Сыныбы: 8 – сынып Күні



Дата08.09.2017
өлшемі0,92 Mb.
#30525

Сыныбы:

8 – сынып

Күні:

25.04.2017

Сабақтың тақырыбы:

Қышқылдар: құрамы, жіктелуі, аталуы. Қышқылдардың алынуы, химиялық қасиеттері, қолданылуы. №6 көрсетілім (6.2)

7 (7.1) зерт.ж. «Қышқылдардың химиялық қасиеттерімен (ортофосфор қышқылының мысалында) танысу»



Сабақтың

мақсаты:

Оқушыларды бейорганикалық қосылыстардың бірі болып келетін қышқылдар класымен, олардың жіктелуі мен номенклатурасымен таныстыру. Зерттеу әдісі арқылы индикаторлар туралы түсінік беру, қышқылдармен жұмыс жасау ережелерімен таныстыру.

Сабақтың

міндеттері:

білімділік: Қышқылдардың формуласын құрастыруға және оларды атауға үйрету. Қышқылдардың құрамын, алынуын сипаттайтын химиялық реакция теңдеулерін жаза білуге баулу.

дамытушылық: Жаңа сабақпен өткен тақырыптарды ұштастыра отырып оқушылардың білімдерін одан әрі дамыту және өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттерін, дағдыларын қалыптастыру. Химиялық биологиялық тұрғыдан тірі табиғат құрамындағы қышқылдардың маңызы емдік қасиеті тұрмыста пайдалану туралы түсініктерін кеңейту. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: Ұқыптылыққа, уақытты үнемдей білуге, әр деңгейдегі оқушылар бірлесіп жұмыс жасауға бірін бірі құрметтеуге, бір бірінің пікірін тыңдап баға беруге тәрбиелеу

Пән аралық байланыс

Биология

Сабақтың түрі

аралас сабақ, дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі

сұрақ - жауап, зерттеу әдісі

Күтілетін

нәтиже:

  • Қышқылдардың жіктелуін біледі.

  • Қасиеттері мен алынуын біледі.

  • Есеп шығара алады.

Сабақтың көрнекілігі:

интерактивті тақта, тірек - сызбанұсқалары, қышқылдар формуласы, қышқыл үлгілері, құрамында табиғи қышқылдары бар тағам үлгілері: алма, лимон, сірке суы, аскорбин қышқылының таблеткалары, индикаторлар (әмбебап, метилоранж, фенолфталейн), таратпа материалдар, стикерлер.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Уа-

қыт

Жоспарланған іс – әрекет

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру

1 мин

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа назар аударту

Мұғаліммен амандасады, зейінін сабаққа аударады.

2

мин


Стикерлер арқылы оқушыларды 4 топқа бөлемін.

1 – топ: Алғырлар

2 – топ: Білімділер

3 – топ: Зейінділер

4 – топ: Тапқырлар

«Термометр» әдісі. Оқушыларға термометр суреттерін таратамын.

Бағалау әдісін түсіндіремін.



Оқушылар стикерлердің артқы жағында жазылған топ атауларына байланысты 4 топқа бөлінеді. Оқушылар термометрдің суретін алып, сабақ басындағы көңіл күйлерін белгілейді.

Үй тапсырмасын сұрау

5 мин

10 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы беріледі. Орындап болған соң жауабы экраннан шығып тұрады, оқушылар бірін – бірі тексереді.


Оқушылар тест тапсырмасын орындайды. Жауаптарын сағат тілі бойынша бір - бірімен алмастырып тексереді.

Кіріспе бөлім «Қызығушлығын ояту»

(жаңа сабаққа көшу)

4 мин

Оқушыларға лимон, алма және аскорбин қышқылын беремін де дәмін татып көрулерін сұраймын. Балалар, мына заттардың дәмін татып көріңдерші (алма, лимон, аскорбин қышқылы). Оқушылар заттардың дәмін татып көрген соң бұл заттардың арасында қандай байланыс бар екенін сұраймын. «Қышқылдар» деген ұғымды өткен сабақтардан бері естіп жүрміз, солай ма? Мысалы, сутек алуда тұз қышқылын пайдаландық. Есептер шығарғанда да қышқыл сөзін жиі пайдаландық. Сол кезде қышқылдың не екенін білмей, реакция теңдеуін құра алмаған болатынбыз. Жалпы сабақта ғана емес күнделікті өмірде де қышқыл сөзі жиі кездеседі, мысалы, қышқылтым дәмі бар қымыз, шұбат, лимон т.б заттарды, ас үйде сірке қышқылын кездестіріп жүрміз. Міне, олардың құрамында қышқыл болады. Ендеше біз қышқылдар туралы бүгін толығымен танысамыз.

Заттардың дәмін татып көреді де, олардың қышқылдық дәмі бар екенін айтады.

Жаңа сабақ.

Мағынаны тану

15 мин

Қышқыл дегеніміз - құрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі зат. Мысалы H2SO4, HNO3, HCl.

Қышқылдардың жіктелуі:



  1. құрамындағы сутек атомына байланысты:




    Қышқылдар












    Бір негізді

    Екі негізді

    Үш негізді

    НСl

    HNO3

    HBr


    H2SO4

    H2CO3

    H2SiO3


    H3PO4

  2. Құрамында оттек атомының болу болмауына байланысты:




Қышқылдар












Оттексіз




Оттекті

НСl

HBr


Н2S




H3PO4

H2SO4

H2CO3

H2SiO3



HNO3

22-кесте

Қышкылдар ерітінділерін ажырату үшін арнаулы анықтағыштар — индикаторлар пайдаланылады (индикатор латынша "көрсеткіш" деген ұғымды білдіреді). Оларға лакмус, метилоранж, фенолфталеин жатады.

Қышқылдар ерітінділерінде түсін өзгертетін заттарды индика­торлар деп атайды. Қышқылға салса күлгін түсті лакмус — қызарады, сары түсті метилоранж — қызарады, фенолфталеиннің түсі өзгермейді.

«Техника қауіпсіздік ережесі»

Бүгін химия сабағында бірінші және соңғы рет сендер заттың дәмін мұғалімнің рұқсатымен ғана татып көрдіңдер. Негізі химия сабағында зертханалық жұмыс жасаған кезде: № 1 ереже «заттардың дәмін көруге болмайды»! Қышқылдар күйдіргіш болып келеді. Ол ауыз қуысы мен тамақты күйдіруі мүмкін. №2. «Қышқылға су құюға болмайды». Қышқылдарды сұйылтқанда мына ережелерді есте ұстандар: Суды шайқай отырып, оған қышқылды жайлап сыздықтатып құю керек, қышқылға су құюға болмайды! №3. Раковинаға қышқыл қалдығын төгуге болмайды және тәжірибеден қалған ерітіндіні арнаулы ыдысқа құю керек.

№4. Егер де қышқыл қолыңызға тамып кетсе, 5%-дық ас содасының ерітіндісімен күйген жерді жуу керек. Қышқылдармен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік ережесін мұқият есте сақтау керек.

Қышқылдарды алу тәсілдері

1.Қышқылдық оксидтерді сумен әрекеттестіріп алады.

Р2О5 + 3Н2О = 3H3РO4 фосфор қышқылы

SO3 + Н2О = Н2SO4 күкірт қышқылы



  1. Оттексіз кышқылдарды алу үшін кейбір хлор, бром, күкірт сияқты бейметалдарды тікелей сутекпен әрекеттестіреді. Оларды суда ерітіп қышкылдар алады. Мысалы, НС1 хлорсутек қышқылы (тұз қышкылы), НВг бромсутек қышкылы, т.б.

Н2 + С12 = 2НС1

Оқулықтарыңыздағы 22-кестеде қышқылдардың атауы, формулалары, қышқыл қалдықтары берілген. Осы кестені жаттаңыздар.



1. Қышқылдардың металдармен әрекеттесуі

Көрнекілік тәжірибе.

1. 1 – топ: Mg + H2SO4→ MgSO4+ Н2

2 – топ: Zn+ H2SO4→ ZnSO4+ Н2

3 – топ: Сu+ H2SO4

Fe + H2SO4→ FeSO4+ Н2

Тәжірибеден көретініміз: қышқылмен шабытты әрекеттесетін магний Mg, одан соң мырыш Zn, баяу әрекеттесетіні темір Ғе, ал мүлде реакцияға түспейтіні мыс Сu. Соңғы сынауықтан сутек бөлінбейді. Демек, металдардың қышқылдарға қатысты белсенділігі әр түрлі. Соған байланысты металдардың кернеу қатары құрылған.



Li К Са Na Mg Al Zn Fe Ni Sn Pb (H) Сu Hg Ag Аu.

Бұл кернеу қатарын орыс ғалымы Н.Н.Бекетов жасаған және тәжірибе нәтижесінде дәлелденген. Кернеу катарында сутектің сол жағында орналаскан металдар сутекті сұйылтылған қышылдардан (НNО3 басқа) ығыстырып шығарады.

Қатардың басында сутекті судың өзінен куатты ығыстыратын белсенді металдар (Li, К, Са, Na) орналасқан. Мысалы:

Mg + H2SO4 = MgSO4 + Н2

магнии сульфаты

Fe + 2НС1 = FeC12+ H2

темір (ІІ) хлориді

Қышқылдардың металл оксидтерімен әрекеттесуі.

Көрнекілік тәжірибе.

2. CuO + H2SO4→ CuSO4 + H2О

Қара түсті мыс (ІІ) оксидінің ұнтағына аздап қышқыл ерітіндісін құйып, қыздырса, ол көгілдір түске айналады. Оны суалтқанда кристалл зат мыс (II) сульфаты бөлінеді. Оқушылар мына реакция теңдеуі қай реакция типіне жатады?

Бұл алмасу реакциясына жатады.




Ой толғаныс

7 мин

7 (7.1) зерт.ж. «Қышқылдардың химиялық қасиеттерімен (ортофосфор қышқылының мысалында) танысу»

Құралдар мен реактивтер: лакмус, ортофосфор қышқылы, күміс нитраты ерітіндісі, сынауықтар

Тапсырма.

  1. Бір сынауыққа ортофосфор қышқылын құйып, оған лакмус ерітіндісін тамызыңдар. Не байқадыңдар?

  2. Күміс нитратының 3 – 4 мл ерітіндісіне ортофосфор қышқылының ерітіндісін тамызыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін құрыңдар.

Оқушылар дәптерлеріне «Не істедік? Не байқадық? Қорытынды» деп кесте сызып, зертханалық жұмысты орындайды.

Білімді тиянақтау

5 мин

Әр топқа бір есеп жазылған карточка таратамын.

1 – топ: Күкірт қышқылы мен фосфор қышқылының салыстырмалы молекулалық массаларын табыңдар. Екеуінің құрамындағы оттектің массалық үлесін салыстырыңдар. Сутектің массалық үлесінде айырма бар ма?

2 – топ: Төменде келтірілген элементтердің массалық үлестері бойынша:

  1. H - 2.0%, S – 32.7%, O – 65.3%

  2. H – 2.6%, Si – 35.9%, O – 61.5%

  3. Y – 1.2%, Cl – 42%, O – 56.8%

сәйкес қышқылдардың формулаларын табыңдар.

3 – топ: Массасы 7,1г фосфор (Ү) оксиді судың артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілетін ортофосфор қышқылының массасын табыңдар.


Карточкадағы есептерді шығарады.

Рефлексия

Кері байланыс

3 мин

«3:2:1» әдісі.

Жаңа тақырып бойынша есіңде қалған үш маңызды ұғым. 1....... 2......... 3........

Сабақ барысында сен үшін қызық болған екі жағдай.

1........ 2.........

Мұғалімге бір ұсыныс немесе сұрақ

1.................



Стикерлерге жазу. Тақтаға жапсыру.


Бағалау

2 мин

Топ басшыларының бағалау парақшаларын қортындылап, мұғалімнің жиынтық бағалауы.

Топ басшылары бағалау парақтарын толтырады.

Үйге тапсырма беру

1 мин

  1. Тақырыпты оқу.

  2. Қышқылдардың атауы мен қышқыл қалдықтары көрсетілген кестені жаттау.

  3. Есептер шығару

  4. Эссе «Қышқылдардың маңызы»

Үй тапсырмасын белгілеп алады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет