1 кезең -«Ер қанаты-ат»( жылқы туралы мәлемет беру)
2 кезең -«Жақсы ат-жанға серік»( батырлардың мінген аттарын атау.)
3 кезең -«Жылқы өнімдерінің пайдасы»( еті , сүті туралы толық айту.)
4 кезең – «Шабандоз жылқыңды тап » Кинофильмдерден үзінді
5 кезең -«Жүгенсіз атпен шаппа»( ұлттық ойындарды көрсету)
Жүргізуші: —Көкпар. Көкпарда негізінен ешкі тартылады. Өйткені оның терісі мықты. Көкпарға берілетін ешкіні бауыздап, басын, төрт сирағын кесіп алып тастайды. Сонан соң суға салып салқындатады. Сонда терісі оңай жыртылмайтын болады. Көкпардың шарты бойынша ортаға тасталған ешкіге аттылар бір уақытта ұмтылады. Кімнің, ептілігі артық болса, сол ешкіні көтеріп алып топтан бөлектеніп шығады. Ол енді көкпарды ешкімге берместен, төрешілердің алдына әкеліп тастатуы керек. Мәреге жеткенше көкпар бірнеше қолдан өтеді- дегендей ортаға көкпаршыларды шақырайық. Сонымен қарсы аламыз
1 топ-«Жігер»- тобының жігіттері
2 топ –«Батыр»- тобының батыр ұлдар
Сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар.
Жүргізуші. Сонымен сайысымызды бастаймыз