Сын тұрғысынан ойлауға кіріспе


-сұрақ Бірлескен іс- әрекеттерді ұйымдастыру арқылы Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту



бет16/17
Дата20.12.2023
өлшемі72,4 Kb.
#198043
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
сыни ответы
Документ (копия) (копия), жусип баласагун (копия)
42-сұрақ Бірлескен іс- әрекеттерді ұйымдастыру арқылы Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту.

Оқу бағдарламаның басты ерекшелігі – оқушылар ынтымақтаса отырып, жұмыс істейді. Жалпы практикалық зерттеу жұмысымен айналысу кезеңінде жеті модульдің бірі — сыни тұрғысынан ойлау модульін таңдадым. Неге сыни ойлау табысты тіршілік әрекеті болып табылады? Себебі, бастауыш сынып оқушыларын оқытуда тиімді әдістерді пайдалану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын арттыруға, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын тыңдаушы ғана еді, енді ол сыни тұрғыдан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналды. Бұл технология – оқу мен үйренуге арналған құрылғы. Сынып оқушылары топпен, жұппен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ең ұтымды жауапты тауып айтуға үйренеді. Топқа берілген сұраққа тынымсыз іздене отырып, әр оқушы өз ойын еркін айтуға, оны дәлелдеп, қорғай білуге мүмкіндік алады.


Сондай-ақ бұрынғыдай мұғалім түсіндірмейді, тек бағыт береді. Ал оқушы өзі ізденеді және сабақ үстінде тақырыпты бір — біріне түсіндіреді. Сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін бастауыш сынып балаларымен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл - балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру.


43-сұрақ БАҚ және сын тұрғысынан ойлау.

Ақпаратты радио, телеарна, интернет, газет-журнал, кітапша, тақтайшалар және т.б. арқылы аламыз. Күнделікті қаламызда, елімізде, әлемде болып жатқан оқиғалардан хабардар болу үшін теледидар қараймыз, мақалалар оқимыз. Егерде көңілімізді сергіткіміз келсе, сүйікті сериалымызды немесе ұнаған бағдарламамызды көреміз. Теледидар бағдарламаларын көрген кезде, сабақ арасындағы «үзіліс» сияқты жарнамалық роликтер қосарланып шығып отырады.


Жаңалықтарға беруге арналған оқиғаларды таңдау кезінде журналистер мен редакторлар көбінесе көңіл көтеретін, әсерлі, таң қалдыратын, қорқынышты, әдеттегіден өзгеше, жаныңды баурап алатын дүниелерді таңдайды. Біздің көңілімізді бөлу үшін БАҚ көпшіліктің қызығушылығына жауап беретін – қылмыс, жанжал, табиғи апаттар және т.б. сол сияқты ақпараттарды жиі көрсетеді.
Оқиғаларды жаңалықтар үшін іріктеумен қатар, БАҚ біздің назарымызды аудару үшін басқа да әдістерді қолданады. Бұл әдістердің бірі- жаңалықтардың құрылымы арқылы кейбір оқиғаларды маңызды етіп, ал кейбіреулерінің маңызын әлсіретуге болады. Мысалы, газет-журналдар «негізгі» оқиғаларды бірінші бетке орналастыру арқылы ерекшелеп, ал, маңыздылығы аз оқиғаларды келесі беттеріне береді. Редакторлар мен басқа да мамандарбастыбеткеқандаймақалаорналасатыныншешеді. Олароқырманныңқызығушылығыноятуүшінмақаланықалайатауды (үлкен, қаракурсивпенерекшелепқояды) ойлап, қандайсуретқоюдыанықтайды. Егердекритикалықойлаудағдысынқолданбайтынболса, ондабіріншібеттеорналасқантанымалжұлдыздыңтойытуралыақпаратгазеттіңортаңғыбетіндеорналасқанжуырдаболған су тасқынытуралыақпараттанәлдеқайдамаңыздыдегенпікіргекөзсізсеніпқалуымызмүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет