Сыныбы: 7-сынып
Тақырыбы: Зат есімнің түрленуі (қайталау/ашық сабақ).
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «Зат есімнің түрленуі» тақырыптары бойынша алған білімдерін тексеру, пысықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың білімдерін тексере отырып сөйлеу тілдерін жетілдіру,тапсырмалар орындау , ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Ана тілін құрметтеуге, адамгершілік қасиеттерге баулу. Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ жауап, талдау, оқулықпен жұмыс. .
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, оқу құралдарын тексеру, түгендеу.
Топқа бөлу. (І белес) Мақал-мәтелдер беру арқылы оқушыларды 3 топқа бөлемін. Мақал-мәтелдердің мағынасын ашқызу, жасырын сөзді қазақ тілінде , орыс тілінде , ағылшын тілінде айтады.
1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... жарады (бас, голова,)
2. Бас кеспек болса да, ... кеспек жоқ. (тіл, язык,)
3. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ... өсіреді. (ой, ум ).
ІІ Үй тапсырмасын тексеру. (ІІ белес)
46-жаттығу. Абай өлеңін толықтырып жазу, 47 жаттығу талдау
ІІІ Қайталау. Сұрақтарға жауап беру
ІІІ белес. Өткен тақырыпқа шолу.
Үш топ өздеріне берілген тақырыптар яғни зат есімдердің көптелуі, тәуелденуі, септелуі, жіктелуі бойынша сызба, кестелер арқылы жоба қорғайды.
ІV Белес. Мәтінмен жұмыс.
1 топқа . Мәтінді түсініп оқы. 50 жаттығу. Қарамен берілген сөздерге морфологиялық талдау жасатамын.
2топқа 52 жаттығу. Морфологиялық талдау жасау.
3 топқа 55 жаттығу морфологиялық талдау.
.
V белес.
Шығармашылық жұмыс 54 жаттығу ауыл тіршілігін кеңейтіп сипаттап жазу.
VІ белес.
Тест тапсырмалары:
1.Заттың атын білдіретін сөз табы...
А)есімдік В)сын есім С)сан есім Д)үстеу Е)Зат есім
2. Зат есімді көрсетіңіз.
A) Көмектесу. B) Басшы. C) Қалың. D) Нешінші. E) Қарсы алу.
3.Етістіктен жасалған зат есімді белгілеңіз.
A) Дәріхана.B) Жақсылық. C) Қапшық. D) Бөлме. E) Достық.
4.Заттың көптік мағынасын беретін жалғау түрін көрсетіңіз.
A) Көптік. B) Жіктік. C) Тәуелдік. D) Септік. E) Қосымша.
5.Көмектес септікте тұрған зат есімді көрсетіңіз.
A) Дәптердің. B) Қызбен. C) Кітапты. D) Гүлдер. E) Балаға.
6. Жіктік жалғауын белгілеңіз.
A) -сың,-сің. B) -ға,-ге. C) -дың,-дің. D) -нікі, -дікі. E) -да, -де.
7. Тәуелдік жалғау жалғанған сөзді белгілеңіз.
A) Шайға. B) Шайларыңыз. C) Шайдың. D) Шәйнек. E) Шайдан.
8. Жатыс септіктің жалғауын белгілеңіз.
A) -ба, -бе. B) -а, -е. C) -нан, -нен. D) -ты, -ті. E) -нда,-нде.
9. Барыс септік жалғауындағы сөзді табыңыз.
A) Әкелер. B) Әкетай. C) Әкесіне. D) Әкежан. E) Әкесінікі.
10. Септік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.
A) Өздік. B) Бесінші C) Басқар. D) Сызғышты. E) Қызғылт.
Үй тапсырмасы: 56-жаттығу, 58-жаттығу
Сынақ тапсырмасы:көптелген, тәуелденген, септелген, жіктелген зат есімдерді қатыстырып «Қазақ жері» тақырыбында шығарма жазу.
Бағалау:
Топ жетекшілері берілген кесте бойынша әр кезеңде топтарындағы оқушыларды бағалап, қорытынды шығарады.
№
|
Оқушының аты-жөні
|
Үй тапсырмасы
|
Өткенге шолу
|
Талдау жұмыс
|
Шығармашылық жұмыс
(54 жаттығу)
|
Тест бағасы
|
Қорытынды
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |