасуы.
Локус – геннің хромосомада орналасқан орны.
Лейкопластар – платидтердің түссіз бөлігі.
Лептотена – профазада жүретін жіңішке жіпшелер сатысы.
Липидтер – зат алмасу процесінде негізгі рөл атқаратын май тәрізді зат.
Матрица – белгілі бір заттың нақты көшірмесі.
Метацентрлі – хромосоманың тең екі ашаға (бөлікке) бөлінуі.
Миофибрилл – жүрек және көлденең жолақты бұлшық еттің жиырылуына қатысатын талшық.
Моноспермия – бір жұмыртқаның ұрықтануы.
Мутагендер – мутация туғызыға қабілетті заттар.
Мутациялық сұрыптау – тәжірибелік жолмен алынған мутанттардың көмегімен жүретін сұрыптау.
Нуклеопротеид – нуклеин қышқылы мен нәруыздан тұратын күрделі қосылыс.
Пентоза – молекуласының құрамында бес көміртек атомы бар моносахарид (өкілдері: рибоза және дезоксирибоза).
Пируват – пирожүзім қышқылының анионы (CH3COCOO-) немесе осы қышқылдың тұзы.
Полисахаридтер – күрделі молекулалы көмірсулар; табиғатта кең таралған өкілдерінеткрахмал, целлюлоза, гликогнен және т.б. жатады.
Полисома – рибосомалардың жиынтығы.
Постэмбриондық даму – ұрықтан кейінгі, яғни организм жұмыртқа қабықшасын жарып шыққаннанкейінгі даму.
Прокариоттар – ядро қабықшасы жетілмеген, бірақ ядро заттары, ДНҚ, нәруыз және РНҚ-сы болатын организмдер.
Редукция – мейоз процесі кезінде диплоидті хромосома санының екі есе азаюы.
Рекомбинантты ДНҚ – әр түрлі ДНҚ-ның екі үзіндісін қосып тіркегенде пайда болады. Рекомбинация екі жолмен жүреді: табиғи және жасанды (ген инженериясы жолымен алынған).
Репликация немесе редупликация (ДНҚ) – ДНҚ молекуласының жаңа тізбегінің синтезделуі. Бұл процесс ДНҚ-полимераза ферменті арқылы жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет