Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Сын тұрғысынан ойлау стратегия әдістері. Талдау жасаңыз, кестеге түсіріңіз.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
Оқушы — ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Мұғалім — әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль балалардың да, педагогтердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.
Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған, бірін-бірі толықтырған ойлау десек қателеспейміз.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің үлгісі. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады:
— қызығушылықты ояту;
— мағынаны ашу;
— ой толғаныс.
Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту»
Кезеңнің мақсаттары:
— оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;
— оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;
— оқушының белсенділігін ояту;
Екінші кезең «Мағынаны ашу»
Кезеңнің мақсаты:
— жаңа ақпаратпен танысу;
— жаңа ақпараттармен өз білімімен ара — қатынас белгілеу.
— мұғалім ұсынған белсенді оқыту әдістерін қолданып, жаңа тақырып материалдарын тыңдайды, оқиды;
— жаңа ақпараттардың мәнін түсіну барысында мәтін шетіне белгі қояды немесе жазып алады;
— қарастырылған материалдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін қадағалайды, алдына қойған мақсаттарына жету үшін белсенді әрекет етеді.
Белсенді оқу әдістерін қолдану:
— инсерт;
— екі жақты күнделік;
— қосымша журнал;
— сабақтың бірінші кезеңінде қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап іздеу және т. б.
Бұл кезеңде жаңа ақпараттармен, ойлармен танысады, тиісті тақырыпқа байланысты кино көру, дәріс, әңгіме, тыңдау немесе тәжірибе — эксперимент жасау, мультимедиялық құралдарды пайдаланады. Сабақта жұмыс дара және жұп түрінде жүргізіледі.
Үшінші кезең «Ой толғау»
Кезеңнің мақсаты:
— қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу.
— оқылған материалды талдау және қорытындылау.
— тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау.
— Мағынаны тану кезеңінде білімге сүйене отырып, бұрын және сабақ барысында не үйренгенін салыстырады.
— Қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған мақсатты іске асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін іріктеп алады.
— өзіне қойған сұрақтарға мағыналы жауап алғандарын бағалайды.
— Алған білімдерін өмірмен байланыстырады, қорытынды нәтиже шығарады, өз бетімен жаңа идеяларды ойластырады. — кластер құру
— әртүрлі кезеңдегі ақпараттардың өзара қатынасын сипаттайтын кестелер толтырады.
— түйін сөздерге қайта оралу.
— дұрыс және дұрыс емесін мақұлдауға қайта оралу.
— рефлексивті сұрақтар
— пікір алмасу.
— шығармашылық жұмыстар
Оқылған ақпаратты талдау, түсіндіру, шығарманы өңдеу жұмысы топ бойынша жүргізіледі.
Әр кезеңде қолданылатын стратегиялар:
Қызығушылығын ояту кезеңі: Болжау кестесі, Тірек сөздер, Венн диограммасы, Т кестесі, бір айналым күнделік, Блум таксаномиясы, Миға шабуыл, Топтастыру. Мағынаны тану кезеңі:
Т кестесі, Пікір - талас, Аквариум, İNSERT, RAFT, ДЖИК СО, Куббизм, Геометриялық фигуралар, Бір айналым сұхбат, Түртіп алу, Жұпта талқылау, Бағытталған оқу, Талдау картасы, Топтастыру.
Ой толғаныс кезеңі:
Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы, Т кестесі, Sinkuein немесе бес жолды өлең, RAFT, Түйін сөз, Семантикалық карта, Концептуалды таблица, Бір айналым сұхбат.
Достарыңызбен бөлісу: |