Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер



бет11/23
Дата16.03.2023
өлшемі200,9 Kb.
#172752
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
лекция
1 тақ мед карта Назарәлі Ж, Әлеуметтану 3 шы агмдкка, СОЧ Русский язык и литература Я2 8 кл обновлен(3), 1111111112023 ~1
2. Байланыстырып сөйлеудің түрлері (диалог және монолог). Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің 2 түрі бар:
1. Екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы әңгімелесу диалог деп атайды. Мұндай әңгімелесудің мақсаты бір нәрсе жайында сұрап, соған жауап алу. Байланыстырып сөйлеудің бұл түрін үйретуде алдын-ала әзірленген әңгімелесу әдісі қолданады. Алдын ала әзірленген әңгімелесудің міндеті балаларды өз ойын жеткізе білуі тәрбиелеу және әңгіме айтушыны тыңдай білуге үйрету. Алдын-ала әзірленген әңгімелесу бірнеше күн бұрынғы дайындық арқылы жүзеге асырылады. Яғни тәрбиеші топтағы балаларға әңгіме тақырып боларлық нәрсе жайында қысқаша түсінік беріп таныстырады. Тәрбиешінің мұндай әңгімесі кіріспеден, әңгіме тақырыбын одан әрі дамытудан және әңгімелерден аяқталуынан қорытындыдан тұрады. Мұндағы кіріспе сөздердің мақсаты әңгіме болып отырған тақырыпқа балалардың назарын аудару. Ал әңгіме тақырыптың өрістеуі белгілі бір мақсатқа негізделіп, сол оқиғаны немесе нәрсені балаларға толық таныстыруды көздейді. Әңгімені жұмбақ айту, өлеңдер оқу немесе картиналар көрсету арқылы жүзеге асыруға болады.
Байланыстырып сөйлеудің екінші түрі монологты яғни бір адамдардың байланыстыра сөйлеген сөзі. Байланыстырып сөйлеудің бұл түріне үйрету 2 жастан басталады. Зерттеулердің көрсетуінше, 5 жасқа келгенде бала көргенін, байқағанын, тыңдағанын өз сезімін айтып бере алады.
Ал ойдан шығарып айтқанда бала тәрбиеші оқып берген ертегілердің оқиғасын өз қиялымен одан әрі жалғастырады және балабақшаға дейін өзі кездестірген оқиғалар жайында ойдан құрып жеткізеді.
8 Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі
1. Сөздің диалогтік формасының қалыптасуы.
2. Сәбилік шақтағы балалардың тілін дамыту сабақтарының әдістемесі.
3. Балабақшадағы әр жас тобындағы балалармен әңгімелесудің мақсаты.


1. Сөздің диалогтік формасының қалыптасуы
2. Сәбилік шақтағы балалардың тілін дамыту сабақтарының әдістемесі. Сөздік қорды дамыту сабақтарының ерекшеліктері:
Мектепке дейінгі педагогикадағы «тікелей қабылдау» деген терминнің балабақшадағы тіл дамыту сабақтарында сөздік қорын дамыту сабақтарында қатысы бар. Балабақша үйімен танысу, топсаяхатқа шығу жеке заттарды (киім, ыдыстар, көкөністер т.б) үлкендер еңбегін тікелей бақылайды. Тікелей бақылау кезінде баланың ойлауы да күрделенеді; обьекті жөнінде ұғым пайда болады, оның белгілерін талдап, басқа өзіне таныс нәрселермен салыстырады. Бақылау процесі кезінде тәрбиеші балалардың байқағандарын сөзбен жеткізулерін талап етеді.
Тәрбиеші бақылауға басшылық жасағанда балалардың бір обьектімен толық танысып, содан соң екіншісіне көшулеріне рұқсат береді. Бақылау барысында балалар өздеріне таныс заттар, құбылыстар атауларын естеріне түсіріп, бекітіп жаңа сөздермен танысады. Сондықтан тәрбиеші бақылау жұмысын бастамас бұрын, балаларға үйретілетін жаңа сөздерді нақтылауы тиіс. Мысалы, көше қозғалысын байқауда – оң жақ, сол жақ, аялдама, көпір, гүлзар т.б. сөздермен таныстыруға болады.
Бақылауды іс жүзінде пайдаланумен ұштастырса, балалардың обьектіге деген қызығушылығы арта түседі. Айталық, кітапханамен танысуға барғанда, балаларға одан жазылып, кітап алуға мүмкіндік жасау керек. (м.д. тобы)
Мұнда белгілі бір обьектімен танысу сабағын В.И. Логинова белгілі үш түрге бөледі:
Затпен бірінші рет танысу және сөздік қорға соған байланысты жаңа сөздер енгізу.
Заттың сынын, сапасын, ерекшелігін байқау, салыстыру.
Сол затты пайдалану арқылы түсінікті ұғымды кеңейту.
Осы аталған сабақтардың жалпы міндеті – бақылата отырып, баланың сөздік қорын дамыту.
Мектеп жасына дейінгі баланы түрлі материалдармен (мата, әйнек, қағаз, тері, ағаш, металл, пластмасса) танысады және оларды затқа айналдырудың жолдарын (тігу, қию, желімдеу, жабыстыру т.б.) түсінеді. Сөйтіп, балалар заттардың, нәрселердің неден жасалатындығын, қалай жасалатындығын ажырата бастайды. Заттарды жаслған материалына, белгілеріне қарап, саластырып үйретеді.
Балабақшада балалардың сөздік қорын дамытуда картинамен жұмыс жүргізудің мәні үлкен.
Картинамен таныстыруда балаларға бұрыннан таныс бөлігінен бастаған жөн. Картинада белгіленген балаға белгісіз жәйттарды тәрбиеші өзі түсіндіріп, балалардың пассивті сөздерін кеңейтеді.
Тәрбиеші бағдарлама талабына сай келетін белгілі суретшілердің картиналарын таңдап, өзі танысып, балаларға үйретілетін жаңа сөздерді белгілейді. Картинаны таныстырғанда сұрақ тәсілі басты рөл атқарады және сұрақтар да түрліше өзгертіліп қойылады.
А) Картинаның жалпы мазмұныны түсіндіру үшін картина не туралы? Қалай атауға болады?
Ә) Картинада белгіленген жеке заттарға көңіл бөлу үшін – Бұл не? Қандай нәрсе? Неге ұқсайды?
Б) Картина бөліктеріндегі байланысты табу үшін – Не үшін керек? Бір – біріне қалай ұқсайды?
В) Бала қиялын дамыту үшін тағы да ненің суретін салуға болады? Оны қалай таптың? Деген тұрғыдағы сұрақтарды жалғастыруға болады.
Бала сөзін жандандыруда ұсақ үлестірмелі суреттерді де пайдалаған жөн, тиімді. Барлық топта да балалардың сөздік қорын молайтуда, жандандыру да ойыншықтармен жұмыс жүргізуге болады. Ойыншықтармен таныстыру барысында балаларды ойната отырып оның неден жасалғанын, көлемін, түрін, түсін сипаттау керек. Мұндай сабақ кезінде балалар сөйлейді, жаіа сөздерді меңгертеді әрі ойыншықтарды күтіп ұстау, жинақтылық секілді қасиеттерге баулынады.
Сөздік қорды дамыту сабағында сөздік жаттығуларды кеңінен қолданылады. Мұндай жаттығулар көбінесе жоғарға топтарда өткізіледі. Мысалы, бала тіліндегі қимылды білдіретін сөздерді жандандыру үшін «кім не істейді?» жаттығуы кезінде балаларға иемдейді, оқытады, жүргізеді, тігеді, салады, қалайды т.б. жетістіктерді естеріне түсіреді. Немесе «сапасын анықта» жаттығуы арқылы балалар сын есімдерді (алма, алмұрт, тәтті, құрт, айран, ащы, қышқыл; ағаш, тас, қатты; т.б.) айтады.
Мектеп жасына дейінгі бала тілінің сөздік қорын жандандыруда жұмбақтардың да мәні үлкен. Жұмбақтарды табиғат көріністерін, заттардың, ойыншықтардың қасиетін, сынын, байқату кезінде айтқызуға болады.
Мысалы,
Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады.
(жел)
Жүреді бой тастап, ойқастап,
Басында айдары, иекте сақалы бар.
(әтеш)
Осылайша жұмбақтарды үйренгеннен кейін, балалардың өздеріне жұмбақ құрастыруға болады. Жұмбақ құрастыру арқылы бала теңеу, салыстыру, эпитет сөздерді пайдаланып, тіл байлығын кеңейтеді, керекті сөзді мағынасына қарай тез табуға жаттығады.
Сондай – ақ мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қорын дамытуда диафильмдер көрсету, көркем әдебиетпен таныстыру (бұған кейінірек тоқталамыз) да жиі қолданатын тәсілдер. Балабақшада балалардың сөздік қорын дамыту сабақтан тыс кезде де жүргізілуі тиіс. Жоғарыда аталған сөздік жұмыстың әдістері басқа қызмет түрлерінде де пайдаланылады. Әсіресе тұрмыстық еңбек кезінде (тамақтану, киіндіру, жуындыру, т.б.) баланың сөздік қорын кеңейтуге, жандандыруға көңіл бөлінуі тиіс.
Сол сияқты ұжымдық еңбек, ойын барысында балалар сөзге араласып, сөздердің мағыналарына мән беретін болады. Білетін сөздерін естеріне түсіреді, жаңғыртады.
Ұжымдық еңбек кезінде балаларды бірнеше шағын топтарға бөліп, жетекші сайлап соңынан сол жетекші балалар жұмысы жайында баяндайды. Мұндай жұмыста жетекшілікке көп сөйлемейтін балаларды сайлаған дұрыс.
Сөздік жұмысын нәтижелі жүргізудің құралы ретінде ойындарды алуға болады. Мектепке дейінгі тәрбие педагогикасындағы ойындардың жүргізілу ережелерін басшылыққа ала отырып, балалардың ойын кезіндегі сөйлеу белсенділіктерін арттыруға жұмыстану қажет.
Балабақшада сөздік жұмысын жүргізуде балалар театрынын түрлерін де тиімді пайдалануға болады. Сонымен, мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту, жандандыру көптеген тәсілдер көмегімен жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет