Силлабус «Психология» пәні бойынша білім беру бағыты мамандығының білім алушыларына арналған Құрастырушы: Педагогика жоғары мектебі оқытушы-сарапшы, Бисембаева Н. А. Оқытушы туралы мағлұматтар



бет3/30
Дата04.11.2023
өлшемі96,39 Kb.
#189806
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
1Силлабус Психология

Пәннің тақырыптық жоспары


р/р

Тақырып атауы

Сағат саны

дәріс

прак

лаб

СОӨЖ

СӨЖ


1 Модуль Психология ғылым ретінде

1

Психология пәні, психологияның даму тарихы, зерттеу әдістері

1

1




1

3

2

Жеке адам және іс-әрекет

1

1




1

3

3

Қарым-қатынас және топ

1

1




1

3

2 Модуль Танымдық психикалық процесстер

4

Зейін

1

1




1

3

5

Түйсік және қабылдау
















6

Ес және елес

1

1




1

3

7

Ойлау және сөйлеу

1

1




1

3

8

Қиял

1

1




1

3

9

Эмоционалдық-еріктік сфера

1

1




1

3

3 Модуль Жеке адамның қасиеттері

10

Темперамент және мінез

1

1




1

3

11

Қабілет

1

1




1

3

12

Мотивациялық-қажеттілік саласы

1

1




1

3

Тұлғаның жас ерекшеліктері

13

Психикалық даму заңдылықтары
Нәрестелік, сәбилік және ерте балалық шақ

1

1




1

3

14

Мектепке дейінгі жас, бастауыш мектептегі, жеткіншек және жасөспірім жастағылардың психикалық даму ерекшеліктері

1

1




1

3

15

Кемел жас және кәрілік жас психологиясы

1

1




1

3

Барлығы

15

30




15

75


Дәрістік сабақтың тақырыптық мазмұны
1 Модуль Психология ғылым ретінде
1 тақырып. Психология пәні, психологияның даму тарихы, зерттеу әдістері
Психологияның пәні, мақсаты, міндеттері. Психология ғылымының салалары, әдістері. Психологияның дамуының негізгі кезеңдерінің сипаттамасы. Психологияны ғылым ретінде сипаттама. Отандық және шетелдік психологияның дамуы. Қазақстандағы психологиялық ғылымның дамуы. Психологияның негізгі принциптері. Психика және сана. Психика туралы түсінік, психиканың көріну формалары. Психиканың құрылымы. Психиканың рефлекторлық табиғаты жүйке жүйесінің, мидың қасиеттері ретінде. Ми мен психика, психиканың қасиеттері.
Сананың құрылымы және оның негізгі психологиялық сипаттамалары. Сана психиканың дамуының ең жоғарғы сатысы ретінде. Сана мен бейсананың өзара әрекеттесуі.
Б. Г. Ананьевтің әдістерін жіктеу. Бақылау, оның түрлері. Эксперимент, оның байқаудан айырмашылығы. Табиғи және зертханалық эксперимент. Психодиагностикалық тесттер және олардың түрлері.
2-тақырып. Жеке адам және іс-әрекет
Индивид, жеке адам, субъект, жеке даралық. Жеке адам ұғымы, оның феномені. Жеке адам биологиялық және әлеуметтік факторлардың өзара байланысы. Жеке адам құрылымы. Жеке адам бағыттылығы және оның құрылымы. Жеке адам теориялары. Жеке тұлғаны зерттеудегі негізгі тарихи кезеңдер. Жеке адамның психологиялық мәселелерінің теориялық дамуындағы соңғы тенденциялар. Іс-әрекет туралы жалпы түсінік. Іс-әрекет құрылымының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу. Іс-әрекеттің түрлері және олардың сипаттамасы.
3-тақырып. Қарым-қатынас және топ
Қарым-қатынас құрылымы, мазмұны, формалары мен механизмдері. Қарым-қатынастың негізгі жақтары: коммуникативті, интерактивті, перцептивті. Олардың бірлескен іс-әрекет сипаты мен қарым-қатынастығы серіктескен қатынас сипатымен байланысы.
Қарым-қатынас қиындықтары мен кедергілері. Деструктивті қарым-қатынас түсінігі. Тұлға аралық қарым-қатынасты зерттеулердің жаңа бағыты.
Қарым-қатынастың коммуникативті жағы: вербальды қарым-қатынас. Коммуникация түрлері. Вербальды емес қарым-қатынас. Қарым-қатынастың перцептивті жағы: тұлға аралық қабылдау және өзара түсіністік. Қабылдау механизмдері мен эффектілері. Тұлға аралық қабылдаудың дәлдігі мәселесі. Өзге адамды тану мен қарым-қатынас үрдісіне «алғашқы әсердің» ықпалы.
Шағын топтардың жіктелуі. Тұлға және топ. Топтағы ережені қалыптастыру. Топтық әсер ету әдістері мен механизмдері. «Конформизм» құбылысы. Бірлестік құрылымындағы жеке адам: беделдіге бағыну құбылысы. Тұлға аралық қарым-қатынас жүйесіндегі жеке адам: персонализация концепциясы. Тұлғаның топтағы әлеуметтік-психологиялық беделі. Топ әрекет субъектісі мен қызмет жүйесі және қарым-қатынас саласы ретінде. Ұжымдағы тұлғааралық қатынастар.
2 Модуль Танымдық психикалық процестер
4-тақырып. Зейін
Тұлғаның және психикалық процестің қасиеттері ретінде зейіннің жалпы сипаттамасы. Зейін анықтамасының көп жақтылығы. Басқа психикалық процестермен, құбылыстармен салыстыруда зейіннің өзіндік ерекшеліктері. Кез-келген әрекеттің маңызды шарты ретінде зейін. Зейіннің физиологиялық негіздері. Зейіннің түрлері. Зейіннің негізгі қасиеттері, оларды эксперименталды зерттеу. Зейінді әртүрлі әрекетке бөлетін қабілетті анықтайтын факторлар. Еңбек іс-әрекетіндегі зейіннің аударылуы мен бөлінуі.
5-тақырып. Түйсік және қабылдау
Түйсік және қабылдау туралы түсінік. Анализаторлар. Түйсік және қабылдаудың түрлері. Түйсіктің модальдығы. Түйсіктің жіктелуі. Түйсік және қабылдаудың қасиеттері. Түйсіктің негізгі қасиеттері: модаль, интенсивтілік, кеңістікті-уақыт құрылымы.
Түйсік және қабылдаудың айырмашылығы. Адамның қоршаған ортамен өзара әрекеттесу процесінде кеңістік пен уақытты қабылдау. Қабылдаудың физиологиялық негіздері. Бейімделу және сенсибилизация. Апперцепция. Қабылдаудың жеке дара дамуы, жастық ерекшеліктер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет