Сынақтарының сыры». Қарағанды: «Tengri Ltd»



бет33/37
Дата08.07.2018
өлшемі11,09 Mb.
#48541
түріСынақтар
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

III

ТАРАУ









Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1994 ж.), Нұра ауданының Құрметті азаматы (2005 ж.), «Қазақ жерінің зиялы азаматтары» (13-том, 2006 ж.) тізіміне енген, ақын Қайрат Жұмағалиевтің «Нұра перзенті» («Шын ғажапты қараңыз») деректі поэмасының кейіпкері Жарылқасын Бикеновті 70 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз! Белгілі ақын Махмет Темірұлы осыдан он жыл бұрын былай жырлаған:

«Жас қыран ұшты ұядан қанат қағып,

Жарқырап көзге түсті жұлдызша ағып.

Ұмтылды талаптанып қияға өрлеп,

Қиынға қаймықпастан құлаш сермеп.

Жан емес жүрексініп жалтақтаған,

Жүйріктей жайнап түсті ер баптаған.

Сүйсініп істеріне жұрт мақтаған,

Салмақты сөз сөйлейді кетпей артық.

Теңіздей ойы терең жатқан шалқып,

Сөйлескен адамдарын, кім болса да,

Үйіріп өз ішіне алар тартып.

Білім де, қажыр, қайрат болды мұнда

Қатіғез не айтарсың бұл тағдырға?

Жарқырап қос шырағы тұрған жанып Кенеттен күңгірт тартты тұманданып,

Жан жары Әнияшқа жұрт риза

Қажытпай тар кезеңде болған серік.

Тағдырдың тәлкегіне мойымаған Дүниеге мұндай адам келер сирек,

Алпыстың асқарына тұрсың қонып,

Жасай бер, жетпіс, сексен, тоқсан, жүзге толып,

Ақылшы ақсақалды ата болып!».

Абыз-ақын ағамыздың айтқаны келіп, бүгін Жарылқасын бауырымыз 70-ке келіп отыр.

Сүйікті жары Әнияшпен бірге ұл-қыз өсіріп, Әбілқасым мен Айгүлдің, немерелері Арлыжан мен Томиристің, ұлы Ерқанаттың, қызы Гүлшат пен күйеу баласы Серіктің, немересі Мұхамедтің қызығын көріп отырған үлгілі ата-әже, және осы атқа әбден лайық бұл кісілер.

Сарыарқаның төрінде, Есіл-Нұра жағасында, құрбы-құрдастың ортасында осы балалар мен немерелеріңіздің қызығына тоймай, еліміздің ақылманы, шежіре қарты болып жүре беруіңізге тілектеспіз!



Жарылқасын Бикеновтің 70 жылдық мерейтойында сөйленген сөз

ЖАҚСЫ ЛЕБІЗ ЖАН СЕМІРТЕР

Жарылқасын Бикенов









ЖАРЫЛҚАСЫН БИКЕНОВ 70 ЖАСТА!

Осыдан 70 жыл бұрын киелі Сарыарқаның кіндігі саналатын Нұра жерінде өмірге келіп, түп қазыгы Көбетейден түлеп ұшқан Жарылқасын Бикенұлы бүгінде осынау Нұра ауданының ғана Құрметті азаматы емес, халқының мақтанышы. «Елдің ырысын жері, мерейін ері үстем етеді», – дейді дана халқымыз. Жарылқасын ағамыз еңбекқорлығымен, ізденімпаздығымен ел ілтипатына бөленген адам. Ол өз ісіне берілген, кәсіби шеберлігі мен әділдігі, адамгершілігі арқасында көпке танымал болған білгір де тәжірибелі маман.

Ғаламторға кірсеңіздер, Жарылқасын Бикенұлы жайлы «Советский и казахстанский бухгалтер, единственный бухгалтер Казахстана, удостоенный почетного звания «Заслуженный служащий Казахстана» деген мәлімет аласыздар. Жәкең «Құрмет» орденінің иегері. Біздер үшін осындай азаматпен замандас болу, бір салада (тұтынушылар одағында) еңбек ету, үзеңгілес ізбасары болу - үлкен мәртебе.

Көпке белгілі ақиқат – азаматтың шын бағасы оның қызметіне, не болмаса қалтасының қалыңдығына қарай емес, халқына сіңірген еңбегіне қарай бағаланады. Еліне адал қызмет етіп, бар ғұмырын ауылы мен елінің тағдырымен ұштастыра білген Ел ағасының бүгінгі бақыты, асқар шыңы ­– осынау еңбекқорлықтан, содан алған абыройдан құралғанын білесіздер.

Мен Жарылқасын ағамызды 1972 жылдан бері білемін.

Жәкеңнің жүзінен, сөйлеген сөздерінен, жүріс-тұрысынан көп оқып, көп тоқығандығы, ішкі мәдениеті, жан сұлулығы, бекзаттық болмысы, асыл қасиеттері кәдімгі айнадағыдай жарқырап көрініп тұрады. Өзіне де, өзгеге де талапшыл, әділ, ұстамды жан. Тумысынан асып-тасқанды білмейді, ондай қылық Жәкеңнің табиғатына жат. Қызмет бабын пайдаланып біреудің көңіліне қаяу түсірген, салмақ салған кезін білген де, естіген де емеспін. Қандай істі болсын, асықпай, саспай, ой- ланып барып бастап, қалай да аяқтап шығатын сарқылмас сабыр мен таусылмас төзім иесі деп білуге болады.



Құрметті Жәке! Біз Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы ел азаматы ретінде жақсы білеміз. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттер Сізді қатардағы бухгалтерден облыс Тұтынушылар одағының Бас есепшісі деңгейіне көтерді. Сіздің алдыңыз кең, жаныңыз жомарт, қамқор да талапшыл басшы, аяулы аға ретіндегі абзал қасиеттеріңіз тәнті етпей қоймайды. Осындай еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, жеке басыңыздың кіршіксіздігі, өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен қанаттас жүрген әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз.


Ерекше айта кететін жайт, Жарылқасынды барша қазаққа танымал қылған ­– «Қарпық шежіресі».

Болат ӘБДІКӘРІМҰЛЫ, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

12 сәуір, 2013 жыл Қарағанды қаласы

Өмір сынақтарының сыры









Үнемі біліктілігіңіз бен іскерлігіңізді орайлы ұштастыра отырып, – Қазақстан Тұтынушылар одағының жұмысын жандандыруға қосқан сүбелі үлесіңіз бізге белгілі. Құрметті Жәке!

Алла Тағала адамға үш рет жастық шақ сыйлайды екен: біріншісі – өз жастық шағында, екіншісі – шын махаббатқа жолыққанда, үшіншісі – жүз жасқа толғанда.

Біріншісінен өттіңіз, екіншісінен де өтіп келе жатырсыз, енді үшіншісі қалды. Құдай сізді үшінші жастық шаққа да аман-есен жеткізіп, өміріңізді ұзарта берсін!

Әрқашан осы темірқазықтай қалпыңыздан таймай, асулардан асып, берекеңіз тасып, ата жолынан айнымай, жұбайыңызбен бірге балаларыңыздың, немере-шөберелеріңіздің қызығын көріп жүре беріңіз.

Той тойға ұлассын, құрметті қонақтар!

Жәкеңнің торқалы тойы құтты болсын!



Ерқара АЙМАҒАМБЕТОВ, Қазақстан Тұтынушылар одағы Қарағанды экомикалық университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор

***


Жарылқасын Бикенұлының 60 жылдық мерейтойына арнаймын

Жас қыран ұшты ұядан қанат қағып,

Жарқырап көзге түсті жұлдызша ағып.

Дос-жаран, туыс-жаран тілеп жүрді,

Шарықтап өссе екен деп бағы жанып.

Ұмтылды талаптанып қияға өрлеп,

Қиынға қаймықпастан құлаш сермеп.

Күндіз-түн дамыл таппай еңбектеніп,

Зейнетін бейнетінің болды көрмек.

Биікке өршеленіп өрлей берді,

Жемісін еңбегінің көзі көрді.

Қай жерде қандай жұмыс атқарса да,

Риза боп бастықтардың бәрі сенді.

Жан емес жүрексініп жалпақтаған,

Жүйріктей жайнап түсті ер баптаған.

Жарылқасын Бикеновтің даңқы шығып,



Жарылқасын Бикенов









Сүйсініп істеріне жұрт мақтаған.

Салмақты сөз сөйлейді кетпей артық,

Теңіздей ойы терең жатқан шалқып.

Сөйлескен адамдарын кім болса да,

Үйіріп өз ішіне алар тартып.

Ақылы жетер ел басқарса,

Көбінен озар еді қатар салса.

Талас боп жұрт алдында сынға түссе,

Тек Жәкеш алар еді бәйгені алса.

Шығатын еркін өрлеп биік шыңға,

Білім де, қажыр, қайрат болды мұнда.

Бөгет боп қарсы алдынан шыға келген,

Қатыгез не айтарсың сұм тағдырға?

Жарқыран қос шырағы тұрған жанып,

Кенеттен күңгірт тартты тұманданып.

Шығатын қиындықтан жол іздеді,

Жасымай сабырлықпен ойға салып.

Жәкеш жоқ бұған мүлде қалған күйреп,

Жөнелді ауыр жүкті алға сүйреп.

Тағдырдың тәлкегіне мойымаған,

Дүниеге мұндай адам келер сирек.

Өмірдің тауқыметін бірге көріп,

Кеңескен ақылдасып, бірге жүріп.

Жан жары Әнияшқа жұрт риза,

Қажытпай тар кезеңде болған серік.

Екеуі тату-тәтті өмір кешіп,

Өркендеп келе жатыр ұрпақ өсіп.

Атына ата-ананың кір келтірмей,

Отанға қызмет қып алтын бесік.

Жәкеш, сен, жұрт құрметтер жасқа толып,

Алпыстың асқарына тұрсың қонып.

Жасай бер жетпіс, сексен, тоқсан асып,



Ақылшы ақсақалды ата болып!

Махмет ТЕМІРҰЛЫ Көбетей ауылы, Нұра ауданы «Орталық Қазақстан» газеті, 2003 жылғы 3 сәуір

Өмір сынақтарынық сыры









Жарылқасын Бикеновтің досы,

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Сілеті аймағының Бұланбай ауылындағы ірі кәсіпкер, «Қарпық және Қожа», «Алтай Қалыбек» шежірелерінің жарық көруіне демеуші болған Амантай Мусинге арнаймын

Жалғасып келе жатқан арғы атадан Басынан Амантайдың бақ таймаған.

Кең жерге еркін жайлап, ие болып,

Бұл күнде бай екенсің мыңды айдаған.

Бұлжытпай қуған жансың ата салтын

Үйірлеп жылқы өсіріп, шыққан даңқың.

Еңбекқор іскерлігің көрініп тұр,

Қол былғап болымсызға қызықпайтын.

Апайтөс ер екенсің нағыз батыр,

Бойыңда қажымайтын қайрат жатыр.

Түрің бар қиындықтан қорықпайтын,

Қоймайтын ойға алғанды жеңбей ақыр.

Топтанған балықшыны түсі суық,

Көліңе жолатпапсың бірін жуық.

Өр кеуде менменсіген тентектерді Дүрелеп жіберіпсің бәрін қуып.

Тәнтімін дәл осындай ерлігіңе,

Қайтпайтын алған беттен өрлігіңе.

Ен жайлап кең өлкені жүрсің билеп,

Патшалық дәрежеден кемдігі не?!

Істерің таңғалдырып, алып есін,

Қоздырар көрген жанның делебесін.

Сақтаған ел дәстүрін, әдет-ғұрпын Намысқой нағыз қазақ ұлы екенсің.



Махмет ТЕМІРҰЛЫ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қарағанды қ., «Орбита» мейрамханасы

03.10.2013 жыл

Жарылқасын Бикенов

***







Құттықтаймыз»!

Қарағанды қаласында тұратын қадірлі бауырым Жарылқасын Бикеновті 65 жасқа келген туған күнімен және өмірлік жары Әнияшпен отау құрғанына 40 жыл толуына орай айтулы мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Тіршілікте мәнді де сәнді болып, қатар жүре беріңдер. Әр қүндерің шуаққа толып, жүздеріңнен күлкі кетпесін. Жамандық атаулы жетпесін. Сендердің ғүмырларың ұзақ, өмірлерің жұмақ болсын. Зор денсаулық, мол бақыт, қажымас қайрат тілей отырып, мына өлең жолдарын арнаймын:

Жарылқасын - дәл маған қымбат есім,

Бауырым құтты болсын алпыс бесің!

Аяулы Әнияштай жарыңменен

Жасай берші, жастарың жүзге жетсін!



Астана қаласынан ізгі ниетпен тілек білдіруші - Рафхат.

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті,

2008 жылғы 9 сәуір

Құттықтаймыз!

Қарағанды қаласының тұрғыны, менің тірек тұтар бауырларым – Жарылқасын Бикенов пен келінім Әнияшты туған күндерімен құттықтаймын! Әрқашан толысқан айдай ажарланып, күлімдеген күндей нұрланып, шаттық пен бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы болып жүре беріңдер. Сендердің ғүмырларың ұзақ, өмірлерің жұмақ болсын. Зор денсаулық, мол бақыт, қажымас қайрат тілеймін. Алла Тағала тек балаларың мен немерелеріңнің қызығын көріп, Әнияшпен бірге ұзақ өмір жасауға нәсіп етсін! Осы тілегіммен бірге мына өлең жолдарын арнаймын.

Жарылқасын – дәл маған қымбат есім,

Құтты болсын туған күндерің!

Аяулы Әнияштай жарыңменен,

Жасай берші, жасың жүзге жетсін.

Қашанда қымбат маған бауырым,

Өзің ғой қуанышым, жанашырым.

Бауыр деген атыңды ардақтаймын,

Дүниенің алып бергім келеді бар асылын!



Ізгі ниетпен тілек жолдаушы — Астанадан Рафхат апаларың.

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті,

2012 жылғы 10 сәуір

Өмір сынақтарының сыры









Құттықтаймыз!

Қадірлі апайымыз, Қарағанды экономикалық университетінің құрметті ұстазы Әнияш Бикенованы таяуда 60 жасқа толуымен және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ол кісіге зор денсаулық, мол бақыт, қажымас қайрат және ұстаздық қызметте жаңа жетістіктер тілейміз. Отбасына тірек болуда және перзенттеріңізді өсіріп, оқытуда жасаған өнегелі қадамдырыңыз ұрпаққа үлгі болатыны сөзсіз.

НҰРАНЫҢ АРУ ҚЫЗЫ ӘНИЯШ АПАЙҒА

Әнияш апай!

Ерке қызы ең Нұраның,

Алаш еді айтатұғын жыр-әнің.

Ару Ана болып, міне, отырсыз,

Ұлысына мәшһүр күллі ұланның!

Көрдің, міне, азат елдің таңын да,

Ғажайып бір қасиет бар қаныңда.

Қазағымның маңдайдағы бір ұлы - Жарылқасын ағамыз бар жаныңда!

Жатырқамай, жақсы көріп бөтенді,

Пір тұттыңыз Жарылқасын көкемді,

Тәңір сонсоң жарылқады сізді де,

Қазақ сізді өз басына көтерді!

Алаш жұрты – арманың да, ойың да,

Анаға тән ұлы сезім бойыңда.

Жамбыл ата секілді бір 100-ге кеп,

Отырыңыз Томиристің тойында!

Ұлысына үлгі болган ұлы ана,

Асқақ болсын сіз тұрғызған мұнара.

Алашынан сіздей ару туғызған Арман бар ма, Есіл менен Нұрада?!



«Егемен Қазақстан» республикалық газеті,

2008 жылғы 8 наурыз

Жарылқасын Бикенов









ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!

Көп жылдар бойы Қарағанды облыстық Тұтынушылар одағының бухгалтері болып қызмет атқарған жаны жайсаң азамат, адал жар, қамқор әке, ақеділ дос, менің тірек тұтар бауырым Жарылқасын Бикеновті және ақжарқын да сүйікті келінім Әнияшты туған күндерімен шын жүректен құттықтаймын!

Ағайынаға қамқор, бауыр мен балаға мейірімді, жайдары қалыптарыңмен әрдайым өмірдің шуағында болыңдар. Айналайындар, сендер осы жылдар ішінде өмірдің талай белестері мен өткелдерінен қол ұстасып, жұптарынды жазбаған күйі бірге өттіңдер, берекеге, табысқа, мерейлі шаққа бірге жеттіндер. Ендігі жерде бірің өркен жайған алып бәйтерек сынды әулеттің ақылшысы, тірегі һәм арқа сүйері, ал, енді, бірің сол әулеттің берекесі мен бірлігінің ұйытқысы, бақытының бастауындай кемел кезеңге келген жайларың бар. Мен сендердің ғұмыр жастарыңның ұзақ болуын, өздерің әлпештеп өсірген балаларыңның қызығын көрулерінді, немере. шөбере дейтін балдан тәтті балапандарыңның қылығына тоймауларынды, алаулап атқан әрбір таңның жарық нұрына шомылып, қанағатты көңіл-күймен, саламатты денсаулықпен, сергек сана-сезіммен ылғи да жайраңдап, орталарынды мерекеге айналдырып жүрулерінді тілеймін. Отбасылық тату-тәтгі, мағыналы ғұмырларынды өмір жолын енді бастаған жастар үлгі етсін! Өздерің әрдайым бақыттың базарында, Алланың назарында, көңілдерің асқақ, жүректерің уайымсыз болсын!

Ізгі ниетпен құттықтаушы Рафхат апаларың «Егемен Қазақстан» республикалық газеті,

2014 жылғы 9 сәуір

Құттықтаймыз!

Қарағанды қаласының тұрғыны, біздің тірек тұтар бауырымыз Жарылқасын Бикеновті 62 жасқа толган туған күнімен құттықтаймз! Жарылқасын, саған зор денсаулық, ұзақ өмір тілей отырып, мына өлең жолдарын арнаймыз:

Алпыс екі, білеміз ғой, жаз емес,

Мұны біздің тілек деп біл, наз емес.

Таусылмасын қызықтар мен қуаныш,

Ал өткерген қиындықтар аз емес.

Бақытыңды өзің қолдан тұрғыздың,

Қамқорлықты біз үшін де бұрғыздың.

Бұл өмірдің мәні болса жалғастық,

Ер жетті де қол ұзартты ұл-қызың.

Бірге тербеп тіршіліктің бесігін,

Бәрімізге мақтан болды есімің.

Сенің тоқтап ақылыңа үйрендік,



Өзің айттың қай істің де кесімін.

Өмір сынақтарының сыры









Орман болсын кеше еккен шыбығың,

Тұлпар шықсын бабы келіп құлының.

Қосағыңмен қоса жасап, жүзге жет,

Денің мықты, ұзақ болсын ғұмырың!



Тілек білдірушілер: апайың Рафхат және Қаусыловтар отбасы

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті,

2005 жылғы 9 сәуір

Құттықтаймыз! Жүздеріңнен күлкі кетпесін!

Қарағанды қаласында тұратын асқар таудай бауырымыз Жарылқасын Бикеновті 70 жасқа толған күнімен, өмірлік жары Әнияшты 65 жасқа толуымен шын жүректен құттықтаймын!

Тіршілікте мәнді де сәнді болып қатар жүре беріңдер. Әр күндерің шуаққа толып, жүздеріңнен күлкі кетпесін, жамандық атаулы жетпесін. Сендердің ғұмырларың ұзақ, өмірлерің жұмақ болсын. Зор денсаулық, мол қажымас қайрат тілей отырып мына өлең жолдарын өздеріңе арнаймын:

Не жетер бұл өмірде бағаңызға,

Әрқашан сізден үлгі аламыз да.

Амандық-саулығыңа тілектеспін,

Жүз жасап жүре бергін арамызда.

Жетпіс жас, өмір-өзен сыршыл ағын,

Мәуелеп жеміс берер бір шынарың.

Бауырым, құтты болсын мерейтойың,

Өмірдің біз тілейміз нұр шуағын!

Өзің де өр қанатты адал жансың,

Айналып барша қауым ортаға алсын.

Жетпістің биігіне шыққаныңда,

Ойдағы арман-тілек орындалсын!



Жүз жасап жүре берші арамызда, – деген тілекпен

Астанадағы апаң Рафхат. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті,

2013 жылғы 9 сәуір

Жарылқасын Бикенов









Құттықтаймыз! Жарылқасын Бикенұлының 60 жылдық мерейтойына арнаймын

Жарылқасын, Әнияш, құтты болсын тойларыңыз,

Орындалсын жақсы тілек ойларыңыз.

Денің сау боп, өмірің ұзақ болсын,

Бола берсін талай-талай тойларыңыз!

Айналайын Жарылқасын, жан бауырым,

Бауырлардың ішінде ең тәуірім.

Құттықтаймыз!

Қарағанды қаласында тұратын қадірлі бауырым Жарылқасын Бикеновті 9 сәуірдегі туған күнімен, өмірлік жары Әнияшты мүшел жастан шығуымен шын жүректен құттықтаймын!

Тіршілікте мәнді де сәнді болып қатар жүре беріңдер. Әр күндерің шуаққа толып, жүздеріңнен күлкі кетпесін, жамандық атаулы жетпесін. Сендердің ғұмырларың ұзақ, өмірлерің жұмақ болсын. Зор денсаулық, мол қажымас қайрат тілей отырып мына өлең жолдарын өздеріңе арнаймын:

Айналайын Жарылқасын,

Әнияш жан бауырым!

Дендерің сау, өмірлі, бақытты боп,

Көрсетпесін қайғы-уайым.

Асылдан артық туған жан бауырым,

Жүрегімде басқалардан орның бөлек,

Әнияшпен қол ұстасып жүре берші,

Қызығып балалар мен немерелердің көре берші.

Ағайын, туған-туыс, бауырлардың,

Ортасында ақылшы бола берші.

Қалған біз, жақсылардың ұрпағымыз,

Жарылқасын – ортамызда сұңқарымыз.

Халқыма жақсылықты тілеймін мен,



Көрмесін қиындықты ұрпағымыз.

Астана қаласынан тілек білдіруші апаң - Рафхат. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті,

2009 жылғы 8 сәуір

Өмір сынақтарының сыры









***

И это все о ВАС,

Уважаемый ЖАРЫЛКАСЫН БИКЕНОВИЧ!

Ученым можешь ты не быть,

Но знать Бикенова обязан.

Нам не дано ЕГО забыть,

Авторитет его доказан.

В день 30-летия в должности главного бухгалтера Облпотребсоюза

Бухгалтер, Главный наш Бухгалтер,

Примите поздравление от коллег.

С неординарной юбилейной датой,

Которая слагает Ваш успех.

Нам обратиться к Гиннесу пора,

Мы думаем, что нет такого факта,

Чтоб были Главными бухгалтера

По 30 лет с восхода до заката.

Денің сау боп, өмірлі, бақытты бол,

Көрсетпесін Құдайым уайым-қайғы.

Жарылқасын, келіп қапсың 60 жасқа,

Дұшпанның тіл-көзі тисін тасқа.

Асылдан артық туған жан бауырым,

Жүрегімде басқалардан орның басқа.

Әнияшпен қол ұстасып жүре берші,

Қызығын балалардың көре берші.

Ағайын, туған-туыс, бауырларға Ортасында ақылшы бола берші.

Қалған біз жақсылардың ұрпағымыз,

Жарылқасын – ортамызда сұңқарымыз.

Халқыма жақсылықты тілеймін мен,



Көрмесін қиындықты ұрпағымыз!

Апасы - Рафхат. Астана қаласы.

Жарылқасын Бикенов









А мы имеем этот феномен,

Свои порывы сдерживаем тактом.

Хоть отмечать готовы этот день,

Приняв Жуз грамм – с восхода до заката.

Желаю Вам устойчивых активов,

Пассивы просто пусть покинут Вас.

Пусть в Вашей жизни будет все красиво,

Душа и мысли, профиль и анфас.



06.09.2001 год

На Ваш солидный Юбилей

Ваш Ум и Опыт обрели Солидность, Достоинств Ваших мне не сосчитать.

Как никогда – сегодня стало видно,

Смогли Вы необъятное объять.

Смогли Вы стать любимым и надежным

И для семьи, и для друзей своих.

Для Вас немного стало «невозможным», Дана Вам сила воли за двоих.

Вы сложный Человек, неординарный,

Способны повлиять на все вокруг.

Логичны и точны – порой коварны,

И все же Гений – парадоксов друг.

Возможно для кого-то это слухи,

А у меня давно сомнений нет,

Что Ваша голова – большой компьютер,

Гарант и малых, и больших побед.


И тот, кто в Ваш компьютер попадет

Узнает много интересного и ценного,

Ответ на многие вопросы здесь найдет,

И будет благодарен непременно Вам.

В солидный Юбилей и праздник Ваш

Я пожелать хочу – всегда чтоб были с Вами

Любовь и мудрость Вашей Анияш,

Чтоб были Вы окружены друзьями.



Желаю Вам здоровья и уюта,
Благополучия на много долгих лет.

Өмір сынақтарының сыры



263







Прошу пожизненный я доступ в Ваш компьютер,

Надеюсь, что зайду на сайт Ваш в интернет.



  1. год

На 61-й день рождения

Вот и пришел Ваш 61-й,

Работать стали Вы в 17.

Сегодня Вы один из первых

Заслуженных в кооперации.

Рекордны Ваши достижения,

А главное – То примечательно,

Что отмечая День рождения,

Вы выглядите замечательно.

Не раз Вы с Веркой занимались,

Про Водку думали не раз.

С работы поздно возвращались,

Но точен был у Вас баланс.

Мы знаем, нет другого в мире,

Кто был бы, что не говори Бухгалтером - 44,

В том числе Главным - 33.



  1. год

В выходной день звонок по телефону Я открываю Ваше время,

И уважением плачу,

Вы для меня певец и гений,

А пожелать я Вам хочу -

Здоровья, радости и счастья,

Вам, Вашим близким и родным.

Чтоб не тревожили ненастья,

Чтоб был бокал Ваш золотым.



  1. год

ІІоздравляю...

Сегодня Вас поздравить все спешат, Абылкасым, Гулшат и Ерканат,



Жарылқасын Бикенов









И внуки отмечают праздник Ваш,

И дастархан готовит Анияш.

Ваш труд давно оценен по заслугам,

Поэт Вам поэмы посвящает.

Для многих стали Вы учителем и другом,

Вас Киевка почетным называет.

Примите поздравления мои,

Поверьте, продиктованы душою.

Желаю мира, счастья и любви,

И не желаю тихого покоя.

Пусть жизнь бежит как бурная река,

И Ваше время будет бесконечным.

И пусть приятной будет суета,

А все вокруг пусть будет Человечным.



  1. год

Вам - 65!!!

Жизнь не стоит на месте – это ясно,

И 65 – свидетельство того.

Все в Вашей биографии прекрасно,

Я Вам желаю только одного -

ЗДОРОВЬЯ - вот бесценное богатство,

Его и не достать, и не купить,

Чтоб с ним дружить – Вам надо постараться Любимым быть и самому любить.

Награды Ваши – это благодарность,

За то, что Вы вписали яркий след.

Сегодня Юбилей Ваш легендарный В системе Главный ВЬІ БУХГАЛТЕР – 40 лет.


  1. год

Поздравляю - 66!!!

Разрешите пошутить...

ВЫ УНИКУМ и вовсе не романтик,

Сегодня надо должное отдать.



Өмір сынақтарының сыры









Вы ГЛЫБА, МОНОЛИТ и... сбоку бантик,

Вас есть за что любить и уважать!

ПУСТЬ ХРОНОЛОГИЯ моя ПОРАДУЕТ ВАС ЧЕРЕЗ ГОДЫ.

ПУСТЬ УЛЫБНУТСЯ ВАМ ДРУЗЬЯ,

ПРЕДОТВРАЩАЯ ВСЕ НЕВЗГОДЫ!


  1. С уважением, Лиля ЖУКОВА, ветеран кооперации, член правления, начальник отдела труда и заработной платы Облпотребсоюза

ЕЛ АҒАСЫ ЖАРЫЛҚАСЫНҒА!

Балапаны едіңіз қыран құстың,

Қанаттанып, биікке самғап ұштың.

Есепші-бухгалтер жолын таңдап,

Ақ қағазға түсті ізі қаламұштың.

Есіміңіз таралды ел-жұртқа,

Болдыңыз дос-құрбыға негіз, нұсқа.

Білім мен тәрбиенің арқасында

Айналдыңыз отызыңда қыран құсқа.
Бас бухгалтер «Тұтынушылар кооперациясы» ұйымына,

Халықтың сенімі мен сыйы мұнда.

Қалың сандар тағдыры сайрап тұрад,

Жәкеңдей ел ағасының миында.

Айғай-шусыз, сабырменен, ізетпен,

Есепшілердің кемшілігін түзеткен.

Бухгалтерлер сергек жандар, сақшылар,

«Дебет, кредит» тыныштығын күзеткен.

Бір әулеттің сарқылмас бұлағысыз,

Үлкенге де, кішіге де ұнағансыз.

Нұраның Құрметті азаматы болған,

Көбетей ауылының біртуар ұланысыз.

Өнер-білім сүйіп, қырандай қалықтадыңыз,

Шежіре жазып,



Жарылқасын Бикенов









«Тоқа, Қарпық, Қожа, Алтай, Қалыбекке» шарықтадыңыз.

Жарқырап «Құрмет» ордені кеудеңізде,

Еліміздің сыйынан ешқашан жалықпадыңыз.

Қазақстанның енбек сіңірген қызметкерінің бірісіз,

Халкымыздың бетке ұстар гүлісіз.

Жарылқасын Бикеновтей ұрпағы,

Ғасырымның кейінгіге үлгі болар жырысыз.

Арнадым жыр жолдарын жүрегімнен,

Ағайынға асқар таусыз білемін мен.

Өмір-дастан, ұрпақтар жалғасы бұл,

Орындалсын армандар тілеймін мен.

Уақыт та, өтіп барад санағанға,

Күш берсін, қуат берсін саналарға.

Немере өсіп, бүгін, міне, келе жатыр,

Әке мен Ана болсын балалар да.

Әнияш – өмірдегі жан жарыңыз,

Білеміз онсыз сізде мән болмасын.

Өмірдің бар қызық-қуанышын бірге көріп,

Төгіліп шырқай берсін ән-жырыңыз!

Р.S. Туған жерім Сарыарқа ен даласы,

Атым Сәулеш Жұматайдьң бел баласы.

Руым – Қаржас-Сатылған, Орта Жүзге жатамын,

Түп атам – Бұқар Жырау, Мәшһүр Жүсіп арасы.

Асыл жарым Ерболат Қанафияұлы Әубәкіров – Тоқаның бір баласы.

Сәулеш ӘУБӘКІРОВА, ұлағатты ұстаз-зейнеткер 2015 жылдың мамыр айы

Өмір сынақтарының сыры

БҰЛ ӨМІР ШЫДАМДЫНЫ ҰНАТАДЫ

Беу, шіркін дүние, сараңға сансыз байлық бересің де, жомарттың қолын байлап тастайсың. Дауасыз ауызға сылдыраған сөз саласың да, көкірегі көрсоқырға адырайған көз бересің. Онымен де тынбай, адамның ішіндегі жақсының өзін алалап барып, қос шырағын аласың. Сондағы әділдігің кәні?!



Біздің бүгінгі кейіпкеріміздің тағдыры талайлы. Елге, жерге сіңірген бәлендей еңбегі жоқ та шығар, ордалардағы орынтақтарда отырмаған да болар.









Алайда, қос жанардан айырылып, қырып жыл бойы қараңғылық серік болса да, АДАМ деген, АЗАМАТ деген атақтың арына қылаудай дақ түсірмей, ел-жұртына ақылымен қадірі асқан жанның өмірі бүгінгі ұрпаққа өнеге емей, немене?

Сол азамат – Нұраның бойына Рахат деген есіммен белгілі Рахметолла Бикенұлы бүгіндері 60 жастың асқарына шықты. Көңілінде қаяу бар жанның атына бағыштап бір-екі ауыз жылы лебіз білдірсек, Алладан сауабы молынан тиер деп сенеміз.

Рахметолла Бикенов екінші жаһан соғысы аяқталып, ел есін жия бастаған 1946 жылдың көктемінде дүниеге келді. Балалық бал дәурені кір жуып, кіндік кескен Көбетей ауылында өтті. Көбетейдің көк белінде көк шыбықты ат қып мініп, қамсыз шапқылаған бала шақты еске алғанда Рахметолла ағамыз терең ойға шомады, күрсінеді. Қайта айналып келмейді ғой сол бір кез, қызылды-жасылды дүние әлі күнге дейін көз алдында. Бояуы анық, болмысы бүтін осы сурет қана қалды санада, басқасының бәрі тек алдамшы, түпсіз терең қараңғы...

Рахаң Көбетей ауылындағы Калинин (қазір Р. Асубаев атында) орта мектебін бітірген соң, ауылда қалып, бұл кезде шау тартып қалған ата-анасына қарайласты. Әкесі атақты Алтай-Қалыбек тегінен шыққан Бикен ақсақал Ұлы Отан соғысының қан төгіп, жаралы қайтқан жауынгері еді, саналы ғұмырын колхоздың еңбек майданында өткізді. Анасы Зағипа Мейірбекқызы текті жердің қызы еді (Байдалы бидің ұрпағы), оқымаса да ойға терең, ақылға жүйрік жан болатын. Тоғыз құрсақ көтерді. «Сегіз ұлым бір төбе, Рахметоллам бір төбе», – деп әзіл-шынын араластырып отырушы еді жарықтық. Ана деген баланы жөргегінен таниды ғой, бала Рахметолланың көзіндегі отты байқаған да...

1968 жылы Рахметолла Мичурин совхоз-техникумына түсіп, үш жылдан соң агроном мамандығын алып шықты. Қалтасында күректей дипломы бар, еліме, жеріме қызмет етсем деген құлшынысы зор жас жігіттің тағдырдың қатал сынына жолығатын кезі де осы шақ еді. Барып емделмеген жері қалмады. Сонау Мәскеуге де барған еді, о баста диагнозы дұрыс қойылмағандықтан, ем қонбады.

Рахаң мұның тағдырдан келген сын екенін ет-жүрекпен, көкірекпен түйсінді. «Келсең, келдің» нағыз өзі еді, тағдырдан келген зауалды қасқайып тұрып қарсы алды. Қол-аяғы балғадай, он екі мүшесі түгел сау пенделердің өзі күйкі тірліктің табанында езіліп жүргенде, Рахметолла Бикенұлы өз биігінен өмірге көкірек көзімен қарады. Отау құрып, үйлі-баранды болды. Өмірге тұңғышы Нұрлан келді, Рахаңның өмірін нұрға бөлеп. Дүниеге шыр етіп келген атұстардың дауысы Рахаңның көкірегіндегі қаяуды сылып тастаған еді. Қансонардағы мұзбалақтай дүр сілкініп, беу дүниенің қызығы мен қыжылын санамен саралап, оймен безбендеді.

Қатарынан қалып қоюдың намысты жігітке өліммен тең екеніне ой жіберіп көріңізші? Қаншалықты зіл батпан салмақ жатыр осының астарында. Рахаң осының бәрін көтерді. Теңселіп кеткен кезі болған шығар, тізесін бүгіп көрген жоқ. Өктем тағдырмен тіресе жүріп, өнегелі өмір сүре білудің үлгісін көрсетті өзгелерге.

Нұра ауданында Рахметолла Бикенұлының есімін ел жақсы біледі. Ауданының бала-шағасынан бастап әкім-қарасына дейін бұл кісінің сөзін санап тыңдайды. Ақыл айтар кезінде жүз жасаған болып бәтуалы сөз саптайтын бірен-саран болмаса, ұлықтардың көлденең көк аттыға құлақ сала бермейтіндері де болады. Сол бірен-саранның ішіндегі бірегейі болғандықтан да Рахаң атқамінерлердің емен есігінен еркін кіріп, мұқтаж жандардың шаруасын шешіп беріп жүреді екен.



Жарылқасын Бикенов









Рахаңның үйіне жол түсіп бара қалсаңыз, дастарханы ғұмыры жиылмайды, берекелі. Жан баласына ісін түсірмей, өзінің шағын ғана шаруашылығын ұршықша иіреді. Қора-қопсыны тазалап, малды бағып-күтуді өз мойнына алған, бала-шағаның араласқанын онша жақтыра да қоймайды.

Белдеуінен ат үзілмеген қара шаңырақты ұстап отырған Рахаңның үйінде қонақтың көп болуы әбден заңды. Үйдегі Құдай қосқан қосағы Мәрзия жеңгеміздің қолының ашықтығы өз алдына, Рахаңның өзі бүтін бидайдың өзін бөлісіп жеуді ғадетке айналдырған көпшіл, қонақжай адам. Қазақтың ескі әңгімесіне жүйріктігі таңғалдырады. Көзді жұмып жіберіп, шежіре тарқатқанда, сұңғыла зеректігіне амалсыз қайран боласың. Жан серігі домбырасы қашанда жанында, көңілінің түкпіріндегі қоңыр мұңды күймен қайырады. Үлкені Нұрлан екі жоғары білім алған, облыстық белді бір мекемеде қызмет етеді, қызы Жанар Қарағанды экономикалық университетінде оқып жатыр. ҚарМУ-ды тәмамдаған Бақыты Қарағандыда тұрады. Ал Ғизатын өзінің маңынан ұзатқан жоқ. Немерелері мойнынан түспейді. Ағайын-туыс айтқан сөзін жерге тастамайды, ел құрметтеп сыйлайды. Енді, бұл өмірде жұмыр басты пенде баласы үшін бұдан артық не керек?! Алпыс жыл ғұмыр сүрді. Жарық дүниенің жарығын қырық жыл көрмесе де, қараңғы түнекке санамен сәуле түсірген екен, қарап отырса. Күні ертең ат тұяғы жетер жерден ағайын-туыс, жолдас-жора, құрбы-құрдас келеді алпысымен құттықтап. Елге қадірі асқан, қарағайға қарсы біткен бұтақтай қайсар ғұмыр кешіп, өмірде күресе білудің өшпес үлгісін көрсеткен Рахаңа деген халықтың риясыз пәк көңілінен басқаның қажеті де шамалы екен-ау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет