Ұсынылып отырған бағдарлама «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07

бет2/4
Дата09.06.2018
өлшемі408,5 Kb.
#42176
1   2   3   4

«Бес жолды өлең»

1.Зат есім- Тоныкөк

2.Сын есім- ақыл-парасатты, дана, көреген.

3.Етістік – ақылшы болды, адал қызмет етті,

4.Сөйлем – Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болды.

5.Синоним – уәзір, ақылшы.

ІV Сабақты пысықтау

Білге Тоныкөк кім болды?

Оның ақыл иесі, сөз иесі екендігін жырға сүйене отырып дәлелдеңдер.

V Сабақты қорытындылау

VІ Үйге тапсырма: Төнікөк жырын оқу, мазмұнын баяндау

Күні:

Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Түркі тілдерінің жинағы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Түркі халықтарының тілдерінің өзіндік ерекшеліктері туралы түсінік беру

Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: бүктеме, суреттер,

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

1. Сәлемдесу

2. Сынып оқушыларын түгелдеу

3. Сабаққа назарын аудару

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ Жаңа сабақ

Тіл адамдардың өзара түсінісу, қарым-қатынас жасау қажеттіліктерін өтеу нәтижесінде пайда болды, қалыптасты, жетілді.

Түркітану ғылымында түркі тілдерінің дамуын алты кезеңге бөліп қарастырады. Түркі тілдері көне дәуір аталатын заманға дейін де алтай, ғұн дәуірі сияқты кезеңдерді бастан өткізген көрінеді. Ал жазба мәлімет, деректер түркі халықтарының тас кітаптарында жатыр. Түркілер оларды «бітіг таш» деп атаған. «Бітіг» жазу дегенді білдіреді. Сонда бұл – тастағы жазу деген сөз. Демек, ертедегі түркі халықтары өзіне тән алфавиттік жүйесі, емлесі бар жазуды дүниеге әкелген. Ескерткіштер сол замандағы түркі тектес халықтың бәріне ортақ тіл болған деуге болады. Ескерткіштердегі сөздердің басым көпшілігі қазір де сол қалпында қолданылады. Мысалы, ескерткіште тағ, таш, қазақ тілінде тау, тас.

Бұлардың қатарына үч- үш, қара, төрт, қыш – қыс, ата, апа, көз, арқа, тай, ат, ер, алтун – алтын, көңүл – көңіл сияқты толып жатқан сөздерді қосуға болады.

Қазақ тілі қыпшақ-ноғай тіліне жатады. Оның басқа топтағы тілдерден мынадай айырмашылықтары бар

1.Жалпытүркілік сөз соңында (ш) дыбысының орнына қазақ тілінде (с) дыбысы қолданылады. Таш – тас, қыш – қыс.

Қазақша

Қырғызша

Өзбекше

Татарша

ана

іні

жүрек

тіс

Эне

Ини

Жүрөөк

тіш

Она

Ини

Юрак

тиш

Ана

Эне

Йөрек

теш

ІV Сабақты пысықтау

Ежелгі түркі жазулары мен қазақ тілінің арасында қандай ұқсастықтар бар?

V Сабақты қорытындылау

VІ Үйге тапсырма: Түркі халықтарының тіл ұқсастықтарын дәлелдейтін сөздер жазып келу

Күні: Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Орхон-Енисей жазба ескерткіштері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ежелгі түркі жазуларының өзіндік ерекшеліктері туралы түсінік беру

Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: бүктеме, суреттер,

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

1. Сәлемдесу

2. Сынып оқушыларын түгелдеу

3. Сабаққа назарын аудару

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ Жаңа сабақ

Ал жазба мәлімет, деректер түркі халықтарының тас кітаптарында жатыр. Түркілер оларды «бітіг таш» деп атаған. «Бітіг» жазу дегенді білдіреді. Сонда бұл – тастағы жазу деген сөз. Демек, ертедегі түркі халықтары өзіне тән алфавиттік жүйесі, емлесі бар жазуды дүниеге әкелген. Ескерткіштер сол замандағы түркі тектес халықтың бәріне ортақ тіл болған деуге болады. Ескерткіштердегі сөздердің басым көпшілігі қазір де сол қалпында қолданылады. Мысалы, ескерткіште тағ, таш, қазақ тілінде тау, тас.

Бұлардың қатарына үч- үш, қара, төрт, қыш – қыс, ата, апа, көз, арқа, тай, ат, ер, алтун – алтын, көңүл – көңіл сияқты толып жатқан сөздерді қосуға болады.

Қазақ тілі қыпшақ-ноғай тіліне жатады. Оның басқа топтағы тілдерден мынадай айырмашылықтары бар.

Орхон- Енисей ескерткіштерінің әріп таңбалары

Таңбалар

Мәні

Таңбалар

Мәні

Аа, Ее

НИ ни

Бб

НТ нт

Бь Бь

НЧ нч

Ғғ

Оо Уу

Гг

Өө Үү

Дд

Пп

Дь дь

Рр

Зз

Рь рь

Ыы Іі

Сс

Йй

Сь сь

Ққ

Тт

Кк

Ть ть

ІV Сабақты пысықтау

Ежелгі түркі жазулары мен қазақ тілінің арасында қандай ұқсастықтар бар?

V Сабақты қорытындылау

VІ Үйге тапсырма: Орхон-Енисей ескерткіштерінің әріп таңбаларын жаттау.

Күні: Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Қорқыттың нақыл сөздері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қорқыт шешендігі туралы мәлімет беру. Нақыл сөздерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: бүктеме, суреттер, «Қорқыт ата»

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

1. Сәлемдесу

2. Сынып оқушыларын түгелдеу

3. Сабаққа назарын аудару

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ Жаңа сабақ

Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан философ, ақылшы батагөй, асқан ақын, сәуегей шешен кісі болған. Шоқан Қорқытты «Бірінші бақсы, қазақтарды қобыз тартуға, сарын айтуға үйретті,» - деп жазды. Ш.Уәлихановтың суреттеуінше, бақсы – тылсым дарыған білгіш, өзі ақын, өзі музыкант, ол болашақты болжайды әрі дәрігер болады.

Бақсы деген сөз – түрікмен тілінде ақын, моңғол тілінд – үйретуші. Қорқыт туралы айтылған қазақ аңызарында Қорқыт халықтың кемеңгер ұстазы, кеңес беретін данасы, тарихи дәуірдегі асқан жырау, қазақтың күйшілерінің ұлы атасы.

Қорқыт айтты дейтін сәуегейлік сөздер қазіргі қазақ мақалдарының түпкі негізі болып табылады.

Қорқыттың нақыл сөздері Қазақ мақал-мәтелдері

Күлді қанша үйгенмен, төбе болмас.

Ежелгі жау ел болмас.

Ат қиналмай жол болмас.

Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас.

Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,

Атадан тағылым алмаған ұл жаман.

Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ.

Күл төбе болмас, күйеу бала ұл болмас.

Ежелгі дұшпан дос болмас.

Мінген атың қиналмайынша, жол алынбас.

Тәкаппарлықты Тәңірі сүймес.

Ер малын қимайынша, аты шықпас.

ІV Сабақты пысықтау

1.Қорқыт ата кім болған?

2.Ол қандай қасиеттерімен ел есінде қалған?

3.Қорқыт ата өлімнен құтыла алды ма?

4.Қорқыт нақыл сөздері мен қазіргі мақал-мәтелдердің ұқсастығы бар ма?
V Сабақты қорытындылау

VІ Үйге тапсырма: Қорқыттың нақыл сөздерін оқу.

Күні: Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Әбу Насыр әл-Фараби

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Әбу Насір әл-Фараби туралы мәлімет беру. Нақыл сөздерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: бүктеме, суреттер, «Қорқыт ата»

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

1. Сәлемдесу

2. Сынып оқушыларын түгелдеу

3. Сабаққа назарын аудару

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ Жаңа сабақ

Бүкіл шығыс ғалымдары Аристотельден кейінгі екінші ұстазымыз деп таныған

Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген. Оқу-білім іздеумен сол кездегі Араб халифатындағы ірі білім орталығы болған бағдатқа кетіп, Сирияда, шам шаһарында қайтыс болған. Өз ана тілі түркі тілінен басқа араб, парсы, түрік тілдерін жетік біліп, түрлі ғылымдар бойынша 100-ден астам еңбек жазған.

Өлеңдері
Үнің жетер жаңғырып жырақтан ең,

Сезініп мен деміңді гүл атқанмен,

Оның өзі бір-ақ сәт,,, содан кейін,

Мұңды әуенді жалғаймын бірақ та мен...
Тіршілікте құрыштай бол төзімді,

Сан мәртебе алдаса да өзіңді.

Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,

Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған.

Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.

Жүргендер көп достық атын малданып,

Алайда тек қалма оған алданып.

ІV Сабақты пысықтау

1. Әл-Фараби кім?

2. Ғылымның қандай салаларымен айналысқан?

3. Өлеңдерінде қанда йойлар айтылған?

V Сабақты қорытындылау

VІ Үйге тапсырма: Қорқыттың нақыл сөздерін оқу.
Күні: Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өлең өнерінің қағидалары туралы мәлімет беру. Нақыл сөздерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: бүктеме, суреттер, «Қорқыт ата»

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

1. Сәлемдесу

2. Сынып оқушыларын түгелдеу

3. Сабаққа назарын аудару

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ Жаңа сабақ

Рақматы күшті раббымның атынан бұл зерттеудегі біздің мақсатымыз – тынық ой маржанын сүзіп, онымен танысқандарға философтардың поэзия туралы айтқандарын түсінуге қол ұшын беру еді.

Жалпы айтқанда, сөздің мағыналы, яки мағыначыз болмағы жарт. Алғашқысының ішінде кейбір қарапайым, басқаларға күрделі келмекші. Күрделі сөздің жәй айтылуы да, тұспалмен жеткізілуі де мүмкін.

Мамыражай күйдегі адам кейде қиялға шомып, мәселен, серуендеп жүргендей, жағадағы жапырлаған тынығушыларға қарағанда немесе жерде тұрып, көкткмгі бұлтардың жөңкіген көшін аспандағы ай мен жұлдыздарды көргендей бір түрлі күй кешеді.

Философтың поэзия өнеріне байланысты тұжырымдарында келтірген топтауына сәйкес өз ретімен келтіре кеткен жөн. Грек поэзиясы сипаттағандай, төменднгі топқа бөлінеді.

  1. Трагедия

  2. Дифирамбы

  3. Комедия

  4. Драма

  5. Эпос

  6. Диаграмма

  7. Эпос

  8. Сатира

  9. Поэма

  10. Эпос

  11. Риторика

  12. Акустика

ІV Сабақты пысықтау

1. Әл-Фараби кім?

2. Ғылымның қандай салаларымен айналысқан?

3. Өлеңдерінде қанда ойлар айтылған?

V Сабақты қорытындылау

VІ Үйге тапсырма: Қорқыттың нақыл сөздерін оқу

Күні: Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Әбу Насыр әл-Фараби өлеңдері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Әбу Насір әл-Фараби туралы мәлімет беру. Өлеңдерімен таныстыру, мағынасын ашу.

Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

1. Сәлемдесу

2. Сынып оқушыларын түгелдеу

3. Сабаққа назарын аудару

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ Жаңа сабақ

Бүкіл шығыс ғалымдары Аристотельден кейінгі екінші ұстазымыз деп таныған

Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген. Оқу-білім іздеумен сол кездегі Араб халифатындағы ірі білім орталығы болған Бағдатқа кетіп, Сирияда, шам шаһарында қайтыс болған. Өз ана тілі түркі тілінен басқа араб, парсы, түрік тілдерін жетік біліп, түрлі ғылымдар бойынша 100-ден астам еңбек жазған.

Өлеңдері

Қағаздың түсіп бетіне,

Сызықтай бейне тартылған.

Тап болып, жігер сарқылған,

Кездейсоқ өмір өтіне,

Қайыспай тұрса нар тұлғаң.
Сонда да беріп кетеміз,

Жүректің отын молында

Арманды аңсап өтеміз,

Біз ұлы мұрат жолында.

Қайтейін мен көкжиек көңілімді,

Келер күнге үмітпен жол ашамын.

Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді,

Соны медет етеді болашағым.

Өлең шумақтары

Менің түсінігім

1 шумақ

Бір шөлмекте көк сия толып тұрса,

Екіншіде – шарап бар жайы мәләм.

Даналықты сиямен молықтырсам,

Шарабымен шерімнен айығамын.
Бауырым, қанша сүйгенмен,

Өтеді өмір күйбеңмен.

Шындыққа бас тік алаулап,

Пенделіктен бол аулақ.

Жататын дәйім жаңғырып,

Бұл ғұмыр емес мәңгілік.

Бейопа мына заманда,

Бақұл боп кетер адам да.

Жұрт кілең күнін көп қызық,

Жіберер зая өткізіп.

ІV Сабақты пысықтау

1. Әл-Фараби кім?

2. Ғылымның қандай салаларымен айналысқан?

3. Өлеңдерінде қанда ойлар айтылған?

VІ Үйге тапсырма: Қорқыттың өлеңдерін жаттау

Күні: Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Иассауи. «Даналық кітабы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Даналық кітабы» шығармасының мазмұнымен таныстыру

Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

1. Сәлемдесу

2. Сынып оқушыларын түгелдеу

3. Сабаққа назарын аудару

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ Жаңа сабақ

Ақынның «Диуани хикмет» («Даналық кітабы» немесе «Парасатты сөздер жинағы») атты өлең кітабы шығыста кең тараған сопылық поэзия дәстүрәнде жазылған. Кітаптағы адамгершілік, әдептілік, ынсап, қанағаттылықты дәріптейтін өлеңдер, шешендік ақыл-нақыл сөздері дидактикалық үлгіде айтылып, өзінен кейінгі сыр өңірі бойында жасаған Сүлеймен бақырғани, Ахмет Йүгінеки сынды ақындарға дәстүр болған.

Ахмет Иассауидің сопылық жолын ұстаған өз өмірі де, кітабындағы өсиеттері де дінге берік болу, адалдықпен өмір сүріп, адамды сүюге арналған. Қазақ ішінде ғана емес, бүкіл Орта Азия мұсылмандарының рухани ұстазы болғандықтан, ол кісіні Әзіреті сұлтан Қожа Ахмет Иассуи деп атаған.
«Даналық кітабы» шығармасынан үзінділер

Шын талапкерді сұрасаңыз іші-тысы – гауһар тұр.

Хаққа аян сырлары жегендері таза нұр.

Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.

Сурететрі софы тәріздес қияметтен қорықпайды.

Пасық, жиіркенішті, ұлан-ғайыр күнәларынан шімірікпейді.

Талапкерім деп айтады көңілінде зәрредей жарық жоқ...
Жеті жаста Арыслн бабам сөздерін есітіңіз- тәбәрік.

Жеті жаста Арыслан бап Түркістанға келді.

Мың бір зікір үйретіп мейірбандық жасады.

Құл Қожа Ахмет сөзіңді надандарға айтпа.

Сөзіңді айтып наданға соқыр тиынға сатпа.

Аштан өлсең де ешқашан оңбағанна қайыр күтпе.

Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.

ІV Сабақты пысықтау

1. Ахмет Иассауи кім?

2. Өлеңдерінде қанда ойлар айтылған?

VІ Үйге тапсырма: Үзінді жаттау

Күні: Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: «Даналық кітабындағы» сопылық хикметтер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Даналық кітабындағы» сопылық хикметтермен таныстыру

Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

1. Сәлемдесу

2. Сынып оқушыларын түгелдеу

3. Сабаққа назарын аудару

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ Жаңа сабақ
Ахмет Иассауидің сопылық жолын ұстаған өз өмірі де, кітабындағы өсиеттері де дінге берік болу, адалдықпен өмір сүріп, адамды сүюге арналған. Қазақ ішінде ғана емес, бүкіл Орта Азия мұсылмандарының рухани ұстазы болғандықтан, ол кісіні Әзіреті сұлтан Қожа Ахмет Иассуи деп атаған.
«Даналық кітабы» шығармасынан үзінділер

Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.

Кел, жиылыңдар, зікірші құлдар зікір айталық.

Зікір айтушыларды құдай өте жақсы көреді.

Кәмбіл пірдің қызметіне беліңді байла.

Қылыштан өткір қыл көпірдің аты – Ысрат.

Жалған тақуалық еткен өте алмай қалады.

Жалған ғибадат еткендерден құдай безеді.

Ел көзіне бетегеден биік ,жусаннан аласа, сыры құпия.

Жан-тәнімен алланы еске түсіретін дұға айтып жүреді.

Ахиреттің саудасын саудаласаң,

Бұл дүниенің күйбеңін ойыңа алма.

Еңбек ет те, пейіштің рақат-ләззатына ие бол.

ІV Сабақты пысықтау

1. Ахмет Иассауи кім?

2. Өлеңдерінде қанда ойлар айтылған?

3. Сопылық хикметтердің қандай тірбиелік мәні бар?

VІ Үйге тапсырма: Үзінді жаттау

Күні: Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Сүлеймен Бақырғани. «Құтты білік»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сүлеймен Бақырғанидің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

1. Сәлемдесу

2. Сынып оқушыларын түгелдеу

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ Жаңа сабақ

Сүлеймен Бақырғанидің лақап аты – Хакім ата, 1186 жылы қайтыс болған, түркістандық ақын. Ол Ахмет Иассуидің жолын қуған мүриті болған. Ұстазының үлгісімен діни мазмұнда өлең кітбын жазған. Кітапта сопылық дәстүр дәріптеледі. Адамгершілік, ғашықтық, білім, тағы да басқа жайында дидактикалық өсиет өлеңдер бар. Діни аңыздардың желісіне сюжетті өлеңдер жазған. Сөйтіп түркі әдебиетінде кең өріс алып, қазақтың кейінгі қиссашыл ақындарының шығармашылығында дамытылған нәзирашылдық әдістің алғашқы бастаушыларына жол алған.

Бақырғани кітабынан

Құдайға құлшылық еткің келсе,

Таңсәріде тұруды әдет қыл.

Таңсәріде тұрмай ісің бітпейді.

Құдайдың құлы мақсатына жетпейді.

Сәрі ұйқысы пайда бермейді.

Таңсәріде тұруды әдет қыл.

Таңсәріде тұру – ғибадат.

Таңсәріде тұру – бақыт.

Таңсәріде тұру – сүйіспеншілікке ие болу.

Жан-тәніммен жинадым

Бұл дүниеде мал-мүлікті.

Ол мал-мүліктің ақыр соңы

Ойран екенін білмедім.

Жиһаз, тағам ідедім,

Сауық сайран, жан тыныштық жолында.

Әттең, бұл істердің бәрі

Шектеулі екенін білмедім.

ІV Сабақты пысықтау

1. Сүлеймен Бақырғани кім?

Сабақтың тақырыбы: Кодекс Куманикус

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Кодекс Куманикус кітабы туралы мәлімет беру

Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

1. Сәлемдесу

2. Сынып оқушыларын түгелдеу

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ Жаңа сабақ

«Кодекс Куманикус» (куман – қыпшақ деген сөз) ХІІІ ғасырдың екінші жартысында құрастырыла бастап, ХІV ғасырдың басында (1303 жылы) аяқталған кітап. Қолжазба екі бөлімнен тұрады. 1) Латынша – парсыша – куманша сөздік, 2) куманша – немісше-латынша сөздік. Сөздіктің көлемі 164 бет. Онда сөздердің бірнеше тілдегі мағынасымен қатар, 50-ге тарта жұмбақтар, діни хикаялар бар. Діни хикаялар христиан аңыздарынан алынып, кумандар арасында христиан дінін уағыздау мақсатын көздеген.

Қолжазбаның жалғыз данасы Венециядағы Марк әулиенің шіркеуінде сақталған. Төмендегі мәтіндер көне готикалық шрифтерімен жазылған қолжазбаның К.Гренбек бастырған түпнұсқасы бойынша берілген.

Жұмбақтар

  1. Там-там тамызық,

Таматұғын тамызық,

Көлеңдеп жүріп, күйетұғын тамызық.

Ол – көбелек.

2.Онда-мұнда түйіндер бар,

Айыр ағаштан май тамады.

Ала-құла түйіндер бар

Қу ағаштан май тамады.

Ол – жүзім жемісі мен ағашы.

3.Аппақ алды жабулы,

Шоқпардай алтын басты.

Ол – тырна.

4. Сенде, менде жоқ,

Сеңгір тауда жоқ,

Өте берік таста жоқ,

Қапшықта жоқ.

Ол – құстың сүті.

5. Сиырдың сырты,

Қойдың қоң еті.

Ол – кереге.

6. Жазда жаңа келін иіліп тұрады.

Ол – қамыстың басы.

7.Айдалада майлы тоқпақ жатыр.

Ол – кірпі.

8.Міне барды – ізі жоқ.

Ол – кеме.

8.Көкше лағым көгенде семіреді.

Ол – қауын.

9.Сарайдағы сары айғыр

Күлдір-күлдір кісінейді.

Ол – қазан.

ІV Сабақты пысықтау

1. Кодекус Куманикус нешінші ғасырларда құрастырылған?

2. Қолжазба неше бөлімнен тұрады?

3. Қолжазбаның жалғыз данасы қай жерже сақталған?

VІ Үйге тапсырма: Жұмбақтарды жаттау
Күні: Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Кодекс Куманикус кітабындағы жұмбақтармен таныстыру және қазақ жұмбақтармен ұқсастығын таныту.

Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

1. Сәлемдесу

2. Сынып оқушыларын түгелдеу

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ Жаңа сабақ

Жұмбақтар

1.Күннен елші келеді,

Күміс ашашып келеді,

Айдан елші келеді,

Алтын шашып келеді.

Ол – күн мен айдың шашылған нұр сәулесі.

2. Ұзын ағаш басына

Ұлы жазу жаздым,

Алтын қабыршақтының тұқымы келсін деп,

Өзім күтіп отырдым.

Ол – қармақ пен балық.

3.Отырғаным – оба жер.

Басқаным – бақыр шанақ.

Ол – үзеңгі.

4.Түйін түйдім,

Тұтылатынға салдым.

Ол – лашын.

5.Көктен түскен тоқпақ,

Төрт аяқты, маймақ.

Ол – кірпі.

6. Қызыл тері қалтам бар,

Алты-ақ турам асым бар.

Ол – жаңғақ.

«Кодекс Куманикустағы» жұмбақтар

Қазіргі қазақ жұмбақтары

Көкше лағым көгенде семіреді.

Ол – қауын.

Міне барды – ізі жоқ.

Ол – кеме.

Ақ үй не аузы жоқ.

Ол – жұмыртқа.

ІV Сабақты пысықтау

1. Кодекус Куманикус нешінші ғасырларда құрастырылған?

2. Қолжазба неше бөлімнен тұрады?

3. Қолжазбаның жалғыз данасы қай жерже сақталған?

VІ Үйге тапсырма: Жұмбақтарды жаттау
Күні: Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Сүлеймен Бақырғани. «Құтты білік»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сүлеймен Бақырғанидің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

1. Сәлемдесу

2. Сынып оқушыларын түгелдеу

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

1.Деңгейлік тапсырмалар

2.Тест жұмысы

ІІІ Жаңа сабақ

Сүлеймен Бақырғанидің лақап аты – Хакім ата, 1186 жылы қайтыс болған, түркістандық ақын. Ол Ахмет Иассуидің жолын қуған мүриті болған. Ұстазының үлгісімен діни мазмұнда өлең кітбын жазған. Кітапта сопылық дәстүр дәріптеледі. Адамгершілік, ғашықтық, білім, тағы да басқа жайында дидактикалық өсиет өлеңдер бар. Діни аңыздардың желісіне сюжетті өлеңдер жазған. Сөйтіп түркі әдебиетінде кең өріс алып, қазақтың кейінгі қиссашыл ақындарының шығармашылығында дамытылған нәзирашылдық әдістің алғашқы бастаушыларына жол алған. Оның басты және көпке танымал "Ақырзаман", "Бақырғани кітабы" еңбектерінде эстетика, этика, тазару, адам жанының үндестігі (гармония) мәселелеріне көңіл бөлінеді. Оның ойынша, мәңгілік әдемілік — Құдай. Алла — таза абсолюттік болмыс. Алла төрт бірліктен (от, су, жер, ауа) құралатын төрт тарап дүниені жаратты. Сосын өсімдіктерді, жәндіктерді, жан-жануарларды, оларға әмірін жүргізуші төрт мүшеден (аяқ, қол, бас, дене) түратын адамдарды дүниеге келтірді. Бақырғани пікірінше, қүдайдың сұлулығын пәни жалған пендесі танып-біле алмайды. Өйткені қарапайым адам мен Алла тағала арасында көзге көрінбейтін "перде" ілінген. Аталмыш "пердені" ысырып, құдайды танып-біліп, дидарына тәнті болғысы келген адам, ең алдымен, сопылық жолға түсіп, оның негізгі сатыларынан (шариғат, тарихат, хақиқат, мағрипат) өтуі қажет. Нәтижесінде "ішкі көзі" ашылып, рухани тазарған адам Аллаға бір табан жақын болады. Құдайды ақыл емес, оған деген махаббат арқылы танып-білуге болады. Махаббат — жоғары сезім. "Құдайды не үшін сүюге болады?" деген сұраққа Қасиетті Алла кітабының 61-аятымен жауап береді. Құдай сұлулығы — оның рақымшылдығында, кешірімділігінде, пенделеріне жасайтын шексіз жақсылығында. Жақсылығы өзі жаратқан пенделеріне деген махаббатында. Тек жаны жомарт, сабырлы, білімді адам ғана Құдайға жақын тұра алады. Алла адам мен оның жүрегінің ортасында. Бір кездері адамдар оның қол астына жиналады. Табиғат пен адамзат заңдары бір-бірімен байланысты. Адам өзін-өзі танып-білу арқылы ғана Құдайды тануы мүмкін. Менмендік, сараңдық, қызғаншақтық, көрсеқызарлық, ұрыс-керістен тазарған адам ғана толық рухани азаттық алмақ. Сопылыққа барар жол соқпақты. Қиындығынан қорықпай, белді бекем буғандарға алғы шарт — өзіне ұстаз белгілеп алу. Тарихат сатыларынан өтіп, кемелденген шәкірт дәрежесіне жеткенше, ұстазының қолында тәрбие көріп, білім алмақ. Ол үшін шәкірт бірнеше сатылардан өтеді. Тарихат деп аталатын бірінші сатыда ол толығымен тазарады. Ал екінші сатыда шәкірт біреу жайында жаман нәрсе айтпақ түгіл, сынай да алмайды. Үшінші сатыда жас сопы жан тыныштығына енеді. Адам әрқашан да кімге көмек қажет болса, соған көмектесуі керек. Бесінші сатыда адам жаны қанаттанады. Мұнда сопы Алла дидарын тамашалай алады.

Шығармасының соңында Сүлеймен Бақырғани әдемілікті 3 түрге бөлген: 1. Абсолютті өзгермейтін Алла сұлулығы; 2. Жаратылыс сұлулығы немесе Құдай сұлулығының шағылысып түскен жердегі көрінісі; 3. Рухани сұлулық. Адам жерге Алла арқылы рухани сұлулыққа жету үшін жіберілген. Философияның түсінігінше, шынайы өмірдің негізін адамгершілік, демократия, әлеуметтік әдемілік қүрайды. Міне, осы ойлардың бәрі сопылық ілімнен бастау алып жатыр. Дәлірек айтқанда, өз ұстазы Қожа Ахмет Йассауи көзқарасын ұстанып, оны ілгері дамытқаны ақиқат. Діни аңыздар желісінде жырлар жазу арқылы Сүлеймен Бақырғани түркі әдебиетінде ХӀӀӀ-ХӀV ғасырларда кең өріс алған нәзирашылдық (бурыннан белгілі сюжеттерді жаңғыртып жазу) алғашқы бастауларына жол салған еді. С.Бақырғани 82 жасында Түркістанға жақын жерде дүние салды. Оның кітабын 1897 ж. Е.А.Малов "История общества археологии, истории, этнографии" (XIV том) деген еңбегінде басып шығарды

Бақырғани кітабынан

Құдайға құлшылық еткің келсе,

Таңсәріде тұруды әдет қыл.

Таңсәріде тұрмай ісің бітпейді.

Құдайдың құлы мақсатына жетпейді.

Сәрі ұйқысы пайда бермейді.

Таңсәріде тұруды әдет қыл.

Таңсәріде тұру – ғибадат.

Таңсәріде тұру – бақыт.

Таңсәріде тұру – сүйіспеншілікке ие болу.
Жан-тәніммен жинадым

Бұл дүниеде мал-мүлікті.

Ол мал-мүліктің ақыр соңы

Ойран екенін білмедім.

Жиһаз, тағам ідедім,

Сауық сайран, жан тыныштық жолында.

Әттең, бұл істердің бәрі

Шектеулі екенін білмедім.

ІV Сабақты пысықтау

1. Сүлеймен Бақырғани кім?

2. Өлеңдерінде қанда ойлар айтылған?

3. Сопылық хикметтердің қандай тірбиелік мәні бар?

VІ Үйге тапсырма: Үзінді жаттау

Күні: Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Сүлеймен Бақырғани. «Құтты білік»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сүлеймен Бақырғанидің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

1. Сәлемдесу

2. Сынып оқушыларын түгелдеу

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ Жаңа сабақ

Сүлеймен Бақырғанидің лақап аты – Хакім ата, 1186 жылы қайтыс болған, түркістандық ақын. Ол Ахмет Иассуидің жолын қуған мүриті болған. Ұстазының үлгісімен діни мазмұнда өлең кітбын жазған. Кітапта сопылық дәстүр дәріптеледі. Адамгершілік, ғашықтық, білім, тағы да басқа жайында дидактикалық өсиет өлеңдер бар. Діни аңыздардың желісіне сюжетті өлеңдер жазған. Сөйтіп түркі әдебиетінде кең өріс алып, қазақтың кейінгі қиссашыл ақындарының шығармашылығында дамытылған нәзирашылдық әдістің алғашқы бастаушыларына жол алған.

Бақырғани кітабынан

Құдайға құлшылық еткің келсе,

Таңсәріде тұруды әдет қыл.

Таңсәріде тұрмай ісің бітпейді.

Құдайдың құлы мақсатына жетпейді.

Сәрі ұйқысы пайда бермейді.

Таңсәріде тұруды әдет қыл.

Таңсәріде тұру – ғибадат.

Таңсәріде тұру – бақыт.

Таңсәріде тұру – сүйіспеншілікке ие болу.

Жан-тәніммен жинадым

Бұл дүниеде мал-мүлікті.

Ол мал-мүліктің ақыр соңы

Ойран екенін білмедім.

Жиһаз, тағам ідедім,

Сауық сайран, жан тыныштық жолында.

Әттең, бұл істердің бәрі

Шектеулі екенін білмедім.

ІV Сабақты пысықтау

1. Сүлеймен Бақырғани кім?

2. Өлеңдерінде қанда ойлар айтылған?

3. Сопылық хикметтердің қандай тірбиелік мәні бар?

VІ Үйге тапсырма: Үзінді жаттау

Күні: Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Кодекс Куманикус

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Кодекс Куманикус кітабы туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

1. Сәлемдесу

2. Сынып оқушыларын түгелдеу

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

1. Сүлеймен Бақырғани кім?

2. Өлеңдерінде қанда ойлар айтылған?

3. Сопылық хикметтердің қандай тәрбиелік мәні бар?

Тест тапсырмаларын орындау.

ІІІ Жаңа сабақ

«Кодекс Куманикус» (куман – қыпшақ деген сөз) ХІІІ ғасырдың екінші жартысында құрастырыла бастап, ХІV ғасырдың басында (1303 жылы) аяқталған кітап. Қолжазба екі бөлімнен тұрады. 1) Латынша – парсыша – куманша сөздік,

2) куманша – немісше-латынша сөздік. Сөздіктің көлемі 164 бет. Онда сөздердің бірнеше тілдегі мағынасымен қатар, 50-ге тарта жұмбақтар, діни хикаялар бар. Діни хикаялар христиан аңыздарынан алынып, кумандар арасында христиан дінін уағыздау мақсатын көздеген.

Қолжазбаның жалғыз данасы Венециядағы Марк әулиенің шіркеуінде сақталған. Төмендегі мәтіндер көне готикалық шрифтерімен жазылған қолжазбаның К.Гренбек бастырған түпнұсқасы бойынша берілген. Осы уақытқа дейін «Кодекс Куманикустің» қыпшақ тіліндегі бөлімі үш тілге аударылып, төрт рет басылып шықты: 1828 жылы француз тіліне (Г.Ю.Клапрот, Париж, 1-бөл.), 1880 жылы латын тіліне (А.Кун, Будапешт, 1–2-бөл.), 1884 жылы неміс тіліне (В.В.Радлов, Санкт-Петербург, Кун баспасының негізінде), 1936 жылы түпнұсқа (факсимилие) түрінде бір рет жарық көрді (Гренберг, Копенгаген, түпнұсқа), 1942 жылы (Гренберг, Копенгаген, куманша-немісше сөздік). Қолжазба қазіргі Тіл білімі институтында бірінші рет орыс тіліне аударылып, түгелдей баспаға (1972) дайындалды, ал парсыша бөлімі 1972 жылы Иранда басылып шықты.Қазіргі түркі халықтарының, олардың ішінде қыпшақ тобына жататын халықтардың қоғамдық, этнографиялық, саяси-әлеуметтік, әдеби-мәдениеттік, тілдік тарихын зерттеуге «Кодекс Куманикус» материалдарының тигізер пайдасы мол. Тіл ерекшелігі жағына ол қазіргі түркі тілдерінің, солардың ішінде қазақ тілінің орта ғасырдағы табиғи қалпын көрсетеді. «Кодекс Куманикустен» қазіргі қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі болып табылатын кейбір грамматикалық құбылыстар байқалады. Мысалы, ондағы сөздерде «ш» – аш (ач емес), «с» – тас (таш емес), «ж» – жол (йол емес), «т» – тізе (дізе емес), «к» – кел (гел емес), «у» дыбыстары – тау (тағ емес) айтылады. Көне түркі тіліндегі қатаң дыбыстардың орнына қыпшақ тілінде ұяң дыбыстар: кішік (кічік емес), еріндік дыбыстардың орнына езулік дыбыстар жұмсалады: келгіл (келгүл емес), т.б. [1]

Жұмбақтар

  1. Там-там тамызық,

Таматұғын тамызық,

Көлеңдеп жүріп, күйетұғын тамызық.

Ол – көбелек.

2.Онда-мұнда түйіндер бар,

Айыр ағаштан май тамады.

Ала-құла түйіндер бар

Қу ағаштан май тамады.

Ол – жүзім жемісі мен ағашы.

3.Аппақ алды жабулы,

Шоқпардай алтын басты.

Ол – тырна.

4. Сенде, менде жоқ,

Сеңгір тауда жоқ,

Өте берік таста жоқ,

Қапшықта жоқ.

Ол – құстың сүті.

5. Сиырдың сырты,

Қойдың қоң еті.

Ол – кереге.

6. Жазда жаңа келін иіліп тұрады.

Ол – қамыстың басы.

7.Айдалада майлы тоқпақ жатыр.

Ол – кірпі.

8.Міне барды – ізі жоқ.

Ол – кеме.

8.Көкше лағым көгенде семіреді.

Ол – қауын.

9.Сарайдағы сары айғыр

Күлдір-күлдір кісінейді.

Ол – қазан.

Кодекс Куманикустағы жұмбақтар

Қазіргі күнгі жұмбақтар

1.Ақ үй не аузы жоқ
2.Көкше лағым көгенде семіреді.

3.Міне барды – ізі жоқ.

Айдалада ақ отау,

Аузы-басы жоқ отау.

Көк лағым көгенде жатып семірді.

Өзі барда, ізі жоқ.

ІV Сабақты пысықтау

1. Кодекус Куманикус нешінші ғасырларда құрастырылған?

2. Қолжазба неше бөлімнен тұрады?

3. Қолжазбаның жалғыз данасы қай жерде сақталған?

VІ Үйге тапсырма: Жұмбақтарды жаттау

Күні: Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Кодекс Куманикус кітабындағы жұмбақтармен таныстыру және қазақ жұмбақтармен ұқсастығын таныту.

Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

1. Сәлемдесу

2. Сынып оқушыларын түгелдеу

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

1. Кодекус Куманикус нешінші ғасырларда құрастырылған?

2. Қолжазба неше бөлімнен тұрады?

3. Қолжазбаның жалғыз данасы қай жерде сақталған?

ІІІ Жаңа сабақ

«Кодекс Куманикус» (куман – қыпшақ деген сөз) ХІІІ ғасырдың екінші жартысында құрастырыла бастап, ХІV ғасырдың басында (1303 жылы) аяқталған кітап. Қолжазба екі бөлімнен тұрады. 1) Латынша – парсыша – куманша сөздік,

2) куманша – немісше-латынша сөздік. Сөздіктің көлемі 164 бет. Онда сөздердің бірнеше тілдегі мағынасымен қатар, 50-ге тарта жұмбақтар, діни хикаялар бар. Діни хикаялар христиан аңыздарынан алынып, кумандар арасында христиан дінін уағыздау мақсатын көздеген.

Жұмбақтар

1.Күннен елші келеді,

Күміс ашашып келеді,

Айдан елші келеді,

Алтын шашып келеді.

Ол – күн мен айдың шашылған нұр сәулесі.

2. Ұзын ағаш басына

Ұлы жазу жаздым,

Алтын қабыршақтының тұқымы келсін деп,

Өзім күтіп отырдым.

Ол – қармақ пен балық

3.Отырғаным – оба жер.

Басқаным – бақыр шанақ.

Ол – үзеңгі.

4.Түйін түйдім,

Тұтылатынға салдым.

Ол – лашын.

5.Көктен түскен тоқпақ,

Төрт аяқты, маймақ.

Ол – кірпі.

6. Қызыл тері қалтам бар,

Алты-ақ турам асым бар.

Ол – жаңға

«Кодекс Куманикустағы» жұмбақтар

Қазіргі қазақ жұмбақтары

Көкше лағым көгенде семіреді.

Ол – қауын.

Міне барды – ізі жоқ.

Ол – кеме.

Ақ үй не аузы жоқ.

Ол – жұмыртқа.

ІV Сабақты пысықтау

VІ Үйге тапсырма: Жұмбақтарды жаттау

Сабақ: Күні: Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Рабғузи. «Харут пен Марут» хикаясы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Харут пен Марут» хикаясының мазмұнын ұғындыру, көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау.

Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

1. Сәлемдесу

2. Сынып оқушыларын түгелдеу

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

«Кодекс Куманикустағы» жұмбақтар

Қазіргі қазақ жұмбақтары

Көкше лағым көгенде семіреді.

Ол – қауын.

Міне барды – ізі жоқ.

Ол – кеме.

Ақ үй не аузы жоқ.

Ол – жұмыртқа.

Көк лағым көгенде жатып семірді.

(Қарбыз)

ІІІ Жаңа сабақ

Қабылдың көрсоқыр ұлы бар еді. Оның да бір сыңар көзді ұлы бар еді. Бір күні атасын ұлы жетектеп бара жатты. Бір жігіт ұшырап «атамда өлтірген кісі» деп оны таспен ұрып өлтіреді.

... Осыған орай орай бұйрық болды «Өз араларыңыздан ниеті түзу үш періштені таңдап алыңыздар. Барлығыңыздан жақсырақ және білімдірек болсын. Періштелер үш өнегелі данышпанды таңдады. Бұлардың бірінің аты – Аза, бірінің аты – Азайа, бірінің аты - Әзірейіл еді. Бірі қазы, бірі мүфти болды.

Кездейсоқ бір әйел ерімен ұрысып қалды. Әйелдің аты Зуһра еді. Адал әйел еді. Ерлі-зайыпты екеуі қазыға келді...

Кеменің ішінде үш нәрсе жоқ еді: бірі – мысық, бірі – доңыз, бірі – тышқан. Бұл үш нәрсе кемеде пайда болды. Кеменің іші хайуанаттардың нәтижесінде сасып кетті. Підің арқасын сипап еді, тұмсығын жыбырлатты, доңыз түсті. Ол кемені таза етті. Доңыздың арқасын сипап еді, мұрнынан тышқан түсті, қашып жүріп кемені тесті. Су шыға бастады. Кеме толып келе жатты. Барлығының есі шығып кетті. Жолбарыстың арқасын сипап еді, оның мұрнынан мысық түсті. Тышқанды ұстап алып жеді.

ІV Сабақты пысықтау

1. Шығарма мазмұны жағынан қай жанр түріне ұқсайды?

2. Хикаят сендерге несімен ұнады?
VІ Үйге тапсырма: хикаятты оқу, талдау.

Сабақ: Күні: Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Харут пен Марут» хикаясының мазмұнын ұғындыру, көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау.

Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

1. Сәлемдесу

2. Сынып оқушыларын түгелдеу

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

Лұқман хакім хикаяларының мазмұнын сұрау. Мәтінмен жұмыс.

♦ Рабғузи әңгімелерінің мазмұнын баяндау, рөлге бөлу, ойлау, негізгі идеяны анықтау.
♦ Рабғузи әңгімелерінде адамгершілік идеясы қалай көрінеді?
♦ «Лұқман Хакім» хикаяттарын оқыған кезде әр әңгіменің ұсынып отырған ой-мұратын, тәрбиелік мәнін қалай түсіндің? Айтпақ ойы не?
♦ «Жақсы болмақ та тіл мен жүректен, жаман болмақ та тіл мен жүректен» деген ойдың кілтін тап.
♦ Рабғузи әңгімелерінің қайсысы қазіргі қазақ ертегілерінде кездеседі? «Қазақ ертегілері» кітабы бойынша салыстыр.

Ой қорыту.

• Рабғузи әңгімелерін оқи отырып қандай шешімге келдің?
• Өз алдыңа қандай мақсат қойдың?
• «Жақсыдан үйрену, жаманнан жирену» деген ойды жинақтай келе өз шешіміңді, алған әсеріңді ортаға сал.
ІІІ Жаңа сабақ

Харут пен Марут хикаясы

Харут пен Марут атты періштелердің әңгімесі мынадай оқиға. Оны Анис ибн Малик разы

аллаһ (оған Алланың ризашылығы болсын) рауайат (діни әңгіме) етіп айтатын еді.

Қабылдың [Адам атаның баласы] көрсоқыр ұлы бар еді. Оның да бір сыңар көзді ұлы бар

еді. Бір күні атасын ұлы жетектеп бара жатты.

Бір жігіт ұшырап "атамды өлтірген кісі" деп көрсоқырды таспен ұрып өлтірді. Бұл

оқиғаны періштелер көріп айтты: "Иллаһи, бұл не жағдай, ол көрсоқыр бейшараны

бейкүнә әрі сұраусыз ұрып өлтірді. Жаратушы Алла, [сізге] "адамды жаратпа, нақақ қан

төгеді" демеп пе едік". Құдай тағаладан жауап келді: "Ей, періштелер, егер сіздер жер

жүзінде болсаңыздар олардан бетер оңбағандық қылар едіңіздер, үлкен күнәлар сіздерден

шығар еді. Оларға әйел, перзент, ішпек-жемек, алтын мен күміс, әуестік пен

қызығушылық, ашкөздік пен нәпсіқұмарлық [бердім]. Бұдан бөлек кездейсоқ [жолығатын]

бөлелер [тағы] бар. Осынша нәрселермен маған асы болмағы қиын емес. Егер сіздерге

біреуін яки екеуін берсем, тез арада күнәкар боласыздар. Періштелер айтты: "Құдай

сақтасын, біздер ондай жасамаймыз". Осыған орай бұйрық болды: "Өз араларыңыздан

ниеті түзу үш періштені таңдап алыңыздар. Барлығыңыздан жақсырақ және білімдірек

болсын. Періштелер үш өнегелі данышпанды таңдады. Бұлардың бірінің аты  Аза, бірінің

аты  Азайа, бірінің аты Әзірейіл еді. Хақ тағала бұларға қызығушылық пен

нәпсіқұмарлықты, жемек-ішпекті беріп жер жүзіне жіберді. Бірі қазы, бірі мүфти болды.

Әзірейіл хабаршы болды. Ол ғалам софланың (төменгі әлемнің) хәл-жағдайын неше мәрте

ой таразысына салып барып тоқтамға келді. "Бүгін немесе ертең асы болып қалармын" деп

Әзірейіл Алла тағаланың даргаһына тоба қылып, мінәжат етті: "Ей, Алла, мен сөзімнен

қайтып, тоба қылдым". Құдай тағала оны әуелгі пішініне келтірді. Ал Аза мен Азайа қазы,

мүфти болып үкім таяғын қолдарына ұстап отырды. Кездейсоқ бір әйел еріменен ұрсысып қалды, Әйелдің аты Зуһра еді. Адал әйел еді. Ерлі- зайыпты [екеуі] қазыға келді. Бұлар ол әйелді көргеннен кейін кенет есінен тана ғашық болып қалды. Айтты: "Бұл әйелге сен зұлымдық жасаған екенсің. Талақ таста немесе бір адал [кісінің] қасынан үй жасап бер". Ол кісі әйелін тастауға қимады. "Бір адал кісінің қасынан үй жасап берейін,  деді. Періштелер айтты: "Біздер адалмыз, мына жерден үй жасап бер!". Екеуінің [жайларының] арасынан үй салып берді. Сонымен бір күні кеш болды. Екеуінің бір-бірінен хабары жоқ еді. Әрқайсысы Зуһраның есігін аңдыды. Бір сағаттан кейін бірін-бірі көріп қалды. Кездесіп, ақылдасып Зуһраның қасына барды. Бұларда қатты сезім пайда болды: ерекше нәпсіқұмарлықтан өздерін ұстай алмады. Ақырында бұл әйелге суық қолдарын жүгіртті. Зуһра айтты: "Сіздер періштеміз дейсіздер, мұндай істерді қылмаңыздар". Үзілді-кесілді қарсылық білдірді. [Алайда бұл оларға] әсер етпеді. Тіпті үдете түсті, Ақырында бұл әйел айтты: "Олай болса, маған аспанға шығаратын "Исми ағзамды" (Алланың ұлық аттарын) үйретіңдер. Содан кейін сіздердің не айтқандарыңызды қабыл етейін". Бұлар "Исми ағзамды" үйретті. Зуһра айтты: "Суға түсіп тазарайын, содан соң қабыл етейін". Зуһра суға түсіп тазарды, дәрет алды. Түнде айтылатын дұға "Қазы ул-Хажатты" оқып айтты: "Ей, Алла, бұлар мені зинаға зорлап тұр.

Бұл іс сенің даргаһында аса үлкен күнә. Менің зинаға құлқым жоқ. Осы "Исми ағзамның"

құрметіне мені бұлардың қолынан азат ет". Таң сәрі уақыты еді, [әйелдің] көңілінің пәктігінен құдай тағала періштелерге бұйрық етті. Аспанға алып шықты. Жұлдыз болды. Таңсәріде шығатын Шолпан деген жұлдыз  сол адал әйел. Әлқисса, бұл әйелдің, ісі халыққа жария болды. Көп әйелдер бұл оқиғаға қатты қызықты. [Өздері де сондай іс жасағысы келді]. Жасай алмады. Тағы бірде [періштелер] бір әйелге жоғарыдағыдай шыдамсыздық жасады. Ол әйел айтты: "Қажеттеріңді өтеу үшінарақ әкеліңдер. Ішіп, кейін ойнап-күліп, көңіл көтерелік". Арақ әкелді. Содан кейін: "Исми ағзамды" үйретіңдер",  деді. Үйретті. Арақ ішіп, мас болып, зина жасады. Содан кейін бұл әйел "Исми ағзамды"оқып аспанға шыққалы әрекет етті.

ІV Сабақты пысықтау

1. Шығарма мазмұны жағынан қай жанр түріне ұқсайды?

2. Хикаят сендерге несімен ұнады?

Ү Сабақты қорытындылау.

Түркілік ортағасырлық ойшыл Рабғузи өзінің терең ойлы мысалға толы шығармаларында өнегелі, тәлімдік үлгілерді оқырмандарына ұсынады.
Рабғузи білдіретін даналықтың үлгілері өз замандастарына ғана емес, өзінен кейінгі талай
ұрпаққа нағыз адамгершіліктің сипаты іспетті болды. Өйткені, талай даналықтың үлгісі түркілік тарихымыздың ашылмаған беттерінде жатыр.
VІ Үйге тапсырма: хикаятты оқу, талдау.

Сабақ: Күні: Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Құтып. «Хұсрау-Шырындағы» мақал-мәтелдер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Хұсрау-Шырын» дастанымен және ондағы мақал-мәтелдермен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

1. Сәлемдесу

2. Сынып оқушыларын түгелдеу

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ Жаңа сабақ

«Хұсрау Шырын» жазба ескерткішінің түп нұсқасы Тінібек шаһзаданың тұсында 1341-42 жылдары жазылған. Авторы – Құтып. Бұл түпнұсқа Париждің ұлттық кітапханасында сақатаулы. Дастанның бізге келіп жеткен бір ғана көшірмесі бар. «Хұсрау-Шырын» дастаны – негізінде әзірбайжан халқының ұлы ақыны Низамидің парсы тілінде жазылған «Хусрау уа Ширин» деп аталатын поэмасынан жасалған еркін аударма. Бірақ Құтыптың бұл дастаны Низамиден түркі тіліне жолма-жол, сөзбе-сөз аударылмаған. Низамидің композициясы мен сюжетін толық сақтай отырып, еркін және шығармашылық жолмен, өз елінің өмір жолына сәйкестеп, өз халқының түсінігі мен дағды-дәстүріне лайықтап барып жасалған аударма.

XIV ғасырда өмір сүрген түркілік дана ойшыл Құтып өзінің "Хұсрау-Шырын" атты жазба

ескерткіші әзірбайжан халқының ұлы ақыны Низамидің парсы тілінде жазған "Хусрау уа

Ширин" атты поэмасының еркін аудармасы болып табылады. Бұндай стильдің назира

әдісі деп аталғаны белгілі. Құтыптың бұл дастаны Низамиден түркі тіліне жолма-жол,

сөзбе-сөз аударылмағанын мамандар кезінде атап көрсеткен болатын Яғни

шығармашылық еркіндікті көрсету арқылы ойшыл өзінің философиялық ойларын

тұжырымдап отырған. Қазақ тіліне аударма жасаудағы Әрсен Ибатовтың еңбегін атап

өтуіміз керек.

Жалпы қай халықта мақал-мәтелдерге үлкен мән беріп, күнделікті өмірде оларды

даналықтың белгісі ретінде қарастырып келгені белгілі. Осы мағынада Құтып

шығармасында келтірілген даналыққа толы тұжырымдар халқымыз үшін ғасырлар тезінен

өтіп келген руханилыққа тәрбиелеуші этикалық нормалар болары анық. Міне, сондықтан

олардың философиялық сипаттағы мәдени мұра ретіндегі маңызы қазіргі заманда да зор.

Жалпы түркілік әлем үшін моральдік бағдарларды, тағылымдық ұстанымдарды жоғары

бағалау, оларды өмірде басшылыққа алу дәстүрі терең тамырлары бар құбылыстар.

Мүмкін, бұл біздің ділдік ерекшелігімізді айқындайтын бірден-бір қасиетіміз болып

табылады.

Парсылық тілде жазылған дүниені өз елінің діліне, тіліне, түсініктеріне жеткізу өнері

сонау әл-Фараби заманында араб елдерінде кең тарағаны белгілі. Авторлардың негізгі

мақсаты даналық үлгілерінің халық арасында кеңірек таралуына үлес қосу, жалпы

ағартушылық үрдісіне ат салысу болып табылады. Ағартушылықтың осындай өте нәзік те,

өтімді формасы түркілік дәуірде кең тарағаны байқалады.

Құтып әлемнің бір-біріне қарама-қарсы тұратын екі күшінің байланысы бар екенін,

олардың бір-бірімен оңайшылықпен ымыраға келмейтінін "Жараспас барша жерде от

пенен су" деген мәтелі арқылы жеткізеді. Яғни осы екі қарсыластық белгілі бір

үйлесімділікті, табиғи тепе-теңдікті ұстап тұрғандай. Шынымен де су көбейіп кетсе от

сөнеді, от қатты жанса су буға айналады. Міне, осы жерде әр нәрсенің белгілі бір шамасы,

қалпы, парқы бар екені туралы тұжырым келері анық. Ол мәселеге екінші бір мәтел сөзден

жауап тапқандаймыз:

Қазан астында от болса, қайнамас па,

Егер де көп қайнаса, ас айнымас па.

Әрине, ретсіз көп қайнаған астың дәмі қайдан болсын. Сол сияқты әр нәрсенің өзіндік

ішкі шамасы болғанын білгенге не жетсін. Бұл түбінде мұсылман елдеріндегі халықтық

ділде үлкен маңызға ие болған "сабырлылық" ұғымына әкеледі. Мәселен, ойшыл өзінің

бұл құбылысты төмендегідей бейнелеуі әркімге де үлкен ескертпе сияқты:

Асыққан тез арыр, жүгіріп жол алмас,

Ақырын жүрген күндіз-түні жүрсе де талмас.

Адамның бойындағы жасырын күштерді, ашылмаған дарынды паш ету үшін пенденің

шыдамдылығы, еңбекқорлығы, сабырлылығы және соған деген ниеті болу керек

екендігіне меңзейді. Адамның өмірдегі көптеген жеңісі өзінің жеке басының еңбегі

«Хұсрау-Шырындағы» мақал-мәтелдер

Көгершін ұшса үйренген жерінен,

Есен болса, келер сағынып ұясын.

Асыққан тез арыр, жүгіріп жол алмас,

Ақырын жүрген күнді-түні жүрсе де талмас.

Тұзы аз болса астың татымы болмас.
Кілеміңе қара көсіл аяқты,

Жоқ болса, жерсің аңсызда табақты.

Мың болса да, достарыңды аз деп біл,

Біреу болса да дұшпаның, одан сақтан.

Арыстан түлкілік қылса жараспас.
Сөз сөйлесең, байқап сөйле.
Көңілде жасыр сырыңды, елге жайма.

«Мағынасын ашу»

«Хұсрау-Шырындағы» мақал-мәтелдер

Менің түсінігім

ІV Сабақты пысықтау

1. Хұсрау Шырын» жазба ескерткішінің түп нұсқасы қай кезде жазылған ?

2. Дастанды кім аударған?

V Сабақты қорытындылау

VІ Үйге тапсырма: мақал-мәтелдерді жаттау.

  1. Орхон жазба ескерткіштерінің кейіпкерлері:
    А) Алып Ер Тұлға.
    В) Домруыл, Баяндүр.
    С) Оғыз-қаған, Төбекөз.
    Д) Білге қаған, Күлтегін.
    Е) Бисат батыр, Тұмар патшайым.

  1. «Қорқыт ата» кітабының 12 жырдан тұратын нұсқасы:
    А) Дрезден нұсқасы.
    В) Ватикан нұсқасы.
    С) Арестолика нұсқасы.
    Д) Александрия нұсқасы.
    Е) Вена нұсқасы.

  1. «Қорқыт ата» кітабындағы 8-жырды ең алғаш кім қай тілге аударды?
    А) В.Бартольд, орыс тіліне.
    В) А.Н.Кононов, орыс тіліне.
    С) Г.Ф.Дип, неміс тіліне.
    Д) Ә.Қоңыратпаев, қазақ тіліне.
    Е) В.Радлов, орыс тіліне.

  1. «Оғыз-наме» дастанының бір нұсқасының авторы:
    А) А.Қашқари.
    В) Ж.Баласағұн.
    С) Хорезми
    Д) Әбілғазы.
    Е) Қадырғали Жалайыри.

  1. Әл-Фараби өлеңдерін қазақ тіліне аударған ақын:
    А) Ә.Тәжібаев.
    В) Б.Ысқақов
    С) А.Нысаналин.
    Д) С.Жиенбаев.
    Е) Қ.Аманжолов.

  1. Ахмет Яссауи туған жер:
    А) Түркістан.
    В) Исфиджаб.
    С) Мерв.
    Д) Отырар.
    Е) Янгикент.

  1. «Құтты білік» дастанының кейіпкері:
    А) Күнтуды.
    В) Алып Бамсы.
    С) Бану-шешек.
    Д) Дерсе хан.
    Е) Жүсіп-Зылиха.

  1. «Құтты білік» туралы тұңғыш рет баспасөз бетінде хабар берген кім?
    А) Жауберт Амадес.
    В) Герман Вамбери.
    С) В.В.Радлов.
    Д) С.Е.Малов.
    Е) Ш.Уәлиханов.

  1. «Қыс пен жаздың айтысы» қай әдеби ескерткіштен орын алған?
    А) «Құтты білік».
    В) Диуани лұғат-ат түрік
    С) «Оғыз-наме».
    Д) «Қорқыт ата» кітабы.
    Е) «Махаббат-нама».

  1. Б.Кенжебаев ежелгі дәуір әдебиетін неше кезеңге бөлді?
    А) 3
    В) 5
    С) 4
    Д) 2
    Е) 6

  1. Қаңлылар қай жерде мекендеген?
    А) Каспий маңы.
    В) Жетісу өңірі
    С) Қаратау өңірі мен Сырдарияның орта саласы
    Д) Арқа жері
    Е) Ыстықкөл

  1. Алтын адам қайдан табылды?
    А) Алматы облысы
    В) Есік қаласы
    С) Тянь-Шань тауы
    Д) Қаратау өңірі
    Е) Сырдария өзенінің бойы.

  1. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында кімнің мазары орналасқан?
    А) Қорқыттың
    В) Асан Қайғының
    С) А.Иүгінекидің
    Д) А.Яссауидің
    Е) М.Қашқаридің

  1. Ақындарды үш топқа бөліп қарастырған
    А) Әл-Фараби
    В) М.Қашқари
    С) Ж.Баласағұн
    Д) А.Иүгінеки
    Е) С.Бақырғани

  1. Аққан жұлдыз құласа кейде егер,
    Сенің нұрлы бейнең боп кеудеме енер.
    Әлде қайда ғайыптан ынтызар ғып,
    Өміріме бір ғажап сәуле берер.
    А) Әл-Фараби
    В) Хорезми
    С) Иүгінеки
    Д) Рабғұзи
    Е) Бабыр

  1. Көне түрік жазуы тіл тарихында қалай аталады?
    А) Санскритт
    В) Иероглиф
    С) Руна
    Д) Араб

    Е) Түрік

  1. Көне түрік жазуының сырын кім ашты?
    А) В.Радлов
    В) В.Томсен
    С) Ш.Уәлиханов
    Д) В.Виноградов
    Е) Н.М.Ядринцев

  1. Қай жылы көне түрік жазуының сыры ашылды?
    А) 1895 ж.
    В) 1774 ж.
    С) 1893 ж.
    Д) 1890 ж.
    Е) 1897 ж.

  1. Ежелгі түріктердің қоғамдық, әдеби мәдени өмірін жыр еткен дастандарды ата:
    А) «Алпамыс»
    В) «Бабыр-нама», «Оғыз-наме»
    С) «Білге қаған», «Тоныкөк»
    Д) Кітаби дедем Коркуд
    Е) «Кодекус-куманикус»

  1. Көне түркі ескерткіштерді кім тапты?
    А) В.Радлов
    В) Н.М.Ядринцев
    С) С.Ремезов
    Д) Ш.Уәлиханов
    Е) В.Томсен

  1. ҮІІ ғ. тасқа қашап жазылған ескерткіштерді әдебиеттану тұрғысынан зерттеген ғалым?
    А) И.В.Стеблева
    В) В.Радлов
    С) З.Ахметов
    Д) З.Қабдолов
    Е) С.Е.Малов

  1. Нұх пайғамбар туралы хикая кімнің шығармасында айтылады?

Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет