ЭПИЛОГ ОРНЫНА
ТҮЙІН
Осы кітапты жазу үстінде, биылғы 2015 жылдың 30 сәуірі күні сүйінші хабар жетті. Келінім Динара торсық шеке ұлды дүниеге әкеліп, мәз-мейрам болып жатырмыз! Шаңырағымызда дүниеге келген нәрестеге ат қою да өз алдына бір мереке болды. Келген қонақтар, ағайын-туыс әртүрлі әдемі есімдерді атап, ұсыныстар көп айтылды. Бірақ маған бәрінен де балам Ерғанаттың атаған есімі ұнады. Ол немеремнің атын Дінмұхамед деп қойсақ деп ұсыныс айтты. Несі бар, қазір һәқ дінімізге бет бұрып, адам баласы тәубасын шақырған, қазағым имандылыққа ұйыған заман. Оған қоса, күні кеше күллі қазақтың маңдайалды тұлғасы болған, халқымыздың біртуар ұлы перзенті Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қандай азамат еді, сол кісіге тартсын деп ырымдадық. Бала қажы мешітінің бас имамы Махмұт қажыға азан шақыртып, ат қоюдың барлық жөн-жоралғысын жасадық. Дүние есігін жаңа ашқан сәбиге «Жарылқасын» деген фамилия берілді. Мұның алдындағы үлкен немерем Арлыжанға да осы тек берілген болатын. Яғни, біздің тұқымның бір тармағы болып жаңа ататек осылайша бастау алған!
Көкшетаудан қалжасын алып, Шәрипа құдағиымыз бен Райхан, Анар құдашалар келіп қайтты. Қуаныш бәрімізге ортақ қой. Үлкен құдам Мәжиттің ұлдары – Қарағандыға арнайы келген Нұрлан мен Нұрғалым Әбдіровтер шаңырағымда қонақ болды. Бұл азаматтардың менен жасы кіші болғанмен. жолдары үлкен. Нұрлан Мәжитұлы – Парламент Мәжілісінің депутаты болса, Нұрғалым Мәжитұлы – Ақтөбе облысының прокуроры. Нұрғалым Мәжитұлы дәл сол кезде Астанада Отан қорғаушылары күніне арналған салтанатты жиында Елбасының қолынан генерал шенін алып келе жатқан беті болатын. Қуаныш қуанышқа ұласты! Алла Тағала ниетімізді қабыл етіп, осындай еліне тұлға болған жандардың жолын берсін деп тіледім. Ұрпағымның келешегі жарқын болғай!
* * *
Өткен өмір жолдарын санада саралай, осындай бір естелік кітап түрінде шығаруымды біраз адамдар, оның ішінде елдің бірқатар елеулі азаматтары, мемлекет және қоғам қайраткерлері сұраған еді. «Өмірдің талай сынынан өткен азаматсыз, көргеніңіз бен білгеніңіз, көңілге түйгеніңіз кейінгі ұрпаққа үлгі болсын» деген соң, өзім де соны құп көргендіктен, осы еңбегімді жазып шықтым. Өмір жолымнан айтқан естеліктерім кейінгі буынға қандай да бір үлгі-ұстаным ретінде пайдасын тигізіп жатса, мен қуанамын.
Бұл кітаптың жарық көруіне біраз азаматтар қолдау танытып. моральдық-материалдық тұрғыдан көп көмек көрсетті. Кітапта көп адамның аты аталғандықтан, сөз соңында ешкімді дараламай, маған ілтипат танытқан, өзара сыйлас болған жандардың баршасына өз атымнан, отбасымның атынан үлкен алғысымды айтамын! Неше жылдан бері жазған-сызғандарымды, мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген еңбектерімді жинап, осындай бір тұтас дүние етіп шығаруға әу бастан кеңес айтып, шығармашылық адамы ретінде қол ұшын берген белгілі қаламгер, журналист Қайрат Жүнісұлы Әбілдинов сынды азаматтың көмегіне, жанашыр көңіліне ризашылығымды білдіремін!
Менің негізгі тілегім – Тәуелсіз Қазақ елі тыныш, аспанымыз ашық болсын! Береке-бірлігіміз жарасып, ұрпақтарымыз бақытты да баянды ғұмыр кешсін!..
Өмір сынақтарының сыры
Мазмұны:
Алғысөз орнына
РУХЫ БИІК ТҰЛҒА 3
тарау
ӨМІР СЫНАҚТАРЫНЫҢ СЫРЫ 5
тарау
ЕСТЕЛІКТЕР ЕСКІРМЕЙДІ
«НҰРА ПЕРЗЕНТІ»
Деректі поэмасына АЛҒЫ СӨЗ 139
НҰРА ПЕРЗЕНТІ (Поэма) 140
ЕҢБЕГІ ЕРЕН, ОЙЫ ТЕРЕҢ АЗАМАТ 150
НҰРА АҚПАНДА ДА АҒАДЫ! 152
ЧЕЛОВЕК С БОЛЬШОЙ БУКВЫ 156
ЖАНЫМЬІЗДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ 159
ЖАҚСЬІ АДАМ ЕЛІНІҢ СЕРКЕСІНДЕЙ 161
ДАРА ДИДАР 163
ЖИЫРМА ТҮЙІНГЕ БЕРІК ТАҒДЫР 164
ПРОФЕССИОНАЛ, НАСТАВНИК И ЗАМЕЧАТЕЛЬНАЯ ЛИЧНОСТЬ ................................ 167
«РОЖДЕННЫЙ» ПОТРЕБИТЕЛЬСКОЙ КООПЕРАЦИЕЙ 173
ҚҰСҚАНАТ ҒҰМЫР, ШЕЖІРЕ ДҮНИЕ 174
НҰРЛЫ НҰРАНЫҢ ҚАЙСАР ЖҮРЕКТІ АЗАМАТЫ 176
ЛЮБИМЫЙ СТУДЕНТ - ЖЕНЯ БИКЕНОВ 177
ЖАНЫМА ЖАҚЫН АЗАМАТ 179
СЛОВО О ХОРОШЕМ ЧЕЛОВЕКЕ 181
ЖАҢҒЫРЫҚТЫ ҒҰМЫР .. 185
ӨМІРДІҢ ҰМЫТЫЛМАС БЕЛЕСТЕРІ 191
АТЫ АҢЫЗ АЗАМАТ 197
БІЗДІҢ ЗАМАНЫМЫЗДЫҢ АБЗАЛ АЗАМАТЫ 198
ӨНЕГЕЛІ ҒҰМЫР 202
ӨМІРІ ӨНЕГЕЛІ АЗАМАТ 204
СЛОВО ОБ УЧИТЕЛЕ И НАСТАВНИКЕ 208
НЕСКОЛЬКО СЛОВ О ЖАРЫЛКАСЫН БИКЕНОВИЧЕ! 211
АРҚАНЫҢ АБЗАЛ АЗАМАТЫ 213
ӘКЕ КӨРГЕН - ОҚ ЖОНАР 215
БІРТУАР АҒАМЫЗ 218
ВЕДУЩЕМУ ВПЕРЕД 219
НЕОРДИНАРНАЯ ЛИЧНОСТЬ ИЛИ
«ЖАҚСЬІ ЖЕЗДЕ - ӘКЕДЕЙ» 221
БУХГАЛТЕРЛЕР АТАСЫ - ЖАРЫЛҚАСЫН 225
ЖӘКЕМ МЕНІҢ - ҒҰМЫРЫ ДАСТАН АҒАМ! 226
О МОЕМ НАСТАВНИКЕ 226
ЧЕЛОВЕК ДЕЛА И ИДЕЙ 227
ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН ЕСЕПШІ 229
Жарылқасын Бикепов
БЛАГОСЛОВЕНИЕ СВЫШЕ 231
АДАЛ ЖАР. АСЫЛ АНА. АҚЫЛШЫ ДОС 233
ҮШБАУ ...237
ТУРА ЖОЛ 241
И МУДРОСТЬ, ЖИЗНИ ВЫСОТА 244
АЯУЛЫ ЖАР, СҮЙІКТІ АТА,
АБЗАЛ ДОС, ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ! 246
тарау
ЖАҚСЫ ЛЕБІЗ ЖАН СЕМІРТЕР
ЖАРЫЛҚАСЫН БИКЕНОВ 70 ЖАСТА! 252
ЖАРЫЛҚАСЫН БИКЕНҰЛЫНЫҢ
60 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА 253
АМАНТАЙ МУСИНГЕ АРНАУ 255
РАФХАТ АПАНЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЛАРЫ 256
И ЭТО ВСЕ О ВАС 261
ЕЛ АҒАСЫ ЖАРЫЛҚАСЫНҒА! 265
БҰЛ ӨМІР ШЫДАМДЫНЫ ҰНАТАДЫ 266
СУДЬБЫ ПРОСТОЕ ПОЛОТНО 268
тарау
ҚОЛҒА ҚАЛАМ АЛҒАНДА...
ТЕКТІЛІКТІҢ ТЫЛСЫМ СЫРЫ 273
НҰРЛЫ НҰРА ПЕРЗЕНТІ 278
АРЫСҚА АРМАН БОЛҒАН АРУ ЕДІ 281
ЗАМАНЫНЫҢ ЗАҢҒАРЫ 284
ДЕЛО ОТЦА ПРОДОЛЖИЛИ ДЕТИ 289
АЯУЛЫ АЗАМАТ, АРЫНДЬІ ҰШҚЫШ 291
ШИПАГЕРЛІКТІҢ ШЫҢЫНДА 294
СИРЕК ТАҒДЫР ИЕСІ 299
СЫР ЕЛІНІҢ СҰҢҚАРЫ ЕДІ 300
ЖАНЫ ЖАЙСАҢ АЗАМАТ 301
СЕГІЗ ҚЫРЛЬІ, БІР СЫРЛЫ 305
ҒИБРАТЫ МОЛ ҒҰМЫР 307
АТЫРАУ МЕН АРҚАНЫҢ АРЫСЫ ЕДІ 309
ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ ӨЛМЕЙДІ 312
СЫРМІНЕЗ СУДЬЯ 315
КАК СДЕЛАЛИ МЫ 318
ЕНШІҢІЗДЕН ҚҰРАЛАҚАН ҚАЛҒЫҢЫЗ КЕЛМЕСЕ 319
ПИСЬМО АКИМУ 320
ЕСКЕ АЛУ 321
СӘТБЕККЕ АРНАУ 322
ӨМІРБАЯН 324
АВТОБИОГРАФИЯ 329
Эпилог орнына
ТҮЙІН 334
Жарылқасын Бикенов
ӨМІР
СЫНАҚТАРЫНЫҢ
СЫРЫ
Редакторы Қ. Жүнісұлы
Техникалық редакторы Т. Көпейұлы Корректоры Б. Әшімұлы
Басуға 01.07.15 ж. қол қойылды.
Офсет қазағы. Көлемі 38,8 ш.б.
Таралымы 500 дана. Тапсырас № 8362 ЖШС “TENGRI Ltd» баспаханасында басылып шықты. Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы 84,
Тел. 8(7212) 43-19-54, 99-60-88 8-700-222-30-22, 8-702-222-30-22 е-mail: tootengri@ mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |