Сындарлы оқыту теориясы ұғымын түсін, талда, дәлелде



бет1/4
Дата20.04.2022
өлшемі32,3 Kb.
#140144
  1   2   3   4
Байланысты:
Сындарлы оқыту
әртүрлі шикізатты пайдаланып сорпа тағамын даярлау, ppt, ppt, ppt, Тәрбие жұмысының тиімділігі, Сын тұрғысынан оқу, Сабақ жоспары және талдау жұмыстары


Сындарлы оқыту теориясы ұғымын түсін, талда, дәлелде.
Выготскийдің (1987) әлеуметтік сындарлы теориясы сияқты Дьюи жаңа тәжірибемен үнемі алмасу және жаңа тәжірибені алуға белсенді ат салысу арқылы білім тез алынады деп санады. Дьюи «дәстүрлі» білім беруді енжарлықпен білім алу үдеріс ретінде сипаттайды және өзара әрекеттің немесе сыни қатысуды төмен деңгейін қажет ететін жаттап алу әдісін сынайды.
Сонымен қатар, Британдық ойшыл Лауренс Стенхауз ерікті және демократиялық білім беру жүйесі үйлесімді, әділ және демократиялық қоғамды құратындығына сенім білдірді.
Сонымен, орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. (Hattie, 2009)
Сындарлы оқыту өз ойын дәлелдер келтіру арқылы жеткізе алатын, өзіндік көзқарасы дамыған, өзіне сенімді, оқуға ынталы, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Сындарлы оқыту теориясы бойынша оқушылар өз білімдерін жаңа сабақта алған білімдерімен кітаптан оқыған білімдерімен астастырыла жүргізеді. Яғни оқушылар дайын білім беруді емес, қайта өздері оқу арқылы білімді игереді.
Оқушылар дайын түрде алған білімдерін уақытша ғана механикалық түрде жаттап алып, емтиханнан өтуі мүмкін. Бірақ біраз уақыт өткесін, санаға дұрыс сіңбегесін ол білім ұмтылады.
Осындай келеңсіздіктерді болдырмау үшін, мұғалім оқушының қабілеттері мен дағдыларын дамытуға арналған әдістерді қолдана отырып, оқушының өз ойын еркін айта алатындай жағдай жасай отырып, сабақ үрдісін тиімді ұйымдастыруы қажет. Әр оқушымен жекелей әрі топтық бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет.
Күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір –көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.
Колледж жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. (Strong, Ward & Grant, 2011). Мұғалімнің ой-пайымы мен негізгі көзқарастарын, сондай-ақ сол көзқарас, пікірге қатысты бірқатар баламалы шешімдерді білуі де маңызды.
Мұғалімнің ұстанымы – оның көзқарасы, қабылдаған шешімінің және іс-әрекетінің негізі. Егер де дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін сындарлы оқыту арқылы ашулары керек.
Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір - көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым - түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние - жекелеген оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет