Сыныбы: 9 Пән: Қазақстан тарихы


Бүгін біз Қазақстан Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы 1946-1953 жж. бөлімін өтеміз



бет2/3
Дата23.02.2023
өлшемі46,09 Kb.
#169906
1   2   3
Байланысты:
7 сабақ. Соғыстан кейінгі Қазақ КСР-нің әлеуметтік-экономикалық Умида
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Бүгін біз Қазақстан Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы 1946-1953 жж. бөлімін өтеміз. Осы жылдар аралығындағы уақыт сызығына назар аударыңыздар. 1946 ж. –Төртінші бесжылдық жоспардың басталуы; 1947 ж. Ақша реформасы; 1948 ж. Республика ауылдарының электрлендірілуі; 1949 ж. Семей ядролық полигонында алғашқы сынақ; 1950 ж. Мойынты – Шу темір жол тармағы салынды; 1951-1952 жж Мал басының шығыны көп болды; 1952 ж. Ғалым тарихшы Е. Бекмахановты сот алқасы 25 ж. соттады; 1953 ж. Сталин қайтыс болды. Біз бүгін осы уақыт сызығының ішіндегі 1946 ж. –Төртінші бесжылдық жоспардың басталуы; 1947 ж. Ақша реформасы; Қазақстанның әлеуметтік жағдайы мен демографиялық өзгерістеріне тоқталамыз.
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы демографиялық ахуал мен әлеуметтік жағдай. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен дәрежеде болды. 1947 жылы желтоқсанда карточкалық жүйе мен республика еңбекшілерін азық - түлікпен және өнеркәсіп тауарларымен мөлшерлі қамтамасыз ету жойылды. Осы жылы ақша реформасы жүргізілді. Азық - түліктің негізгі түрлері - нан мен ұннан жасалынатын тағамдарға, етке, өнеркәсіп тауарларына деген баға төмендетілді. Алайда кеңес адамдарының өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру көбінесе жасанды сипатта еді. 50 - жылдардың басында колхозшылар жұмысшы мен қызметшілердің жалақысынан төрт есе аз алды. Үкімет жүргізген азық - түлік өнімдерін төмен бағамен сатып алу саясаты ауыл еңбекшілері тұрмыс жағдайларының көтерілуіне қолайлы жағдай жасай алмады. 1946 жылы КСРО - ның бірқатар аудандарын ашаршылық жайлады. Нан, ет, сүт өнімдері жетіспеді. Адамдар азық-түлік тапшылығынан зардап шекті. Бірақ бұл елден мұқият жасырылды. Соғыстан кейінгі экономикалық саясаттың басты қағидасы - ауыр өнеркәсіптің біржақты қарқынды дамуы болып қала берді. Материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру соғыстан бұрынғы жылдардағыдай екінші кезекке ығыстырылды.
Оқушылар! Экрандағы бейне-баянды көре отырып мына сұраққа назар аударыңыздар. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстандағы демографиялық ахуал қандай болды?

1950 жылдардан бастап Қазақстанда халықтың 1931-1933 жылдардағы ашаршылық пен Ұлы Отан соғысы нәтижесінде төмендеп кеткен саны мен табиғи өсімін арттыру мақсатында бірқатар әлеуметтік іс шаралар жүргізілді.


1. Онжылдық білім енгізілді. 2. Жалақы мөлшері өсті. 3. Ауруханалар салынды. 4. Тұрғын үйлер салу қолға алынды. 5. Балалы әйелдерге берілетін жәрдемақы артты. 6. Халықтың барлық әлеуметтік тобына тегін дәрігерлік көмек көрсетілетін болды.
Міне, осы жағдайлар 1960-1962 жылдары Қазақстандағы демографиялық жарылысқа мүмкіндік жасады. Қазақстан бойынша 50 - жылдардың соңы мен 60 - жылдардың бас кезінде бала туу көрсеткіші одақтық орташа көрсеткіштен жоғары болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет