Әзімбекова М.П.
«Сырдария» университеті, биология мамандығының 4 - курс студенті
Ғылыми жетекшісі, ғылым магистрі Абдукадирова Г.А.
Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін басты орынға қойылып отыр. Жаһандану үрдісінде, шығармашылық ізденістегі, әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі – оқушының ұстазы. Сондықтан да мен өзімнің педагогикалық іс-тәжірибемде биология сабақтарында сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаландым.
Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сыни тұрғыдан ойлау тұлғаның өзіндік жеке ойлауы болып табылады. Оқыту процесі сыни тұрғыдан ойлауды дамыт қағидаларына негізделетін болса, әрбір оқушы өз ойымен пікірін және бағалауды басқалардан тәуелсіз құрады. Оқушының айтқан пікірі қойылған мәселе бойынша оң шешімін табуға сәйкес келмесе де «сенің пікірің дұрыс емес» деп сырттай баға беруге жол берілмейді. Оқушының жекелік (өзіндік) ой-пікірін білдіру сыни тұрғыдан ойлаудың алғашқы әрі маңызды сипаты болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мақсаттан басталады [1, 45-б.]. Сыни тұрғыдан ойлаудың принципіне негізделген сабақ нақты мақсатқа негізделген мазмұнды әрекетке айналады да, нағыз өмір қиындықтарын шеше алатын болады. Сыни тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ой. Бұл деңгейдегі ойлау жоғары, орта, бастауыш сынып оқушыларына тиімді. Сабақ беру барысында биология пәнінен сабақ тақырыбына сәйкес қызығушылықты ояту бағытында, оқушылар білімдерін нақтылау мақсатында оқушыларға сұрақтар беріп, қойылған сұрақтарға нақты жауап берулері керек екенін және ойлануға бір, екі минут берілетіні жайлы айтылды. Мысалы: «Өркендер мен бүршіктер» деген тақырыбымда оқушылардың зейінін сабаққа аудара отырып, сыни тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша «Ой ашар» мақсатында оқушыларға сыныбымызға «Хат келді» деген тапсырмамен бастадым. Хат ішіндегі сұрақтар: Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелерін ата? Неге қазақ халқы жас жеткіншектерге «Жапырағың жайылсын деп бата берген?». Өсімдіктің «Жасыл асхана» деп қай мүшесін айтады? Осындай сұрақтарды бере отырып, жауап алу кезінде диалогтық оқыту – арқылы (мұғалім – оқушы,оқушы-мұғалім) арасында байланыс « Ой қозғау » бөлімінде көктемде ағаштарда қандай өзгерістер байқалады? деген тақырыпта ой тастай отырып оқушылардан тиянақты жауап алдым. «Кім жылдам?» бөлімінде әр топқа бес сұрақтан беріп отырып, жауап алдым.
1. Тыныштық күйге ауысқан бүршік? (Бұйыққан)
2. Тек ұзарған өркенде ғана орналасқан? (Өсу бүршігі)
3. Бір буын мен екінші буын арасы не деп аталады? (Буын аралық)
4. Бүршіктің сыртын не қаптайды? (Қабық)
5. Оған бүршік, жапырақ, гүл бекінеді? (Сабақ)
6. Өркеннің ең ұшында орналасқан?(Төбе бүршік)
7. Жапырақ қолтығында орналасқан бүршік? (Жанама)
8. Бүршіктің түсі қандай? (Қоңыр)
9. Өркен, бүршік, жапырақ өсетін жуандау бөлігі қалай аталады? (Буын)
10. Бастапқы өркен? (Бүршік)
11.Тек қысқарған өркенде орналасқан бүршік? ( Гүл бүршігі)
12. Жапырақтары мен жас сабағы бар жас шыбық? (Өркен )
13. Буын аралығы ұзын болса қандай өркенге жатады? (Ұзарған өркен)
14. Жапырақтың сабаққа орналасқан жері не деп аталады? (Жапырақ қолтығы)
15. Буын аралығы қысқа болса қандай өркенге жатады? (Қысқарған өркен).
Оқушылар өз пікірлерінің бағаланатынын жақсы сезінді. Өзіне деген сезімі аздау оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып жұмысқа басқа оқушылармен бірлесе қатысуға көмегі тиді [2, 96-б.].
Сыныптағы барлық оқушылар өздерінің пікірлерін ұсынып, сұрақтарыма жауап беруге қатысты. Ұсынған стратегияларым оқушыларыма өздерінің пікірлерін ашық айта отырып, берілген сұрақтарға жауап беруге белсене қатысты. Сұраққа жауап берген кезде кейбір оқушылардың жауабы мені таңқалдырды. Бұрын сабақта көп сөйлей бермейтін оқушылар сабақ барысында өз ойларын ашық айтты. Оқушылар ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда өмір сүру үшін қажетті дағдылары мен қасиеттері – ұстаздар үшін ынталандыратын күш болып табылады. «Сабақтың қызметі мен түрлері» деген тақырыптағы сабағымда Блум таксономиясы бойынша «Көпір» тапсырмалары арқылы төмендегідей сұрақтар бердім:
1.Өркен деген не?
2.Өркен қандай бөліктен тұрады?
3.Өркеннің қандай түрлері бар?
4.Өркен өсімдіктің қандай мүшесіне жатады?
5.Бүршіктің қандай түрлері бар?
6.Төбе,қолтық,қосалқы,бұйыққан бүршіктер деп қандай бүршіктерді айтамыз?
7. Бүршіктен не дамиды?
8. Бүршік қайда бекінген? деген сұрақтар бере отырып, сұрақтарға оқушылар қызығушылықпен жауап берді.
«Түсіну» жүйесі бойынша «Менен – сұрақ, сізден – жауап» тапсырмасы бойынша оқушылар бір-біріне тақырыпқа байланысты сұрақтар қойды.
Мысалы: Сабақ қандай қызмет атқарады?
Сабақтың ішкі құрылысындағы қабаттарды ата?
Жасымықша қай қабатта орналасқан, қандай қызмет атқарады?
Өзек қандай қызмет атқарады?
Бір-біріне сұрақтар беру арқылы жауаптарын тыңдай отырып, пікірлерін толықтырып отырдым. «Талдау» жүйесінде зертханалық жұмыс орындады. Зертханалық жұмыста оқушылар әр түрлі сабақ түрлерін ажырата білді. Зертханалық жұмыста берілген нұсқаулықтағы тапсырмаларды жеке – жеке орындай отырып көз жеткізу арқылы табиғи материалмен жұмыс жасады.Зертханалық жұмысты орындау барысында жекеленген оқушылар зерттеп, талдап көз жеткізе білді.«Жинақтау» жүйесінде тестілеуге арналған сұрақтар арқылы немесе өткен материалды еске түсіріп, ынталандыру үшін, жауапты ойлауға бағытталған, жинақталған білім мен ұғымды қалыптастыра отырып толықтырдым. «Жапырақ» деген сабағымда оқушылардың қызығушылығын ояту «Ой ашар» бағытында мақсатында оқушыларға төмендегідей сұрақтар бердім:
1. Жапырақ жайлы не білесіңдер?
2. Жапырақтың маңызы қандай?
3. Жапырақ жайлы не білгілерің келеді?
Бағыттаушы сұрақтар арқылы:
1. Жапырақ қандай қызмет атқарады?
2. Жапырақ өсімдікке не үшін қажет?
3.Мәтінде не жайлы айтылған? деп сұрақтар беру арқылы, үй тапсырмасын пысықтап алдым. СТО әдістерін сабақтарымда үнемі пайдаланып отырамын. Мысалы: «Түртіп алу» стратегиясы бойынша: БББ кесте толтырттым.
Білемін
|
Білгім келеді
|
Білдім
|
Бұл кестені толтыртудағы мақсатым не дейтін болсам, тақырып бойынша түсініктерін қалыптастыру. Осы кестені толтырту барысында:
«Мағынаны тану» бағытында төмендегі сұрақтарды бердім. Ол төмендегі бағыттағы сұрақтар:
1. Жапырақ жайлы не білесіңдер?
2. Жапырақтың маңызы қандай?
3.Жапырақ жайлы не білгілерің келеді? Сонымен бірге бағыттаушы сұрақтар берілді. Ол қандай сұрақтар дейтін болсақ:
1. Жапырақ қандай қызмет атқарады?
2. Жапырақ өсімдікке не үшін қажет?
3. Мәтінде не жайлы айтылған? сұрақтары арқылы нақтылап алдым.
«Ой қорғау» стратегиясы бойынша
1 топ : Жапырақ құрылысына сипаттама бер.
2 топ: Жай және күрделі жапыраққа сипаттама бер.
3 топ: Жапырақтың сабақта орналасуына сипаттама бер.
Топтар осы аталған тақырыптарға «Джиксо» әдісі бойынша топтар арасында Фостер қорғап сипаттама берді. «Ой дамыту» бағытында жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар берді. Ол оқулықтағы А; В; С тапсырмасындағы сұрақтарды топ болып орындады.Оқушылардың жас ерекшелігін, деңгейін ескере отырып, бастапқы кезеңдегі оңай сұрақтан бастап дағдыландырып, жоғары деңгейдегі сұрақтарға дейін сұрақтарды ойланып, жүйелі жауап берді.7 сыныпқа «Қосмекенділер класы» деген тақырыпта өткізген сабағыма тоқталып кетейін. Білім берудің жаңа бағдарламасы бойынша алынған негізгі тақырып. І Ұйымдастыру бөлімінде: оқушылардың жалпы сабаққа деген көңіл күйін анықтау мақсатында оқушылар смайликтер арқылы көңіл-күйлерін білдірді. Содан кейін сыныпты әр түрлі түстер мен геометриялық таңбалар таңдату арқылы топқа бөлдім. Сынып ІІІ топқа бөлінді. І топ: қызыл түс, ІІ топ: сары түс, ІІІ топ жасыл түс. Қызыл түс таңдағандар І топқа, сары түс таңдағандар ІІ топқа, жасыл түс таңдағандар ІІІ топқа отырды. Оқушыларды сабақ кезеңдерімен таныстырдым.
Ел басының 2014 жылғы жолдауында нақты айтқан нақыл сөзіне тоқталдым, ол «Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық. Оқушыларға сабақ басталар алдында бағалау парағы үлестірілді. Сабақтың келесі бөлімі : « Білім » минутты деп аталды. Бұл кезеңде үй тапсырмасын пысықтау мақсатында сұрақтар арқылы жауап алдым. Келесі бөлім: «Білу» жүйесі мұнда оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға арналған сұрақтар бердім. «Қазір қай мезгіл?» «Селомыздың көктемнің самал жел ескен кешкі тымық жағалауда отырмыз деп сезініп, көздеріңді жұмып жануарлар дыбыстарын тыңдай отырып қандай жан-жануарлардың дыбыстарын естідіңдер соны ажыратып айтып беріңдер?» бұл жерде жан-жануарлардың дауыстарын компьютер арқылы жіберіп қойдым. «Жағада отырып қосмекенділердің қандай іс-әрекеттерін байқадыңдар?», «Бақаға байланысты қандай ертегілерді білесіңдер?» деген бағытта сыни тұрғыдан ойлауға арналған сұрақтар арқылы оқушыларды өз ойларын ортаға салды. Сабақ соңында оқушыларды бағаладым және үй тапсырмасын бердім.
Қорыта айтқанда, сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - мұғалімнің бағыттауымен оқушылардың өз бетінше білімді игеруі, кейбір практикалық іскерліктерін қалыптастыруы, сын тұрғысынан ойлау даму (дамыту). Оқушылардың сын тұрысынан ойлау қабілеттері дамыған сайын оларда төрт параметрдің көрсеткіші өседі.
-Жекеден → дамуға
-Дифференциалдыдан → сенімділікке
-Интуициядан → логикалыққа
-Бір перспективадан → көптеген перспективаға
Ал бұл көрсеткіштерді өсіру үшін:
-Өз бетінше тұжырым, қорытындыға келу қабілетін дамыту;
-Ұқсас құбылыстар, арасынан тиімділерін таңдай білу;
-Проблеманы шеше білу;
-Пікірталасты жүргізе білу қабілеттерін қалыптастыру қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту. // Білім- Образование. №2,2006
Жүсіпова М. Ұжымдық оқыту технология әдістемелері. Павлодар, 2005
Достарыңызбен бөлісу: |