І топ
1. Ауа дегеніміз не? (көзге көрінбейті., иіссіз, түссіз зат)
2. Биіктеген сайын ауа температурасы қалай өзгереді? Биіктеген сайын ауа температурасы
төмендейді. Күн сәулелері ауадан кідіріссіз өтіп, оны тікелей қыздырмайды. Ең алдымен жер беті
жылынып, содан кейін ауаға тарайды.
3, Негізгі климаттық белдеулер? (экваторлық, тропиктік, қоңыржай, арктикалық)
4. Қазіргі уақытта біздің ауа райымыз қандай?
5. Күн радиациясы деген не? (Күн радиациясы дегеніміз – Күннен шығатын сәулелі қуат.)
6. Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан? (қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан)
.
ІІ топ
1. Күн радиациясының түрлері ?( тура, шашыранды, жиынтық, жұтылған, шағылысқан)
2. Жер бетінде температураның жылдық өзгерісіне қандай факторлар әсер етеді? (Жыл мезгілдерінің
өзгеруіне байланысты, яғни Жердің Күнді айнала қозғалуына байланысты жыл бойында
температураның таралуы өзгереді.)
3. Бір тәулік ішінде температура қандай себептерге байланысты өзгереді? (Күн мен түннің ауысуына
байланысты, яғни Жердің өз білігінен айналуы әсер етеді).
4. Өтпелі климаттық белдеулер (субэкваторлық, субтропиктік, субарктикалық және субантарктикалық.)
5. Трансформация деген не? (ауа массасының бір жерден екінші ауданға ауысуынан қасиетінің
өзгеруі оның географиялық типінің өзгеруі)
6. Ауаның құрамына нелер жатады?(азот (78,09%), оттек (20,95%), инертті газдар (0,94%),
көмірқышқыл газ (0,03%))
ІІІ тапсырма «Желпуіш» әдісі
Оқушыларға ак парак бет беріледі де оны 3-ке бүктейді. Бір жағына сұрақ екінші жағына жауап жазылады. Солай екі топ алмасып бірінің сұрағына бірі жауап береді
ІҮ тапсырма
«Блум түймедағы» әдісі
1.Қарапайым сұрақ; Климат дегеніміз не? (Ауа райының көп жылдар бойы қайталанып отыратын белгілі бір типтері)
2.Нақтылайтын сұрақ; Қазақстанға қандай мұхиттардың климаты әсер етеді? (Атлант мұхиты мен Солтүстік мұзды мүхиты)
3.Практикалық сұрақ Қазақстанның климаты неше фактормен анықталады? Олар қандай? (3 арктикалық, қоңыржай, тропиктік)
4.Шығармашылық сұрақ; Ауа массасының бір жерден екінші ауданға ауысуын не деп атаймыз? (циркуляция)
5.Бағалайтын сұрақ; Қазақстанның оңтүстік облыстарына жаз айларында шаңды дауылдар мен аңызық (ыстық жел) әкелетін ауа массасы? (тропиктік ауа массасы)
6.Түсіндіретін сұрақ Ауа антициклондардың әсерінен табиғатта қандай ауа райын қалыптастырады? ( антициклондардың әсерінен табиғатта антициклондық ауа райы, яғни үлкен көлемдегі жоғары қысымдағы ауа құрғақ та ашықғ қыста суық, жазда ыстық ауа райын қалыптастырады)
Рефлексті коррекциялаушы
Ү. «Кері байланыс» «Бес саусақ әдісі»
Оқушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:
Бас бармақ-басты мәселе. Бүгін сабақта өзіме ұнағаны?
Балалы үйрек-бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза еттім?
Ортан терек-ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
Кішкентай бөбек-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
ІҮ. Үйге тапсырма
Параграф 21
Өздеріңнің тұрған жерлеріңіздің климаты қандай бақылап жазып келу.
ІҮ.Бағалау
«Дискрипті бағалау»
Топ хатшысы өз тобындағы мүшелердің ұрпайын салып отырады. Мұғалім топтың ұпайлар парағын жинап алып, талдау жасау арқылы өзінің қорытынды бағасын сәйкесінше «5»,«4», «3» деген бағаларды қояды.
7-8 ұпай -«5»
5-6 ұпай-«4»
4-3 ұпай-«3»
Шортанбай жалпы орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
Атмосфералық циркуляция. Ауа массалары.
Өткізген:
География пән мұғалімі
Казиева Т.М
2016-2017 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |