Сынып: 8 «А» Сынып бөлмесі: №12



бет3/3
Дата08.12.2016
өлшемі1,92 Mb.
#3474
1   2   3

Көбелектер әлемі


Қолмен Көгілдір Морфо көбелегін ұстап көру үлкен бір сәттілік деп саналады. Бұл көбелектің атауы үндістерше «жерге құлаған аспан бөлігі» деген мағынаны береді. Амазондық тайпалардың наным-сенімдері бойынша қолдарына осы көбелек қонған жолы болғыштар өздерінің құпия тілектерін тілесе, ол сөзсіз орындалады екен. Қала тұрғындары мен қонақтарына Морфоның алақан көлеміндей қанатына қол тигізіп қана қоймай, басқа да тропикалық көбелектердің көз тартатын әдемілігін көру мүмкіндігі туды. Өлкетану мұражайында сүйкімді көбелектердің көрмесі ашылды. 
Атырауда көрменің ашылуына павлодарлық ұйымдастырушылар арнайы контейнермен түрлі көбелектердің 130-дан аса қуыршақтарын алып келді.
Тірі көбелектердің жиынтығы орналасқан шағын шатырда барынша тропикалық жағдай жасалған. Ауа температурасы Цельсий бойынша 26 градустан асады, ал, ылғалдылық – 65 пайыздан кем емес. Бұл жерден ағаштарға орналастырылған контейнерлерді көруге болады, оларға барлық жаңа көбелектер шығып жатқан қуыршақтар ілінген. Келушілерге өз көздерімен көбелектердің қуыршақтарынан шығып, өздерінің жұқа қанаттарын алғаш рет жайып жатқанын көруге болады. Бұл ғажайып көрініс екі сағатқа созылады.
Коллекциядан сирек кездесетін және өте әдемі Калиго, Павлиноглазка Атлас, Парусник Румянцева, Рисовая бумага және басқа көбелектерді көруге болады. Калиго немесе оны тағы да көбелек-үкі деп атайды, атына сәйкес ол түнде тіршілік етеді. Бұл ультра дыбыс шығаратын жалғыз көбелек, сол арқылы өздерінің ізіне түскен жарқанаттарды жаңылдырады.
Көрмедегі ең ірі көбелек – Павлиноглазка Атлас, оның қанаты жайылғанда 30 см-ге жетеді. Бұл көбелектің тағы бір ерекшелігі - туғаннан бастап ештеңемен қоректенбейтіні. Аз өмір сүреді, бар болғаны 5-7 күн ғана. Бұл көбелектердің пілләсі өте мықты, қалың қатты қағаздан жасалған сияқты, Тайванда әйелдер оны әмиян ретінде де қолданады.
Парусник Румянцева көбелектері өте ашық және өзіне бірден назар аудартады. Олардың Отаны Филиппин, онда құмарлық нышаны болып есептеледі. Парусник Румянцев көбелегінің аталығы мен аналығы бірін-бірі үлкен қашықтықтан-ақ сезіне алады. Филиппиндік жігіттер мен қыздар бір-біріне осы көбелектерді махаббат пен адалдықтың белгісі ретінде сыйға тартады. Рисовая бумага көбелегінің қанаты өте өрнекті болып келеді. Бұл өз отаны Қытайда махаббат пен отбасының нышаны болып табылады. Қабыршақ қанаттылардың басқа өкілдерінен айырмашылығы - бұл көбелектер бір некелі және өздерінің қысқа өмірлерінде бір ғана серіктесті таңдап алады. Қытайлықтарда мынадай сенім бар, егер Рисовая бумага көбелегі үйге ұшып кірсе, онда отбасы мүшелерінің қатары жақын арада толығатын болады. Мұндай көбелекті жас жігіт өзінің сүйікті қызына, сондай-ақ, ата-аналары тойда жас жұбайларға сыйға тартады. 
Көгілдір Морфо – үндістердің қасиетті көбелегі. Олардың наным-сенімдері бойынша, адам өлгеннен кейін оның жаны осы көбелекке айналады екен. Көгілдір Морфо өзінің қанатының түрлі-түсті ғажайыптылығымен сиқырлап тастайды. Ол жоғары биіктікте ұшады, оның 6 метрден төмен ұшуы сирек. Осынау ертегіге айналған сүйкімді көбелектердің мекен ететін жерінде тұрғындар оларды қант шырынына салынған банандармен еліктіріп шақырады. Мұндай тәттіден көбелектер мас болады, міне, сол кезде ғана өзіңнің арман-тілегіңді сыбырлап айту үшін оларды қолға алуға болады...
Атыраудағы көрме 23 желтоқсанға дейін жалғасады. Көрме коллекциясы үнемі жаңа көбелектермен толықтырылып отырмақ.

Көбелектер де қиялдайды екен...




Бала кезде бір қызық әдет бар еді. Үй жарығы қосылғанда, көбелек біткен қаптап кететін. Содан кейін бір-бірінен өтіп, әлгі жарыққа барып соғысып жататын. Оның бәрі  біздерге  қызық болып көрінетін. Соқырлыққа жатқызайын десек, соқыр емес, соқыр емес дейін десек, неге соғысатынын түсінбей дал болатынбыз. Сөйтсек, ғылымда бұны фототактис деп айтады екен.

Бірақ, бұл фототактис керісінше болып та келе беретін болып шықты. Оны біз алыстан алмай-ақ қояйық. Күнделікті үйге барып, жарықты жаға қалғанда тарақан біткеннің зып беріп қашатын әдеті бар емес пе?! Міне, осы құбылыс та фототактис деп аталады.



Көбелектер жарыққа ұшады, әлде ұшпайды деген сұраққа ортақ түсінік таба қою да қиын. Мүмкін, олар Ай навигациясын (бірнеше обьектіні байланыстыру) пайдаланатын шығар. Сол үшін де Ай орнына жасанды жарықты айналып, өз-өздерін біраз шатастыруы мүмкін-міс. Бірақ, бұған қарсы контраргумент (қарсы пікір) бар болып шықты?! Навигация үшін арнайы жүйемен жүру керек көрінеді. Алайда, көбелектер белгілі бір жүйемен айналмай ұшады емес пе?! Олар тіпті айсыз түнедерге де бейімделген. Бұны қалай түсінсек екен.

Фототактис құбылысы адам баласына баяғыдан белгілі. Ол туралы " Көбелектердің жалын ішіндегі өлімі" атты Эсхилден (525 — 456 б.з.д.) келе жатқан үзінділер де бар.

1960 жылдары Г.А. Мазохин-Поршняков шыбын-шіркейлерді ашық кеңістіктегі универсальды әрі тұрақты индикатор санап, олардың жарыққа ұшуын заңды деп бағалаған. Және де ультра-күлгін сәулеленудың қатты назар аудартатынына тоқталып өткен. Бұл дегеніміз жерден табылмас сәулеленуге шыбын-шіркейлер құмартады деген сөз.

Көбелектер бөлмеге кіріп кетсе, күннен келер УФ сәулеленуге  қарай тырмысып, терезеге соғысатынын бәріміз білеміз. Сөйтсек, түнгі уақытты олар жабық кеңістік ретінде қабылдап, жарықтың айналасында мазасыздана ұшады екен. Тек қана жарық әрі бос кеңістікке жету үшін.

Әлі келіспей тұра тұрыңыз. Бұған қарама-қарсы да пікірлер бар болып шықты. Көбелектер жарықтан құтылып, қап-қара түнек белдеуіне ұшқысы келеді екен. Аталған белдеу жарық пен қараңғылықтың ортасында орналасқан көрінеді. Олардың осы бір оптикалық қиял, сағымы Маха белдеуі сияқты. (Адамдардың арасында да бұған сенетіндері бар).



Фототактистің қайдан бастау алары әзірге белгісіз. Бір қызығы, бір түрдің әр түрлі тұқымдары жарықты басқаша сезінетін болып шықты. Кейбіреулері жарықты айналып ұшатын болса, кейбіреулері тіпті де ұшпайды екен. 

Көбелектің иісі




Көбелек – табиғаттағы ең құпия жаратылыстардың бірі. Мұндай ғажайыпты ойлап табу мүмкін емес. Адам қарағысыз дернәсілден тап бір суретші салып қойғандай ою-өрнекті қанаттары бар сұлу жәндік шыға келеді. Ал оның ешкімге зияны жоқтығы тағы бір бөлек әңгіме. Ғажап емес пе?

Бүгін сіздерге осы бір кереметтей жаратылыстың бірнеше құпиясын ашпақпыз.



Әрбір көбелектің өзіне тән иісі бар. Кейбір көбелектерден ванильдің, шашақгүлдің, бүлдіргеннің, қазтамақтың, шоколадтың иісі мүңкіп тұрады. Ал аталық ақ көбелектерде қызыл қазтамақтың, лимон гүлінің иісі бар екен.

Бірқатар көбелектер коллекция үшін препаратталғаннан кейін де тартымды иісін сақтап қалады. Көбелектер коллекциясымен айналысатын бір ғалым ылғи да өзімен бірге тропикалық көбелектің біреуін алып жүреді екен. Ол адамдарға осы иістен ләззат алатынын айтады. Ал Бразилияда шоколадтың өткір иісін шығаратын көбелектер мекендейді. Адамдар бөлме ауасын иістендіру үшін осы көбелектерді арнайы ұстайды.



Олар өз иістерін екі мақсатта қолданады: қарама-қарсы жыныстағы көбелектердің назарын аудару және жауларын қорқыту үшін. 

Иіс артқы қанаттарындағы қабыршақтан шығады. Бұл иісті бөлетін денедегі темір құрамы екен. Қызығы, аналық көбелектердің иісі адамға ұнаса, аталық көбелектердің иісі жағымсыз қабылданады.



Ал сіз көбелектердің сезім мүшелері адамдарға қарағанда әлдеқайда жақсы дамығанын білесіз бе? Олар тәттіні біздің тілімізден де артық біледі. Олардың басты тағамы – гүл шырыны. Оның құрамында қант болғандықтан, тез іздеп тауып алады. Көбелек гүлдегі шырынды байқаса, бірден ұзын бізтұмсығын салып, сұйықты сорып алады.



Сондай-ақ, көбелектер түсті де жақсы ажырата алады. Керек десеңіз, адам көзі байқай алмайтын ультракүлгін сәулелерін де тез қабылдайды екен.



Олардың иіскеу сезімдері де жақсы дамыған. Дәм тілдегі ағзалар арқылы сезілсе, иіс көбелектің мұрты арқылы қабылданады. Міне қызық, табандарында орналасқан "мұрынмен" де иіскейтін көбелектің түрлері бар екен.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет