Сынып: 8 Пән: физика Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту Тақырыбы : Жарықтың шағылуы. Шағылу заңдары



Дата27.08.2017
өлшемі82,49 Kb.
#29765
түріСабақ

Сынып: 8 Пән: физика Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту Тақырыбы : Жарықтың шағылуы. Шағылу заңдары


Сабақ мақсаты: 1. Жарықтың шағылуы құбылысын сипаттай және түсіндіре алуы, шағылу заңдарын меңгеруі, оны есептер шығару барысында қолдана алуы, түсу бұрышының шағылу бұрышына және керісінше тәуелділігін көрсете алу дағдыларын меңгеруі мен алған білімдерін жаңа жағдайда қолдана білуге үйрену, ақпаратпен жұмыс істеу мен ауызекі сөйлеуге үйренуді ұйымдастыру;

2 Дамыту: сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту, негізгі ойды нақтылау, бақылау бойынша қорытынды жасау, мәселені анықтау, қоя білу, шеше білу дағдысын жетілдіру, ойлау дағдыларын қалыптастыру мен дамытуда пәндік ББД-ны қолдана алу дағдысын жетілдіру;

3. Тәрбиелік: ойды жинақтап айту мен уақытты үнемдеуге үйрету, өздігінен жұмыс істеу дағдысына тәрбиелеу, топтық, ұжымдық жұмыс арқылы қарым- қатынасты жетілдіру, саналы түрде мамандық таңдауға бағыттау, таным процесіндегі себеп-салдар байланысын анықтай алуға баулу.

Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:



-белсенділік , -шығармашылық тұрғыда ойлау, -шешім қабылдай алу,

-өз кәсібін дұрыс таңдай алу, -өмір бойы білім алуға дайын тұруы .

SMART мақсат: Жарықтың шағылуы құбылысы, шағылу заңдары ұғымдарын оқу мен оқытудағы белсенді стратегияларды

және эксперименттік тәжірибе арқылы сабақ барысында қалыптастыру,практикалық маңыздылығына

көз жеткізу.

Психология--педагогикалық міндет: сабақта топтық және жұптық формаларды қолдану арқылы психо-эмоционалдық коллаборативтік қолайлы орта тудыру , оқушылардың өзіндік бағалауын ұйымдастыру арқылы өзіне деген сенімділікті жоғарылату.



Кезеңдер
(Белсенді стратегия)

Міндеттері

Мұғалімнің

қызметі

( оқушылар әмбебап оқу әрекеттерімен қаруланатындай оқу ортасын құру)

Оқушылардың

қызметі

( әлеуметтік қарым-қатынасқа түсу, бейімделу)

Форма

7 модуль

Уақыт

І

Мотивация

"Миға шабуыл"

«Ыстық картоп» стратегисы

Өлең жолдарын қолдану.



-ой қозғау, жаңа тақырыпқа шығу;

- негізгі тірек білімдерін белсендіру;

- білімге ынталандыру, ішкі уәж тудыру,

Өлең жолдарын зерделеу арқылы өткен білімді тиянақтау мен жаңа білімге шығу;



-Зейінін аудару, негізгі идеяға көңіл бөлуді ұйымдастыру. Перископ, калейдоскоп, обскур-камерасының суреттері беріледі де, топтау тапсырылады.

- Оптикалық құралдың дұрыс аталуын анықтау және мәлімет алу үшін осы құралдар туралы қысқа-нұсқа мәлімет жазылған мәтін беріледі.

Сұрақ: Біз қалай көреміз ?

Интерактивті тақтада Шәкәрімнің «Тау басындағы ой» өлеңінен үзінді көрсетіледі.

- Жарықтың Күннен Жерге жету уақыты 8 минуттай;

- Мөлдір емес ортада жарық шағылады,

- Көлеңкенің пайда болуы;


- Мағынасы бойынша топтап, суретке атау береді. Топ құрайды.

- Оптикалық құралдың дұрыс аталуын анықтау және мәлімет алу үшін осы құралдар туралы қысқа-нұсқа мәлімет жазылған мәтінмен танысады, негізгі тірек сөздерді анықтау мақсатында «Ыстық картоп» стратегисы бойынша алған білімдерін жинақтайды.Өлең жолдарымен танысады, физикалық тұрғыдағы суреттемелерді анықтайды, өткен тақырыппен байланыстырып, түсіндірмелер жасайды. Жаңа тақырыпқа шығады.Мақсатты анықтайды.



Ұжымдық

Топта


Жеке

АКТ

СТО



1 мин

5 мин


2 мин

2

Негізгі

операциялық кезең

"Автобус аялдамасы"

«Сәйкесін тап»







- Геометриядан бұрыш салу, өлшеу дағдыларын еске түсіру: интерактивті тақтада презентация көмегімен салу, өлшеу жолдарын көрсету. Транспортирмен өлшеу және тек сызғышпен бұрышты өлшемей-ақ салу тәсілімен таныстыру.

іс-әрекет түрлерін меңгеруін ұйымдастыру:



  • Оқи білу, оқығанын түсіну;

  • Ауызекі сөйлеу;

  • проблемалық жағдай шешу;

  • ізденгіштік белсенділігі;

Деңгейлік тапсырмалар беріледі: А,В,С.Түсу, шағылу, горизонталь бет арасындағы бұрыштар, сыбайлас бұрыштардың қасиетін қолдану.

Интерактивті тақта көмегімен ұғымдар мен шамаларды, терминдерді толық бекіту мақсатындағы сурет-тапсырмаларды орындату.Электрондық оқулықтан шағылу заңының тұжырымдалуымен таныстыру.


-ұғымдар мен түсініктерді меңгертуге бағытталған тапсырмалар орындау: Ізденіс жұмысы үшін берілетін эксперименттік қондырғылармен жұмыс: әр жұп берілген құралдарды қолдана отырып жарықтың шағылуын бақылап, сәуленің таралу жолдарын сызу арқылы шағылу заңын тұжырымдайды.Оқулықтағы мәліметтермен салыстырып, қорытынды жасайды.

- қолданылу тереңдігін меңгеруге бағытталған тапсырмалар орындауды ұйымдастыру, әр оқушы өздері анықтайды да, топта тексеріп, басқа топтарға барып дәлелдейді.

Суреттерді зерделейді, айырмашылығын анықтайды. Негізгі ойды жинақтайды.


Топта

Жұпта


Топта

Топта


Жеке


СТО

ООЖТ


О

1

мин
10 мин

1 мин

10 мин


2 мин

3

Рефлексия

«Гиббс циклы»



  • біртұтастықты қалыптастыру;

  • байланыстылықты анықтау;

  • іс-әрекеттің сапасы мен деңгейін анықтау;

  • өзін-өзі реттеу мен қарым-қатынасқа көзқарасын білдіру...

  • тест жұмысы

  • Өзін-өзі бағалау

- «Гиббс циклы» бойынша рефлексия жасауды ұйымдастыру: постер жасауға қажетті материалдарды беріп, интерактивті тақтада «Табиғаттың тамаша құбылыстары» атты слайд көрсету арқылы ой толғауға итермелеу.

- оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет етуін ұйымдастыру, негізгі түйінді идеяны анықтау, талдау. Әр топ постерге «Гиббс циклы» бойынша қорытындыны салып, оны қорғайды.

«Өзін-өзі бағалау» парақтарын толтырады.



Топта

Жеке


К

ЖЕЕ


СТО

ООБ


10

мин


4

Қорытынды.

"Тобықтай түйін"

«Кейінге қалдырылған шешім»

Үйге тапсырма:шығармашылық тұрғыдағы


  • Жұмыс талдауы

Сұрақ: Адам айнадан 1 м қашықтықта тұр. Адам мен оның айнадағы кескіні арасындағы қашықтық неге тең ?

1. Эксперимент орындау: тері қаратылып қойған жазуды оқу тәсілін табу;

2. Ағаштың биіктігін есептеу: салу, өлшеу, геометриядағы үшбұрыштардың теңдігінің белгілерін қолдану.


Сонымен, перископ, калейдоскоп, обскур-камерасының ішкі құрылысының схемасын салуға болады екен. Олардың негізгі элементі болып табылатын-айна.

Сабақ басындағы білмеген мәліметтерге жауап алғандарын, шағылу құбылысының мағынасын түсінгендерін жинақтап, ой толғайды. Сұраққа жауап іздеп көреді. Жауаптың дұрыс нұсқасы келесі сабақта болатыны туралы естиді.

Топта

Жеке


ООЖТ

СТО


ДжТ

3

мин


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет