Ой шақыру. Тақырыпқа шығу. – Атам қазақ «мал – жан аман ба?» - деп алдымен төрт түлік малының жай – күйін түгендеген. «Құдайға шүкір, жақсы» деген жауап алса иесінің де жағдайының жаман еместігі деп қабылдайтын болған. Халық ұғымында қазақ, дала, жылқы деген сөздер бір – біріне етене жақын. Жалпы көшпелі тұрмыс кешкен халықтардың көне заманнан бері ең көп өсірген малы және төрт түліктің ішіндегі қастерлеп пір тұтатыны да жылқы. Сонда балалар біздің бүгінгі сабағымыз не туралы екен?
(оқушылардың болжамды жауабын тыңдаймын, сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіріп өтемін ) Әрине жылқы жануарымен байланысты екен.
Еліміздің Елтаңбасындағы Қос Тұлпар - осы киелі пырақтар.
Ол пырақтарды ҚР Елтаңбасынан көруге болады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қажет уақытта қажет жерде шыққан мақала деп санаймын. Бұл – қарапайым мақала ғана емес, қазақ халқының рухани құндылықтарын қалыпқа түсіру, түгендеу, саралау, заман талабын ескере отырып тура жолға қою және дамытуға арналған бағдарламалық құжат деуге толық негіз бар.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудың» біз барынша мән беріп, берік байлам етіп алуға тиісті тұстарына қысқаша тоқталып өтсек.